Педагогика | ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

 Педагогика | ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Мазмұны

І. КІРІСПЕ ..............................................................................................3

І ТАРАУ. ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
1.1.Педагогика тарихы мен оның даму жолдары.........................................5
1.2.Педагогика ғылымының даму кезеңдері, оның қазіргі кезеңдегі міндеттері.........................................................................................................8
1.3. Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылым салаларымен байланысы.....................................................................11

ІІ. ТАРАУ. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
2.1. Халық педагогикасында тәрбие мәселесі...................................................14
2.2. Қазіргі мектепте оқушыларды тәрбиелеу жолдары...................................17

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................... 20
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................22
V. ҚОСЫМША..........................................................................................24


1.1 Педагогика тарихы мен оның даму жолдары
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым -білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін» тигізбейді.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы — тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие — жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика пәнін және оны зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда — қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада — тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) — объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада «мақсат», «құрал», «тәсіл», «даму» және «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ, олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес тоқталамыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі — тәрбие. 'Тәрбие жайында осы уақытқа дейін ор түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір жақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Мұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді, сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.
Педагогика ғылыми тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, өйткені тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В. И. Ленин. Сондықтанда Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К. Д. Ушинский: «...мектеп, тәрбиеші не ұстаздар — адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес оның сонша күшті, ал мүмкін және әлде қайда күшті тәрбиешілері: табиғат, үйелмен, қоғам, халық... және оның тілі болады, — деді.
Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері педагогикалық талаптардан басқа (әр түрлі дәстүр, үйелмен ішіндегі қарым-қатынас және т. б.) себептерге де байланысты. «Тәрбие» термннің әрдайым тар мағынада «тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада өмір тәрбиелейді» деп қолданады. Мұның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тар мағынада тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие — көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады. Олай болса тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.


1.2 Педагогика ғылымының даму кезеңдері, оның қазіргі кезеңдегі міндеттері
Педагогика ғылымын дамытуда үлкен үлес қосқан ірі ғалым-педагог Н. К. Крупская. Ол Ұлы Қазан төңкерісінен ке-йін А. В. Луначарский, М. II. Покровский сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірге қызмет істей отырып, педагогика ғылымын дамытуда татымды еңбек етті. «На путях к новой школе» журналының беттерінде маңызды педагогикалық мәселелерді үнемі жариялаумен қатар, оны әлеуметтік-педагогикалық ойлардың органына айналдырды.
Н. К. Крупская еңбектері оның он томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Ол педагогика ғылымының барлық салаларына көңіл бөлді. Әсіресе, ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, үйелмен тәрбиесі, политехникалық білім, балалар ұжымының рөлі, оқушылардың өзін-өзі басқарушылығы, мінез-құлық, еңбек, эстетикалық және интернационалдық тәрбие мәселелерін ерекше зерттеп, кұнды педагогикалық мұра қалдырды. Бұл Н. К. Крупская-ның 20 жылдан астам істеген қызметінің нәтижесі. Оның басты еңбектері: «Халыққа білім беру және демократия», «Семья және мектеп», «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе» т. б.
Н. К. Крупская эмиграцияда жүрген кезінде (Швейцария) Халыққа білім беру және демократия» (1915 ж.) деген ірі педагогикалық еңбегін жазды. Бұл кітапта оқулы өнімді еңбекпен ұштастырып жүргізу туралы демократиялық көзқарастарға талдау жасалынды, келешек қоғам мектебінің негізгі ерекшеліктері сипатталды.
Педагогикалық тақырыптарға жазылған бірсыпыра құнды еңбектер педагогика ғылымының дамуына осы әсерін тигізді. Олар: «Советская педагогика за десять лет (1917-1927)», ав-торы А. П. Пинкевич, А. Г. Қалашннковтың редакциясымен дайындалған үш томдық «Педагогикалық энциклопедия» (1927-1928); И. А. Каировтың (Москва, 1939) және П. II. Груздева-ның (Ленинград, 1940) редакциясымен жазылған педагогика оқулықтары т. б.
Ірі педагог Антон Семенович Макаренко (1888 - 1939) педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйініп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
А. С. Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның 1983 — 1986 жылдары жазылып баспадан шыққан сегіз томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын үйымдастыру әдістемесі", «Советтік мектеп тәрбиесінің проблемалары», «Ұстаздық дастан", "Мұнара үстіндегі тулар», тағы да көптеген педагогикалық және әдеби тақырыптарға жазылған повесть, мақалалар, әңгімелер мен очерктер. Бұл еңбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымын, оқушыларға қойылатын бірыңғай педагогикалық талаптарды зерттеп жинақтады.
Қазіргі кезеңде тұрған басты міндеттердің бірі — Макаренконың идеялары мен тәжірибесін кеңінен оқып, терең зерттеп оқу-тәрбие мекемелерінде шығармашылықпен қолдану. Бұған А.С. Макаренконың мұрасын тәрбие жұмысында пайдалану мәселелері жөнінде 1972 жылы наурыз айында Петропавл қаласында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция немесе осы жылы наурыздың 27-29 күндерінде Мәскеу қаласында болған Бүкілодақтық симпозиум дәлел бола ала-ды. Бұл симпозиумға оқулықтың авторы Ж. Коянбаев қатысты. Симпозиумге қатысқан педагогтар, Макаренконың тәрбиеленушілері мен жақын серіктері, бірсыпыра елдердің ғалымдары. Гюнтер (Германия), А.Левин (Польша), Н. Чакыров (Болгария), Во Куанг Фук (Въетнам), т. б. А. С. Макаренконың бай тәжірибесі мен тәрбие жұмысы теориясын уағыздап қана қоймай, оның еңбектерінде тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатымен ғылым негізінде қолданудың қажет екендігі туралы бірыңғай тұтас пікірлер де болды. А. С. Макаренконың идеялары, мысалы, Польша мектептерінде 1946 жылдан қолданыла бастады, ал Германия педагогтары А. С. Макаренконың шығармаларын 1962 жылы неміс тілінде 8 томдық етіп баспадан шығарды.
А. С. Макаренко педагогиканың үздік шыққан жаңашыл қайраткері, оның идеяларын меңгеру — педагогикалық ғылымды дамытудың маңызды факторы.
Сонымен жаңа өмірге сәйкес прогресшіл педагогтардың мұраларын шығармашылық тұрғыдан пайдалану — тәрбиені дамытудың және оның ғылыми негізін жасаудың басты жолдары.
Қазіргі жағдайда педагогика ғылымының жетістіктері жан-жақты пайдаланылмайынша, жастарды барлық жағынан бірден үйлесімді етіп дамыту мүмкін емес. Өйткені, жас ұрпақ халқымыздың мұраттарын сөз жүзінде біліп қоймай, оларды күнделікті істермен тығыз байланыстыра білуі қажет. Міне, осы тұрғыдан педагогика ғылым мен техниканың өскелең дәрежесіне сан тәрбие мен оқытудың ғылыми негізін жасайды.
Педагогика ғылымы философия, социология, психология ғылымдарына сүйеніп, жастарға тәрбие және білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді, жалпы политехникалық және кәсіптік білім берудің практикасы мен байланыстың зерттейді, тәрбие ісінде мектептің, үйелменнің және жұртшылықтың рөлі мен бірлігін анықтайды, адамды дамытуда және қалыптастыруда енбектің рөлін жан-жақты зерттейді, озат педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.
Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде «Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы» (1992), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасы» (1992), Қазақстан Республикасының «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы» (І993), Қазақстан Республикасының «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізуде.
Педагогика жаңа идеяларды басшылыққа алып, оқушыларды терең және баянды біліммен қаруландырудың, оларды өмірге, мамандықты сапалылықпен алуға әзірлеудің бұдан былай да тиімді тәсілдері мен әдістерін анықтап дамыта береді.

1.3 Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылым салаларымен байланысы

.
Педагогика мен психология ғылымдарының зерттейтін объектісі — адам. Бірақ, зерттеу екі бағитта жүргізіледі де, бір нәтижені көздейді. Мысалы, психология адамның мінез-құлқындағы түрлі ерекшеліктерінің механизмін ашуды қарастырса, ал падагогика адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді. Педагогика ғилымы басты проблемаларды психологияның көмегімен шешеді. Мысалы, педагогика ұжым жайындағы теориялық мәселелерді шешуде әлеуметтік психологияға, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психикалық даму заңдылықтарына байланысты мәселелерді – жас ерекшелік және педагогикалық психологияға, эстетикалық тәрбие теориясын қарастырғанда – психикалық сезімдерге, әсіресе, адамның таным әрекетіне байланысты сезімдер мен объективтік шындықтың сұлулығын қабылалудан туатын көңіл-күні эстетикалық сезімдерге сүйенеді.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі — жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалімнің жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және тео-.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру