Экономика | Экономикалық саясаттың қазіргі жай-күйін талдау
Мазмұны
І. Кіріспе.............................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жүргізілетін экономикалық саясат ұсынымдарды бағалау......................5
2. Ұзақ мерзімді басымдық: шетел инвестицияларының
деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген
экономикалық өсу.........................................................................................9
3. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі....................17
4. Экономикалық саясаттың қазіргі жай-күйін талдау................................19
ІІІ Қорытынды..............................................................................................24
IV Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................25
Кіріспе
Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштері өте жоғары болып жалғасуда. Қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура аясында экономиканыпарасатпенбасқару айтарлықтай табысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мұнайға деген әлемдік жоғары бағалар және Қазақстан Республикасында мұнай өндірудің ұлғаюы мұнай секторы кірістерінің күрт өсуіне әкелді, бұлардың бір бөлігі әлеуметтік саланың кезек күттірмес қажеттіліктеріне және инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталды. Нәтижесінде халықтың өмір сүру деңгейі тез жоғарылады. 2000 ж. бергі кезең ішінде ЖІӨ жан басына шаққанда доллармен көрсетілуінде үш еседен астам өсті; ағымдағы жылы экономика осыдан алты жыл бұрынғысынан екі есе дерлік үлкен болады. Бұл ретте мұнай секторының үстеме кірістерінің едәуір бөлігі қазіргі кезде активтері 12 млрд (ЖІӨ-нің 17 пайызы) болып отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (ҚРҰҚ) бағытталды. Мұнай және мұнай емес секторлар кірістерінің динамикалытүрде түсуі бұрынғысынша айтарлықтай профицит байқалып отырған бюджеттің нығаюына көмегін тигізді. Елдің сыртқы экономикалық қызметінің көрсеткіштері де жоғары болып отыр; ағымдағы жылы Ұлттық банктің резервтері 12 млрд. жетіп, екі есе дерлік өсті (бұл тауарлар мен қызмет көрсету импортының 6 ай кезеңіндегі көлеміне сәйкес келеді).
Экономиканың таяу болашақта даму перспективалары қолайлы болады; дегенмен, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында макроэкономикалық саясат шеңберінде тәуекелдерді төмендетуге көбірек назар аудару қажеттілігі артатын болады. 2006 ж. бірінші жартылдығында ЖІӨ өсімі нақты көрсетілуінде 9 пайыздан асты; таяу болашақта оның өсу қарқыны осы қалпында сақталады деп күтілуде. Жұмыссыздық деңгейі одан әрі төмендеуде; 2006 ж. ортасында ол 7 пайыз болды. Соған қарамастан, инфляциялық қысым күшейді; ағымдағы жылдың басынан бері тұтыну бағаларының инфляциясы шамамен 8,5 - 9 пайыз деңгейінде сақталып отыр. 2007 ж. арналған бюджет жобасында көзделген салық-бюджет саласын айтарлықтай ынталандыру аясында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын 2007 ж. қаңтарында жоспарлы түрде 30 пайыз арттыру инфляциямен күрестің ауыртпалығын ақша-кредит саясаты толығымен өзіне алатынын білдіреді.
1. Жүргізілетін экономикалық саясат және ұсынымдарды бағалау
Соңғы уақытта ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде бірқатар қажетті шаралар қабылданды. Резервтік талаптарды қолдану кеңейді, негізгі пайыз ставкасы (ҚҰБ-ның депозиттер бойынша пайыз ставкасы) 25 базалық пунктке артты; ҚҰБ ноталарын шығару ұлғайды. Нәтижесінде 2006 ж. басынан бері банк кредиттері бойынша орташа пайыз ставкалары шамамен 100 базалық пунктке көтеріліп, 15 пайыздан асты. Оның үстіне, ҚҰБ теңгені едәуір нығайтты, мұның өзі инфляцияның одан әрі өсуін болдырмауға мүмкіндік берді .
Инфляцияны тежеу үшін ақша-кредит саясатын одан әрі қатаңдату қажет. Ақша массасының кең ауқымды көрсеткіші және банктік кредиттеудің өсу қарқыны өте жоғары болып отыр (жылдан жылға тамыздағы жағдайы бойыншатиісінше 58 және 77 пайыз); банктердің сыртқы қарыз алуы жылдам өсуде. Оның үстіне, шілде айының аяғынан бергі кезеңде теңге бағамының едәуір бәсеңдеуі тақаудағы айларды сыртқы сауда тауарлары бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Сөйтіп, ақша массасының өсуін және кредиттеу көлемін баяулату үшін әлемдік ставкалар деңгейінде қалып отырған және нақты көрсетілуінде теріс мәнді болып отырған базалық пайыз ставкасын одан әрі көтеру қажет; бұдан басқа, резервтік талаптарды арттыру туралы мәселені қарастыру керек. Экономикалық ахуалды ескере отырып, теңге бағамы қозғалысының бағытын өзгерту инфляцияны тежеуде шешуші рөл атқаруы тиіс, мұның бәсеңдеуі оның өткен кезеңдегі нығаю нәтижелерін іс жүзінде соңғы уақытта бейтараптандырды. Теңге бағамының номиналдық нығаюына жол бермеуге ұмтылу, бәрінен де бұрын, оның нақты көрсетілуінде инфляция қарқынының артуы салдарынан мұның міндетті түрде нығаюына әкелуі мүмкін .
Ақша-кредит саясатын қатаңдату және теңге бағамын нығайту белгілі бір шығындар жұмсауды қажет ететінін мойындау керек. Неғұрлым жоғары пайыз ставкалары және реттеу көлемін ұлғайту салдарынан реттеуге жұмсалатын шығындар артады. Ұлттық валюта бағамын нығайту ҚҰБ-ның теңгемен көрсетілген халықаралық резервтер құнының төмендеуіне әкеледі, мұның өзі қайта бағалау бағамынан болған айтарлықтай (жұмсалмаған) шығынды білдіреді. Өткен жылы осындай шығындардың орнын толтыру мақсатында ҚҰБ капиталын толықтыруды көздейтін заң қабылданды; дегенмен, оның фундаменталды ережелерінің мәнін толық түсінуге қол жеткізу қажет. Осы түрдегі шығындармен экономикалық саясатты міндетті түрде қатаңдату қоса жүреді. Егер бюджеттен бұл шығындардың орны дер уақытында толтырылмаса, олар ақша-кредит және валюта саясатын жүргізуге кедергі келтіретін болады, мұның нәтижесінде инфляция жоғарылайды.
Ақша-кредит саясатының шараларымен қатар пруденциалдық реттеуді қатаңдату жөнінде маңызды қадамдар қабылданды. Атап айтқанда, байланысты тараптарды кредиттеуге, тұрғын үй кредиттеуге, сондай-ақ трансшекаралық несиеге қатысты талаптар қатаңдатылды. Бұдан басқа, банктердің валюта өтімділігіне қатысты мейлінше қатаң нормативтер белгіленді, ашық валюта позициясының лимиттері қысқартылды, қысқа мерзімді сыртқы міндеттемелер көлемінің лимиті (банк капиталының мөлшеріне байланысты) белгіленді.
Осы пруденциалдық шаралар банк секторының осал жерлерініңартуына кедергі келтіретін болады деп күтілуде; дегенмен, егер банктік кредиттеудің және сыртқы қарыз алулардың өсу қарқынын айтарлықтай бәсеңдету жүргізілмесе, тақаудағы айларда қосымша шаралар қолдану қажет болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, мүмкін, банктердің қысқа мерзімді борышына қоса орта және ұзақ мерзімді сыртқы борышын жабу мақсатында сыртқы қарыз алу лимиттерін одан әрі қатаңдату және/немесе арттыру, валюта өтімділігінің нормативтерімен қатар, сыртқы қаржыландыруға қол жеткізу күрт қысқарған жағдайда, банктердің осал жерлерін азайтуға көмектесетін болады. Бұдан басқа, кредиттеудің өсу қарқынын баяулату және несие портфелі сапасының жылдам нашарлау тәуекелін шектеу мақсатында капиталдың жеткіліктілігін анықтау кезінде тәуекелдердің салмағын түзету туралы мәселені қарау керек. Қадағалау органдарының банктердің кредиттеу, оның ішінде, кредиттер беру және шет елде инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі қызметіне назарын арттырудың, банк тәуекелдерін басқару практикасын жетілдірудің зор маңызы болады. Осыған байланысты банктерде дер уақытында тексеру жүргізуді қамтамасыз ету үшін, ең алдымен осындай тексерістерді жүзеге асыратын қызметкерлердің кадр құрамын нығайту арқылы қадағалауды жүзеге асыруға арналған ресурстарды арттыру аса маңызды.
Сыртқы борышқа қатысты мониторингті жетілдіру жөнінде күш-жігер жұмсалуда. Сыртқы борыш жөніндегі статистика деректері мен сыртқы міндеттемелер жөніндегі ақша-кредит статистикасының деректері сәйкестендірілді. Сондай-ақ мемлекеттік борышты анықтауға мемлекеттік кәсіпорындардың міндеттемелерін қосу ниетін құптау керек. Өтеуге дейінгі мерзімдер негізінде жекеменшік сектордың сыртқы борышының статистикасын жүргізу және сыртқы міндеттемелерді өтеу кестесін жасау ролловермен байланысты осалдау жерлер мен тәуекелдерді бағалау үшін аса пайдалы. Біріктірілген сыртқы борыш бойынша мақсатты көрсеткіштерді ЖІӨ-ге қатысты пайызбен еркін белгілеудің құптарлық еместігіне қарамастан, экономикалық саясат шеңберінде сыртқы міндеттемелердің одан әрі, әсіресе банк секторында, тез өсуін шектеу қажет.
Сондай-ақ төлем балансының деректерін мұнай және мұнай емес құрамдастарға бөлу жөнінде одан әрі жұмыс жүргізу соңғы уақытта болған импорт ұлғаюының қандай үлесі мұнай өндіруге және көлікке салынатын инвестицияларға тиесілі екені туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді. ХВҚ Статистика департаменті тақауда елге осы салада техникалық көмек көрсетті. Миссияның білуінше, қажетті ақпарат қолда бар және осындай бөлісті алу мақсатында Энергетика министрлігін қоса алғанда, тиісті ведомстволардың өзара іс-әрекетін жандандыруға табанды ұсыныс береді.
Қазақстан Республикасында салық-бюджет саласының ресурстары ақша-кредит және пруденциалдық салалардағы шараларды дереу одан әрі қатаңдатқан жағдайда, осы саланың тұрақтылығын тәуекелге ұшыратпай, шығыстарды ұлғайту және салық ставкаларын қысқарту үшін жеткілікті болып отыр. 2007 ж. арналған республикалық бюджеттің жобасы ҚҚС ставкасын 1 пайыздық пунктке (14 пайызға дейін) қысқартуды және жеке тұлғалардың табысына қазіргі кезде қолданылып жүрген ауқымы 5 пайыздан 20 пайызға дейінгі прогрессивті шкаланың орнына бірыңғай 10-пайыздық салық ставкасын жүргізуді көздейді. Сондай-ақ күрделі шығыстар және даму институттарына қаражат беру де айтарлықтай ұлғаятын болады. Бұдан басқа, 2007 ж. қаңтарында 30 пайызға өсірілуі көзделетін мемлекеттік қызметшілердің жалақысын арттырудың екінші кезеңі жүзеге асырылатын болады. Және де мемлекеттік қызмет құрылымының реформасын жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу аяқталатын болады, мұның шеңберінде 2007 ж. мемлекеттік қызметшілер санының, негізінен, қолданыстағы қазіргі вакансиялар есебінен 30 пайызға қысқартылуы мүмкін. Нәтижесінде, шығыстардың мемлекеттік басқару секторының шамамен 25 пайыз ұлғаюы көзделеді, мұның өзі олардың тиімділігін мейлінше мұқият зерделеу қажеттігін көрсетеді; мұнай емес сектордың тапшылығы шамамен ЖІӨ-нің 0,7 пайызына ұлғаяды. Мұндай фискальды саясат инфляцияны тежеу мақсатында ақша-кредит саясатын қатаңдату және ұлттық валюта бағамын нығайту қажеттігіне үндейді.
Экономиканы әртараптандыруда құрылымдық реформаларды тездету жөніндегі шешуші шараларды жүзеге асыру негізгі рөл атқаруы тиіс. Бұл ретте елдің ДСҰ-ға кіруінің және аймақтық сауданы одан әрі дамытудың маңызы зор. Тақауда құрылған ең ірі мемлекеттік кәсіпорындар холдингі (Самрұқ) және «Қазына» тұрақты даму қоры нәтижелілікті арттыруды және мемлекеттік кәсіпорындар мен даму институттары жұмысының бағытын күшейтуді негізделген мақсаттар етіп қояды. Осы мақсаттарға жетудегі табыстар осылайша экономиканың әлуетін ұзақ мерзімді перспективада көтере отырып, инфрақұрылым саласында қызмет көрсету сапасын жетілдіруге көмектесетін болады. Бұдан басқа, даму институттары жұмысының мақсатты бағытын күшейту экономикада ресурстарды бөлу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. ХВҚ миссиясы сондай-ақ Өндіруші өнеркәсіптің айқындылығы жөніндегі бастамаларды (EITI) іске асыру жөнінде қадамдар жасалғанын атап өтеді және аудиторлық тексеруден өткен есептерді жариялауға арналған қажетті шараларды табанды түрде жүзеге асыруды ұсынады, мұның өзі айқындылықты арттыру жолында айтарлықтай алға жылжуды білдіреді.
2. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАСЫМДЫҚ: ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ, ДАМЫҒАН НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады:
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Экономикалық саясаттың қазіргі жай-күйін талдау курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар