Жүрек және қантамырлар (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А – Заттардың тасымалдануы | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Жүрек және қантамырлар (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.3.8 жануарлар жүрегінің құрылысы мен қантамырлар жүйелерінің маңызын сипаттау 8.1.3.9 қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Жануарлардың қанайналым жүйесінің маңызы, қан тамырлары мен жүрегінің құрылысы, қан тамырлардың айырмашылықтарын тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша жазбаша сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қарынша, құлақша, жарты ай тәрізді қақпақша, қосжақтаулы қақпақша, үшжақтаулы қақпақша, аорта, жоғарғы қуыс вена, артерия, венула, артериола, капилляр, өкпе артериясы, өкпе венасы, жүрек қалқасы Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Жүректің сол жағында ...қаны болады. Оң жақ құлақша мен қарыншаның арасында ...қақпақшасы болады. Жүректен шыққан тамырлар...деп аталады. Жүрекке қан әкелетін тамырлар...деп аталады. Артерияларды...қақпақшасы болады. Артерия...тарамдалады. Вена... венулаға тарамдалады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады. Практикалық жұмыс кезінде түрлі манипуляцияларды меңгеру, дұрыс таңдау жасау, жобалау, бағалау, сыни ойлау, сынды қабылдау, сыни пікір айта білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Қан қысымы, капиллярдағы газдар мен мономерлер диффузиясы туралы түсінік қарастырылғанда физика пәнімен байланыс орнайды. | |||||
Алдыңғы білім | 7-сыныптан буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылардың қанайналым мүшелерін 8-сыныптан қанның құрамы, иммунитетің түрлері, агглютинация, резус-конфликт, қан жасушаларының түрлері мен қызметтері, адам мен бақа эритроциттерінің айырмашылықтары туралы біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Буылтық құрттар (жауын құрт), ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылардың жүректері мен олар туралы шағын сипаттамалар оқушыларға беріліп оларды сәйкестендіру тапсырмасы ұсынылады. Жануарлар жүрегінің күрделене қалыптасуының себебі неде? сұрағы талқыланады. Бұл жануарлар тіршілігінің күрделене дамуына байланысты деген қорытынды шығарылады. Содан кейін слайдта қан тамырларының суреттері көрсетіліп оларды атап, айырмашылықтарын түсіндіру сұралады. Артерия тамырының қабырғасы қалың, ішкі қуысы тар, венаның қабырғасы жұқалау, ішкі қуысы кең, капилляр бір қабат қабырғалы ең жіңішке тамыр деген жауаптар болуы мүмкін. Осы талқылаудан соң сабақ не туралы екен балалар деп сабақтың тақырыбын анықтап, жүрек пен қан тамырлары туралы қандай білім қажет болады деп сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтау дұрыс. Қанайналым жүйесінің маңызына тоқталу қажет. Бұл талқылаулар арқылы оқушылар жануарлар жүректерінің құрылысы ерекшеліктерімен танысып, қан тамырларын салыстырады. Бірақ бұл білімді сабақтың келесі кезеңдерінде толықтыру қажет. Критерий:
| 1- қосымша 1 -2 слайдтар 3 слайд 4-слайд
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Мүмкін болса қойдың жүрегін ұзыннан кесіп, оның әр бөлігін жүрек моделінде немесе суретте анықтап, қызметтерін сипаттау қажет. Бұл жұмыс демонстрация түрінде жасалады. Оқушыларға үйде қой сойғанда жүректі осылай кесіп көріп, құрылысымен толық танысуға болады деп айтуға болады. Қауіпсіздікті сақтау маңызды екеніне де тоқталу қажет. Жүрек болмаған жағдайда таныстырылымды пайдалануға болады. Оқушылардан жүректің әр бөлігін атап көрсетуді сұрау қажет. Қойылатын сұрақтар: Оң жақ және сол жақ қарыншалардың қабырғаларының қалыңдығы айырмашылықтың себебі неде? Не себепті жақтаулы қақпақшалар жүрекшеге қарай ашылмайды? Жүректі талдап болғаннан соң жүректен шыққан ең үлкен тамыр аорта мен жүрекке кірген қуыс веналарды көрсетіп, қабырғасының айырмашылықтарын табу сұралады. Оқушылар вена қанды жүрекке, артерия жүректен алып шығады, капилляр екеуін байланыстырады және венаның қабырғасы артерия қабырғасына қарағанда жұқалау себебі онда бұлшық етті қабаты жұқа, артерия қанды қатты айдайтындықтан жоғары қысымға төтеп беруге бейімделген деген сияқты түсіндірмелер береді. Мұғалім жұмыс барысында оқушыларға уақтылы кері байланыс беріп отырады. | 2 - қосымша 5-11 слайдтар | ||||
17-27 мин | Оқушыларға жүректің сызбасында жүрек бөліктері мен қан тамырларын атап жазу тапсырмасы ұсынылады. Кейбір оқушылар сызбада әр бөліктің қызметтерін атап жазады. Ал кейбір оқушылардан мұғалім ауызша түсіндіруді сұрай алады. Критерий:
Дескрипторлар:
Өзара бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім жеке кері байланыстар ұсынады. | 3- қосымша | ||||
27-36 мин | Оқушыларға қан тамырларының құрылыс ерекшеліктері қызметі арасындағы байланысты орнату тапсырмасы беріледі. Қан тамырының құрылысындағы ерекшеліктің оның атқаратын қызметіне бейімділігін түсіндіру қажет. Мысалы, артерия тамырында бұлшық етті қабаты қалың, себебі онда қан жүректен жоғары қысыммен айдалып шығатындықтан осы қысымға төтеп беріп, қанды бүкіл дене жасушаларына жеткізу қажет. Критерий:
Дескрипторлар:
Тақтада дұрыс жауаптар көрсетіліп оқушылар өз жауаптарын салыстырады. Кейбір оқушыларға қан тамырларында кездесетін ұлпа түрлерін анықтау тапсырмасын ұсынуға болады. Анықтағаннан соң тақтадағы дұрыс жауаптармен салыстырады. | 4- қосымша 12-15 слайд 16- слайд | ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс -Бүгінгі сабақтан түсінгенім... -Өмірде қолдануға үйретті... -Енді жасағым.... келеді. | 17 слайд | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Демонстрация кезінде оқушылар өз қабілеттері мен деңгейлеріне сәйкес талдаулар жасай алады. Осы кезде мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар жауаптары әртүрлі деңгейде беріледі. Жүрек сызбасын толтыру кезінде мұғалім талдау сұрақтарын қоя алады Сызбаны толтырғанда, жүрек бөліктерінің қызметтерін түсіндіргенде оқушылардың әрқайсысы өз деңгейі мен қабілеттеріне сай жұмыс жасай алады. Кейбір оқушыларға қан тамырларында кездесетін ұлпа түрлерін анықтау тапсырмасын ұсынуға болады. Қан тамырларын салыстыру кестесінің үш түрлі түрі арқылы саралауға болады (4-қосымша) | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Сабақтың басындағы тапсырма Ауызша талқылаулар кезіндегі жауаптары Жүректің сызбасын толтыру Сызбада түсініктемелер беру Қан тамырларын салыстыру кестесін толтыру Қан тамырларындағы ұлпа түлерін анықтау | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Демонстрация кезінде абай болу. Демонстрация кезінде белсенді қозғалыс жасайды | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.