Экономика | ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАР ТУРАЛЫ

 Экономика | ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАР ТУРАЛЫ

Мазмұны

КІРІСПЕ.................................................................................3
1. 1.1. ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ
ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.........................................................................4
2. 2.1. ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАРДЫ НЕГІЗГІ
КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ........................................................................................10
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................19


1.1. ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ
ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қоғамдық құбылыстар мен процестер әрқашан да даму үстінде болады, сол себепті әрдайым өзгеріп отырады. Мысалы, халықтың саны мен оның құрамы, өндірілген өнімнің көлемі, еңбек өнімділігі, орташа еңбекақы мөлшері және т.б. көрсеткіштер уақытқа байланысты өзгермелі болады. Сондықтан статистиканың алдына қойған басты міндеттерінің бірі – республика өміріндегі құбылыстар мен процестердің уақытқа сәйкес өзгеруін зерттеу болып табылады. Оны өсіңкілік қатарлырдың көрсеткіштеріне талдау жасау арқылы жүзеге асырылады.
Өсіңкілік қатарлар деп статистикалық көрсеткіштердің, яғни құбылыстардың, процестердің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандық мәндер тізбегін айтады. Әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін зерттеуде статистикалық өсіңкілік қатардың атқаратын рөлі өте жоғары. Себебі, осы көрсеткіштер арқылы қоғам өміріндегі құбылыстардың даму, өзгеру процесін талдауға, санауға және негізгі бір қортынды жасауға болады. Сонымен, статистика органдарында және мемлекетіміздің басқару орындарында өсіңкілік қатарлар көрсеткіштері кеңінен қолданылады және даму немесе кему процестерінің заңдылығы толығымен зерттеледі.
Өсіңкілік қатарлар негізгі екі бөліктен (элементтен) тұрады. Біріншісі – қатардың дәрежесі,екішісі – уақыт көрсеткіші, белгісі.
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы әрбір сандық мәнін қатардың дәрежесі деп атайды.
Құбылыстар мен процестер болып өткен уақытының мерзіміне қарай, өсіңкілік қатарлар бір мезгілді және уақыт аралықты болып екі түрге бөлінеді.
Бір мезгілді өсіңкілік қатардың нақты сандық шамалары құбылыстың белгілі бір сәттегі, яғни тәуліктің, айдың, жылдың басында немесе аяғында болған жағдайын сипаттайды. Мысалы, әр айдың басындағы жұмысшылардың орташа тізімдік саны төменгідей (адам санымен) дейік:
І/І І/ІІ І/ІІІ І/ІV
2180 2190 2198 2178 және т.б.
Бұл берілген көрсеткіштер бір мезгілді өсіңкілік қатар болып саналады және осы арқылы белгілі бір қортынды жасауға болмайды. Себебі әр айдың бірінші жұлдызындағы көрсеткіштер тек сол күнгі жағдайды ғана көрсетеді де, ал келесі күндері ол санның шамасы өзгеріп кетеді. Сондықтан мезгілдік қатардың көрсеткіштерін бір-біріне өзара қосуға болмайды, ал егер қосатын болсақ, онда оның ешқандай да экономикалық мәні болмайды. Егер осы көрсеткіштерді бір-бірінен алатын болсақ, онда қалдықтың әр айдың аяғына азайғандығын немесе көбейгендігін көрсететін белгілі бір экономикалық мәні бар сандық көсеткіштер алынады. Мысалы, екі ай аралығында, яғни қаңтар мен ақпан айларындағы жұмысшылардың орташа тізімдік саны 10 адамға көбейген (2190-2180=10).
Уақыт аралықта өсіңкілік қатарлар деп құбылыс мөлшерінің белгілі бір уақыт (тәулік, ай, тоқсан және жыл) ішінде қандай шамада болғанын сипаттайтын көрсеткіштерді айтады. Оған мысал ретінде 1.1.-кестенің көрсеткіштерін келтірійік:
1.1.-кесте
Қазақстан бойынша мұнай өндіру,
Мың тонна
жылдар 1990 1991 1992 1993 1994 1995
өндірілген мұнай 22839 23681 24461 25556 25388 25220


Уақыт аралықта өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін бір-біріне қосып, ұзақ уақыт аралығындағы қортынды көрсеткіштерді есептеуге болады, оны статистикада “жинақталған жиынтық” деп атайды.
Өсіңкілік қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып екіге бөлінеді.
Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай бірінен соң бірі үзіліссіз келетін болса, онда ол толық өсіңкілік қатарға жатқызылады. Бұған мысал ретінде 1.1.- кестеде келтірілген көрсеткіштерді алуға болады.
Егер өсіңкілік қатардың көрсеткіщтері уақыт мерзіміне қарай әр түрлі аралықта берілсе, яғни әр түрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталатын болса, онда оны толық емес өсіңкілік қатарлар деп атайды. Бұған мысал ретінде 1.2.-кестедегі 1985-1990 жылдар аралығындағы көрсеткіштерді айтуға болады.
Экономикалық құбылыстардың өзгеру процестерін зерттеу, талдау және есептеу кезінде бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақты (абсолютті), қатысты және орташа шамалармен сипатталады.
Осыған орай өсіңкілік қатарлар нақты (абсолютті), қатысты және орташа шамалар болып үшке бөлінеді.
Нақты (абсолютті) шамалар өсіңкілік қатардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді. Нақты шамалы өсіңкілік қатарға мысал ретінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді алуға болады.
Қатысты шамалы өсіңкілік қатар екі уақыттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болады, яғни әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбегін айқындайды. Ал ол өсу, кему қарқыны ретінде процентпен өлшенеді. Қатысты шамалы өсіңкілік қатарды көрсету үшін 1.2.-кестенің көрсеткіштерін келтірейік:
1.2.-кесте
Алматы облысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру
Жылдар 1985 1990 1991 1992 1993 1994 1995
өнеркәсіп өнімдері
(1985-жылмен
салыстырғанда,
процент есебімен)
100 124,8 123,2 102,0 92,0 79,0 71,0



Берілген көрсеткіштерден соңғы жылдары Алматы облысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірудің күрт төмендеп кеткендігі жөнінде қысқаша қорытынды жасауға болады. Себебі шикізаттар мен құрал – жабдықтардың, қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігіне, электр қуатының қымбаттауына, тағы да сол сияқты көптеген жағдайларға байланысты бірталай өнеркәсіп орындары толығымен жұмысын тоқтатқан, я болмаса аз мөлшерде өнім шығаруға көшкен.
Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштерінің орташа өзгеруін сипаттауды айтады. Бұған мысал ретінде республика бойынша бір сиырдан сауылған сүттің орташа мөлшері туралы көрсеткіштерді алуға болады (1.3.-кесте):
1.3.-кесте
Республика бойынша бір сиырдан сауылған сүттің орташа
мөлшері
жылдар 1990 1991 1992 І993 1994 1995
Бір сиырдан
орташа сауылған сүт, кг есебімен
3133
2958
2382
2356
2181
2172
Демек, осы берілген көрсеткіштерді біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің осы уақыт ішіндегі барлық бірліктерге тән орташа мөлшері деп түсінейік, ал бұл мәліметтер түрлі себептерге байланысты әрқашан өзгеріп отырады.
Өсіңкілік қатарларды зерттеу және талдау кезінде оның
дұрыс кұрылғандығын, сандық көрсеткіштерінің (дәрежелерініңің) дәлдікті, нақтылықты көрсететіндігін білу кейбір шарттардың орындалуын талап етеді. Соның ішіндегі ең негізгісі болып саиалатыны - өсіңкілік катарлар дәрежелерінің. бір-бірімен салыстырмалы болуы. Себебі өсіңкілік қатарларды қарастырған кезде үзақ уақыт араларындағы көрсеткіштер алы-иады және оларға әр түрлі себеатердің әсер етуіне байланысты көптеген өзгерістердің болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға келмейді. Ал оның себебі мыналар: аумақтың езгеруі, әр турлі өлшем бірліктерінің қолданылуы, зерітелінетін
зерзат көлемдерінің, мәлшерлерінің қамтылу дәрежелерінің әр түрлі болуы, есептеу әдістемелерін колданудағы өзгешеліктер және т.б.
Аумақтың өзгеруіне байланысты өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға болмайды. Олардың салыстырмалы болуы үшін алдыңгы, яғни базалық уақыттағы катарлар дәрежесі аумақтың өзгергеннен кейінгі жаңа шекарасы бойынша қайта есептелініп, бір жүйеге келтірілуі тиіс. Мысалы, бір обылыстан екінші облысқа аудан немесе елді мекен берілетін болса, онда екі облыстың барлық статистикалық кәрсеткіштері жаңа шекара бойынша қайта есептеледі.
Кейбір жағдайда біртектес өсіңкілік қатарлардын дәрежесі әр түрлі өлшем бірліктерімеи берілуіне байланысты, олардың көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға келмейді. Мысалы, бір сиырдан орташа сауылған сүт бірде литрмен, бірде киломен беріледі делік. Мұндай жағдайда барлық уақыттағы катарлар дәрежесін кайта есептеу арқылы салыстыруға келетіндей етіп, бір өлшем бірлігіпе айналдырылады.
Өсіңкілік катарлар дәрежесін дұрыс қүру үшін ондагы көрсетілетін көрсеткіштердің уақытына қарай белгі-бірліктерінің бірдей болуы қажет. Мысалы, жоғары оқу орындарында оқитын студенттердін. сандық көрсеткіштерінің өсіңкілігін зерттеу керек болатын болса, онда бірінші жылы күндізгі бөлімде оқитындардың сандық мәнін алып, екінші жылы барлық бөлімдерде оқитын студеттердің сандық көрсеткіштерін алып, бір-бірімен салыстыруға болмайды. Демек бұл кәрсеткіштердің салыстырмалы болуы үішн барлық аралықтары қамтылу кӨр, сеткіштерінің толықтығы бірдей болуы тиіс. Тек сонда ғана қатар дәрежелерін салыстыруға болады.
Өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға келмейтіндігі сол, ондағы берілген сандық мәндер түрлі әдістер арқылы есептелуі мумкін. Мысалы, бір жұмысшының белгілі бір уақыт ішінде өндірген өнімі бойынша иемесе жалпы жұмыскерлерге есептеу арқылы еңбек өнімділігін анықтауға болады. Бірақ, мұнда есептеу тәсілі әр түрлі. Біріншіде - тек жүмыс істеген жұмысшылар ғана алынса, екіншісінде - барлық жұмыскерлер түгелдей қамтылған. Демек, есептеу әдістемелері әрқайсысыида әр түрлі. Сондықтан Бұл көрсеткіштердің өзара салыстырмалы болуы үшін, есептеу әдістері біртектес болуы қажет және сонда ғана есептелінген мәліметтер салыстырмалы түрге айналады.
Кейбір жағдайға байланысты біртектес өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мезгіліне немесе кезеңіне қарай екі катарда берілуі мүмкін және оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды. Сондықтан бұлардың салыстырмалы болуы үшін, барлық уақыт ішіндегі керсеткіштерді есептеу арқылы бір қатарға тіземіз (келтіреміз). Ол үшін үздіксіздендіру деп аталатын статистикалық тәсілді қолданамыз және оған мысал ретінде .1.4-кестенің көрсеткіштерін келтіреміз:
1. 4-кесте. Қазақстан Республикасы бойынша тауар айналымы, млн.тг.
жылдар 1990 1991 1992 1993 1994 1995
Ескі бағамен
Жаңа бағамен
Үздіксіздендірілген
қат

1990-1992-жылдардағы мәліметтерді жаңа баға бойынша есептеу үшін үздіксіздендіру тәсілін қолданамыз. Ол үшін 1993-жылға жаңа және ескі баға қатынасын анықтаймы:

Енді осы табылған процентті ескі бағадағы көрсеткіштерге көбейту арқылы 1990-1992-жылдардың мәліметтерін жаңа баға бойынша есептейміз және ол төмендегідей:
1990-жыл үшін: млн.теңге

1991-жыл үшін: млн.теңге

1992-жыл үшін: млн.теңге

Демек, үздіксіздендіру тәсілі арқылы өсіңкілік қатарлардың жаңа бағадағы көрсеткіштері бір жүйеге келтірілді және ол кестенің үшінші жолында көрсетілген. Енді осы керсеткіштерді салыстыру арқылы тиянақты, ұғымды түрде түжырымды корытынды жасауга толық мүмкіндік болады.

2. ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАРДЫ НЕГІЗГІ
КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША
ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Әлеуметгік-экономикалық құбылыстардың өсіңкілігін зерттеу, талдау барысында бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Олардың көпшілігі нақты (абсолюттік) немесе катысты шамамен беріледі және осы көрсеткіштер арқылы белгілі бір уақьіт аралығында болған жағдайларға корытынды жасауға толық мүмкіндік туады.
Статистикада өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеуде мынадай негізгі түрлері қолданылады: нақты (абсолюттік) өсім, өсу қарқыны, өсім қарқыны, бір процент өсімнің нақты (абсолюттік) мәні. Бұлардың. барлығын есептеу өсіңкілік қатардағы көрсеткіш дәрежелерін бір-бірімен салыстыру нәтижесінде негізделген. Ол үщін ағымдағы кезеңнің нақты (абсолюттік) шамасын салыстыратын бір тұрақты уақттың немесе өткен жылғы уақыттың көрсеткіштері алынуы тиіс.
Осыған орай салыстырылатын уақыттың дәрежесін ағымдағы деп, ал онымен салыстыратын уақыттың дәрежесін базалық деп атайды. Базалық дәрежеге ағымдағы уақыттың алдында тұрған қатардың шамасы немесе сол қатардағы бастапқы бір түрақты мәні алынады.
Өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін екі түрлі тәсілмен есептеуге болады. Біріншіден, ағымдағы катардың әрбір дәрежесін оның алдыңғы уакыттағы шамасымен салыстыртан болса, онда өсіңкіліктің көрсеткіштері тізбектелген тәсілмен есептелінген болып саналады. Екшшіден, әрбір қатардың мәнін белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстырсақ, онда оны тұрақты тәсілмен есептелінген деп атайды. Осы айтылғанды іс жүзінде талдау үшін .І-суретке көңіл бөлейік:.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру