Банк ісі | ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ

 Банк ісі | ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ

Мазмұны
КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ.
1.1. Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі
1.2. Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы
1.3. Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері
1.4. Банкомат-электронды төлем жүйесінің элементі ретінде
2 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Қазақстан Халық банкінің тарихы мен қаржылық сипаттамасы
2.2. Қазақстан Халық банкінің атқаратын операциялары
3 БӨЛІМ. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ
3.1. Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карточкаларының түрлері
3.2. Қазақстан Халық банкінің төлем карточкалары арқылы көрсетілетін қызметтер
3.3. Қазақстан Халық банкінің карточкаларын ұстаушыларына салыстырмалы анализ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді.Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN,ЕРТІС,Каспийский) қолданылады.Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International,Europay International,American Express,HSBC,Dinners Club International).
Банктерге карточкалардың беретін артықшылықтарының бірі – олардың банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық тудырғанында. Әдеттегідей клиенттер жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын банкті таңдайды. Карточкалардың пайда болуымен бұл мәселе аса маңызды болмады. Банктерге өзінің карточкаларын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Пластикалық карточкалар Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы бірнеше жылдарда «электронды әмияндарды» белсенді шығарып отыратын банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта барлық негізгі халықаралық карточкалар бар.
Қазақстанда магнитті карточкалар саласы бойынша барлығы әдеттегі классикалық сызба бойынша жүзеге асырылады:
- халықаралық карточкалардың эмитент-банктері санының қарқынды өсуі;
- алдыңғы қатарлы төлем жүргізу бәсекелестігі;
- магнитті карточкаларды банктік технологиялық процесте пайдалануды ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.
Қазақстанда «карточкалық» іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп жатыр. Көптеген банктар магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады. Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ кітапшалары және смарт-карталар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстанда пластикалық карточкалар негізінде төлем төлеу нарығының қалыптасу барысын, қызмет көрсету деңгейін жүйелі түрде талдау; карточкалардың түрлері мен құрылымын анықтау және Қазақстан Халық Банкінің төлем карточкаларына талдау жасау.
Жұмыстың нәтижелері. Төлем карточкалар ұғымының мәні мен ерекшеліктері дәлірек дәлелденген, төлем карточкалар нарығындағы электронды құрылғылардың рөлі анықталды.
Қазақстанда төлем карточкаларының шығарылуы мен пайдаланылуына рұқсат беретін жалғыз орган Ұлттық банк болып табылады. Қазақстандағы төлем карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші шығарылымы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ИртышCаrd жүйесімен жүзеге асырылды. Республика территориясында айналыста жүрген карточкалардың саны соңғы екі жылда 3,6 есеге өскен. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары болып «Visa» және «Eurocard-Mastercard» табылады. Олар арқылы 300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі.
Зерттеу көрсеткіштері болып төлем карточкалар нарығының дамуы туралы отандық және шетел авторларының кітаптары мен журналдары табылады.
Зерттеу объектісі-Қазақстан Халық Банкінің мәліметтері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден,3 бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БӨЛІМ. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
1.1. Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі.
Ақша қоғамдық қарым-қатынаста өзіне тиесілі қызметтерді ғана атқарады. Жинақтау құралы ретінде ақшалар банктік және басқа да шоттарда заңды және жеке тұлғалардың салымдары ретінде сақталады. Ақша айналымының ерекшелігі болып оның ағымдылығы және үздіксіздігі табылады. Ақша айналымын жалпы алғанда негізгі орынды қолма-қолсыз айналым алады.
Дамыған елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз есеп айырысу барлық ақшалай операцияларының құрылымында 90%-ға жетеді. Қазақстанда жылдан-жылға тұрғындардың көп бөлігі – студенттен зейнеткерге дейін – карточканы пайдаланады. Бірақ та бұл әлі жетістік емес және де 2003 жылы 14 ақпанда өткен III Қаржыгерлер конгресінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев қолма-қол ақша айналымын қысқарту процесін жеделдетудің қажеттілігін және Қазақстандықтардың күнделікті өмірінде төлем карточкалардың қолданылу сферасын ұлғайту жөнінде айтқан болатын.
Қазақстанда төлем карточкаларымен бірінші банктік бағдарлама 1994 жылы Қазақстан Халық банкімен жасалған болса, онда Солтүстік Америка, Европа және Жапонияда карточка 100 жылға жуық айналымда жүр. Карточканың төлем құралы ретінде пайдалануы туралы бірінші ақпараттар Англияда XIX ғасырдың аяғына таман пайда болды. Несие карталар туралы 1888 жылы Эдуард Белламидің «Взгляд в прошлое: 2000-1887» атты кітабында айтылған болатын.
Бірінші несие картасы АҚШ-та 1914 жылы General Petroleum Corporation of California (қазір Mobil Oil) фирмасымен шығарылған. Карточкалар мұнай өнімдері саудасында пайдаланылды.
1928 жылы Farrington Manufacturing Бостон компаниясы бірінші болып металл пластинкалар шығарды, онда мекен-жай эмбоссирленіп, несиеге қабілетті клиенттерге берілді. Саудагер бұндай пластинканы арнайы құрылғы-импринттерге салып, ондағы ақпараттар сауда чегіне шығатын.
Бірінші кең ауқымды банктік төлем карточка жүйесі болып 1949 жылы пайда болған «Dinners Club» компаниясы болды. Бұның негізгі ерекшелігі клиент пен коммерциялық компания арасында делдал компания жұмыс істеді. 1952-1953 жылдары Dinners Club карточкалары Ұлыбританияда, Канадада, Мексикада, Кубада пайда болды. 1961жылы Dinners Club картон карточкаларын пластикалық карточкаларға ауыстырады.
Пластикалық карточкаларды магнитті сызықпен бірге қолдану 1969 жылмен белгіленген. Пластикалық карточкалардың даму тарихының келесі кезеңі француз журналисі Ролан Мореномен байланысты, ол 1974 жылы электронды микросхемасы бар карточкаларды пайдалануды ұсынды. Микросхема орналастырылған пластикалық карточкалар «интеллектуалды», чип (chip) немесе смарт (smart)-карточкалар деп те аталады.
Карточкаларға қызмет көрсету мен оларды дайындау технологиясының даму тарихы.
Жылдар Мағынасы
1914 АҚШ бөлшек сауда кәсіпорындарымен және мұнай компанияларымен картонды несие карточкаларының шығуы.
1928 Карточкалардағы ақпараттарды қысу технологиясының пайда болуы. Farrington Manufacturing компаниясы өзінің клиенттеріне ақпараттары қысылған металды карточкаларды шығарады.
1940 жылдар Карточкалар пластмассадан дайындалатын болады, бұл оларды өндіруді арзандата түседі.
1960 жылдар Магнитті сызықтың пайда болуы, бұнда сәйкестендірме ақпараттарды кодталған түрде енгізу мүмкіндігі туды. PIN-код транзакцияны жүргізуді қауіпсіздендіреді.
1974 Roland Moreno француз азаматымен микросхемасы бар карточкалардың пайда болуы.
Алғаш рет төлем карточкалары Америкада 50 жылдардың басында пайда болды. «Dinners Club International» компаниясы ең алғаш болып хаалықаралық пластикалық карточкаларын шығарды. Одан кейін «DCI» және «American Express» компаниясы мен «Интурист» акционерлік қоғамы арасында бұрынғы СССР территориясында карточкаларға қызмет көрсету үшін келісімшартқа қол қойылды. Артынан «Visa» және «Eurocard-Mastercard» компанияларымен келісімшартқа қол қойылды, тағы он жылдан кейін «JCB International» компаниясымен келісімшартқа қол қойылды.
Қазіргі таңда әлемде үш ірі төлем жүйесі белгілі: «Visa International», «Europay-Mastercard International», «Dinners Club International».
«Visa International»-карточкаларының саны мен айналымы бойынша ең ірі халықаралық төлем жүйесі болып табылады. 1972 жылы Bank of America базасында негізі қаланған. Компанияның иелері – бүкіл әлем бойынша 21 мыңнан астам қаржы мекемелері. Басқару органы – Директорлар кеңесі, ол ең белсенді мүшелердің арасынан таңдалады (шығарылған карточкалар саны мен орындалатын операцияларының көлеміне байланысты). Директорлар кеңесі президентті тағайындайды. Қазіргі кезде ол Эдмонд Дженсен (Edmond Jansen) болып табылады. Штаб-пәтері Сан-Матеода орналасқан. Мүшелермен аймақтық Директорлар кеңесі арқылы байланысады. Әлемдік нарықтығы үлесі – 50 % шамасында.
Eurocard-Mastercard International– америкалық Mastercard және европалық Europay (Europay Eurocard және Eurocheck компанияларының бірігуі нәтижесінде пайда болды) компанияларынан тұратын 1992жылы негізі қаланған консорциум. Әлемдік нарықтығы үлесі – 20 % шамасында. Visa сияқты, компанияларының иелері 15 мыңнан астам мүшелер.
American Express – пластикалық карточкалар нарығында карточкалар көлемі жағынан үшінші компания болып табылады, карточкаларының жалпы көлемі 18 % шамасында. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. American Express корпоративтік қаржылары автоматты түрде өз иелерін еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанына байланысты 50 000 долларға сақтандыру сомасымен, жалға алынған автокөліктің жоғалуы немесе зақымдалуына байланысты сақтандырумен, American Express жүйесіне қатысатын қонақ үйлерде шегерімдер (40%-ке дейін) алумен қамтамасыз етеді.
Dinners Club International (DCI) – бірінші болып пластикалық карточканы 1949 жылы шығарған американдық компания, карточкалар алғашында Нью-Йорк ресторандарына арналған болатын. Кейіннен Dinners Club карточкалары бүкіл әлемге тарап, American Express сияқты саяхатшыларға қызмет көрсете бастады. Қазіргі кезде DCI Citycorp америкалық қаржылық тобына 100 % тиесілі және штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Dinners Club-тың әлемдік нарықта алатын орны көп емес, шамамен 2 %.
JCB International 1961 жылы пайда болды, бірнеше ірі Жапон банктерімен шығарылатын карточка. Жапониядан басқа тек қана АҚШ-та және Ұлыбританияда негізінен сол елдерде тұратын жапондықтарға арналып шығарылады. Әлемдік нарықта алатын орны 1 % шамасында.
Қазіргі нарықтағы пластикалық карточканың жалпы көлемінің үлесі бойынша рөлдерінің бөлінуін төмендегі суреттен көруге болады:
Мұндағы:
Сурет1. Шығарылған карточкалардың жалпы көлемі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының үлесі.
Банктік пластикалық карточкаларға қойылатын талаптарға келетін болсақ, олар Стандартизация бойынша халықаралыққ ұйыммен (ISO-International Standarts of Organization) бекітіледі. Бүгінгі таңда бұл стандарттар төмендегідей:
- ұзындығы – 85,6 мм;
- ені – 54 мм;
- қалыңдығы – 0,76 мм;
- карточкаларда логотип пен эмитенттің аты, карточканың нөмірі мен қызмет көрсету мерзімі, иесі туралы мәліметтер, қол үлгісі, магнитті сызық болуы керек.
Соңғы 10 жылда біздің елімізде қолма-қолсыз ақша айналымын ұйымдастыруда және оның технологиясында түбегейлі және елеулі өзгерістер болды. Есімізге түсірсек, 1980-жылдары төлемдер кем дегенде бір апта бойы жасалды және міндетті түрде қағаздық технология қолданылды. Кәсіпорындармен, сонымен қатар жеке тұлғалар қатысуымен қолма-қолсыз есеп айырысуды өте жылдам және тиімді жүргізу мүмкіншіліктері туралы тек ғылыми фантастика жанры еңбектерінде ғана жазылып жүрді.
Қазіргі таңда қолма-қолсыз төлемдер негізінен қағаз түріндегі құжаттар айнылымын және қол еңбегін ығыстыра отырып, электронды технологияда бірнеше сағаттарда жүргізіледі. Төлем жүйелері кәсіпорындар аралығындағы және басқа төлемдерді өте тиімді жүргізе бастағаны сондай, төленбеген төлемдер, бартер,квази-ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымының жағымсыз құбылыстарын жоя отырып, ыңғайландыра бастады. Тұрғындар үшін төлем қызметтер нарығы (пластикалық карталар, жедел аударымдар нарығы) құрылу сатыларынан өтіп, өз жетістіктеріне жете бастады.
Экономикадағы институционалды өзгерістер банктік сфера мен төлем жүйесіне де әсер етті. 1980-жылдардың аяғында біздің елімізде КСРО Мемлекеттік Банкінің монобанктік жүйесі мен оған бағынышты арнайы банктер жүйесі қызмет етті. Барлық қолма-қолсыз есеп айырысулар міндетті түрде КСРО Мемлекеттік Банкінің төлем жүйесі арқылы жүргізілді. 1990-жылдардың басындағы реформа мемлекеттік емес коммерциялық банктер массасын құруға, мемлекеттік емес төлемдер жүйесін және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда төлем қызметтері нарығында әр түрлі технологиялармен, әр түрлі клиенттерге бағдарланған бірнеше ондаған төлем жүйелері қызмет етуде. Кеңестік дәуірінде отандық төлем жүйесі өз технологиясы бойынша шетелдіктерден елеулі түрде артта болды. Кеңестік Внешторгбанк, кеңестік шетелдік банктер белсенді түрде халықаралық есеп айырысуларды жүргізді және ол үшін батыстық төлем жүйелерінің технологиясын қолданды. 1980-жылдардың аяғында олар SWIFT банкаралық коммуникация жүйесінің мүшелері болып саналды және VISA пластикалық карталарына қызмет көрсетуде делдалдық рөл атқарды. Ең алғашқы рет 1958 жылы Мәскеуде American Express жүйесінің өкілеттілігі ашылды. 1969 жылы Dinners Club компаниясымен келісім-шарт жасалды. Содан кейін біздің нарықта (1974 жылы) VISA (ол кезде Americard) және (1975 жылы) Eurocard, (1976 жылы) JSB International жапон компаниялары пайда болды.
1990 жылдардың ортасынан бастап пластикалық карталар немесе экспресс-аударулар сияқты жүйелерді жаппай енгізу қолға алынып, сол кезде отандық компаниялар бағдарламалық қамту өндірісі бойынша бәсекеге қабілеттілігі жоғары шешімдер қабылдай бастады.
Батыс елдерінен отандық төлем жүйелері және банктер тек қана технологиялар емес, сонымен қатар, құрал-жабдықтарды да тарта бастады. Біздің елімізде іс жүзінде компьютерлер, модемдер және басқа байланыс құралдары, банкоматтар мен POS-терминалдар өндіріліп шығарылмайды. Пластикалық карталар батыста ХХ-ғасырдың ортасында пайда болғанымен, 1980-жылдарға дейін ол біздің елімізде қолданбағаны белгілі. Отандық карталық төлем жүйелерінің дамуы 1990-жылдардың басында басталып, тек қана 90-жылдардың ортасында олар өз өнімдерін жаппай ұсынысқа шығара бастады. Қазіргі таңда Altyn Card Smart, Alem Card, Дуэт жүйелерінің карточкалары – микропроцессорды карталар, яғни электронды әмиян қызметтері мен әр түрлі қызмет көрсету түрлерін қамтыған.
Жалпы, электронды ақшалар компьютер торабының, ақпаратты автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы. Төлем карточкасы оның эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюта айырбастау т.б. операциялар үшін оның ұстаушысымен қолданылады. («Ақша аударымдары мен төлемдер» ҚР заңы, 29-маусым, 1998 жыл. 11-бап, 1-тармақша).
Несиелік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру