Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау

 Экономика | ҚазТрансГаз Дистрибьюшн АҚ ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай күйін бағалау

Мазмұны

Кіріспе
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының мазмұны
1.1 Қаржылық жағдайды бағалаудың мәні
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері мен оның ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды бағалау әдістері


2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
2.1. Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін талдау
2.1.1 Кәсіпорынның активтерін талдау
2.1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
2.1.3 Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабіліттілігі
2.1.4 Кәсіпорынның рентабельділігін талдау
2.2 " ҚазТрансГаз Дистрибьюшн " АҚ – ның қаржылық есептілігінң негізінде кәсіпорынның қаржылық жай- күйін бағалау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А
Қосымша Б


Кәсіпорынның қаржылық жағдайының мазмұны
1.1 Қаржылық жағдайды бағалаудың мәні
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мағызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікпен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеттілігі деп айтуға болады. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуне қажетті қаржы ресурстардың қамсыздандыруымен, оларды дұрыс орналастырып, тиімді пайдалануымен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржы қатынастарын, төлем қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және дағдарыс жағдайында болуы мүмкін. Кәсіпорынның өз уақытында төлемдерді төлеп, өз қызметін қаржыландыруы оның жақсы қаржылық жағдайының дәлелі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижесіне байланысты болады. Егер өндірістік және қаржылық жаспарлар орындалса, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді және де керісінше, өндіру және өнімді өткізу жоспарын орындамау нәтижесінде өнімнің өзіндік құны артып, түсім мен пайда азаяды. Осының нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы төмендеп, оның төлем қабілеттілігі нашарлайды.
Шаруашылық қызметтің негізгі бөлігі ретіндегі қаржылық қызмет ақша ресурстардың шығуы мен түсуін қамтамасыз етуге, есептеу тәртібін дұрыс атқаруына, меншікті және тартылған қаражаттардың рационалды пропорциясын анықтауға және оларды тиімді пайдаланудың жолдарын анықтауға бағытталған.
Нарықтық экономика жағдайында дұрыс жұмыс істеп, банкроттыққа ұшырамау үшін қаржыны қалай басқару керектігін, құрамы мен көздері бойынша капитал құрылымын, меншікті және қарыз қаражаттарының тиімді үлесін білу қажет.
Нарықтық экономика жағдайында қызмет етуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты мыналар болып табылады:
• кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беру және оның есеп мерзіміндегі өзгерісін зерттеу;
• активтер мен оларды қалыптастыру көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы тиімділікті зерттеу;
• қаржы- есептік және несие ережесін сақтау;
• кәсіпорын активтерімен және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
• баланс өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау.
Қаржылық жағдайджы талдау кәсіпорынның шарушылық қызметін талдаудың қарытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу. Олардың жиынтығы кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметін құрайды.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шарушылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы дегеніміз кәсіпорынның өз қызметін қаржымен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуіне қажетті қаржы ресурстармен қамтылуымен, қаржы ресурстарын дұрыс орналастырып,тиімді қолданумен, басқа заңды тұлғалармен және жеке тұлғалармен қаржылық қарым қатынасымен, төлем қабілетілігмен және қаржы тұрақтылығымен сипатталады.
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштер жүйесі және оның ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін мұқият талдау кезінде қаржылық есеп беруді көлденең және сатылас талдау, жүйеде қарастырылатын көптеген аналитикалық көрсеткіштерді қолданылады.
Сатылас талдау – есеп беру нысаныны баптарының салыстырмалы мәнділігін шығару мақсатымен есеп беру нысанының құрылымын талдау.
Көлденең талдау – есеп беру нысанының кейбір баптарының тенденциясын анықтап, оларды болжау мақсатымен олардың динамикасын талдау.
Көрсеткіштер жүйесі – бұл берілген объектінің жағдайы мен дамуын жан жақты көрсететін, есептелетін және өзара логикалық байланысты шамалардың жиынтығы. Жүйе ретінде қабылданған көрсеткіштер жиынтығына бірқатар талаптар қойылады: кешенділік, өзара байланыс, қажетті қамтылу ауқымы, есептелуі және т.б. Кез келген көрсеткіштер жүйесінде көрсеткіштерді бір жүйеге келтіріп тұрған ішкі негізі болуы тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық қызметін толық сипаттауға мүмкіндік беретін аналитикалық көрсеткіштер жүйесінің әртүрлі сыныптамасы бар. Олардың негізіне экономикалық потенциал ұғымын алуға болады.
Экономикалық потенциал дегеніміз кәсіпорынның иелігіндегі материалды, еңбек және қаржы ресурстарын қалданып өзінің алдына қойған мақсатқа жету қабілеті. Экономикалық потенциалды нысанды суреттеу қарастырылып отырған экономикалық ортаның тауар, еңбек және капитал нарығын қамтитын берілген кәсіпорынның қаржылық моделін құрастыратын бухгалерлік есеп беру негізінде жүргізіледі. Бухгалтерлі есеп беру нысанында ұсынылған кәсіпорынның экономикалық потенциалы жоғарыда аталып кеткен ішкі негізі болып табылады. Яғни, ол логикалық түрде түсіндірілетін және қарама – қайшылықсыз көрсеткіштер жүйесін құруға мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық бастама болып табылады.
Экономикалық потенциалдың екі жағын ашуға болады: кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жай- күйі. Кәсіпорынның мүліктік жай- күйі заттық жағынан емес, ұзақ мерзімді активтердің құндық бағалануы мен инвестициялық саясаттың оптималды жағынан қарастырылады. Қаржылық жай- күйін қысқа мерзімді перспективаның (өтімділігі, төлем қабіліттілігі) және ұзақ мерзімді перспективаның (қаржылық тұрақтылық, банкроттану белгілерінің жоқ болуы) жағымен қарастырылады.
Келтірілген тәсілдеме кәсіпорынның мүліктік жай- күйін, өтімділігі мен төлем қабіліттілігін, қаржылық тұрақтылығын, іскерлік белсеңділігін, пайда мен рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіштерді ашуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның мүліктік жай- күйін анықтайтын негізгі сипаттамалар кәсіпорынның бақылауындағы шаруашылық құралдарының құндық бағасы, айналымнан тыс активтердің баланс валютасындағы үлесі, негізгі құралдардың белсеңді бөлігінің үлесі, тозу коэффициенттері болып табылады.
Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабіліттілігі меншікті айналым құралдарының мөлшерімен, өтімділік коэффициенттерімен сипатталады. Меншікті айналым құралдарының мөлшерін есептеудің әртүрлі формулалары бар. Олардың әрбіреуінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Меншікті айналым құралдарының көрсеткіштері айналым активтерінің емес, құралдардың көздерінің сипаттамасы болып табылады.
Активтердің өтімділігі ақша қаражаттарға айналу қабілеттігі, ал өтімділік деңгейі осы айналымға қажетті уақыт кезеңінің ұзақтығымен анықталады. Кәсіпорынның өтімділігі туралы сөз қозғалғанда қысқа мерзімді міндеттемелерді өтуге теориялық жағынан жеткілікті мөлшерде айналым құралдарының бар болуын айтады. Өтімділіктің негізгі белгісі айналым активтерінің қысқа мерзімді пассивтерінен асуы болып табылады. Егер кәсіпорын тұрақты режимде жұмыс істесе, онда оның өтімділік көрсеткіштері тұрақты болады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі дегеніміз дереу өтелуі тиіс кредиторлық борыш бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің бар болуы. Төлем қабілеттілігінің негізгі белгілері мыналар болып табылады: а) есеп айырысу шотындағы қаражаттардың жеткілікті мөлшерде болуы; ә) мерзімі ұзартылған кредиторлық борыштың жоқ болуы.
Төлем қабілеттілік – дебиторларға қатысты саясат, ақша қаражаттарын басқару бойынша кәсіпорында қалыптасқан ұстаным, банктермен қарым- қатынас және т.б. сияқты факторларға тәуелді кәсіпорынның динамикалық жағдайы. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы қаржы ресурстарын жеткізуішілермен немесе лендерлермен (қарызға берушілер) қарым- қатынасының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштермен көрсетіледі. Қаржылық тұрақтылық сандық жағынан екі жақпен бағалануы мүмкін: біріншіден, қаражаттар көздерінің құрылымы жағынан, екіншіден, сыртқы көздерге қызмет көрсетумен байланысты шығындар жағынан. Осыған сәйкес, көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады: капитализация коэффициенттері және жабу коэффициенттері. Бірінші топ көрсеткіштері балланстың пассивінің берілгенімен (көздердің жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесі, ұзақ мерзімді пассивтер жалпы сомасындағы қарыз капиталының үлесі және т.б.) есептеледі. Екінші топқа пайыздарды және салықтарды шығаруға дейінгі табыстың тұрақты қаржы шығындарына (табыстың бар, жоғына қаррамастан болатын шығындар) қатынасымен шығарылатын көрсеткіштер кіреді.
Кәсіпорынның іскерлік белсеңділігі оның дамуымен, натуралды және құндық көрсеткіштермен анықталған қойылған мақсатқа жетуімен, экономикалық потенциалды тиімді қолдануымен өз өнімін өткізу ауқымын кеңейтуімен анықталады. Кәсіпорынның іскерлік белсеңділігн сандық жағынан бағалануы мен талдауы екі бағытта жүргізілуі мүмкін: а)негізгі көрсеткіштер бойынша жоспарды орындау деңгейі (өз бетінше немесе жоғырыда тұрған орган орнатқан), олардың белгіленген өсу қарқынын қамтамасыз ету; ә)кәсіпорынның ресурстарды тиімді қолдану деңгейі.
Ресурстардың үш түрі бар: материалды, еңбек және қаржы. Кәсіпорынның іскерлік белсеңділігнің негізгі көрсеткіштері активтердің, түсімнің және пайданың ара қатынасы,қор қайтарымы, ресурстың қайтарымы, өндірім мен айналымдылық көрсеткіштері, операциялық және қаржылық циклдың ұзақтығын сипаттамалары болып табылады.
Қаржы жағынан кәсіпорынның нәтижелілігі пайда мен рентабельділік көрсеткіштерімен сипатталады. Бұл көрсеткіштер есепті кезеңдегі кәсіпорынның қызметінің нәтижесін шығарады. Олар көптеген факторларға байланысты: сатылған өнімнің көлемі, шығын сыйымдылығы, өндірісті ұйымдастыру және т.б. Басты факторға шығындардың деңгейі мен құрылымы (өндіріс және айналым шығындары) жатады. Сондықтан, ішкі талдау кезінде шығындардың мақсаттылығы, олардың динамикасы, құрылымдық өзгерісін бағалау керек. Сонымен қатар, негізгі көрсеткіштерге өндіріс (айналым) шығындарының деңгейі, шығындарды абсолютті және қатысты үнемдеу жатады.
Рентабельділік көрсеткіштері – қатысты көрсеткіштер. Оларда пайда кәсіпорынды екі жақтың (ресурстар немесе ағымдағы қызметте контрагенттерден алынған түсім түріндегі жиынтық табыс) біреуімен сипаттайтын негізбен салыстырылады. Сондықтан рентабельділіктің екі тобы белгілі: капитал рентабельділігі және сату рентабельділігі. Бірінші топқа «жиынтық капитал рентабельділігі» және «меншікті капиталдың рентабельділігі» кіреді. Ал екінші топқа жалпы, операционды және таза маржа (ол жалпы, ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру