Экономика | Қазақстан экономикасын дамытудағы кәсіпорынның рөлі

 Экономика | Қазақстан экономикасын дамытудағы кәсіпорынның рөлі

Мазмұны
Кіріспе........................................................................3
1 ҚР-да кәсіпорындардың экономиканы дамытудағы ролі кешенді жүйелік бағдарламасы
1.1 Ұлттық экономикадағы кәсіпорындардың ролі және тиімді өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттілігі.......4
1.2. ҚР-ғы шағын және орта кәсіпорындардың жағдайын талдау....................11
1.3. ҚР-ғы кәсіпорындардың дамуының кешенді бағдарламалары.
2. ҚР-да кәсіпорындардың ұйымдық-құқық түрі және базасы.
2.1. Ұлттық экономикадағы бизнестің ұйымдық-құқық түрі............................18
2.2. Шет мемлекеттердегі бизнестің ұйымдық-құқық түрі...............................22
3. Қоғамның экономикалық дамуының негізгі факторлары, тоқыма және тігін өнеркәсіп кәсіпорындарының дамуы.
3.1. Кәсіпорын экономикасы дамуының негізгі факторлары............................25
3.2. ҚР-ң тоқыма және тігін өнеркәсіп кәсіпорындарын талдау.......................29
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................35

Кіріспе
Экономикалық өмірдегі өнеркәсіптің осындай маңызды және көп қырлы рөлін ескере отырып, дамыған елдердің өзінде өнеркәсіптік- өндірістік кешенді дамытуды бірінші басымдылық деп таниды. Өнеркәсіп үлттық экономиканың жетекші белімі, елдің экономикалық даму деңгейін анықтайтын "бас нүкте" екендігін дәл айқындайды. Сондықтан да олар белсенді, жан- жақты және қисынды өнеркәсіптік саясат жүргізеді.
Кез келген елдің экономикалық жағдайы елеулі түрде өнеркәсібінің даму деңгейіне байланысты болады. Елдің өнеркәсіптік кешенінің жағдайы мен даму динамикасы, экономикалык төуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздікті күшейту, халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, қоғамның экономикалық ортасын сауықтыру, тең күкықты және езара тиімді жағдайда өлемдік экономикаға бірігу секілді үзақ жөне қысқа мерзімді міндеттердің сөтті шешілу мүмкіншіліктерін анықтайды.
Өнеркесіптік саясаттың объектісі болып елдің барлық өнеркәсіптік кешені табылады, оның ішінде барлық салалардың жиынтығы, салалық құрылымы мен онеркөсіп салаларының ғылыми- техникалық деңгейіне әсер ететін құрылымдық ұйымдар. Сондықтан енеркәсіп саясаты туралы сөз болғанда, міндетті түрде салалық, қүрылымдық, ғылыми- техникалық және инновациялық саясат қарастырылады, ейткені олардың барлығы бір кешеннің элементтері болып табылады жөне мақсаттары бірдей.
Қысқа мерзімді мақсат- өндірістің құлдырауының алдын алу, экономиканың түрақты өсуін жөне орнықтылығын қамтамасыз ету секілді ағымдық міндеттерді шешеді. Көріп отырғанымыздай, бөл мақсаттар әртүрлі уақыт кезеңдерін сипаттайды жөне енеркәсіптік саясаттың басты мазмүнын орындаудың логикалық сатылары ретінде көрінеді.
1 ҚР-да кәсіпорындардың экономиканы дамытудағы ролі, кешенді жүйелік бағдарламасы
1.1Ұлттық экономикадағы кәсіпорындардың ролі және тиімді өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттілігі
Кез келген елдің экономикалық жағдайы елеулі түрде өнеркәсібінің даму деңгейіне байланысты болады. Елдің өнеркәсіптік кешенінің жағдайы мен даму динамикасы, экономикалык төуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздікті күшейту, халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, қоғамның экономикалық ортасын сауықтыру, тең күкықты және езара тиімді жағдайда өлемдік экономикаға бірігу секілді үзақ жөне қысқа мерзімді міндеттердің сөтті шешілу мүмкіншіліктерін анықтайды.
Үлттың экономикалық өміріндегі өнеркөсіптік кешеннің маңызы мен рөлі келесі факторлармен анықталады.
Біріншіден, енеркәсіптік өндіріс объективті түрде ЖІӨ-ні жөне ішкі түтыну мен экспорт үшін жалпы тауарлар колемін өндірудің негізгі козі болып табылады. Түрақты дамушы экономикада ЖІӨ-ні өндіруде енеркөсіптің үлесі 40%-ға жақын. 90 ж. басында бүрынғы КСРО елдеріндегі бүл көрсеткіш 60%-ды қүраған болатын. Экономиканың түрақты даму кезеңінде енеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекке жарамды халықтың 40% жүмыспен қамтылған.
Екіншіден, экономиканың маңызды саласы ретінде енеркәсіптін жетекші рөлі қоғамдық ондірістің барлық басқа салалары мен сфераларын индустрияландырушы басты фактор болуымен сипатталады, олардың техника-технологиялық деңгейін, ғылыми- техникалық базасы мен сала ішілік және сала аралык кешендердің жағдайын анықтайды.
Сол арқылы өнеркәсіп бүл сфералардағы өндіріс көлеміне белсенді ыкпал етеді, олардың үлттық ЖІӨ-ні өндіруге қатысуын мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, жүмыспен қамту деңгейлерін анықтайды, нөтижеде халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын қалыптастырады.
Үшіншіден, көп салалы өнеркөсіптік кешен қоғамдық ондірістің барлық басқа салалары мен сфераларының өнімдерін, қызметтерін негізгі түтынушы болып табылады. Сол арқылы қоғамда төлем қабілеті бар сүранысты туындата отырып, ЖІӨ-ң өсуін ынталандырады.
Экономикалық өмірдегі өнеркәсіптің осындай маңызды және көп қырлы рөлін ескере отырып, дамыған елдердің өзінде өнеркәсіптік- өндірістік кешенді дамытуды бірінші басымдылық деп таниды. Өнеркәсіп үлттық экономиканың жетекші белімі, елдің экономикалық даму деңгейін анықтайтын "бас нүкте" екендігін дәл айқындайды. Сондықтан да олар белсенді, жан- жақты және қисынды өнеркәсіптік саясат жүргізеді.
Белгілі ресейлік экономист Л. Абалкин мемлекеттік өнеркәсіптік саясатты өзірлеу мен жүзеге асыру қоғамның үдемелі қозғалысымен байланысты мемлекеттің жаңа сападағы маңызды кызметтерінің қатарына жатқызылады деп есептейді. Ресей үшін өнеркәсіптік саясаттың аса маңызды екендігіне көңіл беле отырып, кейбір авторлар былай деп жазады: "Ресейде қоғаммен мойындалған, ғылыми негізделген және нақты жүзеге асыруға болатын енеркәсіптік саясаттың болуы немесе болмауы туралы сүрақ XXI ғасырда біздің елдін әлемдегі индустриалды дамыған ірі мемлекеттердің қатарында болу- болмауын шешетін сүрақпен бірдей".
Қазақстан үшін онеркәсіптік саясатты дайындау мен жүзеге асыру мөселесі аса озекті. Бүл мәселенің өзектілігі кез келген елдің экономикалық өміріндегі өнеркәсіптік саясаттың үлкен және кепқырлы рөлімен ғана емес, сонымен қатар еліміздегі экономикалық дағдарыс кезінде өнеркәсіптің қатты залал шеккендігімен де байланысты.
1990ж. қатысты өнеркәсіптік ендірістің физикалық көлемінің индексі 1995ж.- 48%. 2000ж.- 58%, 2001ж.- 59,8% болған жөне ЖЮ-ң жалпы келеміндегі үлестік салмағы- 30,7%-ды ғана қүраған.
Сонымен бірге өнеркәсіптің шикізаттық бағытының күшеюі жалғасуда және шикізат өндіруші салалардың жедел дамуы арқылы оның қүрылымы «нашарлай» түскен. Атап айтқанда, 2002ж. тау-кен өндірісі онеркөсібінің ғана үлесі 46,8%- ды қүраған, оның ішінде ішкі мүнай мен оның күрамындағы газ өндірісі-38,2%.
Өнеркесіптің барлық салаларының өндірістік- техникалық аппаратында ескірген негізгі корлар басым, техника мен қүрал- жабдықтардың орташа қызмет еткен мерзімі 20 жылдан жоғары, тозу деңгейі 45- 55%. Ал бүл ендірістік апаттар мен техногендік алапаттардың қаупін өсіретіні белгілі.
Аймақтар бойынша да енеркесіптің дамуы біркелкі емес. Бірқатар аймақтардағы шикізаттық маманданудың тереңдеуі оларды жалғыз салалы
аймақтарға айналдыруда, ал ішкі рыноккд бағдарланған салалар одан зиян шегуде. Осының салдарынан біркатар өлеуметтік- экономикалық қайшылықтар ушығып, аймақтағы тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасы республикалық орташа керсеткішпен салыстырғанда төмендеген.
Елдің өнеркөсіп кешеніндегі осы және басқа да теріс көріністер калыптасқан жағдайлар бойынша мемлекет тарапынан белсенді іс- өрекеттерді шұғыл талап етеді, өнеркәсіптегі қалыптасқан экономикалық қатынастарды да, елдің болашақ мүдделерін де, халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын да ескеретін мемлекеттің мақсатты бағытталған өнеркесіптік саясатьш қалыптастырудың қажеттігін ескертеді.
Мұндай саясатты дайындаудың алғашқы қадамы 1998 жылы жасалынды. ҚР Үкіметі "1999- 2003 жылдарға арналған ҚР өнеркөсіптік саясаты" мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын. Бүл қүжатта басты мақсаттар ретінде келесідей мәселелерді шепгу козделді: а) экспортпен импортты алмастыруды дамыту; б) жаңа ғылымды қажетсінетін өндірісті дамыту және техникалық жаңарту; в) ішкі жөне сыртқы рыноктарда қазақстандық кесіпорындардың бесекеге қабілеттілігін арттыру. Көріп отырғанымыздай бүл мақсаттар үзак мерзімді болашаққа арналған жөне үзақ мерзімге негізделген мемлекеттік іс-шаралар кешенін анықтайды.
2003 жылы осы құжатты дамыту мақсатында «2003- 2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды- инновациялық даму стратегиясы» қабылданған болатын. Онда көрсетілген басты мақсаттар: «Экономика салаларын әртараптандыру арқылы елдің түрақты дамуына жету, болашақта сервистік-технологиялық экономикаға ету үшін жағдайларды дайындау». Стратегияның негізгі міндеттері, сатылары және жүзеге асыру мерзімдері, Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері жене күтілетін нәтижелері қарастырылған. Қорыта айытқанда, Қазақстан өз өнеркәсібін реформалау, оның шикізаттық бағытын озгерту мен тең қүқықты жөне езара тиімді жағдайларда өлемдік экономикаға интеграциялану жолдарын іздеу үстінде.
Өнеркесіптік саясаттың объектісі болып елдің барлық өнеркәсіптік кешені табылады, оның ішінде барлық салалардың жиынтығы, салалық құрылымы мен онеркөсіп салаларының ғылыми- техникалық деңгейіне әсер ететін құрылымдық ұйымдар. Сондықтан енеркәсіп саясаты туралы сөз болғанда, міндетті түрде салалық, қүрылымдық, ғылыми- техникалық және инновациялық саясат қарастырылады, ейткені олардың барлығы бір кешеннің элементтері болып табылады жөне мақсаттары бірдей. Өнеркөсіптік саясаттың субъектісі ретінде барлық деңгейдегі басқару органдарымен бірге мемлекеттің езінен басқа көптеген шаруашылық субъектілері болуы мүмкін. Яғни, өнеркәсіптік саясатқа әсер ету мүмкіншіліктері өз мүдделері мен мотивтері бар ірі корпорациялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар, акционерлік қоғамдар және ірі ққрылымдық шаруашылықтар. Ірі капиталға иелік ете отырып, олардың өзіндік өнеркөсіптік саясатты жүзеге асыруға мүмкіншіліктері жоғары. Мүнда жалпы ұлттық экономиканың мүдделеріне сәйкес қабылданған өнеркәсіптің даму бағыттарын жүзеге асыра алатын, мүдделері әртүрлі барлық шаруашылық субъектілерінің мүмкін болатын қатысу нысандарын табуға қабілетті мемлекеттің жетекші субъект ретіндегі рөлі жоғары болуы тиіс.
Өнеркәсіптік саясатты құру кезінде саясаттың дұрыс таңдап алынған мақсатты белгілемелері өте маңызды рөл атқарады. Өнеркәсіптік саясаттың нақты тұрпаты да, басымдықтар жүйесі де, оның нақты мазмұны да, қолданылатын құралдар тобы да дәл осы мақсатты белгілемелерге тәуелді. Бірақ өнеркәсіптік саясат болашақка бағдарланатындықтан, оған қойылатын басты талаптардың бірі- нақтылық, қол жетерлік, экономикадағы қалыптасқан жағдайларды есепке алу болып табылады. Бұл процесс саясаттың басты, орта мерзімді, қысқа мерзімді мақсаттарын беліп қарауға мүмкіндік береді. Басты мақсат- республиканың аграрлы- шикізаттық мамандануынан өту жөне ендірушілер арасында өрекет ететін бәсеке механизмі мен кәсіпорындардың жоғары техника- технологиялық деңгейі негізінде тиімді олигополиялық рынок күрылымын қалыптастыру.
Орта мерзімді мақсат- халық шаруашылығының индустриалды негізін құрылымдық жөне технологиялық қайта күру, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қалпына келтіру.
Қысқа мерзімді мақсат- өндірістің құлдырауының алдын алу, экономиканың түрақты өсуін жөне орнықтылығын қамтамасыз ету секілді ағымдық міндеттерді шешеді. Көріп отырғанымыздай, бөл мақсаттар әртүрлі уақыт кезеңдерін сипаттайды жөне енеркәсіптік саясаттың басты мазмүнын орындаудың логикалық сатылары ретінде көрінеді.
Өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырудың негізгі өдістері мен күралдарына жалпы экономикалық саясатта қолданылатын олардың барлық тобы жатады. Жоғарыда аталып еткендей, оларды келесідей үш топқа бөлуге болады: заң шығарушы- құқықтық, қаржылық- несиелік жөне әкімшілік.
Осы мазмұнда, өнеркәсіптік саясатты экономиканың индустриалды деңгейін арттыру мен оны ішкі және сыртқы өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында заң шығарушы- қққықтық, қаржы- несиелік, әкімшілік реттеу өдістерін пайдалану арқылы, құрылымдық және ғылыми- техникалық әлеуетімен қоса, елдің өнеркәсіптік кешеніне тікелей жөне жанама әсер ететін мемлекеттік шаралардьщ жүйесі ретінде сипаттауға болады.
Өнеркәсіптік саясат мемлекеттік сектордағы өндірістің дамуын, олардьщ дербестік шеңберін анықтап коймай, сонымен қатар, үлттық экономиканың үзақ мерзімді мүдделеріне сай бағытталған басқа меншік нысандарындағы өнеркәсіптің негізгі салаларының дамуына жағдай жасайды.
Бұл мемлекеттің қарамағындағы мемлекеттік реттеудің өртүрлі нысандары мен өдістерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Экономикалық әдебиеттерде мемлекеттік өнеркөсіптік саясаттың әртүрлі жіктемесі кездеседі:
а) экономикалық өсудің сипаты бойынша өнеркәсіптік саясат теңгерілген жэне теңгерілмеген түрпатқа бөлінеді.
Ь) енеркөсіп кешеніне әсер ету тәсілі бойынша- белсенді және енжар өнеркәсіптік саясат түрпаты.
с) бағытталуы бойынша- жалпы жүйелік жене таңдамалы өнеркөсіптік саясат түрпаты.
сі) мазмүны бойынша- экспортқа бағдарланған, импорт алмастырушы және инновациялық өнеркөсіп саясатының түрпаты.
е) қамтылу көлемі бойынша- жалпы үлттық, аймақтық онеркөсіптік саясат түрпаты.
Тәжірибеде олардың қолданылуы нақты жағдайлар мен үлттык экономикалық ерекшеліктеріне, онеркәсіптік кешеннің даму деңгейіне жөне қабылданатын стратегиялық мақсатты белгілеулерге тәуелді. Сондықтан нақты шаруашылық тәжірибеде өнеркәсіптік саясаттың әртүрлі түрпаттарын белгілі бір жиынтык күйде және үйлесімділікте қолдануға болады.
Мысалы, енеркәсіптік саясаттың экспортқа бағдарланған түрпаты енеркәсіптік дамуға өсер ету тәсілі бойынша не белсенді , не енжар, бағытталуы бойынша- жалпы жүйелік немесе таңдамалы, теңгерілген немесе теңгерілмеген болуы мүмкін. Оларды бір уақытта да, әртүрлі кәсіпорын, сала, аймақтарға катысты сараланған күйде де қолдануға болады.
ҚР экономикалық саясатына қатысты кейбір экономистердің пікірінше енеркәсіптік саясаттың аса қолайлы нүскасы теңгерілмеген өсу саясаты болып табылады, ейткені қаржылық ресурстардың шектеулілігі жағдайында онеркөсіптің барлық салаларын бір уақытта қайта қүру мүмкін емес. Сондықтан таңдамалы ынталандыру арқылы сыртқы рынокта жоғары бәсекелік қабілеттілікті қамтамасыз ете алатын салалар мен кәсіпорындарды.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру