Экономика | МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ Меншік құқығы

 Экономика | МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ Меншік құқығы

Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
1-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ҰЛТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ.....................................5
1.1. Жекешелендірудің негізгі бағыттары.....................................................5
1.2. Жекешелендірудің шетелдік тежірибесі................................................9
2-ТАРАУ. МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ…………………………………………………......12
2.1. Экономикалық окіметке кім және қалай қожалық етуде: меншік және меншік құқығы………………………………………...12
2.2. Қазақстандағы жерді жекешелендіру және оның құқықтық қамтамасыз етілуі.................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................26

КІРІСПЕ
Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға ауысуына қажетті жағдайды қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару процесінде меншік иелену дербестендіру (персонифи¬кация) негізінде жүргізілуі тиіс.
Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:
- көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық құрылымның шамалы рынокты жолмен тездетіп калыптасуы, мемлекеттік меншік объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;
- тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының қалыптасуы;
- бәсекелестік орта құру және өндірісті монополиясыздандырумен қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнестің дамуы;
- ірі және теңдессіз халық шаруашылық объектілердің жеке жаңғырту проектісін шығару (реализация);
- шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық шаруашылық құрылымның қалыптасуы;
- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесінің күшеюі және дамуы.
Бұл бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді әр түрлі салалардың ерекшелігі негізінде қағидалы әдіс амалдарды аныктайды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жататын объектілер тізбегі осы бағдарламамен байланысты.
Жыл сайын өкіметпен бекітіледі.
Мемлекеттік меншік объектілері 2 классификациялық топтарға бөлінеді:
- мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жатқызылатын объектілер;
- жекешелендіруге тыйым салынган объектілер. Қазақстан Республикасының меншігінен шығарылып тастаган, жекешелендіруге жатпайтын объектілер:
- жер, су, әуе кеңістігі, жануар және өсімдік әлемі, табиги ресурстары, т.б.
1-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ҰЛТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
1.1. Жекешелендірудің негізгі бағыттары
Жекешелендірудің негізгі бағыттарында жекешелінген әдістері мен нысаналар кешені арқылы түсіну және жекешелендірілген объектілердің әр топтарының айрықшаландыруымен байланысты іске асырылады.
Критерийлер барысында кәсіпорындарды жекешелендірудің негізгі бағыттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
-объектінің халық шаруашылық мағынасы;
- салаға қатыстылығы;
- қызметкерлер саны;
- негізгі қорлардың құны.
Кәсіпорынның және ұйымдардың жұмыс істсушілср санына байланысты шартты төмендегідей бөлінеді:
- жұмыс істеушілердің саны 20 адамнан кем емес кіші кәсіпорындар;
- жұмыс істеушілердің саны 200-ден 5000 адамға дейінгі орта кәсіпорындар;
- жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан астам ірі кәсіпорындар. Жекешелендіру объектісіне жыл сайынғы тізім жасалған кезде жекешелендіру салалардың, аймақтардың және басқа объектілердің ерекшеліктерін ескере отырып кәсіпорынның кнні, орта және ірі топтарына жатқызылатыны аныкталуы мүмкін.
Осы топтарға жатқызуға байланысты бағдарлама мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендірудің процестерін нақты багытталуының ашылуын қарастырады.
Ол бағыттар келесідей:
- жеке жобалар бойынша ірі және бірегей мүлікті кешендерді жекешелендіру;
- орта кәсіпорындардың бірақ жекешелендірілуі;
- кіші кәсіпорындардың аукцион және конкурстық сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету арқылы қалыптасқан кіші жекешелендіру.
Жекешелендірудің жеке жобалары халық шаруашылығының шешуші саласы базалық кәсіпорындарының оңтайлы ұйымдық құрылымын жасауға мүмкіндік береді және олардын басқарылуында жеке және мемлекеттің қатысуын анықтау, отандық сонымен қатар, шетел инвесторларын тарту, жобапы дайыпдау ксзсндсрінсп басталады.
Жеке жобаларға ерекше әлеуметгік өнім немесе қызмет түрі бар және мемлекеттің табағи монополиясында болатын бірегей сатылар жатқызылады:
- істің таңдаулылығы жан-жақты және объектінің бәсекелес бола алатындыгы, сонымен бірге оның емірлік кешен құнының багалануы;
- ұйымдастыру - құрылымдық мәселеге сай технология, монополиясыздандыру бойынша ұсынылатын өзгерістер жүйесі;
- жекешелендіру нысаналарын және әдістерін талдау. Жеке жобалардың өтуі (реализация) келесі әдістсрмен орындалады:
- қосымша түсінік жағдайындағы белгілі бір инвестицияларды сату;
- аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;
- басқаруда келісім-шарт жасау;
- акциялардың ашық сатылуы.
Басқаруға келісім-шарт заңды немесе жеке тұлғаларға қолдануға құқық беретін тәсіл болып табылады. Берілген әдіс объектіні жекешелендірілген кезде экономикалық орынсыз немесе алдын ала болған жағдайларда қолданылады.
Көпшілік жекешелендіру республиканың көп тұрғындарына өз меншігі құқығының орындалуына мүмкіндік жасайды, бағалы қағаздар мен жұмыс істеуге тәжірибе алуға рұқсат етеді (жекешелендірілген инвестициялық купондардың акцияға ауыстырылуы, т.б. операциялар).
Сондай-ақ көпшілік жекешелендіру өз қатысушыларына тавдау еркіндігін, бәсекелестік, процесті басқарудағы қарапайымдылығы және жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Барлық тұрғындардың көптеген қатысуына меншікті тиім-ді бөлуге мүмкіндік қалыптастырады.
Көпшілік жекешелендіруді басқару мақсатты шаралар кемегімен қалыптасады:
- Республика тұрғындарына жекешелендірілген инвестициялық купондарды бөліп беру;
- коммерциялық негізінде жұмыс істейтін инвестициялық жскеіиелеидірілген қормен жүйелі мекемелер.
Кіші жекешелендіру тұтыну нарыгын тауар және қызметпен қамтамасыз ететін көптеген меншік иелерінің пайда болуына нақты тұғырын қалыптастырады. Ол жекешелендіруге. жатқызылатын өлшемі өте үлкен емес, 200 адам істейтін кәсіпорын мен ұйымдарды қамтиды.
Осы бағыт айналасында жекешелендірілген обьектілердің негізгісі көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет өрісі болып табылады.
Кіші жекешелендіру процесі 3 кезеңнен тұрады:
- бірінші кезеңде, объектілерді таңдау және олардың жекешелендіру мерзімін анықтау қажет;
- екінші кезеңде, объектінің аукциондарда немесе кон¬курста сатылуын дайындау;
- үшінші кезеңде, объектінің сатылуы.
Бұл процесс ашық сипатта болу керек, ал меншік ең жоғары бағаны ұсынған сатып алушыға ауысуы тиіс.
Кіші жекешелендірудің негізгі ерекшелігі болып ұлттық бағдарлама сатып алушы аукциондарда, коммерциялық конкурста жекешелеңдірілген тұрғын үй купондардың 50% тұратын мемлекеттік меншіктің сатып алған төлемін қарастырады. Қазақстандағы жекешелендіру мәселелері Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығында (23 декабрь 1995 ж.) жекешелендірудің келесі процестері іске асырылды.
Президенттің осы Жарлығына байланысты жекешелендірудің нақты элементтері анықталған. Бірегей жекешелендіру түсінігінің мазмұны, объектілері, субъектілері, түрлері және жекешелендіру қағидалары берілген. Жекешелендіру дегеиіміз мемлекеттік меншікті жеке тұлғаларга және шетелдік заңды тұлғаларга арнайы процедура шеңберінде сатуды білдіреді.
Жекешелендірудің субъектілері болып саналатындар:
- сатушы, мемлекеттік орган, жекешелендіруді іске асыратын уәкіл.
Жекешелендіру процесінде мүлікті сатып алушы жеке тұлға, мемлекеттік емес занды тұлға немесе шетел занды тұлғасы бола алады.
Жекешелендіруді жүргізетін негізгі қағидалары ретінде жариялылық, бәсскслсстік, құқықтық ауысуы, сатылуға қойылған объектілер туралы мәліметтердің дұрыстығы және жекешелендіруді жүргізудің занды лауазымды тұлғалар жауапкершілігі болып табылады.
Жекешелендірудің объектілері болып мемлекеттік мүліктің келесі түрлері болады:
- өндірісті және өндірісті емес бөлімшелер және кәсіпорынның мүліктік кешен ретіндегі құрылымдық бірлігі, олардың жекешелендіруі тұйық технологиясының циклы;
- кәсіпорынның мүлкі, кәсіпорынның құрамына жекешелендіруге жататын, оның ісіне қолданылатын мүліктің барлық түрлері кіреді (ғимараттар, құрал жабдықтар, шикізат, өнім, т.б.);
- шаруашылық серіктестіктерде жарғылық қордың акциялары мен улестері.
Жекешелендіру - саудадағы сатулар, тікелей адресті сатулар түрінде іске асырылады.
Республикада жекешелендіру процестерінің тездетілуі және оның құрылымының өзгертуі мақсатында арнайы бағдарлама құрылды.
Жекешелендірудің ұлттық багдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Республикада 1996 жылы жеке кәсіпорындардың салмағы 86%, сонымен бірге енеркәсіпте 86%, ауыл шаруашылығында 95%, құрылыс 60%, саудада 85%-ға жетті.
1.2. Жекешелендірудің шетелдік тежірибесі
Жекешелендіру процесі және оны басқару нарықтық экономикада орын алған басқа елдерде қалыптасқан тәсіл.
Қытайда басталған мемлекеттің иелігінен алу процесінің нәтижесі келесі фактілерді куәландырады.
Біріншіден - меншік жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер барысында мемлекеттік сектордың тарылуы орын алуда. Меншіктің мемлекеттік емес нысандары қазіргі кезде: өнеркәсіп - 44, сауда - 64, ауыл шаруашылық - 95 пайыз құрайды.
Ұжымдық кәсіпорындар өндіріс көлемін мемлекетке қарағанда тез өсіреді, ал меншіктің қоғамдық емес түріндегі кәсіпорындар (жеке және жеке кооперативті) - бұдан да жоғары нәтижелерге ие.
1978-1989 жж. арасында мемлекетгік өндіріс көлемі 3,8 есе, ұжымдық кәсіпорындарда 8 есе өсті. 1989 ж. меншіктің қоғамдық емес түріндегі кәсіпорындар үлесіне жалпы өнімдердің 8,25%-зы тиді, ал 1980 жылы бұл көрсеткіш 0,5%-га тең болған. 1989 ж. соңында жеке қызметпен 12,5 млн. эр түрлі өндірістік және сауда ұйымдарына қосылган 19,4 млн. адам айналысқан.
Екіншіден - кәсіпорынның шаруашылық дербестігі көтеріледі шаруашылық құқығында және меншіктің бөлінуінде қалыптасқан әр түрлі ұйымдық түрлер пайда болды.
Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесімен қабылданған (5 желтоқсан 1986 ж.) «Кәсіпорындағы реформаларды терендету және олардың тіршілік әрекетін жандандыру» туралы құжат шаруашылық жауапкершілік жүйені енгізуді және ұсақ мемлекеттік кәсіпорындарды жалға беруді заңдаған. 1986 ж. соңында жалға беру 3,5 мың ұсақ өнеркәсіпті кәсіпорындарды қамтыды.
Қытайда мемлекеттік мсншікті басқару жүйесі істейді. Осы жүйенің басында мемлекеттік мүлік жұмысының басқармасы және әр түрлі аймақты деңгейдегі органдар қатарлары тұр. Бұл органдар орталық басқармамен қабылданған аймағында бақылау ревизиялық функциялары бар. Басқарманың аймақтық органдары бухгалтерлік ревизия жүргізуге құқы бар және мемлекеттік мүліктің жағдайын бағалау, жекеменшік құқығының өзгеру процесін басқару, кәсіпорыннын сатылуы, бірлескен кәсіпорындарды құру, т.б. жұмыстар жүргізеді.
Қытайдағы мемлекеттің иелігінен алу кезеңі төмендегідей.
1) кәсіпорынның аяқталуынан дербес шаруашылыққа ауысады, ол заңды және экономикалық жауапкершіліктің толық бөлінуіне жетуге рұқсат береді;
2) екіншінің аяқталуынан мемлекеттік меншікте инфрақұрылым объектілерінің тек негізгілері (темір жолдар, электр станциялары, телефон және телеграф байланыстары) және де мемлекеттік капитал салымынан құрылған кәсіпорын ғана қалады.
Еуропалық елдерде жекешелендіру процесі әр түрлі формаларда қабылдаган: мемлексттік кәсіпорындарды жеке занды және жеке тұлғаларға сату; жеке инвесторлардың қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындарды қайта капитализациялау; мемлекеттің меншігі болатын немесе олармен бақыланатын кэсіпормнның жарты акцияларын сату. Ұлыбританиядағы жексшелендіру баяу қарқынды сииатқа ие: Бір жылда 2-3 кәсіпорын жекешелендіріледі. Ұлыбританиядағы жекешелендірудің қажеттілігі мемлекеттік кәсіпорындардың тиімсіздігі, жоғары капитал сыйымдылығы, өндірістік еңбектің ен төмеңгі тиімділігімен түсіндіріледі.
Ұлыбританиядағы жекешелендіру процесін хронологиялық 3 кезеңде бөлуге болады.............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру