Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 4-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

 Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 4-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі, трапецияның қасиеттерін есеп шығару барысында қолдана алады.

Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру.
Қайталау тапсырмасы
Оқушыларға кесте таратылады, олар сейкестендіріп болған соң, жұмыстарын өзара алмасып, мұғаліммен бірге тақтадағы дұрыс жауап арқылы тексереді.
Сәйкес келсе, «+» таңбасын қойыңыз.
Параллело
грамм Тіктөртбұрыш Ромб Шаршы
Қарама-қарсы қабырғалары тең
Барлық қабырғалары тең
Қарама-қарсы бұрыштары тең
Барлық бұрыштары тең
Қиылысу нүктесі диагоналдарын қақ бөледі
Диагоналдары тең
Диагоналдары тең және бұрыш биссектрисасы болады

Дескрипторлар:
- төртбұрыштардың қасиеттерін біледі
- төртбұрыштардың қасиеттерін сәйкестендіреді

Тақырыпқа шығу
Сыныпқа тапсырма:
1. Тек қана екі қабырғасы параллель болатын АВСД төртбұрышын салыңдар.
2. АВСД төртбұрышының параллель қабырғалары туралы не айтуға болады?
3. АВСД төртбұрышының параллель емес қабырғаларын қалай атайтын едіңіз?
4. Тек қана екі қабырғасы параллель болатын төртбұрыштың басқа да түрлерін салыңдар.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жаңа материалды меңгеру
Анықтама.
Егер төртбұрыштың тек екі қабырғасы ғана параллель, ал қалған екеуі өзара параллель болмаса ондай төртбұрыш трапеция деп аталады. Диалогтық оқыту әдісін пайдаланып, трапецияның сызбасына, элементтеріне тоқталу.
Тең бүйірлі, тік бұрышты трапецияның анықтамаларын енгізу.
Зерттеу жұмысы
Сыныпты шағын екі түрлі топтарға бөліп, тапсырма ұсынылады:
1-топқа: Тең бүйірлі трапецияның бұрыштарын зерттеу.
2-топқа: Тең бүйірлі трапецияның диагоналдарын зерттеу.
Кейін бірдей тапсырма орындаған оқушылар бірігіп, қорытынды жасалады. Әрбір топ өз зерттеу нәтижелерімен бөліседі.
Оқушылар зерттеу нәтижелерін тыңдап, тақтада талқылап, дәптерге жазып алады.
Тең бүйірлі трапецияның қасиеттері:
1. Тең бүйірлі трапецияның табанындағы әрбір бұрыштары тең болады.
2. Тең бүйірлі трапецияның диагоналдары тең болады.
Тең бүйірлі трапецияның белгілері
1. Егер трапецияның табанындағы бұрыштары тең болса, онда ол теңбүйірлі болады.
2. Егер трапецияның диагоналдары тең болса, онда ол тең бүйірлі болады.

Трапецияның өмірде қолданылуы

Алғашқы бекіту
Топпен жұмыс
«Автобус аялдамасы» стратегиясы.
Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Әрі қарай әр аялдамада тапсырмаларды орындайды. 1-аялдамадағы тапсырманы аяқтаған соң қабырғадағы дұрыс жауаппен тексереді, кейін мұғалім топтың кез келген мүшесіне қалай шығарғандарын сұрау арқылы келесі аялдамаға өтуге жолдама береді.
1-аялдама
Тең бүйірлі трапецияда қарама-қарсы бұрыштарының айырмасы 400 тең болса, әрбір бұрышы неге тең?
2-аялдама
Тең бүйірлі трапецияның доғал бұрышынан түсірілген биіктігі табанын 6 см және 30 см кесінділерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңыз.
3-аялдама
Тең бүйірлі трапецияның үлкен табаны 2,7 м, бүйір қабырғасы 1 м, олардың арасындағы бұрышы 600 болса, кіші табанын табыңыз.
4-аялдама
Сүйір бұрышы 380 болатын тік бұрышты трапецияның доғал бұрышын табыңыз.
5-аялдама
Тікбұрышты трапецияның кіші табаны 4 см, ал 7 см-ге тең үлкен табаны бүйір қабырғасымен 600 жасайды. Трапецияның осы бүйір қабырғасын табыңыз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру