Ішкі секреция бездері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3D Координация және реттелу

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ішкі секреция бездері (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.7.5 эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау

 Сабақтың мақсаттары

  • эндокриндік, экзокриндік және аралас бездерді ажырату

 Бағалау критерийлері

  • эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің айырмашылықтарын түсіндіру;
  • эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің мысалдарын келтіреді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

эндокриндік бездер, экзокриндік бездер, аралас бездердің айырмашылықтарын және олардың мысаларын ауызша жазбаша түрде түсіндіріп сипаттай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

гормондар, эндокриндік бездер, экзокриндік бездер, аралас бездер, тер безі, сілекей безі, бүйрекүсті безі, ұйқы безі, ұйқы безінің өзегі, без, секрет бөліп шығару, өзек

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Эндокриндік бездерде...болмайды

Эндокриндік бездер сөлін тікелей...бөледі.

Экзокриндік бездер сөлін ...бөледі.

Аралас бездерде...,... болады.

Экзокриндік бездерге ...,...,... жатады.

Аралас бездерге ...,...жатады.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Биологиялық белсенді зат гормонның табиғаты және бездерден бөлінетін секреттердің химиялық табиғаты туралы қарастырғанда химия пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

8-сыныптан дене температурасының рететлуі, су, тұздар балансының сақталуы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушыларға Жасуша не істеу керек екенін қалай біледі?

сұрағын қойып талқылау жүргізіледі. Одан кейін дисбаланс және баланс ұғымдарының айырмашылықтарын анықтау тапсырылады. Оқушылардан ағзада қандай дисбаланс орын алуы мүмкін, ондай жағдайлар қалай реттеледі деп сұрау арқылы тақырыптың бездер туралы екеніне назар аудартылады. Оқушылар бездердің ағзадағы кез келген балансты реттеуге қатысатынын түсінеді.

Сабақтың мақсаттары мен бағаау критерийлері таныстырылады.

1 -2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-26 мин

Мұғалім гормон, гуморалдық реттелу түсініктері, бездердің гормондары туралы шағын түсіндірме береді.

Әртүрлі бездер көрсетілген суреттер үлестіріліп, оқушылардан бездерді эндокриндік бездер, экзокриндік бездер, аралас бездерге топтастыру сұралады. Оқушылар топтастырғаннан соң әр безді топтастырудағы себептерін айтып, дәлелдер келтіреді. Мысалы, ұйқы безі аралас безге жатады, себебі оның сөл бөлетін өзекшесі бар, ол панкреатин сөлін ұлтабарға бөледі. Ал инсулин гормонын ұйқы безі тікелей қанға бөледі. Сондықтан ұйқы безі аралас безге жатады. Мұғалім оқушылардың топтастырулары, топтастыру себептерін тыңдап кері байланыс ұсынады.

Оқушылардың алған білімдері бойынша сұақтар қойылып ауызша талқылау жүргізіледі

Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерінен өз білімдерін толықтыра алады.

Критерийлер:

  • гормон, гуморалдық реттелу ұғымдарын түсіндіреді
  • эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің айырмашылықтарын түсіндіру;
  • эндокриндік, экзокриндік және аралас бездердің мысалдарын келтіреді

1 - қосымша

3-11 слайдтар

27-36 мин

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады.

Кейбір оқушылар қосымша тапсырмалар орындай алады.

2- қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

«Нысана»

Өзіңіздің тақырып мазмұныны түсінген деңгейіңізді стикермен нысанада белгілеңіз!

12- слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерінен өз білімдерін толықтыра алады.

Кейбір оқушылар қосымша тапсырмалар орныдай алады.

Кейбір оқушыларға қосымша бағыттаушы сұрақтар қою арқылы мұғалім қолдау көрсетеді

Ішкі секреция бездерінің 3 түрін салыстыру сұрақтары арқылы

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Ауызша жауаптары арқылы

Суреттердегі ақпарат бойынша талдау жасап бездерді ажырата білулері арқылы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Топтық/жұптық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.