Экономика | Меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру

 Экономика | Меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру

Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................................4
І Қазіргі заманғы меншіктің мәні
1.1 Меншіктің түрлері............................................................................................5
1.2 Меншіктің субъектілері мен объектілері......................................................9
2 Мекшікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру
2.1.Жекелендіру мен мемлекет иелігіне алу....................................................15
2.2.Қазақстан республикасындағы меншіктің әртүрлі формаларының қалыптасуы....................................................20
2.3. Жекешелендірілген кәсіпорындардың бөлу тетіктеріндегі меншік қатынастарын іс жүзіне асыру........................................................23
Қорытынды............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................31

Кіріспе
Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан сәйкес формалары.
1.Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір объектіні субъектінің езіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.
2..Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.
3.Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді. Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
І Қазіргі заманғы меншіктің мәні
1.1 Меншіктің түрлері.
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын кұкык институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек. Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді — табиғаттың өнімдері мен еңбекті — меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады. Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы касиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Мемлекеттік меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады. Әлемдік құкықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы мемлекеттік меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.
Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты коғамдык катынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, заңдар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда — шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз. (мысалы, АК-тің 188 - 276-баптары). Меншік құқығының объективті нормалары негізінде нақтылы мемлекеттік меншік иесі өз калауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі зандық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құққығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы).
Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама берілген: " Меншік құкығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы". Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген.
Өйткені, субъектіге "тиесілі" деген сөзбен шектеліп калмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі оны өзінің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай үстемдікке қол жеткізу аркылы меншік иесі азаматтың табиғат берген касиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өндеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жой-ып жіберу іне толық күкы бар.ратка заң арқылы үстемдікті тану заң күжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ыкпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінін билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондыктан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтық шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құкығы заң аркылы айқындалады. Меншік иесінін еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құкықтарын заңмен қорғайды.
1.2 Меншіктің субъектілері мен объектілері
МЕншіктің құрлымы экономикалық жүйенің негізі болып табылады. Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек.
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық каті гория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды. Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылаты меншікті. Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а/екі жұп категорияларының өзара байланысы:/меншіктеу/ иемдеу-жатсыну; ә/жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы; б/ өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі; в/ табыстарды үлестіру тәсілі; г/ субъектілік - объектілік талдау.
Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан сәйкес формалары.
1.Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір объектіні субъектінің езіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.
2..Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады. 3.Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді. Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіру факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы. Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласы айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру