Жүрек және қантамырлар (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
1- қосымша
Жануарлар жүректері туралы сипаттамалар
Жүрегі 2 бөлімді: жүрекше, қарынша. Олар кезектесіп бұлшықетті қабырғаларымен жиырылады. Ырғақты жиырылу арқасында қан тұйық шеңбер бойымен қозғалады. |
Қанайналым жүйесі екі жүрекше мен бір қарыншасы бар үш қуысты жүрек пен екі қанайналым шеңберінен – үлкен (дене) және кіші (өкпе) тұрады. |
Қанайналым жүйесі екі жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Қарынша жартылай пердемен бөлінген. Осының арқасында қан жартылай араласады. Екі қанайналым шеңбері бар. |
Қанайналым жүйесі күрделі. Жүрегі төрт қуысты. Сол жақ қарыншадан сол жақ қолқа доғасы тарайды, ал одан үлкен қанайналым шеңберінің артериялар жүйесі тарамдалады. Қан веналар арқылы оң жақ жүрекшеге әкеліп құяды. Оң жақ қарыншадан веналық қан екі тармаққа бөлінетін өкпе артериясы арқылы өкпеге барады. |
Жүрегі сақиналанған ірі саламтамырдан тұрады. Одан тарамдалған қан тамырларын денені айналып, қайтадан жүрекке құяды. Сондықтан олардың қанайналымы тұйық болып келеді. |
Қан гемолимфа деп аталады. Олардың жүрегі екі бөліктен тұрады. Қан тамырлары дене қуысына ашылып, қоректік заттарды таратады. Зиянды заттар қанға ағзаның ішкі ортасынан диффузияланып отырады. Қан тамырлары ағзаның ішкі ортасына тікелей ашылатындықтан қанайналымы ашық болып саналады. |
2-қосымша
Жүрекшелер: Оң жақ жүрекше және сол жақ жүрекше
Қызметтері: Жүрекшелердің ең басты қызметі – қанды айдау, яғни жүрекшелердің қызметінен кейін қан айналысы қайтадан басталады. Сонымен қоса жүрекшелер алғашқы реттік насосты орындайды.
Қарыншалар: Оң жақ қарынша және сол жақ қарынша
Қызметтері: Сол жақ қарынша қанды сол жақ жүрекшеден алып, қанды үлкен қан айналым шеңберінің атрерияларына айдайды. Оң жақ қарынша қанды оң жақ жүрекшеден алып, қанды кіші қанайналым шеңберінің артерияларына айдайды.
Клапандар: Екіжақтаулы, үш жақтаулы, жарты ай тәрізді
Қызметтері: Жүректің клапандары қарыншалардың шығуы мен кірісінде орналасқан. Атриовентрикулярлы клапандар (сол жақ қарыншада – екіжақтаулы (митралді) клапан, оң жақ қарыншада – жүректің үш жақтаулы клапаны) қарыншалардың систоласы кезінде қанның жүрекшеге қарай өтпеуін қамтамасыз етеді. Жарты ай тәрізді клапандар қанның қарыншаларына өтпеуін қамтамасыз етеді.
АРТЕРИЯЛАР оттегіге қаныққан қанды жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға апарады. Тек өкпе артериясы мен балықтардың желбезектеріне қанды әкелетін артериялар вена қанын апарады. Артериялар қабырғалары үш қабаттан құралған: ішкі- жалпақ эндотелийден құралған, ортаңғы-бірыңғай бұлшықет пен серпімді талшықтардан құралған, және сыртқы- коллаген талшықтары бар дәнекер ұлпасынан құралған. Артерияның ортаңғы қабаты қалың. Артерияларда клапандары болмайды.
Артериядағы қан қысымы жоғары, ырғақты. Қан тез ағады. Қан көлемі аз. Артерия қантамырлары тармақталып, ұсақ артериолалар құрайды.
ВЕНАЛАР көмірқышқыл газына қаныққан қанды дене мүшелері мен ұлпаларынан жүрекке әкелетін қан тамырлары. Тек өкпе және кіндік веналарында ғана артерия қаны ағады. Веналардың ортаңғы қабаты жұқа, бұлшықет талшықтары мен серпімді талшықтары аз, сондықтан ішкі бетінде қатпарлар мен жарты ай тәрізді клапандар бар, олар қанның кері ағуына кедергі жасайды. Қанның қысымы төмен, ырғақты емес. Қан баяу ағады. Қан көлемі артерия мен капиллярларға қарағанда әлдеқайда үлкен. Веналар ұсақ венулалардан қан жинайды.
КАПИЛЛЯРЛАР ең жіңішке тамырлар. Артериялар мен веналарды біріктіре отырып, олар қан ұлпалар арасындағы зат алмасуға қатысады. Капиллярлар қабырғалары бірқабатты эндотелий жасушаларынан тұрады. Бұл қабаттан оттегі, су, липид, т.б. молекулалар оңай өтеді. Клапандары жоқ. Қан қысымы ең төмен, ырғақты емес. Қан ағысы бәсең. Қан көлемі үлкен.
Пайдаланған ақпарат көзі: http://anatomy_atlas.academic.ru/1732/, Биология: в 3 т. Т 2/Д. Тейлор, Н. Грин, У. Стаут.
3- қосымша
4-қосымша
1-деңгей. Қан тамырларын салыстырыңыз.
сипаттамалар | артерия | вена | капилляр |
Қанның ағу бағыты | |||
Сыртқы қабырғасы | |||
Ішкі қуысы | |||
Бұлшық етті қабаты | |||
Қақпақшаның болуы | |||
Түрлері | - |
2-деңгей. Кестеде қан тамырларын салыстырыңыз.
Қан тамырлары | Құрылыс ерекшеліктері | себебі |
артерия | ||
вена | ||
капилляр |
3-деңгей. Тамырлар тізіміне олардың сипаттамаларын сәйкестендіріңіз
Жауабы:
- __________________________________________
- ___________________________________________
- ___________________________________________
- ___________________________________________
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.