Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 3-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 3-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

[quote] Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақтың тақырыбы: Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі, трапецияның қасиеттерін есеп шығару барысында қолдана алады.

Ұйымдастыру бөлімі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жаңа материалды меңгеру
Мұғалім оқушылармен диалог жүргізу арқылы тақырыпты түсіндіреді.
Трапеция деп екі қарама-қарсы қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты айтады.
Трапецияның параллель қабырғалары оның табандары, ал параллель емес қабырғалары – бүйір қабырғалары.
Трапецияның биіктігі деп табандарының ортақ перпендикулярын айтады, яғни бір табанының нүктесінен екінші табаны жататын түзуге жүргізілген перпендикуляр.
Трапецияның қасиеттері:
1-қасиет. Трапеция дөңес төртбұрыш болады.
2-қасиет. Трапецияның бүйір қабырғасына іргелес жатқан бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең.
Теңбүйірлі және тікбұрышты трапецияның анықтамаларына тоқталу.
Теңбүйірлі трапецияның қасиеттері:
1. Теңбүйірлі трапецияның әр табандарына іргелес жатқан бұрыштары өзара тең болады.
2. Теңбүйірлі трапецияның диагональдары өзара тең болады.
Осы қасиеттерге кері тұжырымдамалар тең бүйірлі трапецияның белгілерін береді.
Теңбүйірлі трапецияның белгілері:
1. Егер трапецияның табанындағы бұрыштары тең болса, онда бұл трапеция – тең бүйірлі.
2. Егер трапеция диагональдары тең болса, онда бұл трапеция – тең бүйірлі.
Слайдта дайын сызба арқылы берілген екі есеп сыныппен бірге орындалады.

Бекіту тапсырмалары
Тақтада 1-8 нөмірлері бар кесте сызылады. Оқушылар әр тапсырманы орындайды, болған соң мұғалімге немесе шығарып, тексертіп болған оқушыға өз шешімін тексертеді. Дұрыс болған жағдайда сәйкес ұяшыққа өз атын жазады да сол тапсырманы орындаған келесі оқушыны тексере алады.

1. Трапецияның бүйір қабырғалары 7см және 11см, ал табандары – 5см және 15см. Кіші табанының төбесі арқылы үлкен бүйір қабырғасына параллель жүргізілген түзу трапециядан үшбұрыш қиып өтеді. Оның қабырғаларын табыңдар.
Дескрипторлар:
- сызбаны салады;
- параллель түзулердің қасиетін қолданады
- үшбұрыштың периметрін табады

2. Теңбүйірлі трапецияның кіші табанының ұшынан жүргізілген биіктік, оның үлкен табанын 4 және 8–ге тең кесінділерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңдар.
Дескрипторлар:
- сызбаны салады;
- параллель түзулердің қасиетін қолданады
- теңбүйірлі трапецияның қасиетін қолданады
- трапецияның табандарын табады
3. Теңбүйірлі ABCD трапециясының BC кіші табанының C ұшынан оның үлкен AD табанына түсірілген перпендикулярдың табаны – P. Егер трапецияның табандары a және b (a > b) болса, DP және AP табыңдар.
4.Теңбүйірлі ABCD трапециясының BC кіші табанының C ұшынан оның үлкен AD табанына түсірілген перпендикулярдың табаны – P. Егер трапецияның табандары a және b (a > b) болса, DP және AP табыңдар.
Дескрипторлар:
- сызбаны салады;
- параллель түзулердің қасиетін қолданады
- теңбүйірлі трапецияның қасиетін қолданады
- DP және AP кесінділерін табады

4. Теңбүйірлі трапецияның кіші табанының ұшынан жүргізілген биіктік, оның үлкен табанын біреуі екіншісінен 5-ке артық кесінділерге бөлсе, онда трапецияның кіші табанын табыңдар.
Дескрипторлар:
- сызбаны салады;
- параллель түзулердің қасиетін қолданады
- теңбүйірлі трапецияның қасиетін қолданады
- трапецияның кіші табанын табады

5. ABCD трапециясының BD диагоналы АВ қабырғасына перпендикуляр, ал

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру