"Менің отбасым" туралы постерлер (2 сынып, I тоқсан )

 "Менің отбасым" туралы постерлер (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2
Сабақ тақырыбы:"Менің отбасым" туралы постерлер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.1.1 Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айту.
2.4.1.1 Заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөз тіркесін және сөйлем (3 сөйлемнен кем емес) жазу.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айтады, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөз тіркесін және сөйлем (3 сөйлемнен кем емес) жазады.
Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айтады, заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөз тіркесін және сөйлем (3 сөйлемнен кем емес) жазады.
Кейбір оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айтады және еркін қолданады, заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөз тіркесін және сөйлемдерді (3 сөйлемнен кем емес) жүйелілікпен жазады.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту.
«Шеңбер бойындағы әңгімеле»
Оқушылар отбасы туралы салып келген суреттері бойынша бір-екі сөйлем айтып шығады.
Ықтимал жауаптар:
• Әкем екеуміз теледидар көреміз.
• Анам екеуміз доп ойнаймыз.
Бірін-бірі бағалау үшін оқушыларға жүрек түріндегі стикерлер беріледі. Олар өздеріне ұнаған жұмысқа жүрекше сыйлайды.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ұ) «Сыңарынды тап!» ойыны. Сурет пен сөйлемді сәйкестендіру арқылы оқушылар жұпқа бөлінеді.
Анам екеуміз сурет саламыз.
Әкем екеуміз велосипед тебеміз.
Анам екеуміз тамақ пісіреміз.
Әкем екеуміз теледидар көреміз.
(Ж) «Суреттер сөйлейді»
Әр жұпқа отбасы мүшелері мен түрлі заттардың суреттері беріледі. Оқушылар отбасы мүшелері және заттарды байланыстырады. Байланыстырған суреттерін келесі жұпқа көрсетеді. Ол жұп суретке қарап, сөйлем айтады.
Үлгі:
+ +
Әжем екеуміз ән тыңдаймыз.
(Ө) Өзін-өзі бағалау.
Whiteboard қағаздарына смайлик суретін салу арқылы жұпта жасаған жұмысына баға береді.
Сергіту сәті.
Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап істейді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру