Жүрек және қантамырлар (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Сүтқоректілердің жүрегі 4 бөлімді. Екі жүрекше, 2 қарыншадан тұрады. Жүрек жүрек қақпасы арқылы екі бөлімге бөлінеді. Сол жақ қарыншаның қабырғасы оң жақ қарыншаға қарағанда қалың. Бұл сол жақ қарынша қабырғасындағы бұлшықеттің қатты жиырылғанда ондағы қан сығылып сол жақ жүрекшеге өтеді. Бұл аортаға қанның қатты сығылып, жоғары қысыммен күшті ағыспен ағуын қамтамасыз етуге деген бейімделушілік. Себебі, бұл үлкен қанайналым шеңберінің басталуы. Қысыммен ағып шыққан қан артерия қабырғаларындағы қадлың бұлшықет қабатының көмегімен әрі қарай серпіліп ағады. Сондықтан артерия тамырларында қан қысымы жоғары. Бұл шеңбердің бойымен қан дененің барлық жасушаларына жеткізілуі үшін қан екпінмен ағады.
Ал оң жақ қарыншадан қанайналым шеңбері басталмайды, онда керісінше үлкен қанайналым аяқталады. Сондықтан бұл қарыншаның қабырғасы жұқа.
Ал вена тамырының қабырғасындағы бұлшықет қабаты да жұқа. Бұл оның көп қанды ағызуға бейімделушілік. Қан тамырының ішінде қақпақшалары болады. Бұл қан қысымының төмен болуынан қанның кері ағып кетуін болдырмайды.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Оқушылардың жеке бас қауіпсіздіктерін сақтай білуін ескерту маңызды.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Тақырып мазмұнын түсіндіргенде жоғарыдағы ақпаратты пайдалану жөн. Тек осы мазмұнды ғана беру қажет, артық ақпарат қосудың қажеті жоқ. Жүректің сол жағында артерия, оң жағында вена қаны болатындықтан қан араласпайды. Дене температурасы тұрақты сақталатындықтан сүтқоректілер құстар сияқты жылықанды.
Жүрек ақауымен туған жағдайда қанның араласуынан қуат жетіспеушілік байқалады деген сияқты ақпараттарды қосуға болады.
Оқушылардың сурет салуына назар аударып, сурет салу дағдысының қалыптасуына көңіл бөлу қажет.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Жүректің бөліктері мен құрылымдарын сызбада атап көрсету, олардың ерекшеліктерін сипаттау, қызметтерін түсіндіру, қан тамырларының айырмашылықтары мен олардың атқаратын қызметтерімен байланысын сипаттауларына назар аударылады.
Оқушылардың сабақ соңында орындайтын тапсырмасын дескрипторлардың көмегімен тексеруге болады. Бірақ осы жұмысты орындап жатқан кезде оқушыларға дұрыс бағыт беру үшін тиісті сұрақтар қойып, кері байланыс ұсыну дұрыс. Мысалы, асқорыту жүйесіндегі аш ішек бүрлері арқылы сіңірілген қоректік заттар қан плазмасы арқылы тасымалданып, дене жасушаларына жеткізіледі. Онда ауадан келген оттектің көмегімен жанып, энергияға айналады. Бұл энергия астың қорытылуына жұмсалады.
- Саралау тапсырмалары
- Венн диаграммасы арқылы қан тамырларын салыстыру тапсырмасы 4-қосымшада
- 5-қосымшада ұсынылды
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
№ | Қызметтік ерекшеліктері | Артерия | Капилляр | Вена |
1 | Қанды жүректен алып шығады | + | ||
2 | Қысымы ең төмен қан ағады | + | ||
3 | Қанды жүрекке әкеледі | + | ||
4 | Газ алмасу жүріледі | + | ||
5 | Қабырғасы бірқабатты болғандықтан заттардың диффузиясы оңай жүріледі | + | ||
6 | Көмірқышқыл газына қаныққан қанды тасымалдайды | + | ||
7 | Қысымы жоғары қан ағады | + | ||
8 | Жасушалардың бір қабатынан тұрады | + | ||
9 | Зат алмасудың соңғы өнімдері бөлінеді | + | ||
10 | Вена мен артерияны қосады | + | ||
11 | Жүректен қатты ығысып айдалған қан ағатындықтан қабырғасы серпімді, әрі қалың | + | ||
12 | Бұлшық еттер мен өкпеде кездеседі | + | ||
13 | Қанның кері ағуына кедергі болатын қақпақшалары болады | + | ||
14 | Оттегіне қаныққан қанды тасымалдайды | + | ||
15 | Бұлшық етті қабырғасының серпімділігі төмен, жұқа | + |
Критерий:
- Қантамырларын салыстырады
Дескрипторлар:
- Артерия, вена, капиллярдың ерекшеліктерін түсіндіреді
- Қан тамырларының қызметін атқаруға бейімделушіліктерін түсіндіреді.
- Қан тамырларының түрлерін біледі.
- Сілтемелер мен ресурстар
Жүрек туралы видео: https://twig-bilim.kz/film/heart-6202/
Қан тамырлары туралы видео: https://twig-bilim.kz/film/blood-6198/
http://anatomy_atlas.academic.ru/1732/, Биология: в 3 т. Т 2/Д. Тейлор, Н. Грин, У. Стаут.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.