Азаматтық кодекс | Қазақстан Республикасында жеке меншік

 Азаматтық кодекс | Қазақстан Республикасында жеке меншік

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Меншік: мәні, қатынастары, мағынасы иесі 5
1.1 Меншік құқығы, субъектілері және объектілері 6
1.2 Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері 9
2 Қазақстан Республикасында жеке меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы 12
2.1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі.13
2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері. 16
3 Меншік және экономикалық жүйе 19
3.1 Меншік – экономикалық категория 19
3.2 Меншік және иемдену заңдары 21
3.3 Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары 23
3.4 Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері 26
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе
Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Бірншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден – бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасар отырған біздің экономикалық заңдарымыз
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада беллгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке – жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.
Азаматтық Кодекстің 188 – ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мысалы: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. мысалыЖ жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомабилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығын басқа біруге берместен бұрын ол субъектігі мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез – келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесыі болып қала отырып, оларға мүлікті кепілге беруге және оған басқа да өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, лоарға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
1 Меншік: мәні, қатынастары, мағынасы иесі
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншікті екі мағынада қарастыруға болады: құқықтық мағынада және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Ендігі басты мәселе – меншіктің мәні туралы. Жалпы меншік дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Меншік дегеніміз - өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік дегеніміз – материалдық және рухани игіліктерді пайдаланумен, оларды өндіру шарттары туралы адамдар арасындағы қатынастарды білдіреді. Басқаша айтсақ, меншік бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік қатынастары иемдену, пайдалану, айналыс, тұтынудан тұрады. Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Қандай да бір материалдық игілікті өндіру – адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен энергияны иемдену болып табылады. Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін өндірместен иеленді.
Мысалы: аңшылық, балық аулау, терімшілік және т.с.с. Әрі қарай, өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемденуге тек табиғат өнімдері емес, сондай – ақ адамдар өндірген өнімдер жатады. Иемдену – адамдар арасындағы экономикалық байланыстарды бейнелейді, егер мына зат менікі десе, онда бұл жайт қалыптасып үлгерген шаруашылық байланыстарын сипаттайды және бұл мүлікті кімнің иемденуге құқығы бар, ал кімнің құқығы жоқ екендігін көрсетеді. Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады...
Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке иемдену (жеке меншік) айқын көрінеді. Егер өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда қоғамдық иелену (қоғамдық меншік) орын алады. Біз меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады дедік. Айталық, өндіріс құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын болсын. Ол басқа адамдардың өзінің заттарын иеленуіне белгілі бір жағдайларда мүмкіндік берсін. Сонда меншік иесі мен кәсіпкер арасында мүлікті пайдалану қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің меншігін иелену, пайдалану мен керегіне жарату заңды құқығына ие болады. Мұндай қатынастарға мысал ретінде жалға беру – меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Осыған байланысты бірнеше жағдайларды мысал ретінде ұсынайық:
1- ші Жағдай. Сіздің сағат жөндейтін шеберханаңыз бар делік және өзіңіз сағат жөндеумен шұғылданасыз. Бұнда шеберхана иесі де, шеберхананы пайдаланушы да, еңбек нәтижесінің иесі де тек қана сіз боласыз.
2-ші Жағдай. Жаңағы, меншігіңіздегі сағат жөндейтін шеберханаңызды өзіңіз пайдаланбай (онымен шұғылдануға уақытыңыз жоқ) жалға бердіңіз. Жалгер өзі атқарған жұмысына жалақысы үшін шеберхана табысын иемденеді. Бұл жағдайда шеберхана иесі – сіз, шеберхананы пайдаланушы – жалгер, еңбек нәтижесінінің иесі – жалгер болады. Ал сізге тиесілігі жалдау төлемі.
3-ші Жағдай. Барлығы 2-ші жағдайдағыдай, бірақ жалгер өзі жұмыс істемейді, сіздің шеберханаңызда өзінің жобасын жүзеге асыратын жұмыскерлерді жалдайды, және жалданған жұмыскерлердің еңбек нәтижесін өзі иемденеді. Сіз өз шеберханаңыздың ақысы үшін жалдау төлемін иемденесіз, ал жалданған өзіне тиесілі жалақысын алады.
Бұл жағдайлардан мынаны көруге болады: меншік иесі, уақытша иесі, еңбектің нәтижесін. Бұдан барып (жаңағы жағдайлардан) “меншік табыс әкеле бастаған сәттен өзін экономикалық жағынан ақтай алады” деген қорытындыға келеміз. Осы меншік қатынастарының нәтижесінде меншік иесі пайда болады. Меншік иесінің үш түрлері бар:
 потенциалды меншік иесі (мұрагер)
 меншік иесі заттарды тұтынушы ретінде. Бұл жерде меншік иесі толық құқыққа ие емес.
 толық меншік иесі. Ол заттардың толық құнының меншік иесі және бөтенсу құқығына ие.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез – келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, мүлікті кепілге, жалға беруге құқылы.
1.1 Меншік құқығы, субъектілері және объектілері
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталады. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективти мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188 бабында меншік құқығының ұғымы мен мазмуны берілген. Нақтырақ айтқанда, оның 1-ші тармағында былай делінеді: “Меншік құқығы – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және иелік құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы”.
Меншік құқығы былай жіктелінеді:
 иемдену құқығы
 пайдалану құқығы
 басқару құқығы
 табысқа құқығы
 егемен құқығы
 қауіпсіздікке құқығы
 игілікті мұрагерлікке беру құқығы
 игілікті мәңгілік иемдену құқығы
Бұл құқықтардың барлығы меншік иесіне берілген құқықтар. Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мысалы: азамат ұзақ командироваға кеткенімен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуына құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуіде ықтимал. Мысалы: жалға беру және тағы басқа шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, заңсыз, адал және арам ниетті де болуы мүмкін. Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзгеде нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының ортасында тығыз байланыс бар. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т.б. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Меншік қатынастарының экономикалық мазмұнын меншік субъектісі мен объектісі береді. Меншік субъектісі – меншік қатынастарының белсенді жағы. Олар меншік объектісін иемденетін, оған билік ететін және пайдаланатын адамдар. Енді меншік субъектілерін атап өтейік:
Адам, тұлға – меншіктің бастапқы субъектісі болып табылады. Ол ең алдымен ол дене қуатының, қарым – қабілетінің, жұмыс күшінің қожасы. Сонымен қатар, адамдар өзінен тыс басқа да заттарға ие бола алады.
Отбасы – бұл да меншіктің көп тараған субъектісі. Отбасы мүшелері үйі – ішінің жиған мүлік – жиһаздарының иесі.
Әлеуметтік топтар - өз еріктерімен пікірлес болған топтардың өз меншіктері болады. Олардың мүдде – мақсаттары мен ынта жігері бірімен – бірі сәйкес келеді/бірлестіктер, қорлар, кәсіподақтар/.
Кәсіпорындардың еңбек ұжымдары – бір кәсіпорында жұмыс істейтіндері көп жағдайда бір ғана ұжымдық иелер рөлін атқарады
Территория халықтары – қандай да бір болсын аймақта қоныстанған халық сол ауқымды орналасқан кейбір объектілердің иесі бола алады.
Ел халқы – жалпы халықтың дәулеті болып саналатын, елдің ұлттық байлығының белгілі бір бөліктерін иемденеді.
Басқару бөлімдері - кәсіпорындардың басқарушыларынан бастап, ел үкіметіне дейін меншік иелерінің қызметін атқарады.
Көптеген меншік объектісінің құрамын және мазмунын түсіну үшін олардың маңызды деген түрлеріне тоқталып өтейік.
Жер, жер учаскелері, жер кеңістіктері, пайдаланылатын жер – меншіктің көп тараған объектілері болып саналады. Оларды әр түрлі субъектілер құрылыс жүргізу, ғимараттар салу, коммунициялар жүргізу және әр түрлі өсімдіктер, дәнді – дақылдар егу, мая өсіру мақсатымен, жайылым – шабындық ретінде, сонымен қатар, адамдарға, қоғамға қажетті шикізаттар алу үшін де пайдаланады. Сондықтан да жердегі құрлық атаулы, әрбірден соң бүкіл әлем де меншік объектісі бола алады.
Табиғат байлығы - меншіктің тағы да бір көп қырлы объектісі болып табылады. Ол: пайдалы қазбаларды, жер – су байлығы мен ондағы тағы да көптеген пайдалы заттарды, ауа орталығын қамтиды.
Әлеуметтік- мәдениет ғимараттары. Бұларға ең әуелі үй – құрылыс қорларымен қоса, адамдардың өмір тарихында қорлана берген байлық құрамындағы меншіктің күрделі объектілері жатады.
Негізгі өндірістік қорлар - өндіріс процесіне тікелей қатынасатын өндірістік ғимараттар, құрылыстар, құрал саймандар мен әр түрлі жабдықтар, машина, агрегаттар, прибюорлар ретінде меншік объектілерінің едәуір бөлігін қамтиды.
Өндірістік /материалдар, шикізаттар, энергия/ және өндірістік емес/күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар мен киім – кешек, үйшілік заттар және басқа мүліктер/ сфералардағы пайданылатын бағалы материалдық мүліктер. Бұлар меншіктің әр алуан объектілері болып табылады.
Ақша, валюта және бағалы қағаздар. Бұлар да меншік объектілері. Олардың басты ерекшеліктері: материалдық – заттық бағасында емес –құндылығын да, дәлірек айтқанда, құннан көрініс алатын меншіктер екендігіне байланысты.
Аса қымбат асыл заттар – алтын, күміс, платина, алмас, бриллиант тағы да басқалары. Бағалылық және заттық жағынан да меншіктің біртұтас объектілері болып саналады.
Рухани – ойшылдық, ақпараттық ресурстар мен өнімдер... Адамдардың ақыл – ойының, ойлағыштық әрекетінің нәтижесі болғандықтан, меншіктің ерекше объектілері болып табылатыны анық.
Бұлар интеллектуалды меншіктің объетілері - ғылымның, әдебиеттің, көркемөнердің, жобалардың және т.б. табыстары.
Жұмыс күші - адамдардың еңбек әрекетіне қабілеттілігінің, еңбек потенциалының көрінісі. Бұлар әр адамның өз меншігіне жататын объектілер.
Сонымен, меншік қатынастары әр түрлі объектілер бойынша қалыптасады. өндіргіш күштерінің дамуы барысында олардың құрамдары мен құрылымдары кеңейіп, сапасы өзгереді. Соған байланысты меншік қатынастарының құрамына көптеген сапасы жоғары объектілер енуде.
1.2 Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері
Меншік – қашанда белгілі бір тарихи формаларда пайда болып дамиды. Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі.
1- рулық қоғам меншік типі ( алғашқы қауымдық меншік, отбасы меншігі)
2- Құл иеленушілік меншік типі және көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі (бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы)
3- Меншіктің капиталистік (буржуазиялық) типі. (жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы)
Бұл типтер меншіктің қоғам бойынша алынған түрлері. Қоғамдық меншік дегеніміз бәрімізге ортақ игілік, яғни белгілі бір әлеуметтік немесе өндірістік қауымдастық шеңберінде әркім ортақ игіліктен өзінің үлесін алу құқығына ие деген сөз. Мәселен жер шары адамзатқа ортақ игілік, ал өндіріс құрал жабдығы ретінде әртүрлі мемлекет шегіндегі ұлттар мен ұлыстардың өмір сүру ортасы санатында меншік нысанына айналады.
Меншіктің тарихи бастамасы ортақ меншік. Ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп иеленуге негізделді. Құқықтық мағынадан қарағанда мысалы мүлік тек бір тұлғаға ғана емес, екі немесе одан да көп тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда бір материалдық объектіге бірнеше субъектілік меншік құқығы пайда болады. Айтылған екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мисалы: екі азаматтың меншігінде бір тұрғын үйдің болуы.
Ортақ меншіктің екі түрі бар: үлестік және бірлескен. Егер де мүлікте меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілі болса, онда мұндай ортақ меншікті үлестік меншік дейді. Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысу-шыларының келісуімен жүзеге асырылады, сонымен қатар, үлесті меншіктегі мүлікті иелену де, пайдалану да оның барлық қатысушыларының ықыласымен ғана жүзеге асырылуы тиіс. Ортақ бірлескен меншікте қатысушыларының үлестері белгіленбеген, сондықтан да олардың үлестері мүлікте тең деп есептелінеді. Бірлескен ортақ меншіктің мынадай түрлері болуы мүмкін:
 ерлі – зайыптылардың ортақ меншігі
 шаруа қожалығының ортақ меншігі
 жекешелендірілген тұрғын үйге орта меншік.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру