Жүрек және қантамырлар (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

Жануарлар жүректерінің құрылысы

Балықтарда, жүрек пен тамырларынан құралған, тұйық қанайналым жүйесі болады. Жоғары сатыдағы жануарларға қарағанда балықтарда бір қанайналым шеңбері болады (қостынысты, сәулеқанатты балықтардан басқа).

Балықтардың жүрегі 2 қуысты: жүрекше, қарынша, венозды қуыс пен артериалды конустан құралған, олар кезектесіп бұлшықетті қабырғаларымен жиырылады. Ырғақты жиырылу арқасында қан тұйық шеңбер бойымен қозғалады.

Қосмекенділердің қанайналым жүйесі екі жүрекше мен бір қарыншасы бар үш қуысты жүрек пен екі қанайналым шеңберінен – үлкен (дене) және кіші (өкпе) тұрады.

Жорғалаушылардың қанайналым жүйесі қосмекенділерге ұқсайды. Алайда құрлықта мекен етуге көбірек бейімделген. Жорғалаушыларда екі жүрекшедегі қан бір қарыншаға келіп құяды, қарынша жартылай пердемен бөлінген (қолтырауыннан басқа, бұларда 4 қуысты жүрек). Осының арқасында жорғалаушылардың қаны жартылай араласады. Екі қанайналым шеңбері бар. *Қолтырауындарда ғана төрт қуысты жүрек болады.

Сүтқоректілердің қанайналым жүйесі күрделі. Жүрегі төрт қуысты. Сол жақ қарыншадан сол жақ қолқа доғасы тарайды, ал одан үлкен қанайналым шеңберінің артериялар жүйесі тарамдалады. Қан веналар арқылы оң жақ жүрекшеге әкеліп құяды. Оң жақ қарыншадан веналық қан екі тармаққа бөлінетін өкпе артериясы арқылы өкпеге барады.

 Жүрекшелер: Оң жақ жүрекше және сол жақ жүрекше

 Қызметтері: Жүрекшелердің ең басты қызметі – қанды айдау, яғни жүрекшелердің қызметінен кейін қан айналысы қайтадан басталады. Сонымен қоса жүрекшелер алғашқы реттік насосты орындайды.

 Қарыншалар: Оң жақ қарынша және сол жақ қарынша

 Қызметтері: Сол жақ қарынша қанды сол жақ жүрекшеден алып, қанды үлкен қан айналым шеңберінің атрерияларына айдайды. Оң жақ қарынша қанды оң жақ жүрекшеден алып, қанды кіші қанайналым шеңберінің артерияларына айдайды.

 Клапандар: Екіжақтаулы, үш жақтаулы, жарты ай тәрізді

 Қызметтері: Жүректің клапандары қарыншалардың шығуы мен кірісінде орналасқан. Сол жақ қарыншадағы – екіжақтаулы (митралды) қақпақша оң жақ қарыншада – жүректің үш жақтаулы қақпақша қарыншалардың жиырылуы кезінде қанның жүрекшеге қарай өтпеуін қамтамасыз етеді. Жарты ай тәрізді клапандар диастола кезінде қанның қарыншаларына өтпеуін қамтамасыз етеді.

АРТЕРИЯЛАР оттегіге қаныққан қанды жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға апарады. Тек өкпе артериясы мен балықтардың желбезектеріне қанды әкелетін артериялар вена қанын апарады. Артериялар қабырғалары үш қабаттан құралған: ішкі- жалпақ эндотелийден құралған, ортаңғы-бірыңғай бұлшықет пен серпімді талшықтардан құралған, және сыртқы- коллаген талшықтары бар дәнекер ұлпасынан құралған. Артерияның ортаңғы бұлшықетті қабаты қалың. Артерияларда қақпақшалар болмайды.

Артериядағы қан қысымы жоғары, ырғақты. Қан тез ағады. Қан көлемі аз. Артерия қантамырлары тармақталып, ұсақ артериолалар құрайды.

ВЕНАЛАР көмірқышқыл газына қаныққан қанды дене мүшелері мен ұлпаларынан жүрекке әкелетін қан тамырлары. Тек өкпе және кіндік веналарында ғана артерия қаны ағады. Веналардың ортаңғы қабаты жұқа, бұлшықет талшықтары мен серпімді талшықтары аз, сондықтан ішкі бетінде қатпарлар мен жарты ай тәрізді қақпақшалар бар, олар қанның кері ағуына кедергі жасайды. Қанның қысымы төмен, ырғақты емес. Қан баяу ағады. Қан көлемі артерия мен капиллярларға қарағанда әлдеқайда үлкен. Веналар ұсақ венулалардан қан жинайды.

КАПИЛЛЯРЛАР ең жіңішке тамырлар. Артериялар мен веналарды біріктіре отырып, олар қан ұлпалар арасындағы зат алмасуға қатысады. Капиллярлар қабырғалары бірқабатты эндотелий жасушаларынан тұрады. Бұл қабаттан оттегі, су, липид, т.б. молекулалар оңай өтеді. Клапандары жоқ. Қан қысымы ең төмен, ырғақты емес. Қан ағысы бәсең. Қан көлемі үлкен.

Пайдаланған ақпарат көзі: http://anatomy_atlas.academic.ru/1732/, Биология: в 3 т. Т 2/Д. Тейлор, Н. Грин, У. Стаут.

2- қосымша

3-қосымша

4- қосымша

Қантамырларының атқаратын қызметіне байланысты ерекшеліктерін салыстырыңыз

5-қосымша

Қантамырларының атқаратын қызметіне байланысты ерекшеліктерін салыстырыңыз

Қызметтік ерекшеліктері

Артерия

Капилляр

Вена

1

Қанды жүректен алып шығады

2

Қысымы ең төмен қан ағады

3

Қанды жүрекке әкеледі

4

Газ алмасу жүріледі

5

Қабырғасы бірқабатты болғандықтан заттардың диффузиясы оңай жүріледі

6

Көмірқышқыл газына қаныққан қанды тасымалдайды

7

Қысымы жоғары қан ағады

8

Жасушалардың бір қабатынан тұрады

9

Зат алмасудың соңғы өнімдері бөлінеді

10

Вена мен артерияны қосады

11

Жүректен қатты ығысып айдалған қан ағатындықтан қабырғасы серпімді, әрі қалың

12

Бұлшық еттер мен өкпеде кездеседі

13

Қанды жүрекке әкелетіндіктен оның кері ағуына кедергі болатын қақпақшалары болады

14

Оттегіне қаныққан қанды тасымалдайды

15

Бұлшық етті қабырғасының серпімділігі төмен, артерияға қарағанда жұқа



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.