Бала, ұрпақ, перзент, ұл бала, қыз бала туралы мақал-мәтелдер

Бала, ұрпақ, перзент, ұл бала, қыз бала, мақал-мәтелдер

Адам болатын бала алысқа қарайды.

Адам болатын бала — ағайыншыл,
Бай болатын бала — айырбасшыл.

Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.

Атың жаман болса, қырың кетер,
Балаң жаман болса, арың кетер.

Ат болатын құлынның бауыры жазық келер,
Адам болар баланың маңдайы жазық келер.

Асығу — баланың ісі, аттандыру — ананың ісі.

Артында қызы қалғанның — ісі қалғаны,
Ұлы қалғанның — өзі қалғаны.

Әкесі құрдастың баласы құрдас.

Әкесі ұрған ұл оңар, шешесі ұрған қыз оңбас.

Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды.

Нар баласын қарпып сүйер.

Бай баласы мақтанса, «жылқыдан жорға міндім» дер,
Би баласы мақтанса, «парадан шапан кидім» дер.



Пайдалы сілтемелер: 



Әкеңде жоқ арғымақ, шешеңде жоқ арғымақ,
Саған оңай болып па, биік жардан қарғымақ?!

«Ай» дер ажа жоқ, «Қой» дер қожа жоқ.

Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.

Бала — адамның бауыр еті.

Бір бала атасына жете туады,
Бір бала атасынан өте туады,
Бір бала кері кете туады.

Бір бала бар, әкесіне жете туатын,
Бір бала бар, әкесінен өте туатын,
Ал енді бір бала бар, кері кете туатын.

Бел астындағыдан бесіктегі бала үміттенеді.

Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.

Ауызынан ана сүті кеппеген,
Белінен бесік табы кетпеген.

Балалы үйрек көлден кетпес,
Балалы жас елден кетпес.

Балаң болса, шоқ болсын,
Шоқ болмаса, жоқ болсын.

Баласы бардың өзі ойнар,
Балтасы бардың көзі ойнар.

Бала, баланың ісі — шала.

Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.

Кәріге құрмет, балаға міндет.

Балаңды жұрт мақтаса, бәрінен де сол сүйгі.

Баласы жоқ ханым тұл, баяны жоқ ғалым тұл.


Бала жасындағысын ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды.

Баланы іске бұйыр, соңынан өзің жүгір.

Бай күйігі — етекте, бала күйігі — жүректе.

Бай күйігі — сыртта, бала күйігі — іште.

Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас.

Баласы көп болса, ұрыс бастайды,
Түйесі көп болса, қоныс бастайды.

Баласы көп іс бастайды, түйесі көп көш бастайты.

Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры.

Бала қорыған жерге өш.

Бала өз нәпақасын өзі ала туады.
Балам өсті дегенше, батыр өсті десейші,
Батыр өнер білмесе, қапыл өсті десейші.

Баланың өскен бесігі — кең дүниенің есігі.

Ананың алақаны — балаға айдынды қоныс.

Баламен ойнама, шаршарсың,
Шаламен ойнама, күйерсің.

Балаға пышақ бермесе, бір жылар,
Пышақ берсең, екі жылар.

Бала соққан кездіктің басы жарық.

Баланың ұяты – әкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.

Бала ханнан үлкен, ашамай нардан үлкен.

Балалық шағы – ханның тағы.

Болар елдің баласы он бесінде «Баспын» дер,
Болмас елдің баласы отыз бесте «Жаспын» дер.

Бойың жетсе де, ойың жеткен жоқ.

Есер баладан ерке бала жаман.

Бойдақты ұлым бар деме,
Бұқаны малым бар деме.

Боранды күні бала құтырар,
Желді күні ит құтырар.

Емшек бермесе де, емізік берген ана бар,
Бақпасаң да, басыңды сүйер бала бар.

Ер бала ата-анаға таяу,
Қыз бала үйге жаққан бояу.

Ер бала он бесте отау иесі.

Еркенің көзі кеппес, жорғаның тері кеппес.

Еркенің көзі жасты, етегін бұзау басты.

Ер ұғыл (ұл) тап, еркеленіп жат.

Жалғыз баласы атқа шапса, анасы үйінде отырып тақымын қысар.


Жақсы бала еліне бас болады,
Жаман бала еліне қас болады.

Жақсы ұл – көңіл тоғы,
Жаман ұл – мұрын боғы.

Өзі жығылған бала жыламайды.

Тайдың мінгені білінбес, баланың істегені білінбес.

Кіші баланың ұятын үлкен бала көтереді.

Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес.

Қазанға жақын жүрме, күйесі жұғады,
Балаға жақын жүрме, бәлесі жұғады.

Жақсы бала – сүйік,
Жаман бала – күйік.

Жаман да болса ұрпақ қалсын,
Өз орнында отың жансын.

Баланың сөзі батпандай,
Келіннің сөзі кетпендей.

Жас бала құстың көлеңкесінен тоңады.

Жалғыз ұлы бар кісінің шығар-шықпас жаны бар,
Екі ұлы бар кісінің өкпе-бауыр, жалы бар,
Үш ұлы бар кісінің бұқарада малы бар, қорасында қолы бар,
Төрт ұлы бар кісінің аспаннан салған жолы бар.

Жыламаған балаға емшек бермейді.

Жылауық болса да, баланың бары жақсы,
Бақырауық болса да, түйенің бары жақсы.

Жылайтын баланың үш күн бұрын көзі қышиды.

Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

Жауатын күн – ыстық, болатын бала – пысық.

Итпен ойнасаң, үрерсің,
Баламен ойнасаң, күлерсің.

Іштен шыққан шұбар жылан.

Кісі болар баланы кісісінен танимын.

Кекшіл бала – дықшыл.

Көңілсізден көзсіз бала туар.

Ұлың көңілшек болса, атының соры,
Қызың көңілшек болса, басының соры.

Күтсең ата-анаңды, кешірер атаң қатеңді,
«Алғыс алған адам» деп, халық алар батаңды.

Күлшелі бала – сүйкімді.

Қараның баласына қазан мен сөз керек.

Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер.

Қошқар болар қозының маңдай алды дөң болар,
Адам болар жігіттің етек-жеңі кең болар.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Almas Tattibaev
    Almas Tattibaev 10.11.2019 21:26
    0 + 1 -
    ????????????
  2. ZHARAR 21.10.2020 15:58
    3 + 2 -
    керемет мақалдар
    1. Әуесхан Нұрдәулет
      1 + 0 -
      Рахмет күшті