Ішкі секреция бездері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық мидағы гипоталамус (грекше «hyро» – асты, төменгі жағы, «talamos» – бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бір-бірімен тығыз байланысып, гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Олардан бөлінетін гормондар нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады.
Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері — гормондар организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокриндібездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокриндік бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады.Бұлардан басқа организмде екі түрлі қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін,олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында оқушылардың жеке бас қауіпсіздігін сақтаулары ескертіледі.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушылардың экзокриндік, эндокриндік және аралас бездерінің айырмашылықтарын өздігінен анықтай алуларына жағдай жасалады. Ол үшін толық сипаттамасы бар сызба-суреттер ұсынылады. Мұғалім бағыттаушы сұрақтардың көмегімен оқушыларға бағыт беріп, дұрыс түсініп алуларына көмектеседі.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Гормон және гуморалдық реттелу ұғымдарын түсіну қажет.
Оқушылардың ішкі секреция бездерінің айырмашылықтарын, оларды топтарын және топтарға мысалдар келтіре білулері маңызды. Оқушылар экзокриндік, эндокриндік және аралас бездерінің ерекшеліктері мен мысалдарын білуі тиіс.
- Саралау тапсырмалары
- 4-қосмышада берілді
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
1-тапсырма.
Экзокриндік және эндокриндік бездердің ортақтығы олардың ағзадағы процесстерді реттеуінде.
Олардың айырмашылықтары эндокриндік бездердің гормонды тікелей қаңға бөлуі, ал экзокриндік бездердің сөлді өзек арқылы нысана мүшеге немесе эпителий ұлпасына бөлуі.
Ал аралас бездердің сөл бөлетін өзегі де, қанға тікелей бөлетін гормоны да болады.
2-тапсырма. Гипофиз-өсу немесе соматотропин, бүйрек үсті бездері-адреналин, қалқанша безі – тироксин, қалқанша маңы безі –паратгормон, тимус-тимозин, ұйқы безі –инсулин, аналық жыныс безі –эстроген, аталық жыныс безі – тестостерон.
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар |
|
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Гормондардың тасымалдануы
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.