Мақал-мәтелдер

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Мағынасы бар мақал-мәтелдер мында

Сыйластық туралы мақал-мәтелдер жиынтығы

«Сіз» дегеннен не кетеді,
«Сен» дегеннен не бітеді?
Мың «сіз, бізден» бір шыж-быж артық.
Сыйласқанның итіне кет дегенің,
Өзіне кет дегенің.

Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
Әркім сыйлағанның құлы.
Жақсы сөзіңді сыйлар.

Мақал-мәтелдер
Толық

Қасқыр

Қасқыр қартайса да, қойға әлі келеді.

Қасқырдан қайрат кетсе,
Ешкіні «апа'», текені «жезде» дейді.

Қасқыр қарызын терісімен өтейді.

Қасқыр айдағанға көнбес,
Шошқа байлағанға көнбес.

Мақал-мәтелдер
Толық

Қыз, әйел заты

Қыз - қонақ.

Қыз - әкесіне жұлдыз, шешесіне күн.

Қыз бала - өріс.

Қыз - ауылдың көркі,
Құндыз болса, бөркі.
Мақал-мәтелдер
Толық

Антоним, Синоним, Омоним

Жаман сөз жылатады, Жақсы сөз жұбатады.

Білімді – алтын көзі ашылатын, Надан жан – қара бақыр шашылатын.

Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл.

Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
Мақал-мәтелдер
Толық

Аңдар, үй жануарлары

Құланның қасуына, мылтықтың басуы да дәл келді.

Құлан басына күн туса, қодығына қарамас.

Құлан кісінесе, үйірі жиналады.

Түлкі түгінен жазады.

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

Қоян көлеңкесінен қорқады, қанжығада табысады.
Мақал-мәтелдер
Толық

Табиғат құбылыстары, табиғат туралы мақал-мәтелдер жиынтығы

Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.

Табиғат жер байлығы, Батырлар ел байлығы.

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Боранда күні ит пен бала құтырады.

Мақал-мәтелдер
Толық