Жүрек және қантамырлар (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А – Заттардың тасымалдануы | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Жүрек және қантамырлар (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.3.8 жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің маңызын сипаттау 8.1.3.9 қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Жануарлардың қанайналым жүйесінің маңызы, қан тамырлары мен жүрегінің құрылысы, қан тамырлардың айырмашылықтарын тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша сипаттай алады. жүрек үлгісі, суреттерді пайдаланып жүректің құрлысын сипаттап түсіндіре алады Сүтқоректілер жүрегінің сызбалық суретін салып, жүрек бөліктерінің атауларын жазады Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қарынша, құлақша, жарты ай тәрізді қақпақша, қосжақтаулы қақпақша, үшжақтаулы қақпақша, аорта, жоғарғы қуыс вена, артерия, венула, артериола, капилляр, өкпе артериясы, өкпе венасы, жүрек қалқасы Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Жүректің сол жағында ...қаны болады. Оң жақ құлақша мен қарыншаның арасында ...қақпақшасы болады. Жүректен шыққан тамырлар...деп аталады. Жүрекке қан әкелетін тамырлар...деп аталады. Артерияларды...қақпақшасы болады. Артерия...тарамдалады. Вена... венулаға тарамдалады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылыққа бағытталады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады. Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Қан қысымы, капиллярдағы газдар мен мономерлер диффузиясы туралы түсінік қарастырылғанда физика пәнімен байланыс орнайды. | |||||
Алдыңғы білім | 7-сыныптан буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылардың қанайналым мүшелері, қан тамырларының түрлерін 8-сыныптан қанның құрамы, иммунитеттің түрлері, агглютинация, резус-конфликт, қан жасушаларының түрлері мен қызметтері, адам мен бақа эритроциттерінің айырмашылықтары туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Жауын құрты, ұлу, омыртқалылардың жүректерінің сызбалары ұсынылады. Оқушыларға жүректерді күрделену ретімен орналастыру тапсырмасы беріледі. Ретімен орналастырғаннан соң жауын құрты, ұлу, балық, бақа, кесіртке, ит, құс сөздері жазылған қима қағаздар беріледі. Оқушылар жүректердің тұсына осы жануарлардың атауларын орналастырып сәйкестендіреді. Енді қан тамырларына назар аударайық! Қандай қан тамырларын білесіздер? Олардың айырмашылықтары неде? деп сұрай келе суреттің көмегімен немесе алдыңғы білімге сүйене отырып, артерия-жүректен шығатын, вена – жүрекке келетін, капиллярлар деп қан тамыр түрлерін атайды. Артерия қанды жүректен алып шығатын, вена жүрекке қан әкелетін, капилляр осы екі тамырды байланыстыратын тамыр. Оны оқушылар 7-сыныптан білулері тиіс. Қандай ортақтық бар деп талқылаулар жүргізе отырып сабақтың тақырыбы мен мақсатына ауысады. Оқушылардан жүрек пен қантамырлар туралы қандай білім қажет деп сұрай отырып сабақтың мақсаттарын анықтау қажет. Бұл тапсырмадан оқушылар жүрек бір, екі, үш және төрт бөлімді болып дамыған, ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекеттері күрделенген сайын оның қан айналым жүйесі де күрделенеді деген қорытынды шығарады. Критерий:
| 1 -3 слайдтар 3-қосымша | ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-7 мин | Оқушыларға мұғалім сүтқоректілер жүрегінің құрылысы туралы шағын түсіндірме береді. Жүректің оң және сол жағы, қақпақшалары, артерия мен веналар, қанның жүректегі айналымы, жүрек бөлімдерінің айырмашылығы түсіндіріледі. | 4-12 слайдтар Әдістемелік нұсқаулық | ||||
7-13 мин | Оқушылар ақпараттық парақ, видеоматериалдарды пайдаланып, сүтқоректілер жүрегінің құрылысымен танысады. Оқушыларға сызбалық сурет салып, жүрек бөліктерінің атауларын жазу, қан тамырларының құрылыс ерекшеліктерін салыстыру тапсырмасы беріледі. Критерий:
| 1 - 2 қосымша Жүрек үлгісі, плакаттар, видеоматериалдар | ||||
14-27 мин | Оқушылардан жүрек үлгісі, суреттерді пайдаланып жүректің құрылысы мен қантамырларын сипаттау сұралады. Сипаттау барысында жүрек бөлімдері мен әрбір қан тамырының ерекшеліктерін түсіндіреді. Критерий:
Дескрипторлар:
| Жүрек үлгісі, суреттері 2-қосымша | ||||
28-37 мин | Оқушыларға асқорыту, қанайналым, зәр шығару, тыныс алу жүйелерінің байланысын көрсету тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар бұл жұмысты кластер, постер, сызба, сурет, комикс, әңгіме түрінде орындай алады. Критерий: жануарлардың қанайналым жүйесінің маңызын сипаттау Дескрипторлар:
Мұғалім тиісті сұрақтарды қойып, кері байланыс ұсынады. Кейбір оқушыларға қан тамырларының 3 түрін Венн диаграммасы немесе кесте арқылы салыстыру тапсырмасын ұсынуға болады. | А0 немесе А3, А4 парақтары, фломастерлер 13 слайд 4-5 қосымша | ||||
Сабақтың соңы | ||||||
38-40 мин | Кері байланыс «Өзіңді бағала».
| 14 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Жүректерді салыстырғанда әр оқушы өзінің білім деңгейіне сай жауаптар бере алады Ресурстарды қолданғанда оқушылар өздерінің қабілеті мен қабылдау ерекшеліктеріне сай ресурсты таңдап ала алады Үлгі, сурет, сызбада түсіндірген кезде оқушылар өз білімдері мен жеке қабылеттеріне сай жұмыстай алады. Мысалы, кейбір оқушылар ауызша сипаттама берсе, кейбіреулері суреттерде түсіндіреді, кейбіреулері үлгіде көрсетіп сипаттайды. Қанайналым жүйесінің басқа жүйелермен байланысын көрсеткенде оқушыларға өз қабілеттері мен білім деңгейлеріне сай жұмыстау мүмкіндігі беріледі. Әр оқушы өзі таңдаған жолмен білімді көрсету мүмкіндігіне ие болады Кейбір оқушыларға мүмкін болса тереңдетілген ақпараттар қарастыруы үшін ноутбуктер, қосымша видеоматериалдар ұсынылады. Осылайша оқушылар өз білімдерін тереңдету мүмкіндігіне ие болады Кейбір оқушыларға (сурет салуда қиналатын, баяу жұмыс жасайтын) жүректің мылқау суретін пайдалануды ұсынуға болады Кейбір оқушыларға қан тамырларын Венн диаграммасы арқылы салыстыру тапсырмасын ұсынуға болады (4-қосымша) Кейбір оқушыларға салыстыру сипаттамалары бар кесте арқылы салыстыру тапсырмасын беру арқылы (5-қосымша) | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Алдыңғы білімдерін қолданып жүректерді ретімен орналастыру, сәйкестендіру Ауызша жауаптары Жүрек қантамырларын сурет, сызбаға салып алу жұмысы Үлгі, суреттерде жүрек қантамырларының құрылысы мен қызметтерін сипаттау Қанайналым жүйесін асқорыту, зәр шығару, тыныс алу жүйелерімен байланыстыру | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Үлгімен жұмыс кезінде абай болу. | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.