Қуыршақ көріністерін жасау (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

 Қуыршақ көріністерін жасау (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні
Сабақ тақырыбы:Қуыршақ көріністерін жасау (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, сөйлемді суретпен толықтырып жазу/ постер құрастыру/ берілген иллюстрация бойынша мәтін (3 сөйлемнен кем емес) құрау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша мәтін құрайды.
Көптеген оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша мәтін құрайды.
Кейбір оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша жүйелі мәтін құрайды.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны.
Оқушылар «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұны бойынша сөйлемдер айтып жарысады. Бір сөйлем – бір қадам. Оқушыларға сөйлеу үшін шаблон ұсынылады. Соған сүйеніп, барыс және шығыс септікті жалғауларды қолданып сөйлейді.
Мысық ............... барады.
Мысық ............... сұрайды.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ұ) «Кейіпкерді таны!» Оқушылар сөйлемдерді тыңдай отырып, қай кейіпкер туралы айтылғанын анықтайды. Жауаптарын whiteboard парақтарына жазып көрсетіп отырады.
Тапсырманың мақсаты – сипаттауы арқылы кейіпкерді тануын тексеру, тыңдалым дағдысын қалыптастыру.
Сөйлемдер:
• Оның түсі сұр, құйрығы ұзын. Ол мысыққа тары беріп көмектеседі.
• Оның түсі жасыл. Ол мысықтан су сұрайды.
• Оның екі мүйізі бар. Ол мысықтан жапырақ сұрады.
• Ол – ең басты кейіпкер. Ол басқа кейіпкерлерден көмек сұрайды.
• Ол – басты кейіпкер. Оның шашы қара. Ол мысықтың құйрығын алып қояды.
Кері байланыс. «Бағдаршам» Оқушылар түстер арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Жасыл түс – жеңіл болды.
Сары түс – аздап қиын болды.
Қызыл түс – қиын болды.
(Ж) «Кім тапқыр?» Оқушылар жұпта «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің бір кейіпкерін таңдап, берілген сұрақтар негізінде соны сипаттап жазады. Сипаттаулар бойынша басқа оқушылар кейіпкерді анықтаулары керек. Оқушылар бір-бірін берілген критерийлер арқылы бағалап отырады.
Тапсырманың мақсаты – кейіпкерді сипаттай алуға үйрету. Жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Сұрақтар:
Кейіпкер қандай?
Кейіпкер не істеді?
Бағалау критерийлері:
• Кейіпкерді дұрыс сипаттады.
• 2-3 сөйлем айтты. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру