Банк ісі | Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау және жетілдіру (АҚ «Казкоммерцбанк» мәліметтері бойынша)

 Банк ісі | Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау және жетілдіру (АҚ «Казкоммерцбанк» мәліметтері бойынша)

Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………....……………………….....3
1.Бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың теориялық негізгідері
1.1.Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік........................................5
1.2.Қарыз алушының несиелік өтінішін талдау...................................................12
1.3.Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтаудың әдістері..........................15
2.Бөлім. АҚ «Казкоммерцбанктің» экономикалық мазмұны......................23
3.Бөлім Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау және жетілдіру (АҚ «Казкоммерцбанк» мәліметтері бойынша)
3.1.Қаржылық коэффициенттер және оларды есептеу тәсілдері.......................32
3.2.Қарыз алушының несиелік қабілетінің рейтингісін анықтау.......................51
3.3.Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтаудағы жетілдіру жолдары.....56
3.4 Ұйымдастыру бойынша ұсыныстар………………………………………...60
Қорытынды..............................................................................................................64
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………….....66
Қосымшалар............................................................................................................68

Кіріспе
Қазіргі Респбликасындағы қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде эконмикалық және қаржылық ортларының қалыптасу процесі жалғасу үстінде. Осы жағайда экономикалық агенттердің арасындағы нарықтық қатынастар қалыптасып және экономиканың көптеген аспектіллеріне көзқарастар өзгеріп, олар жаңа тұрғыдан қарауда.
Бүгінгі күндегі қазақстанның экономикалық ғылымы негізінен өтпелі кезеңнің экономикалық мәселелерін зерттеуге жұмылдырып отыр. Соның ішінде, дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес банктік секторды қалыптастыру – ең бір өзекті мәселе болып табылады. Республикадағы банктік құрылымның таза мемлекеттік жүйесін дүниежүзінің көптеген елдерінде қалыптасқан екі деңгейлі жүйесіне өзгерту барысында банктік инфрақұрылымның дамуына сапалық тұрғыдан жаңа жағдайлар жасалуда.
Кез келген экономика үшін коммерциялық банктердің несие беру арқылы ақша жасау қабілетінің маңызы зор.
Нарықтық экономикада несие ең алдымен капиталдың экономиканың бір саласынан басқа салаларға ағылуының және пайда нормасын теңестірудің тетігі ретінде қажет. Капитал өндіріс құралдары түрінде салалардың арасында ағыла алмайтын болғандықтан, әдетте бұл процесс ақша капиталының формасында жүзеге асырылады. Негізгі капиталдың қозғалысы процесінде құнның бір бөлігі уақытша пайдаланылмайды ақшалай формада банк шоттарында қалады. Капиталдың уақытша босаған бөлігі несиелік формада өз қозғалысын қарыз ақшалары түрінде жалғастырады. Несиелеу жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар қорларының айналымның үздіксіздігін және өндірілген тауарларды өткізу процесін қамтамасыз ету үшін қажет.
Несие беру банктік қызметтің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Нарық жағдайында қызмет ететін кез келген кәсіпорын сияқты банк шығынға және банкротқа ұшырау тәуекеліне барып, пайдасын жоғарлатуға иырысады. Кез келген несие, белгіленген бір шарттарға сәйкес беріледі: олар несиенің мақсаты, қарыз алушының сипаты, несиенің мерзімі,ұсыныып отырған несиені қамтамасыз етудің көлемі мен өтімділігі және т.б. Несие беру туралы шешім қабылдауға мұқият қарау несиелік тәуекелге, яғни несие бере отырып қарызға берген құнның өтелмеу немесе уақытында қайтарылмау тәуекеліне байланысты. Жүниежүзілік банктік тәжиребе көрсеткендей коммерциялық банктердің пайдалылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін несиелік тәуекелді жүйелі басқару қажет.
Қарыз алушы банкке несие алу өтінішпен келген кезде ең алдымен несие беру тәуекелін бағалап талдай білу керек. Бұл үшін несие берумен байланысты барлық негізгі сұрақтарды зерттеп, несие беру туралы шешімнің дұрыстығын алу керек. Несиелік тіуекелді төмендетудің және оны алдын алудың бір құралы – қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.
Коммерциялық банктердің нақты секторды несиелеуде басты мақсаты қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауды жетілдіру арқылы өздерінің тәуекелдерін төмендету, сондықтан да диплом жұмыс тақырыбы қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Диплом жұмысымның мақсаты – коммерциялық банктердің қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалау және талдау. Сол сияқты клиенттің несиелік қабілетін талдаудың этаптары мен әдістерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсету және осы орайда Қазақстан Республикасында несиелік бюроларды дамыту арқылы қаржылық делдалдыққа көңіл бөлу. Қойылған мақсаттарға жету үшін, келесі міндеттер алға қойылады:
-Коммерциялық банк клиенттерінің несиелік қабілетін бағалаудың теориялық аспекілерін ашып көрсету;
-«Оазис» компаниясының ағымдағы жағдайына талдау жасау;
-Осының негізінде клиенттердің несиелік қабілетін қаржылық коэффициеттерді салыстыру арқылы бағалау;
-«Оазис» компаниясының ақшалай қаражаттар қозғалысын талдау арқылы несиенің қайтарылуы немесе жобаның өтелу уақытын анықтау;
-Несиелік тәуекелді төмендету мақсатында клиенттің рейтингісін анықтау;
-Шетел тәжірибесін қолдана отырып, Қазақстан Республикасында қаржылық делдалдықты дамыту мәселесін көтеру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында т.б. материалдар пайдаланды: Правила краткосрочного кредитования экономики РК НБ 11 февраля 1994г., ресейлік және Қазақстандық оқулықтар, өндіріс қайта өңдеу мен қызмет көрсету саласындағы болашақ қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау және жобаның экспертизасын жүргізу бойынша методикалық нұсқаулар, «Оазис» компаниясының 2002ж. көрсетілген мерзімдерге бухгалтерлік баланстары мен қаржылық нәтижелері туралы есеп берулері, «Оазис» компаниясының өндірістік қуаты, өнімінің өзіндік құндары, тұрақты шығындары туралы мәліметтер, ЖШС «Оазис» жобалары бойынша АҚ «Казкоммерцбанк» несиелік инспекторларымен жазылған эксперттік қорытындылар, АҚ «Казкоммерцбанк»-тің рейтингісін есептеу бойынша нұсқаулығы, мерзімді басылымдар.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1.бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдаудың теориялық негіздері
1.1. Қарыз алшының несиелік қабілеті туралы түсінік
Банк несие беру туралы шешімді қабылдаудың алдында қарыз алушының төлем қабілетін, несиелік және қаржылық тұрақтылығын бағалау керек.
Бұл жерде қарыз алушының төлем қабілеті мен несиелік қабілеті түсініктерін анықтауда айырмашылықтар бар.
Кәсіпорынның төлем қабілеті – бұл міндеттемелер мен берешектердің барлық түрлерін уақытылы өтеу қабілеті мен мүмкіндігі ғана сипаттайды. Сонымен бірге несиелік қабілеттің сипаттамасы төлем қабілетпен салыстырғанда өзгешелеу болуы керек, өйткені несиені өтеу банкпен кепілзатқа алынған мүлікті өткізуден түскен түсім, қаражаттардың уақытылы қайту кепілдігін қолдану немесе несиені өтеуді сақтандыру есебінен жүзеге асуы мумкін.
Қарыз алушының несиелік қабілеті оның төлем қабілетімен салыстырғанда өткен кезең немесе белгілі бір күндегі төленбеген төлемдерді тіркемейді, ол жуық арадағы қарыздың өтелу қабілетін болжайды. Өткен кезеңдегі төлем қабілетсіздік дәрежесі – клиенттің несиелік қабілетін бағалауда сүйенетін ресми көрсеткіштердің бірі. Егер қарыз алушының мерзімі өткен берешегі болса, ал балансы өтімді және меншікті капиталының мөлшері жеткілікті болса, өткен мерзімдегі банкке төлемдердің бір жолғы кідірісі клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз емес. Несиелік қабілетті клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзаққа созылған төленбеген төлемдерге жол бермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі нақты бір қарыз алушыға нақты қарыз берумен байланысты банктің жеке тәуекелінің деңгейін куәландырады.
Несиелік өтініштерді бағалауда нақты қарыз алушымен байланысты барлық сұрақтарды талдаумен қатар, ол қызмет ететін аудан мен саладағы қалыптасқан экономикалық жағдайды талдау қажеттілігі де туады. Қарыз алушылардың халықаралық сауда – экономикалық және қаржылық операцияларымен байланысты несиелерге өтініштері дүниежүзілік валюталық нарық коньюнктурасы есебімен қарастырылады.
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретіңде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкіметте, сондай – ақ жеке азаматтар пайдаланады. Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – ауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды. Көбіне нсиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарда түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Несие – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Экономикалық категория ретінде, несие - бұл кәсіпорындар, ұйымдар мен бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Несиенің қызметтері:
• Қайта бөлу
• Айналыс шығындарын үнемдеу
• Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру
• Капиталдың шоғырлануын жеделдету
• Ғылыми – техникалық прогрессті жеделдету
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді. Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, оларыдың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады. Отандық және шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:
• Коммерциялық несие
• Банктік несие
• Тұтыну несие
• Мемлекеттік несие
• Халықаралық несие
• Ипотекалық несие
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Тұтыну несие – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Мемлекеттік несие – мемлекет және жергілікті билік ұйымдарының өздері қарыз алушы немесе қарыз беруші болып табылатын заңды тұлғалар мен азаматтарға байланысты қалыптасатын несиелік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Халықаралық несие – валюта және тауар ресурстарын қайтару, сондай – ақ пайыз төлеу шартында берумен байланысты болатын халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалысын білдіреді.
Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
Несиелеуді ұйымдастыру қағидалары:
• Несиенің мақсаттылығы несиенің қандай мақсатқа берілуі
• Несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы несиені берген мерзімі және қай жылға дейін қайтаруы
• Несиенің ақылығы қарыз алушының несие алған уақыттағы сомадан өсіп беруі
• Несиенің қамтамасыз етілуі неисенің қаншалықты толықтырылғаны
• Несиенің сый ақылығы қарыз алушы алған сомасын өз уақытынан алдынала төлеп қоюы.
Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау несиені қайтару көздерін талдаудан басталады. Бұл талдау клиенттің несиеге өтінішін қарастыруды жалғастыру немесе қабылдамау туралы алдын – ала шешім жасауға мүмкіндік береді. Алдын – ала шешім қабылданған жағдайда клиенттің несиелік қабілеті мен жобаның келешегін зерттеу жалғасады. Қарыз алушының жұмыс тенденцияларын анықтау мақсатымен оның барлық қызметі уақыт аралығында талданады. Қарыз алушыны бағалау негізі түрлі көрсеткіштер арқылы қалыптасады. Бағалаудың мәлімттері өте маңызды, бірақ талдауды алмастыра алмайды. Олардың дәстүрлі түрлеріне 2 «К» және «З» сипаттамасын жатқызуға болады, яғни: несиелік рейтинг, капитал, қарыз қуаттылығы. Бұған қосымша тағы 2 сипаттама бар, олар «К-К-З» сызығын «К-К-З-Д-З»-ға айналдырады, яғни несиелік рейтинг, капитал, қарыз қуаттылығы, ақша қаражаттарының қозғалысы, кепілзат. Көрсеткіштердің келесі жиынтығы кеңдеу және маңыздылау, оны әдетте «несие сипатының 5 таянышы» деп тайды: облыс жағдайының жалпы сипаттамасы, кәсіпорынның бәсеке жағдайы, қаржылық шарттар, басқару және кепілзат сапасы. Сонымен қатар «5 Си» және «6 Си» ережелері қолданылады, мұнда клиенттерді іріктеу критериялары «Си» әрпіне басталатын сөздермен белгіленген. (Қосымша 1)
1. Қарыз алушы репутациясы. Несиелік мәмілеге қатысты қарыз алушының репутациясы – бұл қарызды қайтару әзірлігі, сонымен қатар келісімшарттардан туындайтын барлық міндеттемелерді орындауға ықыласы. Жақсы репутатция адалдық, парасаттылық, ынта сияқты қасиеттермен сиппатталады. Қарыз алушының бұл қасиеттері нарық жағдайында айрықша көрінуі керек, өйткені бұл кезде мәмілелер іскер адамдар арасында жоғарғы органдардың инструкциялық нұсқаулары негізінде емес, серістестік, өзара сенімдік негізінде жасалынады. Бірақ қарыз алушының репутациясын анықтау – оңай іс емес. Сондықтан оны бағалауда банктер негізінен өз иелігіндегі қарыз алушының өткен кезеңдегі міндеттемелерін орындауға қатынасын сипаттайтын мәліметтерге сүйену керек. Басқаша айтқанда, репутация – бұл төлем міндеттемелерін толық және уақытылы өтеуге ішкі қызығушылық, бұрын алынған несиелер бойынша есептесулерде мұқияттылық.
Адал клиент қандай қиын жағдайда болса да, алынған міндеттемелерді орындау үшін бар күшін салады. Сенімсіз клиент банкке қарызын бос ақша қаражаттары болғанда ғана өтейді. Қиындықтар туған жағдайда, ол берешегін төлеуді тоқтатады немесе мерзімін шегіндіреді. Банктер бұл жағдаймен қазіргі кезде соқтығысуда, өйткені клиенттердің негізгі бөлігін сенімсіздерге жатқызуға болады.
2. Қаражаттарды қарызға алу мүмкіндігі – соңғы факторлар мен формаларының шаруашылық субъектілері кұқықтық, ұйымдастырушылық құрылымының, министр қызметіне және оның акционерлік қоғамға бағынушылық сипатының өзгеріп жатқандығымен банкке қарыз алушынның құрылтайшылық құжаттарының (жарғы, ережелер, келісім - шарттар, хаттамалар,тіркеу туралы шешімдер), бұл заңды тұлғаның құқыққа сәйкес қызмет етуі және оның өндіріс немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыруының, шаруашылық жүргізу құқықтарының толықтылығы (әсіресе ұжымдық – корпоративтік меншік формасында) және оның атынан (құжаттарға қол қоюға өкілетті тұлғалардың көрсетілуімен) қарызды рәсімдеу мен алуда лауазымды тұлғаларды құқықтық өкілеттігінің ҚР-нда қолданылып жүрген заңдарына сәйкестігін анықтау.
Банк қарыз алушының өтеу мүмкіндігіне ғана емес, оның несиені алуда құқықтық өкілетіне де көңіл бөледі. Жеке тұлғаларға несие беруде банк қарыз алушының жасын ескеруі қажет, яғни кәмелетке толмағандарға несие берілмеу керек. Несиені ірі кәсіпорындар мен фирмалар беруде несиелік инспектор олардың жарғысымен, компания атынан іс жүргізуге қандай тұлғардың өкілетті екенін белгілейтін ережелермен танысуы керек.
Несиенің ірі кәсіпордар мен фирмаларға беруде несиелік инспектор олардың жарғысымен, компания атынан іс жүргізуге қандай тұлғалардың өкілетті екенін белгілейтін ережелермен танысуы керек. Кейбір жағдайларда банктер несиені алу туралы келіссөз жүргізетін және құжаттарға қол қоюға өкілетті тұлғалар көрсетілген, директорлар кеңесі қол қойған шешімді талап етеді.
Бұдан басқа, несиені беру туралы мәселені шешуде банк бұл несиелер есебінен жүргізілетін шаралардың әлеуметтік – экономикалық даму мүдделерінде сәйкестігін ескеру қажет. Бұл банктердің қоғамға қажетті ғана өнімдердің шығындарын несиелендіруін білдіреді жіне бұл өнімдердің сапалық қасиеттері келешек талаптар мен әлемдік стандарттарға сай болуы керек.
2. Табыс табу мүмкіндігі. Бұл критерийді талдау қарыз алушының несиені өтеуге қажетті ақшалай қаражаттарды табу мүмкіндігін көрсетеді. Талдау кезінде қарыз алушының алған несиесін өтеуінің 4 негізгі көзі ескеріледі. (17.21-23б)
1. Табыс
2. Акцияларды сату
3. Активтерді сату
4. Басқа кредиторлардан несие алу
Мұндағы басымды көз – қарыз алушымен алынатын табыс, өйткені қалған көздер қымбат және тұрақсыз болып саналады. Егер мысалы, акцияларды сатуды алсақ, ол қор биржасындағы және биржадан тыс нарық конъюктурасымен, инфляция деңгейі, бұл акцияларды шығарып жатқан субъект қызметінің тұрақтылығы, алдағы ғылыми – техникалық ашулар және т.б.- лармен байланысты. Сонымен қоса акцияларды сату ұзақ мерзімге созылады. Егер басқа кредиторлардан несие алуды алсақ, табыс көзі әрдайым кепілденбейді, өйткені қарыз алушының жағдайы төмендеуі мүмкін. Ал активтерді сатуды алсақ, ол қарыз алушының балансын нашарлатады.
Сондықтан банктер негізінен қарыз лушының таыс табу мүмкіндігіне сүйену керек. Бұл сату көлеміне, сату бағаларына, шығындар мен шығыстарға әсер ететін барлық факторлармен анықталынады. Олар: фирманың орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, жарнама тиімділігі, бәсекелестік жағдайы, шикізаттың болуы мен құн ы, қызметкерлердің білігі мен моральдық қасиеттері, сонымен қатар шешуші фактор - басқару. Басқару факторы ретінде фирма басшылығының адамдар, шикізат және капитал, өндіріске қажетті тауарлар мен қызметтерді табуы және табыс алу түсініледі.
Қарыз алушының табыс табуы білім, денсаулық, біліктілік, жасы, жұмыс орнының тұрақтылығы мен тапқырлығы сияқты моменттерге байланысты.
4. Несиені қамсыздандыру үшін капитал болмағанда, кәсіпорындарға несие берілмейді. Қамсыздандырудың болуы тәуекелді төмендеткенмен, банктер несиелердің табыс есебінен өтелуін ратығырақ көреді. Осылайша, қазіргі кезде басқа факторлар сенімділігі жеткіліксіз болғанда ғана несие кепілмен қамсыздануы мүмкін.
Қамсыздандыру – бұл банк соңғы қорғаныс линиясы және несиені беру шешімі қамсыздандырудың тартымдылығына емес, қаржылық жобаның өзінің артықшылықтарына негізделіну керек.
Несиелік инспекторлар мынандай сипаттамаларға көңіл бөлуі керек: қамсыздандыру объектісінің қызмет ету мерзімі, жағдайы және қарыз алушы активтерінің құрылымы. Егер қарыз алушы активтері ескірген құрал – жабдықтар мен технология болса, олардың несиені қамсыздандыру ретінде құны жоғары емес, өйткені мұндай активтерді қарыз алушының табыстары несиені қтеу үшін жеткіліксіз болғанда, қолма – қол қаражаттарға айналдыру қиынға соғады.
Несиенің қамсыздандырылуы оның өтелуін білдірмейді, бірақ банктың үлкен зиян шегу тәуекелі мейлінше азаяды. Бұдан басқа, несиенің қамсыздануы қарыз қаражаттарының ғана емес, банк пайдасының да қайтарылу кепілі.
Осыған байланысты кепіл және кепілдеме, бағалы қағаздарды кепілзат ретінде алу, талаптарды қайта табыстау мүмкіндігі қолдана отырып, заңды және жеке тұлғалардың қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді қоса алғандағы кепілзаттық міндеттемелерді рәсімдеу тәжірибесі кеңеюде.
5. Экономикалық конъюктура жағдайы қарыз алушының қарызды өтеу мүмкіндігіне әсер етеді, бірақ қарыз алушы мен кредиторлар жағынан бақылануға келмейді. Конъюктура – бұл осы орта шегінде фирмалар мен тұлғалардың қызмет етуі. Қарыз алушының жақсы беделі, табыс табу мүмкіндігі және жеткілікті активтері болуы мүмкін, бірақ экономикалық жағдайға бйланысты несиені беру орынсыз. Бұл жағдайға банк....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру