Банк ісі | Әлем елдерінде және Қазақстанда лизингтік қатынастар

 Банк ісі | Әлем елдерінде және Қазақстанда лизингтік қатынастар

Мазмұны
1. Лизингтің теориялық негіздері
1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және пайда болу тарихы
1.2. Лизингтік операциялардың негізгі түрлері
1.3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
2. Әлем елдерінде және Қазақстанда лизингтік қатынастарға талдау
2.1. Халықаралық тәжірибеде лизингтік компанияларға талдау
2.2. Лизинг Қазақстан экономикасын көтеру құралы ретінде
2.3. Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері
3. Қазқстан Республикасындағы лизинг бизнесі
3.1. ҚР-ның қаржы нарығындағы лизингтік компаниялардың қызметіне талдау
3.2. ҚР-ғы лизинг бизнесін дамыту жолдары
3.3. ҚР-ғы лизнгтік бизнесті дамытудың перспективалары мен проблемалары

Кіріспе
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындардың қаржылары болып табылады. Міне осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі, экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральды тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржаландыру түріне айналады.
Осы курс жұмысында Қазақстанның лизинг арқылы инвестицияларды тартудың тәжірибесін; лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлерін; Республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы және кедергі факторларға талдау жүргізілген.
Бұл тақырыпты таңдауымның негізгі себептері, біріншіден Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілген жоқ; екіншіден лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептеймін. Зерттеудің негізгі мақсаттары: лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму жолдарын іздеу.
Қазіргі экономиканың дамуы, шаруашылық өмірдің бар салаларына әртүрлі нысанда енетін несиемен байланысты болып келеді. Бұған себеп ретінде банктердің және қаржы-несие ұйымдарының үлкен (масштабты) операциялары, ақша қаражаттарын бөлу, несиенің жаңа нысандары мен түрлерінің пайда болуы, жаңа қатысушылардың бәрін несиелік операцияларға тартуды айтып кетуге болады.
Банктің қызметкерлері, қаржыгерлері лизингті капитал салымын қаржыландыру, негізгі капиталға инвестицияны салу нысаны, және де банктік, инвестициялық қызмет көрсетуге жататын соңғы жылдары индустриалдық мемлекеттерде үлкен дамуға ие болған несиенің (банктік, коммерциялық және сұраныс несиесі) жаңа нысаны деп қарастырады.
Кәсіпорындарда жабдықтың (моральді) ескіруі және (физикалық) тозуы, негізгі капиталды жаңалау үшін керекті қаржылық ресурстардың болмауы, Қазақстанды лизингтік бизнесті дамытудағы перспективті бөлік ретінде көрсетеді.
Қазақстан нарықтық қатынасқа терең дағдарыс жағдайында өтті, бұл кезде сауда-экономикалық байланыстар үзіліп, өндіріс төмендеп, бағаның өсуі инфляцияның ұшып кетуіне, ал ол инвестициялық белсенділіктің тез төмендеуіне алып келді.
Қазақстан экономикасында және басқа да салаларда негізгі капиталдың тозуы қиын проблемалардың бірі болып келеді. Бір жағынан Қазақстан кәсіпорындары жақын және алыс шетелдерінен машина-техникалық импортты, отандық өндіру-зауыттарынан техниканы жеткізуді қажет етеді, ал екінші жағынан техника құнын төлеуде қаражаттар болмауынан және несие алуда қиыншылық туып отыр.
Осы кездегі негізгі қорлар модернизациясын және құрылымдық дағдарысты өтудің ең тиімді жолы, ол инвестициялар, капитал салымын қаржыландыратын арнайы нысан лизинг болып табылады.
1. Лизингтің теориялық негіздері
1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және пайда болу тарихы
Көп жағдайда отандық әдебиеттерде лизингті жалға беру немесе ұзақ мерзімге машина, құрал-жабдық, көлік жабдықтарын және өндірістік құрылыстарын беру деп түсінеді. Бірақ бұл оның бар мәнін, анықтамасын ашпай, тек тар мағынада ғана айтылып жатыр.
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалдан айырмашылығы бар. Жалға алушыдан лизинг алушының айырмашылығы, ол объектіні ұзақ пайдалануға алады, сондай-ақ мүлікті төлеу, оның тозуын, жоғалуын өтеу, сақтандыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуде сатып алушы ретінде міндетін атқарады. Бірақ мүлік иесі болып лизинг беруші қалады. Егер мүлік тозып немесе жұмыс істеуге жарамаса, оның барлығына лизинг алушы жауапты болады. Лизинг алушының жалға алушыдан айырмашылығы ол объектіні пайдалану құқығы үшін ай сайын төлемін емес, бүкіл толық құнын төлейді. Пайдаланар алдында объектінің бүлінген жерлері байқалса, оған жабдықтаушы жауапты болады, ал лизинг берушінің бұған қатысы болмайды. Себебі лизинг беруші объектіні лизинг алушының сұрауымен алады.
Жалға беруші жалға беру келісім-шарты Жалға алушы
Мұнда екі жақты, ал лизингтік келісімде үшжақты және көп жақты келісім байқалады.
Өндіруші-жабдықтаушы сату-сатып алу келісім шарты Лизинг беруші жалға беру келісім шарты Лизинг алушы Лизингтің мәнін толығымен келесі анықтама ашады.
Лизинг- бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда- саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Экономикалық мағынада лизинг – ол лизинг берушінің лизинг алушыға мүлікті пайдалануға беретін несие деп түсінуге болады. Несиелік қатынастың субъектілері болып, мұнда қарыз беруші-лизинг беруші және қарыз алушы–лизинг алушы, ал ссуда объектісі –машиналар, құралдар, көлік жабдықтары және басқа да негізгі жабдықтар элементтері.
Бұл мезетте лизинг сыртынан коммерциялық несиеге ұқсас, бірақ бұлардың арасында айырмашылықтар бар. Коммерциялық несие кезінде, несие объектісі несие алушыға беріледі, сонымен қатар оның тауарға деген меншік құқығы қала береді.
Ал лизинг берілгенде лизинг берушінің объектіге деген иелік құқығы өзінде қалады, ал объектіні пайдалану құқығы лизинг алушының меншігінде болады. Осыдан кейін ол лизинг объектісіне төлем төлейді. Мерзім аяқталғаннан кейін объект лизинг беруші меншігінде қалады. Лизинг алушының лизинг келісім-шартының уақыты аяқталғаннан кейін (объекті құнын төлегеннен кейін) объектіні сатып алуға және оған иелік етуге құқығы бар.
Коммерциялық несие кезінде сату-сатып алу келісім-шарты жасалады. Ал лизингте мұндай келісім-шарт жоқ. Лизинг, мүлікті сатып алудан басталмауы мүмкін, өйткені ол лизингтік компанияның меншігінде де болуы да мүмкін.
Коммерциялық несие қысқа мерзімді болады, ал лизинг көбінесе ұзақ мерзімді, бірақ кейбір кезде орта және қысқа мерзімді де болуы мүмкін.
Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы (жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті келісім-шарттар жиынтығы.
Лизингтік мәміленің сызбасы
Суреттегі келтірілген белгілер:
1. лизинг алушы және лизинг беруші арасындағы лизингтік келісім шарт;
2. лизингтік компания және өнеркәсіп-жабдықтаушы арасында сатып алу-сату келісімі;
3. лизинг беруші және банк арасында несиелік келісім-шарт жасасу;
4. лизинг алушыға өнеркәсіп-жабдықтаушының техниканы жеткізу;
5. өнеркәсіп-жабдықтаушыға лизинг берушінің техника құнын төлеуі;
6. сақтандыру компаниясы мен лизинг беруші арасында сақтандыру келісім-шартын жасасу, сақтандыру салымын төлеу;
7. лизинг берушіге лизинг алушының лизингтік төлемдерді кезеңді түрде аудару;
8. банктік несиені пайдаланғаны үшін лизинг берушінің пайыздарды өтеуі;
9. лизинг берушіге салықтық жеңілдіктер ұсыну және жергілікті бюджетке салықтық төлемдерді төлеу.
Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т.б. тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.
Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:
- Лизинг беруші- лизингтік мәмілені іске асыру барысында меншікті немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг объектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік құнының ауысуымен немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды тұлға.
- Лизинг алушы- лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
- Мүлікті сатушы (жабдықтаушы)- лизинг берушімен сату- сатып алу шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген уақытта лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа да несиелік мекеме)- лизинг объектісін сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, Оларға:
- Сақтандыру компаниясы- лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда болатын әр түрлі тәуекедерді сақтандыратын заңды тұлға. Лизингтің кез-келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Дамыған мемлекеттердегі қаржы лизингінің жағдайын талдай отырып, лизингке берілетін объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:
- Көліктік (ұшақтар, автомобильдер, су кемелері, темір жол
вагондары және т.б.);
- Байланыс құралдары (радиостанциялар, спутниктер және т.б.);
- Ауыл шаруашылық құрал- жабдықтары;
- Құрылыстық топ (крандар, бетонараластырушылар және т.б.);
- Басқа да құралдар;
Лизингтің пайда болуы
Лизингпен байланысты бар экономикалық-құқықтық қатынастар шаруашылық байланыстар тарихының жаңа кезеңі деп санаймыз. Бірақ ол бұлай емес. Құжаттарға сай адамға жалға беру (лизинг) бұрыңғы уақыттан бері таныс.
Ерте кезде лизинг мүліктін кейбір түрлерін жалға берумен шектелген жоқ. Тарихтан белгілі, ауыл шаруашылығында әртүрлі техникалар мен құрал-жабдықтарға қоса, әскери техникаларда жалға берілді.
ХХғ. басында Ұлыбританияда өнеркәсіптін дамуына, әртүрлі жабдықтар түрлерінің көбеюіне байланысты лизингке берілетін тауарлар көлемі дде өсті. Мұнда теміржол көлігі және таскөмір өнеркісібінің дамуы басты рольді ойнады.
АҚШ-та да әртүрлі техника мен жабдықтарды жалға беруді қаржыландыруға сұраныс та белгіленіп отыр. Ең алғашқы тіркелген жалға беру келісім-шарты ХІІІғ. Басында АҚШ-та пайда болды, онда гильдия мұшелері аттарды, фургондарды және коляскілерді сол бойынша жалға алды. Ары қарай лизингтін дамуы Ұлыбританияда теміржол көліктерінің дамуымен сипатталады.
ХХғ. басында көптеген теміржол лизингтік компаниялар, жіберілетін жүктін өсуі ұзақ мерзімді басқаруды немесе вагондарды монопольды пайдалануды қолдамайтынын білді, ол жабдықтарды трасты (сенімді) пайдалануға алып келді. Оның орнына қысқа мерзімді пайдалануды сұрады. Трастар қысқа мерзімде жұмыс істейтін контрактілерді ұсына бастады. Контракт аяқталған соң вагондар жекеменшік құқығы бар жалға берушіге қайтарылуы тиіс. Осындай жал келісім шарттары алғашқы лизингтін пайда болуын тудырады.
Тарихта лизинге ұқсас операцияның б.э.д. 2000 жыл бұрын ертегі Вавилонда жасалғандығы белгілі. Ағылшын авторы Т.Кларк б.э.д. 1760ж. қабылданған Хаммурапи патшаның заңдарында лизинг туралы бірнеше баптарды көрсеткен. Рим империясында лизинг туралы заң актілері Юстиан Институцияларында көрініс тапқан. Шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877ж. “Белл Телефон Компани” деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. “Юнайтед Стейтс лизинг корп.” атты алғашқы лизингтік компания 1952ж. Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962ж. “Дойче лизинг ГМбХ” деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972ж. бері европа лизинг нарығы дамып келеді.
АҚШ-тың коммерциялық банктері лизингтік операцияларға 60жылдардың басында қатыса бастады. Лизингтік бизнестің дамуына 1971ж. Федералды резерв жүйесін басқаратын Кеңес шешімі әсер етті, ол жабдықтарды, ал сосын жылжымайтын мүлікті банктің еншілес фирмалары жалға бере бастады.
1991ж. маусымда құрылған, ал желтоқсан айынан бастап халықаралық кеңестік-немістік “Евролизинг” лизингтік компания жұмыс істеуге кірісе бастады. Оның құрылтайшылары болып кеңес жағынан КСРО Внешэкономбанк, Совморфлот және Госснаб КСРО, француз жағынан Европаның ең ірі банктерінің бірі “Банк Насиональ де Пари” (Bank National de Paris), ал неміс жағынан Батыс Германияның ең ірі лизингтік компанияларының бірі –“Митфинанц ГмбХ”.
Сонымен қатар халықаралық операцияларда лизингті пайдалану өте маңызды болған жоқ. 80 жылдардың аяғына дейін лизингтін дамуы толық жүзеге аспады, себебі кеңес кәсіпорындарында шетел жабдықтарын сатып алуға шетел ақшасы болмады. 1989ж. сәуір айынан бастап кәсіпорындар сыртқы нарыққа шығуға жекеменшік құқығын алды, олардың көбісінде жеке ақша түсімінің қайнар көздері пайда болды. Сонымен қатар, басқа жағдайда ақша ресурстары жоқ кәсіпорындар шетел жабдықтарын және техникаларын пайдаланды. Бұл үшін осы жабдықта өндірілген өнімді оларға жеткізілгенде төлем ретінде саналады.
Алғаш лизингтік операциялардың отандық нарықта дамуы 1989ж. ортасында, шаруашылықтын жалға беру формаларына кәсіпорындардың өтуімен атап кетуге болады.
Лизингті негізгі белгілері бойынша талдау
Негізгі белгілер “лизинг” түсінігін талдау
тар аралық кең
1.экономикалық мазмұндама және лизингтік келісім-шарттын құқықтық нысаны
Бірмәнді анықтама
а) жалға беру нысандары
ә) ұзақ мерзімді жал беру нысандары
б) қаржылық жал беру
в) мүлікті жалдау нысаны
г) инвестициялар, капитал салымдарын қаржыландыру нысандыры
ғ) өнімді өткізү нысандары
д) сыртқы сауда нысандары (экпорт, импорт) Екімәнді анықтамалар
а) лизинг-несие
ә) несие-жалға беру
б) жалға беру- сату
в) жалға беру-амортизация және т.б.
немесе операция:
а) қаржылық-коммерциялық
ә) несиелік-жалға беру
б) саудалық-жалға беру, сатып алуға опцион құқығын қосу және т.б. Көпмәнді анықтамалар
а)капитал салымдарын қаржыландыру және өткізу белсенділік нысаны
ә) сатып алу-сату, қарыз және т.б., мұнда сатып алуға опцион құқығы кіретін, және жал берумен байланысты мүліктік қатынастар кешені....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру