Тарих | Париж бітім коференциясы

 Тарих | Париж бітім коференциясы

Мазмұны

Кіріспе ....................................................................................................................3

І тарау Париж бітім конференциясы.
1.1. І дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі саяси жағдайлар. ..............6
1.2 Париж бітім коференциясының алғышарттары мен барысы.............12

ІІтарау Париж бітім конференциясындағы АҚШ позициясы.
2.1 Бітім конференциясында АҚШ делегаттарының шақырылуы..........17
2.2 Париж бітім конференциясындағы АҚШ................................................34

Қорытынды. ........................................................................................................36
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................3


1.1. І Дүниежүзі соғыстан кейінгі әлем.

1914-1918 жылдар аралығында өткен бірінші Жапондық соғыс аяқталғаннан кейін әлемдегі саяси карта біраз өзгерістерге ұшырады Күлталқан болып жеңілген мемлекеттердің бөлісіне салына бастады.
Негізінен жапондық соғыстың шоғын өшіруге ресейде жеңіске жеткен қазан төңкерісінің де өз септігітиген болатын. Өйткені Ресей бірінші болып, 1917 жылы «аннексиясыз және контрибуциясыз әлем» атты соц иалистік принцип қағидасын ұстанды. Ол бойынша Ресей ешқандай қарсылас мемлекетіне контрибуция төлемейді, сонымен қатар өзге елдің территориясын заңсыз аннексиялап алмайды/2/.
Ресейдің нақтырақ айтсақ, жаңадан орнаған жас кеңес өкіметтің мұндай игі бастамалары өзге елдерге де үлкен үлгі боларлықтай шара болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Германияның саяси аренадағы беделіне дақ түсірілді. Осы соғыс нәтижесінде Германия одақтастардан күйрей жеңілген болатын.
Жеңілген мемлекеттердің иелікутерін бөліске салу –«Европаны ұлттық жағынан қайта құру» деп аталатын ұранме,н жүргізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі жеңімпаз мемлекеттері ретінде- АҚШ, Англия, Франция, Жапония секілді алып державалар танылды.
Сонымен 1918 жылы 11 қараша күні бірінші жапондық соғыс өз мәресіне жетті. Франциядағы Компьен орманында фрацуз маршалы фош одақтастар атынан Германияның тізе бүгуі жөнінде келісімге қол қойды. Көптеген немістер үшін бұл күтпеген соғыс финалы болатын. Оның алдында неміс әскери басшылығы соғысты тоқтатуды ойға да алмаған болатын, тіпті, одақтастардың өзі әлі бір қыс соғысамыз» деп жоспарлп қойған болатын. Алайда 1918 жылы 8 тамыздағы герман әскерінің батыс майдандағы күлталқан болып жеңілген күресі Антантаның инитиативалықстратегиясын одан әрі күшейте берген еді /3/ 1918 жылы қазан айында Германияның басты одақтастары Австро-Венгрия менБолгария және Туркия өздерінің соғыстан шеккен зор зардаптарының алдын алу үшін «үлкен ойыннан» шығуға мәжбүр болды. Бұл Германия үшін ең ірі жеңілістің бастамасы болатын.
Герман үкіметі ымыраға келуге ендігі жерде зор құлшыныс білдіре бастады.
Бұл негізінен саяси құлшыныс болды. Біріншіден неміс үкіметі әлемдегі өз беделін сақтап қалғысы келді. Ал, екіншіден Германия өзінің әскери күш-қуатының құлдырауда тұрғандығын ескеріп, оны сақтап қалғысы келді. Сол кезден бастап Герман империясының неміс әскерінің «жеңілмейтіндігі» туралы мифтер қалыптаса бастады. Осы кезде генералитет стратегиясы мұндай келісімге келумен ауыр қайғыны «сатқын саясаткерлерге» аудара салды. Ендігі жерде өз одақтастарының сатқындығы, «ту сыртынан пышақ ұрды» деген аңыздар да тарай бастады. Сондықтан да бұл келісім негізінен Германмя әлі соғыс қимылдарының театры болмай тұрып-ақ және армия тізе бүкпеген кезде-ақ жасалған болатын. Әлі де болса, көреген кадрлар мен әскери ауыр өнеркәсіп сақталаып қала берді.
Сондықтанда Компьен ымырасы бұл мойындалмаған мен тізе бүгу болып қалды. Келісім нәтижесі жеңімпаз мемлекеттермен жасасқан жеке дара көпе көрмеу ымырасы болды. Герман делегациясы жағдайды тым ушықтыруға дейін әрекеттер жасады. «Большевизмнен төнетін қауіп қатерге» байланысты олар армияны қару-жарақпен пулуметтен тазартуды қайта ұсынып, оны қабылдамауға қайта өтініш жасады. « Орыс картасының» мұндай ойыны Комьпен орманындағы келісім нәтижесінде оған айтарлықтай басымдылықтар берді, келіссөздің талабы бойынша ол өзі жаулап алған територияларынан соның ішінде Франция, Бельгия және Люксембург, Австро-Венгрия Туркия, Румыня, жіне Рейннің сол жақ жағалауынан өз әскерлерін шығаруға тиісті болды. Ал оның оң жақ жағалауында бейтарап аймақ құру көзделді. Одан басқа Германия жеңімпаз мемлекеттерге өзінің әскери күштерін айтарлықтай бөлігін беруге оның есесі ретінте әскери тұтқындарын қайтаруға уағдаласты. Сонымен қатар неміс әскері өзінің украинадағы өз позициясын сақтап қалды. Трибалтика аймағында олар 1919 жылдың соңына дейін тұрақтады. Комьпен келіссөзі Ресейдің қатысуынсыз іске асырылды. Ресей бірінші дүниежүзілік соғыста зор зиян шеккен мемлекеттердің бірі болған еді/4/ Алайда ресейдің саяси құқығы одақтастар мен неміс генералитеті тарапынан ескерілмей қалды. Сондықтанда ағылшынның әскери теоретигі Л. Гарттың айтуындай «одақтастар ресей үшін аз пайда істеді, оның соғыста зардап шеккен немесе қаза тапқан құрбандары үшін ештеңе де істемеді...»
Соғыстан кейінгі де дәл бәсеңсіген уақытша тоқтап, сол кездегі халықаралық шиеленістермен қатарласа көрініс тауып отырды. Соның ішіндегі ең маңыздысы Ресейдегі капиталистік жүйені түбімен қопарған қазан төңкерісі болды. Қазан төңкерісі туралы барлық капиталистік мемлекеттер теріс пікірде болды. Капиталистік өмірдің ішінде де түрлі саяси даму мен күйреу қатар дамыды. Біріншіден Германия осы соғыс нәтижесінде күйреп жеңіліс тапқан болса, екінші жағынан АҚШ халықаралық аренада белсенділік танытып, әлем қожайынына айналуға үміткер бірден-бір мемлекет болды. Соғыс АҚШ ты көз көріп, құлақ естімеген байлыққа кенелтті. Соғыс жылдарында Америка құрама штаттары Антантанның ең басты арсеналы болды, оны оқ –дәрі мен және қару-жарақпен қамтамасыз ететін басты қайнар көзіне айналған еді. АҚШ ендігі жерде әлемдегі ең алдыңғы қатарлы кредитор мемлектке айналды. Олар яғни, АҚШ Европа елдеріне арнап, 10млрд. доллар көлемінде қыруар қаражат бөлді. 6,5 млрд доллар қаржыны жеке американ магнаттары мен инвесторлары жеке өз қалтасынан құйды. АҚШ ендігі жерде осы күнге дейін ең бай болып келген мемлекеттердің өзін қарызға батырып, өзіне борышкерге айналдырды.
АҚШ кредиторлық билікті айналдыра отырып, өзінің әлемге үстемдік ету мақсатын алға қоя бастады. Олар өздерінің құзырлы құқықтарын пайдалана отырып келешектегі бейбіт конференцияларда өз өктемдігін, диктатын жүргізуді ойластырды. 1917 жылдың шлдесінде-ақ президент Вудро Вильсон былай деген еді: Англия мен Франция біздің пікірімізбен көзқарасымызды бөле-жара алмайды, соғыс аяқталуымен –ақ біз оларды біздің пікірімізге қосылуға мәжбүр етеміз, сондықтан да олар бізбен қатынаста қаржылық жағынан әрдайым бірге болады» . Бұл сенімді ойға негізделіп, 1918 жылы 8 қаңтарда президент Вильсонның «әлем бағдарламасын» шақырған « 14 пункт» жарияланды. Ол бойынша АҚШ ведомоствасы кез келген Антанта елдерінің арасында жүргізілетін құпия келіссөздер мен пактілер АҚШ тарапынан мойындалмайды» деп мәлімдеді Вильсон «теңіз бостандығы» , «сауда бостандығы» атты принциптерін алға қойып, өзіне бәсекелес Ұлыбританияның, Франция және Японияны басып озбаққа ниеттенді. «Ұлттық қарулангуды шектеу» талабын ұсына отырып, АҚШ өзінің әскери қуатын күшейтіп алды, ал «бостандықты реттеу» ұсынысы бойынша өзге елдердегі колонияларға өз үстемдігін орнатуды мақсат етті. Мысалы 12пункте Туркия құрамына енетін облыстарды автономия ретінде тану, қаратеңіз бұғасын ашу туралы айтылд, 13 пункте тәуелсіз Польшаны құру, ал 14 пункте Ұлттар лтгасын құру идеялары сөз болды. Әлемде реттеудегі американ бағдарламасы пацифистік фразеологианы насихаттады, шын мәнісінде американ империалистері экспансиялық мәселелерді жасырын ұстады.Сондықтанда Комьпен келісімінің АҚШ бастамасымен орындалуыда таң қалдырмайтын еді. Ұлыбритания өкілі Франция мен Жапония қолдауына ие бола ортырып, әскери теңіз флотын құру туралы Американың бағдарламасының Ұлыбритания мүддесіне қайшы келетін тұстарын сәлде болса жеңілдетті. Тіпті, ағылшын премьер-министрі Ллойд Жордж былай деп мәлімдеме жасады: «Ұлыбритания АҚШ болсын, басқа державалар болсын, олармен және флотымен тепе-теңдік қалпында қалады». Европа рыногы үшін АҚШ үлкен күрес жүргізді. Бұл мақсат үшін кейінгі президент Г.Гувер «АҚШ әкімшілігінің сауда-саттық бөлімін» ашқан еді, кейіннен сол типтес « американ әкімшілігінің көмегі» атты ведомстваны құрды /6/.
Ол бойынша аштық пен қуаңшылықты көріп отырған әлемнің бірнеше кедей мемлекеттеріне капитал салып, сол арқылы өз бәсекелестерін әлсірете білді. Ұлыбританя соғыстан кейінгі өз мәртебесін сақтап қалдын. Тіпті, ол соғыста не үшін соғысса, соны алып қалаған мақсатына қол жеткізді. Германия оған теңіз бен құрлықта бәсекелес болудан қалды. Таяу Шығыста Англия Түрік империясының біраз иеліктерін өз бақылауына алды. Сондықтан да Англия бейбіт келіссөздерде өз делегациялары арқылы кеңестік Ресейді тұншықтыру, Фрацияның Европада билігін жүргізбеуге және АҚШ-тың әлемдік игемонияға қол жеткізуіне қарсы пиғылда әрекет жасап келді. Бұл кезеңде күші мен позициясы жетерлік- Фрранция болған еді. Француз премьер-министрі Жорж Клемансонныңартында генерал Фош әлі де болса демобилизацияламаған 2 млн армия тұрды. Бірақ «әлемдік бағдарламаның» француздық үлгісіде шындықтан алшақ тұрды. Францияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Клемансо Германияның раванштық мүмкіндіктерін азайтып, Европа Франция игемониясын құруды көздеді. Францияның мұндай әрекеттері 1917 жылы ақұпанда Ресеймен жасалған құпия келіссөзінен аңғаруға болады. онда Францияға Германия территориясына өтіп кеткен жерлерді қайтару қарастырылды. Францияға Эльзас пен Лотарингия аймағы қайтарылды, онда Саар көмір бассейіні орын тепкен. Ендігі жерде Франция территориясы неміс жерін ығыстырып, Рейнге дейін жүргізілді. Рейннің сол жақ жағалауындағы неміс территориясында франуияның бақылауында, буферлік мемлекет құру көзделді. Кейінірек француз дипломатиясы бұл жоспарды одан әрі толықтырды. Германияның Шығыс шекарасында оның бұрынғы одақтасы, Ресейдң бақылауындағы аймақты құруды д\а мақсат етті. Француз стратегиясы Германиядан көп мөлшерде реперация талап етіп, және оның Африкадағы отарларына иелік етіп оны бәсекелестіктен біржола кетіруді жоспарлады. Франция осы кезде Кіші Азия мен Таяу Шығыстағы түрік иеліктеріне де өз бақылауын жүргізе бастады. Өздерінің көзқарастарымен әлемдік бөлісуден дәметкен Италия мен Жапония да өз делегацияларын бейбітшілік конференцияларына сала бастады. Бұл аталған екі державалардың да әлемдегі мәртебелеріне қарамастан олардың осы конференциялардағы ролы анағұрлым төменірек болды. Олардың ұсынысы мен пікірлері тек қана локальдық сұрақтарды шешуге ғана қолданылды.
Сонымен, бұл аталмыш державалар, әр конференциялар мен келіссөздерде өз елдерінің мүдделеріне сай өз позицияларын алға қойып отырды. Мұның ішінде әрине тілге етуге болатын АҚШ пен Франция. АҚШ жоғарыда айтып өткендей дүниежүзінің басым бөлігін қарызға батырып өз үстемдігін құру ниеттенсе, Франция болса соғыста жеңілген мемлекеттердің репарациясы арқылы өз экономикасы мен әлеуметтік структураларын «сауықтырып» алды. Яғни, Франция АҚШ-қа бәсеке боларлық Европадағы жалғыз мемлекет. Сондықтан да халықаралық конференциялар мен маңызды мәселелер төңірегіндегі келісімдер тек осы екі державаның араласуымен реттелініп отырды. Бұл кезеңде бәсекеге түгілі өз билігін қамын ойлаған Ресейдегі жас кеңес өкіметі бұл аталмыш екі ірі аспауыт державаларға бәсекелесе алмаған болатын.
І дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең алғашқы маңызды халықаралық келісім орталығы Франция болып таңдап алынды.

1.2. Париж конференциясының алғышарттары мен барысы.

1918 жылы күз айында Антанта әскері Батыс майданда шабуылға шықты. Неміс әскерлері одан әрі қарай шегінуге мәжбүр болды. Неміс халқы одан әрі соғысуды қаламады. Германияда ендігі дерде соғысқа наразылық ретінде қарсылық акциялары мен революциялық толқулардың шеті көріне бастады. Қазан айының басында неміс үкіметі АҚШ прзиденті В.Вильсонға нота жолдап, онда өздерінің ымыраға келу ниетті екндіктерін жеткізді. Нақ осы кезде, Германияның бұрынғы одақтастары тас талқан болып жеңіліп, капитуляцияға қол қойылды. Олардың ішінде: Туркия, Болгария және Австро-Венгрия бар. /7/
Антанта елдері үкіметі Германияда өршіп келе жатқан революциялық толқулардан қорықты. Сондықтан да олар Герман армиясының толықтай қарусыздануы мен талқандалуына мүдделі болмады. Одақтас елдердің Германия және оның соғыстағы серіктестерімен бейбіт келісім конференциясы 1919 жылы 18 қаңтар күні Версаль сарайы орналасқан Париж қаласында өткен еді. Оған соғыс жылдарында антанта жағынан соғысқан 27 мемлекет қатысты. Германия және өзгеде жеңіліс тапқан мемлекеттер бейбіт келісім конференциясының жұмысына қатысуға жіберілмеді. Конференцияға сонымен қатар Германиямен соғыста тауқыметті басым көпшілігін арқалаған кеңестік Ресейде шақырылмады.
Париж бітім конференциясында кішігірім мемлекеттердің ұсыныстарымен пікірлері іс жүзінде есептелмеді.
Бейбіт келісімді жасау мен оны ұйымдастыру істері әдеттегідей күшті мемлекеттерлің құырына жүктеліп қала берді. Конференцияда ең басты ролді ойнағандар АҚШ президенті Вудро Вильсон, ағылшын премьер-министрі Жорж Клемансо ойнады. Конференцияға қатысушылардың ең өзекті мақсаттары бұл жеңілген Германияға өз үстемдіктерін жүргізу және кеңістік Ресейде талқандау, сонымен қатар өзге де елдердегі революциялық қозғалыстарды тұншықтыру болды. Сондықтан да бейбіт келісім конференциясындағы ең басты мәселе-орыс мәселесі болды. Соның ішінде орыс мәселесі мен төң керісін қалай жеңіудің және оның өзге елдерге ықпалын әлсірету жақтары қарастырылды. Конференция кеңестік Ресей мен өзге де елдерге революциялық толқуларды талқандау үшін жасақталған әскери интервенциялық штабқа айналды /8/.
Француз импералистері Германияны барлық жағынан әлсіретуге тырысты. Олар Рейн өзенінің сол жағалауындағы жерлерді Германияның меншігі деп мойындаудан бас тартып, Керісінше мұнда Франция протектораты ретінде кішігірім Рейн республикасын құруды алға тартты. Олар сонымен қатар Баварлияның Германиядан бөлінуіне қызу түрд......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру