Педагогика | Педагогикалық шеберлік

 Педагогика | Педагогикалық шеберлік

Мазмұны

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1) Педагогикалық шеберлік.
2) Педагогтардың педагогикалық шеберлік туралы ой-пікірлері.
3) Жаңа оқу жүйесіне көшу
4) ХХІ ғасырдағы мұғалім мен оқушының ара- қатынасы.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы:
Педагогика ғылымы адам туралы басқа ғылымдармен тығыз байлынысты. Өйткені адамды жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олар: философия, физиология, психология, тарих, география, саясаттану, медицина, әлеуметтану және педагогиканың басқа да салаларымен тығыз байланысты.
• Философия- бұл адамды күшті идеалық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
• Психология-адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудың әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.
• Әлеуметтану-жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылжайды.
• Этнография-белгілі бір халықтың экономикасын және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді.
• Адам физиологиясы- бала организмдегі жоғарғы нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
• Мектеп гегиенасы- жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.

Педагогикалық шеберліік
Педагогикада кәсіби қызметінің сапасын анықтайтын бір тұтас әрі жүйелі түсінік «педогогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік» белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғпры нәтижеге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көрес аламыз ба? Жоқ себебі, педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әкімшілік пен тәрбиелікті обьективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни бір адамның педагогтың өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту асласы бойынша халық комиссары А.В луначарскийдің мақалалары мен басылымдарында жарияланған сөздерінен білеміз. 1928жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан «егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құйуға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немес күәсіздықтың үлкен кінәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек» дейді.
Н.К. Крупская 1932 жылы жарыққа шыққан «мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерейі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады. Мұғалім өз пәнін, әрбір оқушын.ы еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білу керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.
Педогогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С. Макаренконың пікірлеріне сүйенре болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде білікутің болуы». Бұл жөнінде ол: «мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім дейді». Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру – өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі өнер болып табылады». Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мында кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет –әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді.
Кеңес педогогикасы педогогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез – құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
В.А. Сухоминский (1981ж) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді. Дегенмен ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тән ті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: идеалдар мен қағидалардың, көзқарас пен талғамның, симпатия мен антипатияның, моральтдық – әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гормональды тұтастығы міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санысн онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.М. Щербаков (1968ж) педогогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық.
Бұл өнердің басты атрибуты –өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.Азаров (1971ж) тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педогогикалық шеберліктің негізгі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі. Сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немес ұжымға жаппай эмоциональды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады.
Міне, шеберліктің құдіреті – осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П. Азаров (1989) қалың оқырман қауымына арналған публистикалық басылымында: «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді.
Шеберлік.... істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек, мен технология деп атап отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарыс-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.
Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде ауылдық мектептерде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді жаңа сатыға көтеріп, жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру өзектілігі артуда.
Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесіне жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір жолы – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр.
Қалыптасқан білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті – тек қана қосымша бір немесе 2 жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке мектептердің алдындағы негізгі міндет- жоғары сапалы тұлға даярлау, өйткені оқушы мен мұғалім арасында мүлде жаңа қатынас пайда болады. Сондықтан оқушыларға білімділік пен қатар тәлім тәрбиенің құралдарын, тәсілдерін педагогикалық іс-әрекет түрлерін меңгерту қажет. Оқушы даярлауды жоғары жаңа сапалық деңгейге көтеру, оқу процесінде ынтымақтастық педагогикасын іске асыру, тәрбие жұмыстарын тез игеріп, іскерлік қабілетін дамытудың маңызы артуда. Сабақ барысында оқушыны ізденушілікке шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі білім беру саласының маңызды міндетінің бірі болып саналады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру