Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері 1-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар.Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақтың тақырыбы: Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі;
• есептерді шешуде теңқабырғалы трапецияның қасиеттерін қолданады.

Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта қолайлы психологиялық климат орнату.

Әрбір оқушы келесі оқушыға дауысты дыбыстан басталатын комплимент айтады. Мысалы: Бүгін сен ең «ақылдысың», «алғырсың», «әдемісің»...
Білімнің өзектілігін арттыру мақсатында оқушыларға карточкалар беріледі, белгілі бір қасиеттер фигураға сәйкес келген жағдайда , «+» белгісін қою қажет. Оқушылар сәйкестікті анықтағаннан кейін, олар бір-бірімен алмасып, мұғалімге дұрыс жауаптар береді
Егер сәйкестік бар болған жағдайда,«+» белгісін қойыңыз
Параллело
грамм Тіктөртбұрыш ромб квадрат
Қарама қарсы қабырғалары тең
Барлық қабырғалары тең
Қарама-қарсы бұрыштар тең
Барлық бұрыштар бірдей
Диагональдар қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді
Диагональдары тең
Диагональдары перпендикуляр және бұрыштарының биссектрисалары болып табылады

Төртбұрыштардың қасиеттерін слайд бойынша қайталаймыз: ромб, квадрат, параллелограмм, тікбұрыш.
Бағалау критерийлері:
Төртбұрыштың қасиеттері дұрыс көрсетілген
Төртбұрыштың қасиеттері дұрыс қолданылған
Төртбұрыштардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарының дұрыс анықталған.

Мұғалім төртбұрыштың қасиеттерін көрсете отырып, орындалған тапсырмаға кері байланыс жасайды.
Проблемалық жағдаятты жасау
Екі қабырғасы ғана паралель болатын ABCD төртбұрышын сызыңыз.
ABCD төртбұрышының паралель қабырғалары туралы не айтасыз?
ABCD төртбұрышының екі паралель емес қабырғаларын қалай атар едіңіз?
Екі қабырғасы ғана паралель болатын басқа да төртбұрыштарды сызыңыз.
Сабақ мақсатын қою. Оқушылармен біріге отырып сабақтың мақсатын айқындау:
трапецияның анықтамасын қарастыру;
тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін сипаттау;
трапецияның қасиеттерін төртбұрыштардың қасиеттерімен салыстыру.
Мұғалім теңбүйірлі және тікбұрышты трапеция ұғымдарын енгізеді. Ақпаратты ұғыну барысында оқушылар оны сызба түрінде талдап, біріктіреді.

Трапеция анықтамасы:
Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.

Теңбүйірлі трапецияның қасиеттерін зерттеу Сыныпты шағын топтарға бөліп, тапсырма беру
1. Теңбүйірлі трапецияның бұрыштарын зерттеу.
2. Теңбүйірлі трапецияның диагоналдарын зерттеу. Зерттеудің нәтижелерін тыңдау, пікірталасу, дәптерге, тақтаға жазу.
Теңбүйірлі трапецияның қасиеттері:
1. Теңбүйірлі трапецияның табан бұрыштары тең .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру