Экономика | ҚР қолма қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау

 Экономика | ҚР қолма қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау

Мазмұны

Кіріспе

ҚР қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау
Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі
ҚР төлем жүйесінің қызметін талдау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебитетер тізімі



ҚР қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау

Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі.
Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.
Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар талап етіледі:
I. Резидент-заңды тұлғалар үшін:
• Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
• Статистикалық карточка;
• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
• СТТН көшірмесі
• Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі;
• Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз;
• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);
• Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл құжаттары мен СТТН;
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
ІІ. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін:
• Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
• Статистикалық карточка;
• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
• СТТН көшірмесі;
• Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі;
• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
• Жеке куәлігі (көшірмесі);
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
ІІІ. Шаруа (фермер) шаруашылғы:
• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
• СТТН көшірмесі;
• Жерді пайдалануға жер бөлімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
• Жеке куәлігі (көшірмесі);
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
ІV. Жеке кәсіпкерлер үшін:
• Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
• СТТН көшірмесі;
• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
• Жеке куәлігі (көшірмесі);
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
V. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:
• ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын растайтын құжаттың көшірмесі;
• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
• Жеке куәлігі (көшірмесі);
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
VІ. Жеке тұлғалар үшін:
• Жеке куәлігі (көшірмесі);
• СТТН көшірмесі;
• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресі, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы “Қазақстан Республикасыныңың Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалу ережесі туралы” ҚР Ұлттық банктің Басқармасының бекіткен N388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы төмендегідей:

І ІІ ІІІ ІV V VІ VІІ VІІІ ІХ Х

мұндағы:
І - ақшаны аударушының резиденттік белгісі;
ІІ - ақшаны аударушының экономика секторы;
ІІІ – бенефициардың резиденттік белгісі;
ІV - бенефициардың экономика секторы;
V, VІ, VІІ – валюта және бағалы металдар коды;
VІІІ – операция түрі;
ІХ – төлемнің сипаты;
Х – төлемнің ашып көрсетілуі.
Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:
“1” – резидент;
“2” – бейрезидент.
Экономиканың секторының коды мынадай:
0 – Халықаралық ұйымдар;
1 –Үкімет;
2 – Аймақтық және жергілікті басқару органдары;
3 – Орталық (ұлттық) банктер;
4 – Ақшалай- депозиттік ұйымдар;
5 - Депозиттік емес қаржылық корпорациялар;
6 – Мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар;
7 – Мемлекеттік емес қаржылық емес корпорациялар;
8 – Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;
9 - үй шаруашылықтары.
Халықаралық ұйымдар секторына мыналар жатады: Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және өзгелер.
Үкімет секторына мыналар жатады: республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ҚР Үкіметі, Министерліктер, ведмоствалар, Орталық мемлекеттік басқару органдары, бюджет мекемелері; шетел Үкіметі.
Аймақтық және жергілікті басқару органдары секторына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер, бюджет мекемелері жатады.
Ақшалай-депозиттік ұйымдар секторына ҚР екінші деңгейдегі банктері және шетел банктері кіреді.
Депозиттік емес қаржылық корпорацияларға банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар: сақтандыру компаниялары, клирингтік ұйымдар, қор биржасы, бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі, Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, Брокерлік және трасталық компаниялар, ломбардтар, айырбас пунктері және басқалар жатады.
Мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар секторына мыналар жатады: пайда табу мақсатында тауарлар өндіру және қаржылық емес қызмет көрсетулермен айналысатын және басқару органдарының бақылауында болатын кәсіпорындар мен ұйымдар (мысалы, қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындары, уран кенін ашу, дәрі-дәрмек өндіру, жылу және сумен қамту, көлік, байланыс және т.б.).
Мемлекеттік емес қаржылық емес корпорациялар секторына пайда табу мақсатында тауарлар өндіру және қаржылық емес қызметтер көрсетумен айналысатын басқару органдарының бақылауында болмайтын кәсіпорындар мен ұйымдар (АҚ, ЖШС және өзге меншік нысандарында жұмыс жасайтын сауда, құрылыс және өзге кәсіпорындар).
Үй шаруашылыған қызмет көрсететін коммерциялық емес мекемелер секторына пайда немесе өзге қаржылық игіліктер әкелмейтін, тауар өндіру және қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар немесе ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер, партиялар, кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық қозғалыстар, діни бірлестіктер, қайырымдылық қорлары және өзге қоғамдық ұйымдар) жатады.
Үй шаруашылықтары секторына жатады: өздерінің табыстары мен мүліктерін жартылай немесе толық біріктіретін, бірге тұратын және жекелеген тауарлар мен қызмет түрлерін бірге тұтынатын бір топ тұлғалар (отбасылар, жеке азаматтар, заңды тұлғалық мәртебесі жоқ кәсіпкерлер).
Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады:
0 – Зейнет ақы және жәрдем ақы;
1 - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар);
2 – Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;
3 – Депозиттер;
4 – Займдар;
5 - Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары, және шетел капиталына инвестициялар;
6 - Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары және вексельдері және Қазақстан капиталына инвестициялар;
7 – Тауарлар мен материалдық емес активтер;
8 – Көрсетілетін қызметтер мен трансферттер;
9 – Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.
Төлемдердің тағайындалу кодының (ТТК) кестесі 9-қосымшада берілген.
Төлемдердің тағайындалу кодын анықтауға мысал ретінде:
8 – “Көрсетілетін қызметтер мен трансферттер” санаты таңдалып алынады;
тобы - 81 - “Көлік”;
вариант - 814 “Автомобильдік жүк тасымалдау”.
Ендеше, төлем құжатының “Төлемнің тағайындалу коды” деген орында 814 коды жазылуға тиіс.
МТ 100 форматындағы электрондық төлем тапсырмасында төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының (ТТБК) толтырылуын қосымша бетте беруге болады.
Төлемдердің тағайындалуының бірыңғай классификаторы толтырылатындарға мынадай төлем құжаттары жатады:
төлем тапсырмасы;
төлем талабы-тапсырмасы;
салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі;
шетел валютасын аударуға берген өтініш;


ҚР-ғы төлем жүйесінің қызметін талдау

Төлем жүйесі ұғымы нарықтық қатынастар жағдайында қолданылатын, яғни қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің орнына келген жаңа ұғым болып табылады.
Төлем жүйесінің мақсаты тауар мен қызметтерді жабдықтаушы мен сатып алушылар арасындағы ақшалай аударымдар мен төлемдерді уақтылы заңға, ережеге және стандарттарға сай жүзеге асырып, оларды міндеттемелерінің өз уақытында орындалуын қаматамасыз ету.
Қазіргі кездегі ҚР Ұлттық банкінің ұйымдастыратын төлем жүйесінің қатысшыларына мыналар кіреді:
- ҚР Ұлттық банкі.
- Орталық клирнгтік палаты
- Екінші деңгейдегі банктер және олардың филиалдары.
- Қаржы министрлігінің қазынашылық департаменті.
- Орталық депозитарий.
- Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы.
- Қазақстан қор биржасы.
- Қазпошта РМК.
Төлем құралдарын таңдау мынадай екі факторға тәуелді:
1. жалпы негізде (жалпы есеп айрырысу жүйесі);
2. клиринг негізінде (таза ұстанымын есептеу арқылы ұйымдастырылатын есеп айрысу жүйесі).
Жалпы негізде есеп айрысуда әр төлем құжаты жеке-жеке өңделіп ақша аударымы сол төлем құжаты негізінде жүзеге асыралады.
Клиринг негізінде клирингтің қатысушы банктерінің қарама-қарсы міндеттемелерін өзара есепке алу арқылы іске асады. Мұнда әр қатысушының таза ұстанымы (барлық түскен және шыққан қаражаттар сомаларының арасындағы айырма) анықталып, соған сәйкес аударым жасалады. Клирнг екі жақты және көп жақты болып кекледі. Екі жақты клирингте өзара есепке алу тек екі банк арасында жүргізіледі. Ондай клиринг нәтижесінде қандай да бір қатысушының дебеттік таза ұстанымы анықталған болдса, онда біріншісі екінші қатысушының пайдасына ақшалай аударымдар жасайды. Мұндай жағдайда әрбір банктің үш жекелеген екі жақты таза ұстанымы болуы мүмкін. Көп жақты клирингте әрбір қатысушының басқа барлық қатысушыларға қатысты міндеттемесін өзара есепке алады. Мұндай да әрбір қатысушының бір таза ұстанымы болады
Инфрқұрылым мен технология компоненттері есеп айрысу жүйелерінің қауіпсіздігіне, төлемдердің жылдамдығына, тұрақтылығына, байланысты болып кекледі. Мұндай компоненттер төлем жүйесінде болатын тәуекелдерді, атап айтсақ несиелік, жүйелік, өтіміділік, операциялық, техникалық, заңи және т.б. тәуекелдерді ескереді.
Төлем жүйесін ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
- төлемдерді жүзеге асырудың құқықтық режимі;
- банктік шот бойынша төлемдерді жасау;
- есеп айырысу формаларын таңдаудағы шарушылық субъектілерінің экономикалық дербестігі;
- төлемдерді акцептеудің болуы;
- төлемді шот қалдығы көлемінде жасау;
- төлеушінің шотынан шегергеннен кейін қаражатта алушының шотыныа есептеу;
- төлемдердің мерзімділігі;
- төлем жүйесін жасалатын бақылаудың болуы;
- төлем жүйесіне қатысушылардың материалдық жауапкершілігінің болуы.
1990 жылға дейінгі Қазақстандағы төлем жүйесі бір орталықтан экономиканы басқару жүйесіне негізделді. 1991 жылдан бастап, ҚР өзінің тәуелсіздігін алып, басқа елдермен экономикалық байланыстар орнату барысында төлем жүйесін ұйымдастыру технологиясы түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
ҚР-ғы төлем жүйесінің қалыптасуы 1994 жылдан басталады. Бірінші кезеңде төлем жүйесін ұйымдастырудың құқықтық базасын жасау жүзеге асты. 1994 жылы қарашада ҚР-ғы банктік клиринг туралы ҚР Ұлттық банкінің уақытша ережесіне сәйкес Қазақстан клирингтік палатасы құрылыды.
Клирингтік палатаның негізгі қызметіне мыналар жатады:
- клирингке қатысушы банктердің өкілдері арасында үздіксіз чектердің айырбасын қамтамасыз ету;
- өзара талаптарды ескеру арқылы қатысушы банктердің таза (нетто) ұстанымын анықтау;
- банк мекемелерінің корреспонденттік шоттары бойынша ақырғы таза ұстанымды көрсету мақсатында клирингтің нәтижелері туралы ҚР Ұлттық банке ақпараттар беру.
Осы кезеңде Қазақстан аумағында вексель, чек және төлем карточкаларын пайдалану тәртібін реттеуге арналған нормативтік актілер жасалып бекітілді.
1995 жылы Ұлттық банкі базасында Алматы клирингтік палатасы құрылып, ол көпжақты өзара есепке алу әдісі бойынша жұмыс жасады. Ақырғы есеп айырысулар операциялық күн соңына қарай әрбір қатысушының таза ұстанымына байланысты 1 рет жасалды.
Таза ұстаным - клирингтің бір қатысушысына қатысты клирингтің барлық қатысушыларының ақшалай міндеттемелері бойынша төлем құжаттарының сомасы мен аталған қатысушының басқа қатысушыларға өатасыты ақшалай міндеттемелері сомасындағы айырманы білдіреді.
Егер айырма мәні теріс болсы, онда клирингке қатысушылардың дебеттік таза ұстанымы, ал оң болса онда кредиттік таза ұстанымы анықталады.
Клирингке қатысушыларретінде клиринг ұйымымен өзра келісімшарт жасасқан кәсіпкерлікпен айналысатын кез келген заңды және жеке тұлға бола алады.
Ірі төлемдер жүйесінің басты кемшілігіне төлем жүйелерінің қатысушы-банктер арасында ақшалай аударымдар мен төлемдердің қағаз жүзінде жүзеге асуы жатады. Бұл негізінен электронды тәсілмен іске асатын электронды төлем тапсырмаларының болмауын тікелей байланысты.
Сөйтіп, ҚР -ғы төлем жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатында ҚР Ұлттық банкінің облыстық филаиалдарында аймақтық клирингтік палаталар құрылды және олар аймақ ішіндегі төлемдерді банкаралық клиринг арқылы жүзеге асырды.
Банкаралық клиринг - талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алуға негізделген, тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қолсыз есеп айырысулардың жүесін білдіреді.
Банкараралық клиринг екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттары көмегімен іске асады. Банкаралық клирингтің объектілеріне мыналар кіреді:
- төлем тапсырмалары,
- ақшалай аударымдар,
- чектер,
- вексельдер,
- бағалы қағаздар,
- аккредитивтер,
- займдар.
Сол уақытта Қазақстанда 19 клирингтік палаталар қызмет етті. 1995 жылы 30 желтоқсанда Клирингтік палата қайта түрлендіріліп, нәтижесінде Қазақстан банкаралық есеп айрысу орталығы (ҚБЕО) құрылды.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру