Құқық | Қырым конференциясы

 Құқық | Қырым конференциясы

Мазмұны

Кіріспе

1 Конференция алдындағы халықаралық жағдай

2 Конференцияда талқыланған мәселелер және держава қайшылықтары
Герман мәселесі
Польша мәселесі
Югославия мәселесі

3 Қырым конференциясының шешімі және маңызы

Қорытынды.


І Конференция алдындағы халықаралық жағдай

1944 жылдары екінші дүниежүзілік майдандарында көптеген өзгерістер болды. Фашистік германия өзінің Европада жаулап алған мемлекеттердің ресурстарын қолдана отырып қарсы тұрды, соғыстың аяғы белгілі болды. Бірақта соғыстың аяғына дейін жеңу үшін КСРО,АҚШ Ұлыбритания және олардың одақтастары жағынан максималды түрде күш салу керек болды.
Соғыстың басты жағдайлары кеңес герман майдандарында болды. Бұл жерде фашистік Германияның және оның одақтастарының негізгі күштері қалыптасты. Бірақ қару жарақ күштерінің сандық мөлшері Кеңес үкіметінде болды.
6 шілде 1944 жылы англо-американдық одақтар Францияның солтүстік-батыстан әскерлерді шығару жөніндегі Оверлорд операциясын жақсы бастады. АҚШ және Ағылшындар ұзақ уақыттық келіспеушіліктен кейін екінші майданды ашты, олардың ойынша ары қарайғы мүдіріс әскери стратегиялық, сонымен бірге саяси түсініктермен мүмкін емес еді.
Американ және Ағылшын тарихшыларының тұжырымдамасында Франциядағы екінші майданды ашу, Европадағы жағдайды ортақ стратегиялық түрде өзгертті, яғни ағылшын-американдықтардың Нормандиядағы әскерлері «неміс күштерін толық тежеді» жене егер, американдықтар Европада екніші фронтты ашу өз міндеттемелерін орындауды бірнеше жылға созса, онда Кеңес үкіметі Тегеранда өздеріне арналған солтүстік-батыс Францияда десанттарын кіргізу, шығыс майданда шабуылды бастау міндеттемелерін орындайды деп хабарлайды.
1944 жылдың 10 маусымында кеңес әскерлерінің Кареллидегі Карельск бұғазына шабуылы басталды. 23 маусымда екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ірі операциялардың бірі болған Багратион операциясын іске асыруға кірісті. Сол операция кезінде кеңес әскерлері батысқа 600 км алға жылжыды. Сол кезде толығымен Беларуссия, Прибалтиканың бөлігі Висла өзеніне дейінгі шығыс Польша аудандары босатылды.Гитлер армиясының жарты миллион шамасында әскерлері мен офицерлері тұтқынға алынды және жарақаттанды, жартысы өлтірілді. Шілде – тамыз айларында Львовск-Сандомирск операциясы жүргізілді. Украйна майданының бірінші әскерлері «Солтүстік Украйна» армиясының неміс-фашистік тобына жеңіліс жасатты. Жаулап алушылар кеңес Украйнадан толығымен қуылды. Жағдайдың үлкен маңыздылығы кеңес Герман майданның оңтүстік қанатында өтті. 20 тамызда басталған Ясско-Кишинев операциясы онда неміс фашистік және румындық әскерлердің толық талқандалуына әкелді. 20 тамызда 1944 жылы Антонеску фашистік режимі құлатылды. Румыния фашистік блоктан шықты, ал оның армиясы Германияға қатысты өз қаруларын бұрды. 12 қыркүйекте 1944 жылы Мәскеуде Румыниямен достасуға қол қойылды.1


1 Сиполс В.Я, Челышев И.А Крымская конференция 1945год.-М.,1984.-С.24.


1944 жылы 8 қыркүйекте Қызыл Армия Болгарияны азат ету жорығын бастады. 9 қыркүйекте Болгарияда халықтық антифашистік көтеріліс өтті. Билік басындағы Отандық майдан үкіметі Мәскеуге достасу туралы өтініш жасады. Болгария гитлер армиясына соғыс жариалады. 28 қазан күні Мәскеуде Болгариямен достық келісімге қол қойылды. 6 қыркүйек күні 1944 жылы Қызыл Армия Югославия шекарасына шықты. Югославияның ұлттық-азаттық армиясына көмек көрсету үшін шынайы жағдайлар туылды. Қыркүйек қазан айларында Кеңес Югослав әскерлері толығымен Сербия, Черногория және Македонияны азат етті. Сонымен бірге 1944 жылы Чехославакия мен Венгрияны азат ету операциялары басталды. Кенес әскерлерінің майданға үлкен аралыққа шабуылының қарқындылығы әлемдік қауымдықтың таңғалығын туғызды.
Германия сол кезде де күші аз болмады.Вермахтада 1945 жылдың басында 9420 мың адам есептелінді.Оның қарулы күшінде 110,1 мың оның қарулы күшінде 1 мың қару және минометтер және шабуыл қарулары 7 мыңнан астам әскери самолеттер болды. Кеңес әскерлері Герман территориясындағы тек Шығыс Пруссияға ғана кірді. Гитлерліктер осы айтылған күштерді фашистік рейфті қорғауға ниеттенді. Ағылшын және АҚШ башыларын сепаратты бейбітке келістіру үшін гитлерліктер Орденаға контр шабуылдар қабылдауды шешті. Олар Антверпенге Белгия мен Голландияда орналасқан британ және американ бөліктерін кесіп өтіп, кіруді көздеді. Ірі күштерінің бірі батыс одақтастарын жоғалтып алды. 1944 жылдың 16 желтоқсанында шабуыл, герман әскерлері майданнан өтіп 90 км-ге жылжыды. Бірақ бұл шабуыл ағылшын-американ әскерлер немістерді шығарып жіберумен тоқтатылды.Бірақ батыс фронттағы жағдай әлі де болса қиын және қысымды түрде болды. АҚШ және Ағылшын үкіметін, жағдайдың әрі қарайғы дамуы қатты толғандырды. 1944-1945 ж ағылшынның екінші дүниежүзілік соғыс бойынша тарихшысы Эрман, батыс майдандағы одақтар тұйыққа кірумен ғана сипатталған жоқ, сонымен бірге олардың Европадағы оперативті жоспарлары қауіпте болды.2
Кеңес әскерлерінің майданның орталығына шабуыл ақпанның басында аяқталды, яғни бұл Қырым конференциясының қарсаңында болды. Қызыл армия үлкен жетістіктерге жетті. Толығымен Польша босатылды. Кеңес әскерлер Германия территириясына кірді.Олар Одерге дейін кіріп, онда оң жақ жағалауда плаңдарм құрды. Берлинге дейін 60 км қалған еді.
1944-1945 ж басындағы жағдай одақтастардың әскери іс-әрекетінің координациясының қажеттілігін және тиімділігін, әскери әрекеттегі әртүрлі театрлық түрде және мақұлданған коолициялық стратегияны шығаруға әкелді. Кеңес үкіметі үш державаның тығыз ынтымақтастығының шешуші жағы болды. Мақсаты агрессивті блок мемлекеттерді тезарада талқандау еді. КСРО одақтық қатынасқа байсалдылықпен қараған, өзіне алынған міндеттерді орындауға тырысқан. «Орыстар керемет одақтастар болатын – дейді әскери министр Стимсон – олар өздерінің міндеттерімен бірге күресті».

2 Тегеран. Ялта Потсдам. Сборник документов.-А.,1993.-С.67.
КСРО, АҚШ және Ұлыбритания коолициясы әскери-саяси одақ болса, оған әртүрлі қоғамдық саяси жүйедегі мемлекеттер кірсді, шын мәнінде соғыстан кейінгі әлемнің қалыптасуы бойынша олардың әскери мақсаты, көзқарастары әртүрлі болды.Кеңес үкіметі оларды мүмкіндігінше және қажеттілігінше келіссөздермен жүргізу дұрыс деп есептеді.
Батыстың шынайы ойлайтын саяси қызметкерлері Кеңес үкіметісіз қарым-қатынас мүмкін емес екенін түсінді, яғни Кеңес үкіметі экономикалық жағынан мықты, саяси және әскери қатынасы үлкен халықаралық авторитеті бар еді.
Соғыс кезіндегі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүру және ынтымақтастық перспективасы пайда болды. Олар соғыстан кейінгі әртүрлі қоғамдық-саяси жүйедегі мемлекеттер еді.
Соғыс кезінде КСРО, АҚШ және Ұлыбритания ынтымақтастық жөнінде үлкен тәжірибе жинаған, әскери, экономикалық және саяси салада өзара әрекеттегі әдістер мен нақты түрлерін өңдеген мемлекеттер.Соғыс кезеңіндегі үш державаның өзара қарым-қатынасының негзі агрессивті мемлекеттер блогын талқандау мақсатында, ынтымақтастық үшін құрылған халықаралық – құқық базасы және әр бір жақтың өзара міндеттемелерін анықтап белгілеудегі құжаттар мен келісімдер құрды.1942 ж 26 мамырда Кеңес –Ағылшын арасында Германияға қарсы соғыс одағы туралы және оның Европадағы сыбайластарына қарсы және соғыстан кейінгі өзара көмек және ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.1942 ж 11 маусымда Кеңес және Американ өзара өтем туралы келісімге қол қойды.
1942 ж 1 желтоқсанда Вашингтонда мемлекет өкілдері оның ішінде АҚШ, КСРО, Ұлыбритания Біріккен ұлттар декларациясына қол қойды. Олар агрессивті мемлекеттер блогына қарсы соғыста өздері барлық әскери және экономикалық ресурстарын топтау, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау және жаулармен сепаратты достасу және бейбіт орнату болды. Бұл декларация Германия, Италия, Япония және оның одақтастарна қарсы соғыста қатысқан мемлекеттің әскери-саяси одағын заңды түрде белгіледі.
Соғыстың аяқталуы жақындай бергенде КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкіметтеріне күрделі мәселелер шыға бастады, оның шешімі тым қажет еді.Біріншіден, үш ұлы одақтас державалардың Германия саясатына және оның одақтастарына қатысты болды. Сонымен бірге мемлекеттерді фашистік окупациядан босату болды. Қандай да бір мемлекетке одақтық державаны декларациялау және ортақ жағдайды нақтылау талап етілді.
Сонымен қоса соғыс аяғында одақтық державалардың халықаралық мәселелерді шешу кезінде әртүрлі әдістемелер көрініс тапты.
Әрине олардың арасында көзқарастық келіспеушілік ерте кезде де болған. 1941-1943 ж АҚШ үкіметінің, КСРО үкіметінің және Ұлыбритания үкіметтерінің көзқарасының басты келіспеушілігін екінші майдан ашылуы туралы мәселедегі позицияда болды. Ұлыбритания және АҚШ Франциядан өз әскерлерін шығару міндеттемелерін бірнеше рет бұзғаннан кейін, Кеңес үкіметіне үш жыл Германия күштерімен жалғыз күресуге тура келді. Черчильдің позициясына келетін болсақ, «Премьер-министр өзіне жеңіл жұмыстарды алғысы келетін, ал бізге орыстарға қиынды қалдыратын». Бірақ бұл мәселе 1944 жылы екінші фронт ашылғаннан кейін жойылды.
Екінші майданның ашылуының ұзақтығының себебінің бірі Черчиль және оның жақтастары соғыста тек Германияны ғана емес, сонымен бірге Кеңес үкіметінде бәсеңдету мақсатта болды.Бірақ соғыс аяқталғанда Кеңес үкіметінің күші айтарлықтай өсті.
Ұлыбритания және АҚШ үкімет басшылары Кеңес Одағының соғыстан кейінгі әлемді реттеудегі мәселесін шешу саясатындағы позицияларының «қаталдылығын» қайта қарау қажеттілігі туралы қайта-қайта айтыла бастады. АҚШ-тың және британдықтардың бұндай саяси тенденциясы ол Европада соғыстан кейін өзінің саяси және экономикалық үстемдігін орнатуға тырысқанмен түсіндіріледі. Бұл әлемдік жағдайлардың дамуына Кеңес Одағының ықпалының өсуіне қарсы іс-әрекет жасау, яғни Европа мемлекетінің социалды жылжуын прогрессивті түрде болдырмау, онда керітартпалық тәртіпті және саяси топтастықты қадағалап, қолдау болды.
Осындай тенденциялардың активті айтушысы Черчиль болды. Ол екінші майданда «Балкан вариантын» қаһарлы түрде сақтауды ұсынды. «Әр бір кез – дейді президент Рузвельт өзінің ұлына Эллиотқа – кеуделеп тұрып алатын. барлық қатысушыларға неге олай керектігі түсінікті еді. Оның басты мақсаты Орталық Европаға қылыштын жүзіндей кіріп және Қызыл армияның Австрия мен Румынияға кіргізгісі келмеді».3
Соғыс аяғында Черчильде өзінің антисовестік пиғылын жасырмады. «Мен – дейді өз мемуарында - орыстарды Орталық Европаға кейбір аудандарға біз өзіміз анықтағымыз келді. Мысалға, Венгрия үкіметтерінің бөлігіне қарсы жылжуды көрсеткіміз келді».
Қырым конференциясының алдында шешілмеген күрделі мәселелер көп болды: Германия жеңілгеннен кейінгі оған қарым-қатынас Польша және Югославия мәселелері, бейбітшілікті сақтаудағы халықаралық мәселелерді шешу т.б.
Герман мәселесі КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның сыртқы істер министрлерімен 1943 жылы қарашада Мәскеу конференциясында талқыланды. АҚШ-тың мемлекет хатшысы К.Хелл Герман мәселесі жөнінде ағылшын ұсынысын көрсетті. Бұл құжаттың бірінші бөлігіндегі негізгі принциптер Германияны күмәнсіз түрде капитуляциялау.Құжаттың екінші бөлігінде капитулизацияланған Германияның өмір сүру жағдайына бақылау комиссиясын құру туралы ұсыныс жасалынған. Олар британ, ағылшын және кеңес әскерлерімен жаулап алынған болады. Американдық жобада ұлттық-әлеуметтік партиялар және Германияның басты штабын тарату және Германияны толық қарусыздандыру, оның міндеті КСРО және оның жаулап алған одақтастарына материалды шығынды өтеу. Қамтылған құжаттың үшінші бөлімінде Германияның ішкі өмірін демократизациялауға арналған.

3 Рузвельт Элитон ео глазами. М, 1944. – С.255.

Онда рейх территориясында бірнеше мемлекет құру мүмкіндігі туралы ой айтылған.
1943 ж 28қараша – 1желтоқсан аралығында болған Тегеран конференциясында үш держава басшылары Германияға қатысты көзқарастармен алмасты.Рузвельт Германияны бес өзіндік мемлекеттерге бөліп тастау жоспарын ұсынды. Рур және Саар облыстарын не БҰҰ, не барлық Европа өкілдерінің қадағалауына алу қарастырылды. Черчиль Пруссияны Германиядан бейтараптандыруды, ал Германияның оңтүстік аудандарын дунай конфедерациясына қосуды ұсынды.
Сталин Черчильдің дунай конференциясын құру туралы пікіріне шешімді түрде қарсы шықты. Кеңес үкіметі Черчильдің әртүрлі скандинав, дунай, балкан т.б. конференцияларын құру, жаңа блоктарды қалыптастыру туралы жобаларының мақсаты, оларды Кеңес Одағына қарсы тұрғызу үшін болды.«Маған жаңа мемлекетті біріктіру жобасы ұнамайды. Егер Германияны бөлу туралы шешім қабылдансы, онда жаңа бірігулер жасау қажет емес – дейді Сталин – мен әлі білмеймін, Германия мемлекетін өзіндік төрт,бес,алты мемлекет құру қажет пе екенін. Бұл сұрақты әлі талқылау керек». Кеңес үкіметінің басшынысының ұсынысы бойынша бұл мәселе Европаның консультативті комиссияға қарастырылуға берілді.
1944 жылғы Рузвельт және Черчиль Германияның болашағы туралы «Моргентау жобасын» қарастырды. Бұл жоба АҚШ-тың қаржы министрі С.Моргентау құрастырған, бұнда тек Германияның болу туралы ғана қарастырмаған, сонымен бірге Германияның экономикалық салаларын жабу қарастырылды.
1944 ж Черчильдің Мәскеуге келген кезде Кеңес үкіметіне Германияны үш мемлекетке бөлу: Пруссия, Австрия және Бовария мемлекеті Вюртенберг және Баден ұсынды. Сонымен бірге Рейн индустриалды ауданын халықаралық бақылауға қоюды туралы ұсыныс білдірді. Бірақ Герман мәселесін талқылау үш державаның үкімет басшыларының конференциясына дейін кейінге қалдыру шешілді.4
Европалық консультативті комиссиядағы үш держава өкілдері күмәнсіз Германияны капитуляциялау туралы шешімге келді. Онда Германияның толық жеңілісі туралы бөлім, Германияда әскери әрекеттердің тоқталғаны жөнінде ,Герман әскерлерін қарусыздандыру, онда одақтық жоғары билікті құру қарастырылған.
Европалық консультативті комиссия Германияда зоналарды окупациялау туралы мәселені қарастырды. Британ ұсынысына сәйкес Германия үш окупациялық зонаға бөлу қамтылды. Шығыс зона КСРО-ға тағайындалды. Ол территорияның 40% қамтылған және Германияның 36% тұрғыны кірді. Бұл территорияда елдің 33% өндіріс мекемелері оналасқан. Бірақ айтарлықтай бөлігін Польша құрамына беру қарастырылды. Тіпті Европалық консультативтік комисияның американдық делегациясы Ф.Мозии КСРО-ның салған үлесі және құрбан болған адамдарымен «Кеңес Одағы үлкен бөлікке

4 Уинстон Черчилль Вторая мировая война. М,1997.-С102.

үміттене алды». Бірақ Кеңес үкіметі британдық ұсыныспен келісті.Тіпті Европалық консультативтік комисияның американдық делегациясы Ф.Мозии КСРО-ның салған үлесі және құрбан болған адамдарымен «Кеңес Одағы үлкен бөлікке үміттене алды». Бірақ Кеңес үкіметі британдық ұсыныспен келісті.
Бірақта күрделі келіспеушілік АҚШ және Ұлыбритания арасында болды, екі державада теңізге шықпайтын оңтүстік-батысты емес, окупацияға солтүстік-батыс зонасын алғысы келмеді.
1944 ж 12 қыркүйекте Европалық консультативтік комисияның үш держава өкілдері үлкен Берлинді басқару туралы және Германия зонасын окупация туралы протоколға қол қойды.14 қарашада тағы бір протоколға қол қойылды,онда Ұлыбритания солтүстік батыс зонасын,ал АҚШ оңтүстік батыс зонасын оккупациялады
Европалық консультативтік комисиянда сонымен бірге Германияның басқару механизміде талқыланды, яғни ол Германияны капитуляциялағаннан кейінгі басқару туралы еді. Соңғы шешім бойынша кеңес жобасы қабылданды. Бақылау кеңесі құру қарастырылды. Ол зонада келісіммен іс-әрекет жасау, Германиядағы әскери, саяси-экономикалық және де басқада ортақ мәселелерді талқылау, қамтамасыз ету болды.
Осылайша Европалық консультативтік комисиясының Германияға қатысты нақты жұмыс жасалды.
Қырым конференциясы алдындағы үш державаның қарастырған екінші маңызды мәселенің бірі Польша мәселесі болды.
Кеңес әскерлерінің Польшаның шекарасына жақындаумен байланысты, сонымен қоса оның фашистік окуппанттардан босату туралы кеңес үкіметі 1944ж 11 қаңтарда өз ұсынысымен шықты, онда ол өзінің осы мәселе бойынша позициясын көрсетті.«Кеңес үкіметі – көрсетілген онда - әрқашан Поьшаның тәуелсіз және күшті мемлекет етіп құру және Польшамен Кеңес Одағы арасында достық қарым-қатынас үшін екенін бірнеше рет айтқан. Кеңес үкіметі тағы да айтады, КСРО мен Польша арасында мықты достық көршілестік негізде өзара силастық, егер Польша халқы тілегін білдірсе, өзара көмек негізінде одақ құруға дайын екенін айтады».5
Польшаның болашақ мәселесі, соның ішінде Кеңес одағының арасындағы қатынас КСРО үшін маңызды принципиалды мән берді.
Кеңес одағы үлкен жігерлікпен және кеңес әскерлерімен құрбан болған қайта құрылған Польшаның жағдайын әскерге дейінгі және оның антикеңестік саясатының ұқсас болмауына тырысты.
Ағылшын және АҚШ үкіметі сөзбен келісім берді, келіспей қайда барар еді, сонымен қоса олар Польшаны босатуға өздері ғана қатыса алмас еді. Құпия күйінде батыс державаларының билік басшылары Польшаға қатысты басқа жоспар дайындап жүрді. Олар Польшаны батыс айқаспада Кеңес үкіметінің империализмнің қамал лагері ретінде сақтап қалғылары кел

5 Сборник документов. Советско-польские отношения 1918-1945. – М,1974.-С. 126.


ді. Осы мақсатқа жету үшін олар майдандағы Польшалық эмигрант үкіметін қолдануға үміттенді.
Польшалық эмигранттық үкімет саясаты жөнінде айтсақ, ол негізінен тіке антикеңестік империалистік сипатта болды. Соғысқа дейінгі Польшаның агрессивті жаулап алу курсын жалғастыра отырып қайта 1920 жылғыдай Украина, Белоруссия және Вильнюс аудандарын жаулап алуды көздеді. Оның жоспары кеңес әскері Варшаваға жақындаған кезде сол жерде Қызыл Армияның бағынышты әскерлерімен көтеріліс жасау генерал Рур-Коморовский мен елдегі билікті жаулап алу болды.
Польшаның эмигранттық үкіметі кеңес үкіметімен емес ағылшын-американмен үкіметімен босатуды қалады.Олар Ұлыбритания мен АҚШ алдына Польшаны босатуда қандай да бір қатысуды талап етеді. Бұл бірақ мүмкін емес еді. Европадағы екінші майданның ашылуының ұзақтығы ағылшын-американдықтардан Польшаны босату жөнінде сөз де болмауы керек екенін көрсетті.
1944 ж 20 қаңтарда Черчиль Польша министрімен келіссөзде кеңес-польша шекарасы «Керзон сызығына» дейін болуды талап етті. Ол сонымен бірге Польшаның тәуелсіздігімен күштілігіне КСРО-ның ролін атап көрсетті. Соған қоса, ол батыс шекарасы Одерк пен қойылатыны айтты. Польшалық эмигрант үкіметінің мүшелері Керзон сызығымен өткізу керек екенін келістіруге тырысты. Бірақтан ол оны жасай алмады.
15 ақпанда Польшалық эмигрант үкіметі С.Миколайчик басшылығымен британ үкіметімен ұсынылған Польша шекара жөніндегі ұсынысты кері қайтарды.
1944 ж шілде айының екінші жартысында кеңес әскерлері КСРО территориясында құрылған польшалық бөліктермен Батыс Бугті жеделдетті және Польша территориясына кірді.
Варшавада 1944 ж 1 қаңтарға қараған түні Крайова Рада Народова құрылды. Оның төрағасы Б.Берут болды. Э.Осубка – Моравский басқармасымен 21 шілдеде ұлттық босату туралы Польшалық комитеттің құрылуы туралы жариаланда (ҰБПК). Келесі күні комитет Польша халқына манифест жариалады, онда Крайова Рада Народова уақытша парламент болатынын, ал олар құрған ұлттық босату туралы Польшалық комитет – заңды уақытша атқару билігі болғаны туралы айтылған. Кеңес үкіметі Польшада босатылған территорияда орналасқан (алдымен Хеммеде, кейін Люблинде) ҰБПК-мен ресми төрағаларымен алмасты.6
26 шілде күні КСРО-ның сыртқы істер Ұлттық комиссиараты, арызды жариалады, ол арызды кеңес әскері Польша шегіне кірді, орындалған шешімдер «жауласушы герман әскерін қырып жою және неміс басқыншылары тепкісінен Польша халқын босату және тәуелсіз, мықты және демократиялы Польшаны қалпына келтіру» туралы көрсетілген.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру