Жүрек және қантамырлар (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Сүтқоректілердің жүрегі 4 бөлімді. Екі жүрекше, 2 қарыншадан тұрады. Жүрек жүрек қақпасы арқылы екі бөлімге бөлінеді. Сол жақ қарыншаның қабырғасы оң жақ қарыншаға қарағанда қалың. Бұл сол жақ қарынша қабырғасындағы бұлшықеттің қатты жиырылғанда ондағы қан сығылып сол жақ жүрекшеге өтеді. Бұл аортаға қанның қатты сығылып, жоғары қысыммен күшті ағыспен ағуын қамтамасыз етуге деген бейімделушілік. Себебі, бұл үлкен қанайналым шеңберінің басталуы. Қысыммен ағып шыққан қан артерия қабырғаларындағы қадлың бұлшықет қабатының көмегімен әрі қарай серпіліп ағады. Сондықтан артерия тамырларында қан қысымы жоғары. Бұл шеңбердің бойымен қан дененің барлық жасушаларына жеткізілуі үшін қан екпінмен ағады.
Ал оң жақ қарыншадан қанайналым шеңбері басталмайды, онда керісінше үлкен қанайналым аяқталады. Сондықтан бұл қарыншаның қабырғасы жұқа.
Ал вена тамырының қабырғасындағы бұлшықет қабаты да жұқа. Бұл оның көп қанды ағызуға бейімделушілік. Қан тамырының ішінде қақпақшалары болады. Бұл қан қысымының төмен болуынан қанның кері ағып кетуін болдырмайды.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Оқушылардың жеке бас қауіпсіздіктерін сақтай білуін ескерту маңызды.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Тақырып мазмұнын түсіндіргенде жоғарыдағы ақпаратты пайдалану жөн. Тек осы мазмұнды ғана беру қажет, артық ақпарат қосудың қажеті жоқ. Жүректің сол жағында артерия, оң жағында вена қаны болатындықтан қан араласпайды. Дене температурасы тұрақты сақталатындықтан сүтқоректілер құстар сияқты жылықанды.
Жүрек ахауымен туған жағдайда қанның араласуынан қуат жетіспеушілік байқалады деген сияқты ақпараттарды қосуға болады.
Оқушылардың сурет салуына назар аударып, сурет салу дағдысының қалыптасуына көңіл бөлу қажет.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Жүректің бөліктері мен құрылымдарын сызбада атап көрсету, олардың ерекшеліктерін сипаттау, қызметтерін түсіндіру, қан тамырларының айырмашылықтары мен олардың атқаратын қызметтерімен байланысын сипаттауларына назар аударылады.
Оқушылардың сабақ соңында орындайтын тапсырмасын дескрипторлардың көмегімен тексеруге болады. Бірақ осы жұмысты орындап жатқан кезде оқушыларға дұрыс бағыт беру үшін тиісті сұрақтар қойып, кері байланыс ұсыну дұрыс. Мысалы, асқорыту жүйесіндегі аш ішек бүрлері арқылы сіңірілген қоректік заттар қан плазмасы арқылы тасымалданып, дене жасушаларына жеткізіледі. Онда ауадан келген оттектің көмегімен жанып, энергияға айналады. Бұл энергия астың қорытылуына жұмсалады.
- Саралау тапсырмалары
- 4-қосымшада ұсынылды
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
1-деңгей. Қан тамырларын салыстырыңыз.
сипаттамалар | артерия | вена | капилляр |
Қанның ағу бағыты | жасушаға | жүрекке | - |
Сыртқы қабырғасы | қалың серпімді | бұлшық етті қабаты орташа | жасушалардың бір қабатынан тұратын жұқа |
Ішкі қуысы | тар | кең | тар |
Бұлшық етті қабаты | қалың | орташа | жоқ |
Қақпақшаның болуы | жоқ | бар | жоқ |
Түрлері | Аорта, артерия, артериолалар | Төменгі және жоғарғы қуыс веналар, венулалар | - |
2-деңгей. Кестеде қан тамырларын салыстырыңыз.
Қан тамырлары | Құрылыс ерекшеліктері | себебі |
артерия | Қабырғасындағы бұлшықетті қабатының есебінен қабырғасы қалың, серпімді болып келеді. Ішкі қуысы тар. | Сол жақ қарыншаның қалың миокард қабаты бұлшықеттерінің жиырылуынан күшті ығысып, жоғары қысыммен айдалып шыққан қанды тасымалдау, қанның дене жасушаларына толық жетуін қамтамасыз ету |
вена | Қабырғасындағы бұлшықетті қабаты артерияның қабатына қарағанда жұқа болғандықтан серпімді емес. Ішкі қуысы кең. Қақпақшалары бар. | Қанды жүрекке әкелуіне байланысты қан қысымы төмен болғандықтан қанның кері бағытта ағып кетуін бодырмау үшін қақпақшалары болады. Қандағы улы заттардан ағзаны тез тазарту үшін аса көп мөлшердегі қанды тасымалдауына байланысты ішкі қуысы кең. |
капилляр | Жасушалардың бір қабатынан тұратын жұқа. Қақпақшалары жоқ. | Артериола мен венулаларды жалғайды. Қан мен жасушалар арасындағы диффуззияның жылдамдығын арттыруға байланысты қабырғасы жасушалардың тек бір қабатынан құралған. |
3-деңгей. Тамырлар тізіміне олардың сипаттамаларын сәйкестендіріңіз
- 2;5;7;9;12
- 4;8;13
- 1;3;6;10
- 4;11;14
Критерий:
- Қантамырларын салыстырады
Дескрипторлар:
- Артерия, вена, капиллярдың ерекшеліктерін түсіндіреді
- Қан тамырларының қызметін атқаруға бейімделушіліктерін түсіндіреді.
- Қан тамырларының түрлерін біледі.
- Сілтемелер мен ресурстар
Жүрек туралы видео: https://twig-bilim.kz/film/heart-6202/
Қан тамырлары туралы видео: https://twig-bilim.kz/film/blood-6198/
http://anatomy_atlas.academic.ru/1732/, Биология: в 3 т. Т 2/Д. Тейлор, Н. Грин, У. Стаут.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.