Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 7-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

 Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 7-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 7-сабақ
Сабақ мақсаты: Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Терминді оқы, мағынасын жұпта талда.
Автор бейнесі - әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасы. Оқиғалы шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады.
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Кестені толтыр
Оқиғалар тізбегі Автор бейнесі қалай көрінді? Оқиғалар тізбегіне автордың көзқарасы қандай?
Архаттың ағасы Дәурен
Капитан Базиев
Шофер жігіт
Жетісу ауылының ауылсоветі Қақатаев
Подполковник
Басты кейіпкер Архат
2- тапсырма
Желтоқсан оқиғасына автордың көзқарасы байқалатын жерлерді белгіле, мағынасын ашып айт.
3- тапсырма
Ойды толықтыр. Автор бейнесі осы әңгімеде:
Жұмбақ жан, себебі ____________________________________________________________________________________
Көзқарасы нақты, пікірі әңгімеде айқын көрінеді, мысалы_______________________________________
Ойын еркін айта алмайтын жасқаншақ, дәлелі__________________________________________
Бағалау дескрипторы
Автор бейнесінің анықтамасын біледі 
Шығармадан автор бейнесіне қатысты жолдарды таба алады 
Автор бейнесіне анализ жасай алады 
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушының қиялын дамыту, ойын басқа тәсілмен жеткізуге мүмкіндік беру мақсатында «Прописка» әңгімесінің желісі бойынша немесе өзіңе ұнаған эпизоды бойынша сурет салу тапсырмасы беріледі. Ең маңыздысы - неліктен осы эпизодқа сурет салғанын, неліктен осылай бейнелегенін түсіндіріп айтып беру......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру