Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 5-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

 Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 5-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 5-сабақ
Сабақ мақсаты: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Төмендегі «адасқан» сөйлемдерді оқы. Мағынасына қарай отырып сөйлем реті бойынша орналастыр.
1. Жалпы тіркеуге тұрмас бұрын, бұрынғы тіркеуде тұрған жеріңізден шығып, тіркеуден шыққандығыңыз туралы анықтама алыңыз.
2. Азаматтар үшін маңыздысы – тұрғылықты мекен жай бойынша тіркелу (просписка)
3. Онсыз сізді жаңа мекен-жайға тіркеуге қоймайды.
4. Сіздің тіркеуден шыққандығыңыз туралы азаматтарды тіркеу кітабына (үй кітапшасы) және тіркеуден шығу қағазына штамп қоюы керек.
5. Тіркеуден шығару қызметі тегін. Мерзімі – 2 күн.
Дұрыс жауабы:
6. Азаматтар үшін маңыздысы – тұрғылықты мекен жай бойынша тіркелу (просписка)
7. Жалпы тіркеуге тұрмас бұрын, бұрынғы тіркеуде тұрған жеріңізден шығып, тіркеуден шыққандығыңыз туралы анықтама алыңыз.
8. Онсыз сізді жаңа мекен-жайға тіркеуге қоймайды.
9. Тіркеуден шығару қызметі тегін. Мерзімі – 2 күн.
10. Сіздің тіркеуден шыққандығыңыз туралы азаматтарды тіркеу кітабына (үй кітапшасы) және тіркеуден шығу қағазына штамп қоюы керек.
Мәтінді толық оқығаннан кейін, осы мәтінде көтерілген мәселе, тұрғылықты мекен жай бойынша тіркелу маңыздылығы туралы ой бөліседі. Не үшін қажет екендігі туралы айтады.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Кестені толтыр
Архаттың жолға шығу себебі неде?
Көздеген жеріне не себепті уақытында жетпеді?
Әңгімеге желтоқсан оқиғасының қатысы бар ма?
2- тапсырма
Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген сұрақтар бойынша білетіндерін топ болып қорытып жазады. Топтан бір оқушы қорғайды.
1. Шығыс Қазақстанның табиғаты, қысы туралы не білесің?
2. Әңгімеде неліктен қыс мезгілі емес болса да боран суреттеледі?
3. Кейіпкер көңіл-күйіне қатысы бар ма?
3- тапсырма
Қандай екі оқиға қатар дамып отырады? Жазушы неліктен екі оқиғаны қатар алып отыр? Бір-біріне қатысы бар ма?
Оқушылар пікірін ауызша айтқызуға болады немесе сурет салғызу арқылы, салған суреттерінің мағынасын ашыу арқылы қорғатуға болады.
Сабақтың соңы
Әңгімедегі көтерілген мәселені анықтайды
Бағалау дескрипторы
Оқушылар бірін-бірі жұпта бағалайды
Жанрды анықтайды 
Әңгімеде көтерілген мәсекені анықтайды 
Сюжеттік талдау жасайды 
Желтоқсан оқиғасына қатысын анықтайды 
Қабілеті жоғары оқушыға ізденіп, шағын жоба жазып келуге тапсырма:
Урбанизация дегеніміз не? Соңғы он жылдықта қазақтар саны қайда басым, қалада ма, ауылда ма? Не себепті?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру