Экономика | Қолма-қолсыз ақша айналымы және есеп айырысу
Мазмұны
Кіріспе ......................................................................3
I-тарау. ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ
1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі қағидалары ....................4
1.2 Қолма-қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы ....................8
II-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысудың еліміздегі түрлері және оларды дамыту ........14
2.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың шетелдік тәжірибелері және олардың ерекшеліктері ................20
Қорытынды .............................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ............................................................................28
КІРІСПЕ
Әлемде қандай ел болмасын қолма-қол ақшаларға толық түрде бақылау орната алмайды. Өз кезегінде қолма-қол ақшалар көлеңкелі экономиканың және ақшаға байланысты қылмыстың дамуына алып келеді. Сондықтан ірі көлемдегі төлемдерді және тағы басқа қолма-қолсыз төлемдер жүйесін қолма-қолсыз есеп айырысудың бүгінгі таңдағы заман талабына сай жаңа формаларына өткізудің маңызы зор болып табылады.
Әрбір елдің өзінің ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты төлем механизмі болады, яғни әрбір елдің есеп-айырысу төлем механизмі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да Қазақстанда есеп-айырысу төлем механизмін қалыптастыру барысында еліміздің ерекшеліктеріне сай келетін шетел тәжірибесін есепке алу керек. Қандай да болмасын елдің қалыптасқан дәстүріне, әдет-ғұрпына, банктің қызмет ету ерекшеліктеріне қарай есеп айырылысу қызметі ұйымдастырылады.
Еуропаның орталық және екінші деңгейлі банктерінің клирингтік жүйесінде жаңа төлем құралы – электронды дебетті хабарламалар кең қолданыс табуда. Қазақстан Республикасының Қаржы саласының жоғарғы қарқынмен дамып, Ұлттық банктің 2003 жылдан бастап Еуропалық елдер стандарттарына өте бастауы негізінде еліміздің Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банктері біртіндеп есеп айырысуда аталған стандарттарға өте бастады.
Қазіргі уақытта отандық коммерциялық банктерінде банктік қызмет көрсетуде электрондық қызмет көрсетудің нормативтік құқықтық актілері қалыптасып, ол интернет және мобильді телефондар негізінде орын алды.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын еліміздің есеп айырысу жүйесіндегі маңызды және өзекті талаптардың бірі болып отырған мәселеге орай «Қолма-қолсыз ақша айналымы және есеп айырысу» деп алдым.
Осы жұмысты орындауда келесідей міндеттерді алдыға қою керек:
• Есеп айырысудың қолма-қолсыз ақша формасының ұйымдастырылуын, қағидаларының, жүргізілу формаларының ерекшеліктерін атап өту;
• Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибелерін талдау;
• Талданған тәжірибелерді ұлттық төлем жүйемізде қолдану мәселелері;
• Қазақстандағы қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы мен атқарылып жатқан шараларын талдау болып табылады.

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу механизмі және оның негізгі қағидалары
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені банк – осы қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің барлық түрі іске асатын орын болып табылады. Банктегі есеп айырысу шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір экономикалық жүйеге байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп жүйесі – бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығын білдіреді.
Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы болып келеді. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының басты бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылықтар аумағында жүзеге асырылып отырылады:
• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу кезінде;
• банк несиелерін алу және қайтаруда;
• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
• басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысудың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістілігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930-1932 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Сол кездердегі қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары сатып алушының төлем қабілетін және несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.
Бүгінгі таңдағы экономикамыздың нарықтық қатынасқа өтуіне байланысты қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттарды банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді. Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар ашылады.
Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі қағидадан айырмашылығы барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттілігін байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі – бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.
Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың екінші қағидасы бойынша төлемдер шот иелерінің өніміне байланысты белгіленген төлемдер кезегі бойынша, яғни шоттағы қаражат қалдығы шегінде жүзеге асырылуы тиіс.
Өндірістің құлдырауы мен инфляциялық процестер жағдайында шаруашылықтағы төлем тәртібінің төмендеуіне байланысты, біздің елімізде клиенттердің есеп айырысу шоттарынан бірінші кезекте, бюджеттің барлық деңгейіне, сондай-ақ зейнетақы қорларына төлеуге шешім қабылданған. Бұл әкімшілік шара ҚР Үкіметінің бүгінгі экономиканың даму кезеңіндегі бюджеттің кіріс жағын нығайтуға және шығысы арқылы әлеуметтік саланы қаржымен уақтылы қамтамасыз етіп отыруға бағытталды. Бұл жерде банктің нарық субъектісіне , яғни клиентке қоятын талабы оның шотында бар қаражат қалдығы шегінде төлемді жүзеге асыру болып табылады.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың үшінші қағидасы – нарық субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарында бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің келісім шарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы бұл қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрініс табады.
Жоғарыда айтылған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың мынадай екі қағидасы қолданылады:
• төлемнің мерзімділігі.
• төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы – шаруашылық несиелі сақтандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыруды білдіреді.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлем мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе болады. Мерзімді төлем төмендегідей жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін:
1 Сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем түрінде;
2 Сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;
3 Сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын , мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер – келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер – көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімдік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады. Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.
Жоғарыда аталған қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу қағидалары бір бірімен тығыз байланысты, сондықтан олардың біреуінің орындалмауы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан есеп айырысу ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі.
1.2 Қолма-қолсыз ақша айналымының формалары мен құрылымы
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар тиісті құжат айналымын сақтау және белгілі бір формадағы есеп айырысу құжаттарының негізінде жүзеге асырылады. Есеп айырысу құжаттарының түрлеріне, төлеу тәсіліне және банктегі құжат айналымын ұйымдастыруға байланысты қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың мынадай формалары болады:
• төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
• төлем талабы-тапсырмаларымен есеп айырысу;
• аккредитив арқылы есеп айырысу;
• чек арқылы есеп айырысу;
• вексель арқылы есеп айырысу.
Есеп айырысу формалары мен тәртібі төлеуші мен қаражатты алушының арасындағы келісім-шартпен анықталуы тиіс.
Есеп айырысу формасын таңдай мынадай жағдайларда анықталады:
• контрагенттердің арасындағы шаруашылық байланыстар сипатымен;
• жабдықтайтын өнімнің ерекшелігіне және оны қабылдау шартымен;
• мәмілеге қатысушылардың мекен-жайымен;
• жүкті тасымалдау тәсілімен;
• заңды тұлғалардың қаржылық жағдайымен.
Формаларды таңдауда есеп айырысуды жүргізудің бекітілген ережелеріне сәйкес банк тарапынан бақылау қойылуға тиіс.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданатын есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы – клиенттің өз шотынан белгілі бір соманы аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасын білдіреді. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады, алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін , тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке коммиссиондық төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асады.
Төлем тапсырмасының есеп айырысу сызбасы келесі 1-ші суретте көрсетілген.
1 Сурет – Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысының есеп айырысу сызбасы.
Мұндағы: 1- тауарды (қызметті) жабдықтау; 2- төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3- жабдықтаушының банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4- жабдықтаушыға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау.
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем – бұл тауарды жөнелткенге дейін (1-суреттен қара);
Тауарды жөнелкеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-ші сурет); немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.
2 Сурет – Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді алдын ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы
Мұндағы: 1 – алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісім шарт жасау; 2 – төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 – жабдықтаушының банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 – жабдықтаушыға оның шотына қаржы түскендігін хабарлау; 5- тауарды (қызметті) жабдықтау.
Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қолма-қолсыз ақша айналымы және есеп айырысу курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар