Экономика | Лизинг қызметі және оны мемлекеттік реттеу
Мазмұны
КІРІСПЕ ………...5-7
ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ. ЛИЗИНГ ШАРТЫ …………..8
Лизинг қатынастарының пайда болуы мен даму сатылары. ……….8-11
Лизинг ұғымы, нысаны және түрлері.
Лизинг шартының ерекшеліктері. ……...12-23
ЛИЗИНГ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ………….24
Лизинг мәмілесінің орындалуын қамтамасыз ету әдістері. Лизинг қызметіндегі сақтандыру мен тәуекел. ……...24-36
Лизинг қатынастарын мемлекеттік реттеу. Лизинг зандарының дамуы. ……..37-44
ҚОРЫТЫНДЫ ……..45-46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ ……..47-48
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан нарықтық экономикалық қайта құрулар жағдайында жаңа институттардың қалыптасуы мен дамуының қатарына лизинг қатынастары жатады деп айтсақ орынды болып табылады. Лизингтің инвестициялық қызметтің бір институты ретінде дамуы елдіегі нарық қатынастарының жандануына және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына оңды әсерін тигізуі толық мүмкін деп сенуімізге болады.
Сонымен қатар лизингтің нарықтық категория ретінде, азаматтық-құқықтық объектісі ретінде толық түрде тәжірибелік және теориялық аспектіде өңдеуден өтпеуі оның толық қолданылуына елеулі тосқауыл болып отыр. 2000 жылы ғана «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңы қабылданды, ҚР азаматтық Кодексінің ерекше бөлімінде көрсетілген баптар сәйкесінше бір жыл бұрын қабылданды. Лизинг туралы заңдардың базасы жоқ болғандықтан ең бірінші кезекте осыған байланысты салықтық ауыртпалықтарды ескерген кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер лизингті қолдануға мүдделі болмады.
Лизинг қызметінің тұрақты жұмыс істеуінің бір талабы - лизинг беруші мен лизинг алушы, лизинг беруші мен несиелік ұйымдар, лизинг затын өндіруші мен лизинг беруші және басқа да лизингтік операциялық шарттан пайда болған қарым-қатынастарды біртұтас нормативтік-құқықтық актімен реттеу.
Халықтық-шаруашылық мәселелерді шешкенде өндірушілерді жоғары техонологиямен қамтамасыз ету жағдайында бәсекелестік жағдай тудыруға, орта және шағын бизнесті дамытуға, халықты біліммен қамтамасыз ету бойынша лизинг үлкен мүмкіндіктер береді.
Тақырыптың өзектілігі. Лизинг қатынастары орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріп отырған жағдайда лизингтің құқықтық реттелуін жетілдіру ерекше маңызға ие болады.
Лизингті пайдалануға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу Ресеймен салыстырғанда Қазақстан Республикасында кейінірек дамыған. Нәтижесінде қазіргі уақытта көптеген шешілмеген мәселелер бар. Жұмысты жазу барысында мен Ресейлік тәжірибені қарастыра отырып, оның ішіндегі ескеруге тиіс жағдайларды көрсетуге, ресейлік тәжірибенің тиімді жақтарын Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерін талдауға тырыстым.
Қазақстан Республикасы және шет елдердің қолданып отырған тарихи тәжірибесінің негізінде, сондай-ақ, лизингтің дамуына байланысты ұсынысты қарастыратын мүліктік айналыстағы лизингтің қызметіне қажетті деңгейді анықтау қадамын қаржы лизингі тәжірибесінде қабылдадық.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі мынада – лизинг қатынастарының дамуы Қазақстандағы әлеуметтік жағдайды ескере отырып, кәсіпкерлік қызметтің дамуына елеулі пайдасын тигізе алады. Сол себепті лизинг қатынастарын дамыту, оған қатысушы тараптардың мүддесін заң арқылы қорғау және оларға әртүрлі жеңілдіктер мен көмек бере отырып ынталандыру шағын және орта бизнесті несиелеу сияқты шаралармен бірге экономикалық дамуды жеделдетуге өз септігін тигізеді. Соған байланысты жұмыс барысында лизинг қатынастарын дамытуға көмектеседі деген бірқатар экономикалық және заңдық шаралар ұсыныс ретінде беріледі.
Жұмыстың мақсаты лизинг қатынастарын қоғамдық, оның ішінде азаматтық-құқықтық қатынастардың жүйесінде қарастырып, оның негізгі белгілеріне сипаттама беру, басқа құқықтық қатынастардан ерекшеліктерін, экономикалық тиімділігін және шағын кәсіпкерлікті дамыту құралы ретіндегі атқаратын ролін талдау.
Жұмыстың міндеттері төмендегілер болып табылады:
- лизингтің азаматтық-құқықтық мәміле ртіндегі мазмұнын, лизинг шртының маңызды жағдайларын, лизинг қатынасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін көрсету;
- лизинг қатынастарының дамуына сараптама жасау;
- қаржы лизингінің құқықтық статусын Қазақстан Републикасындағы және шет елдердегі лизинг қатынастарның маңызын қарастыру;
- әрекет етіп отырған зандардың, лизинг мәселелері бойынша жүзеге асырылатын заң актілерінің түсінігінің бере отырып олардың кемшіліктерін көрсету.
Жұмысты жазу кезінде қолданылатын әдістер:
- диалектикалық даму;
- салыстырмалы әдіс;
- статистикалық қорытынды;
- жалпылама;
- тарихи;
- логикалық.
Зерттеу қайнар көздері:
1. ҚР заң актілері (заңдар, кодекстер, ҚР президентінің заң күші бар жарлықтары)
2. Ғылыми және арнайы әдебиеттер, монографиялар, газет және журналдардағы мақалар, оқу әдістемелері.
Жалпы жұмыс ҚР лизинг қатынастарының құқықтық жағдайлары жайлы маңызды, даулы мәселелерді қозғауда байқау қадамы ретінде жазылды және әрекет етіп отырған заңдардың жүзеге асырылуы бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Дипломдық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда біріншіден лизинг қатынстарының пайда болып дамуы, оның ішінде ТМД елдері мен Қазақстандағы лизингтің даму сатылары, лизинг шарттарының жаалуы жөніндегі бірқатар статистикалық мәліметтер берілсе, екіншіден лизинг қатынастары азаматтық-құқықтық міндеттеме ретінде қарастырылып, ондағы тараптардың құқықтары мен міндеттері, лизингтің түрлері, лизинг қатынастарының заңдық мазмұны талданады.
Екінші тарауда лизингтің экономикалық сипаттамасы, лизингтік міндеттемелердің орындалуын сқтандыру, кепіл арқылы қамтамасыз ету шаралары, лизинг қатынастарын реттейтін актілердің сипаттамасы және лизинг қатынастарын одан ары дамытуғ септігін тигізеді деп есептелетін барқатар шаралар келтірілген.
I. ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1. Лизинг қатынастарының пайда болуы мен даму сатылары.
Лизинг термині ағылшынның «lease» деген сөзінен шыққан және жалдау, жалға алу дегенді білдіреді. Тарихи түрғыда негізгі лизингтік қатынастар мен ұқсас қатынастар 2000 жылдай бүрын ежелгі Вавилонда белгілі болған.
Егер кәсіпкер қаржылай немесе басқадай экономикалық есептен мүліктің меншік иесі бола алмаса, онда ол мүлікті меншік иесінен пайдалануға алуы мүмкін. Ал мүліктік пайдалану нәтижесінде ол белгілі бір кіріс ала алады. [1]
Лизинг операцияларын бастауын шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп тұжырымдайды және оны америкалық «Бел Телефон Компани» компаниясының телефондарды сатпай жалға беруімен байланыстырады.
Лизинг қатынастарының кең етек алып дамуы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталған. Лизинг қатынастарының жедел дамуы, мамандандырылған лизинг компанияларының қүрылуына алып келді.Бірінші лизинг компаниясы 1952 жылы Сан-Франциско қаласында құрылды. Батыс Еуропада бірінші лизинг компаниясы - Дойче Лизинг ГМБХ 1962 жылы Германияда Дюссельдорф қаласында қүрылды. 1972 жылдан бастап осы жерде еуропалық лизинг рыногы қызмет көрсетеді. Бұл штаб-пәтері Брюссельде орналасқан еуропалық ұлттық лизинг одақтарының бірлестігі болып табылады.
Қазақ тілінде лизинг терминіне балама жоқ. Лизинг анықтамасы қандай да бір несие берудің өзгермелі құралы ретінде түсініледі деп айтсақ та болады. Лизинг мүмкіндік қатынастар нысаны ретінде көптеген дамыған елдерде кеңінен қолданылады.
Мысалы Еуропада лизинг рыногы 1984 жылдан 1996 жылға дейін 4,96 есеге артқан, оның ішінде қозғалатъш мүлікке 4,01 есе, ал қозғалмайтын мүлікке 1965 жылдан 1996 жылға дейін 3,66 есеге артқан. Бұлай болу себебі кәсіпорындардың жедел дамуына мүмкіндік беретін лизингке енгізілген қатынастың әсер етуі болып табылады. Лизинг қаржылық қысымының төмен болуымен әрекет етуші кәсіпорындарға негізгі қорларын жаңарта отырып, олардың өндірістік техникалық базасын бәсекеге қабілетті деңгейге шығарады. Ал еуропалық лизинг рыногының одаққа бірігіуі, оған қатысушы елдердегі кәсіпорындардың қаржылай қажеттігін қамтамасыз етудің бірден бір құралы болып табылады. Жоғарыда айтып өткен бұл ұйымға 25 ел мүше болып табылады. Біздің елімізге де осы ұйымға мүше болып кіру, Қазақстан кәсіпкерлерінің кәсіпорындарына қазіргі деңгейдегі құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілуіне кеңінен жол ашар еді.
Еуропалық лизинг рыногының көлемі 1996 жылы 106.6 млрд. долларды құраған.
Еуропаның лизинг рыногы өте күрделі болып табылады. Ол елдердің кейбірінде лизинг қызметі, ол елдің дамуы мен мемлекеттік құрылуына әсерін тигізеді. Қозғалмалы мүлік рыногында шешуші нәтижеге Ұлыбритания ие болып табылады. Ол еуропалық лизинг операцияларының жалпы көлемінің 27% ие, Германия 25%, Франция 11% және Италия 10% иеленіп отыр. Осы елдер сонымен қатар қозғалмайтын мүлік рыногында да үстемдік жағдайына ие болып отыр. Германия 35%, Франция 21%, Италия 49%.
Еуропадағы қозғалатын мүлік рыногындағы объектілер құрылымы ерекше назар аударарлық: автокөлік (37-38%) соңғы 3 жыл ішінде, машиналар, құралдар (24-26%) жол көлігі құралдары (14-16%), компьютер және офистік техника (12-16%), ұшақтар, кемелер, жүк және теміржол көлігі 4-6% және басқа да объектілер 5-6%.
Еуропада 1996 жылы қозғалатын мүлікті лизингке алушылар: жеке өндірістік сектор 47,6%,өнеркәсіп, қүрылыс индустриясы 34,7%, жеке тұтынушылар 7,6%, қоғамдық қызмет көрсетуші кәсіпорындар 3,7%.
Еуропадағы лизинг рыногының ерекшелігі, олардың үзақ мерзімді болуы болып табылады. Оның негізгі себебі инфляцияның төмен болуы, үлттық валютаның тұрақтылығы, заңдық қамтамасыз етілуі болып табылады. Қозғалатын мүлікке лизинг мерзімі 2 жылға дейін -11%, 5 жылға дейін 74,5%, 10 жылға дейін 9,4% және 10 жылға -5,1%. [2]
Қозғалмайтын мүлік лизингі объектілеріне негізінен өнеркәсіптік ғимараттар 25,7%, дүкендер 22,4%, және кеңселер 34,2%. Қозғалмайтын мүлік контрактілерінің мерзімі мынадай: 8 жылға дейін - 18,8 %, 16 жылға дейін - 46,2 %, 20 жылдан жоғары 17%.
Ал АҚШ-та лизинг бойынша арнайы заң жоқ. Лизинг бойынша пайда болатын мүліктік және басқа да қатынастар бірегей сауда Кодексінің пәні болып табылады.
Жапонияда жыл сайынғы лизинг операцияларының көлемінің көбеюі 25-40% аралығын құрайды.
Қытайда жыл сайынғы лизинг мәмілелерінің көлемі 1 млрд, доллардан асып түседі.
Жалпы алғанда лизингтік қатынастар үлкен тарихи дамудан өткенін көруімізге болады. Ол өзінің даму жолында экономиканың дамуына сай әртүрлі өзгеріске ұшыраған.
Қазіргі күнде лизинг инвестицияның негізгі бір құралы болып табылады деп айтсақ та болады. Бірқатар елдердегі арнайы лизинг заңының болмауы лизингтік қызметі жүзеге асыруға кедергі болып табылмайды.
ТМД елдеріндегі лизинг қатынастарының дамуы. ТМД елдеріндегі лизингтің дамуына алғашқы қадам 1990 жылдары жасалды. КСРО Министрлер Советінің 1990 жыл 29 желтоқсандағы Совет-Француз-Герман Евролизинг компаниясының қызметі және лизинг операцияларын дамыту туралы қаулысы негіз бодды. Бұл қаулыда салық салу жөнінде бірқатар жеңілдіктер көрсетілген еді.
ТМД елдерінің ішінде лизингті қолданудың дамуы Ресей федерациясында басымдық алып отыр. Оған Ресей федерациясының 1998 жылы 29 қазанда қабылданған лизинг туралы заңы негіз болды. Сонымен қатар лизингтік мәмілелерге көптеген коммерциялық банктер және сақтандыру компаниялары және ел бюджетінен лизинг операцияларын дамытуға арнайы қаржы бөлінуі үлкен әсерін тигізді.
Ресейдегі алғашқы лизинг компаниялары 1990 жылы құрылды. Бұл "Россия" сауда-лизинг компаниясы болып табылады (Нижний Новгород қаласы), "Ярослав техлизинг" (Ярославль қаласы), және "Балтииский лизинг" (Санкт-Петербург). Бүлардың ішінде тұрақты болған "Балтийский лизинг" компаниясы теңіз және өзен кемелерін, технологиялық құралдар, автокөліктерді лизингке беруде орасан тәжірибе жинақтады.
1994 жылы Ресейдің 15 лизинг компаниялары негізінде Ресейдің лизинг компанияларының ассоциациясы құрылды.
Қазіргі күнде Ресей лизинг компанияларының ассоциациясына лизингтік 32 фирма мүше болып табылады. Қазіргі күнде лизингті қолдану инвестициялық процесстің жүзеге асыру қүралы болып табылады.
Көптеген лизинг компанияларының құрылтайшылары негізінен үлкен коммерциялық банктер болып табылады. Лизинг операциялары банктер үшін әлі негізгі сала болмай отыр, олардың көлемі, олардың мүмкіндіктерімен салыстырғанда әлі де аз. Өйткені лизингке алынған мүлік үлесі негізгі қор көлемінің бір пайызынан аспайды. Себебі орта және үзақ мерзімді операциялардан түсетін кіріс сауда операцияларынан түсетін кіріспен салыстырғанда мардымсыз болып қалады.[3]
1995 жылы РФ Үкіметі № 633 "Инвестициялық қызметтегі лизингті дамыту туралы" қаулысын қабылдады. Ал оған қосымша ретінде "Лизинг туралы уақытша ережені" бекітті.
Қазіргі күнде Ресей федерациясында лизингтік қызмет лицензия берілетін кәсіпкерлік қатарына жатқызылады. Лизингтік қызметті лицензиялауды өкілетті министрлік жүзеге асырады. Лизинг инвестициялық жобаларды жүзеге асыру құралы ретінде ТМД елдерінің көбінде қолданылады, бірақ олардың даму деңгейі әр елде әртүрлі болып отыр. Қазіргі күні бұрынғы одақтас респуликалар арасындағы лизинг операцияларының дамуына көп көңіл бөлінуде.
Лизинг операцияларының өсу тенденциясы мына жағдайлармен түсіндіріледі: мемлекетаралық лизинг қатынастары өндірістік және инвестициялық қарым-қатынастың дамуына ықпалын тигізіп, бірлескен кәсіпкерліктің дамуына да әсерін тигізеді. Қаржы ресурстарының тапшылығы жағдайында лизинг, лизинг субъектілері өнімдерінің бәсекелестігін арттыра алады; Қазіргі күнде ТМД елдері арасындағы халықаралық лизинг қаржысын реттейтін бірегей нормативті құжат жоқ болып отыр, соның негізінде лизинг қатынастарының дамуы тежелуде. ТМД елдерінің лизингті реттеуші ұлтық зандарының өз ерекшеліктері бар. Оларды екі бағыт бойынша бөлуге болады.
Бірінші бағыт барлық елдерге ортақ лизинг қатынасын реттеу тәсілі мен әдісін қамтитын нормативтік актілер. Бұл топ лизинг қызметінің қағидалы ережелерін анықтады, лизингтің заңи базасын, лизинг субъектілерінің сипаттамасын, лизинг мүлкінің кездейсоқ апат болуын, жоғалуын, лизинг берушінің лизинг мүлкін сатып алып лизинг алушының иелігіне пайдалануға, меншікке беруін және лизинг қатынасын сипаттайтын басқа да құжаттарды бекітуді қамтиды.
Екінші бағыт лизинг операцияларын жүргізудегі қызметтердің мамандандырылған жақтарын қамтиды. Белоруссияда материалдық емес активтер лизинг объектісі бола алады. Ал Украинада лизинг мерзімі аяқталған соң мүлік міндетті түрде лизинг алушының меншігіне ауысады, сонымен қатар резидент банктер лизинг операцияларын тек өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Әзірбайжанда лизинг беруші мен сатушы бір тұлға болуына тиым салынган. Ал Өзбекстанда мүлік тек кәсіпкерлік мақсатқа ғана берілмейді.
ТМД елдерінде әрекет етуші нормативтік-құқықтық актілер нақты анықталмаған.
Ресейдің "Рослизинг" компаниясы ТМД елдеріндегі лизинг операцияларын реттеу үшін ТМД елдерінің лизинг конференциясын құруды ұсынады. Сонымен қатар халықаралық лизинг қатынасын жолға қоюдың басқа жолдары қарастырылуда.
Жалпы алғанда лизинг ТМД еддерінің арасында өндірістік-шаруашылық дамуының негізі қалануына онды әсер етуі тиіс деп ойлаймыз.
1.2. Лизинг ұғымы, нысаны және түрлері. Лизинг шартының ерекшеліктрі.
Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы белгілеген сатушыдан мүлікті меншікке алып, лизинг алушыға уақытша кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді. Лизинг беруші мүлікті өз қажеттері үшін емес, жалға беру үшін сатып алады. Әдетте, сатушының міндеттерін орындауы жөнінде лизинг беруші лизинг алушының алдында жауап бермейді. Шарт заты жылжымайтын мүлік болса ол мемлекеттік тіркеуден өтеді, жылжитын заттың лизингі жылжитын мүлік кепілін тіркеу органдарында міндетті тіркеуден өтеді.
Лизинг беру қызметін жүзеге асыратын банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын басқа ұйымдар ҚР Ұлттық Банкінен лицензия алуы тиіс. Басқа тұлғалар лизингті лицензиясыз жүзеге асырады.
Лизингтің нысандары:
- ішкі лизинг – шарттың тараптары түгелдей ҚР резиденттері болады;
- халықаралық лизинг – лизинг алушы немесе лизинг беруші ҚР резиденті емес.
Лизингтің түрлері:
- қайтармалы лизинг – сатушы затты лизинг берушіге сатады және өзі ол затты қайтадан лизинг алушы ретінде жалға алады;
- банк лизингі – бұл жерде лизинг беруші банк болады;
- толық лизинг – бұл жағдайда затты техникалық жабдықтауды, ағымдағы жөндеу жұмыстарын лизинг беруші орындайды;
- таза лизинг - бұл жағдайда затты техникалық жабдықтауды, ағымдағы жөндеу жұмыстарын лизинг алушы орындайды;
Лизинг заты үйлер мен ғимараттар, машиналар, қондырғылар, көлік құралдары, жер учаскелері т.б. тұтынылмайтын мүлік. Лизинг беруші мүлікті сатып алуға, оның лизингке берілетіндігін сатушыға хабарлауға, затты лизинг алушыға беруге міндетті және лизинг төлемдерін, шығындарын талап етуге, лизинг алушының шартты орындауына бақылау жасауға, затты қайтару кешіктірілгенде сол уақытқа лизинг төлемдерін талап етуге құқылы.
Лизинг алушының құқықтары затты иелену, пайдалану, заттың сапасы жөнінде лизинг берушіге талаптар қою, ол шартты бұзған жағдайда лизинг төлемдерін тоқтату, шарт тоқтағанда алдын ала берілген төлемдердің қайтарылуын талап ету, зат берілмесе,кешіктіріліп берілсе, заттың сапасында кемшіліктер болса одан бас тарту немесе ауыстырылуын талап ету, шығындарын талап ету, пайдалану жағдайлары нашарласа лизинг бағасын төмендетуді талап ету. Ал, міндеттері: дұрыс ұсынылған затты қабылдау, лизинг төлемдерін кешіктірмеу, затты шартқа сәйкес пайдалану, заттың күтімін қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарын жүргізу т.б. Бір тарап өз міндеттерін орындамаса, екінші тарап шартты біржақты негізде тоқтата алады. Бұл жағдайда зат лизинг берушіге қайтарылады.
Қазақстан Республикасының "Қаржы лизингі туралы" 2000 ж. 15 шілдедегі заңына сәйкес лизинг қызметі инвестициялар таратуға бағытталған. Лизингтің инвестициялық қызметтің бір түрі ретінде ерекшелігіне мыналар жатады, біріншіден лизинг беруші лизинг шартының пәні болып табылатын мүлікті сатушыдан алып көрсетілген мерзімде лизинг алушыға белгілі бір бағада, белгілі бір мерзімге анықгалған жағдайда уақытша иеленіп кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға береді, екіншіден лизинг алушы лизинг шартына сәйкес кезеңдік төлемдерді түрақты төлеп тұруға міңдеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі лизингті мүлік жалдау шартының бір түріне жатқызады (ҚР АК 564 бабы). Негізінен мұнда лизингке 8 бап арналған.
Қазақстан мамандарының бір тобы лизинг процесі лизинг операциясына қатысушылар арасындағы мүліктің ауысуына байланысты қалыптасатын мүліктік қатынастар кешенін білдіреді деп санайды. Лизинг экономикалық және құқықгық категория ретінде кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрін білдіре отырып, бос жатқан қаржыларды қаржы лизингі бойынша лизинг беруші белгілі бір мүлікті шарт бойынша сатушыдан алып оны лизинг алушыға төлем ..........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Лизинг қызметі және оны мемлекеттік реттеу курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар