Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы
Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы
1.1 Антигитлерлік коалацияның құрылуы.
1.2 Тегеран конференциясының ашылу себептері.
ІІ Тарау. Екінші майдан мәселесі
2.1 АҚШ -Ағылшын үкіметі. Екінші майдан ашу мәселесі. Саяси ұстам.
2.2 Екінші майдан ашу мәселесі. ССРО саясаты.
2.3 Тегеран конференциясындағы екінші майдан ашу мәселесі жөніндегі шешімі
Қорытынды.
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан, түсінік – пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі күнбе – күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси - құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек, 20 - ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер: Тегеран – Ялта- Потсдам тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Әсіресе, мұндағы өзекті де назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы көрсетілмеуін атар едік. Осы конференцияларда бекітілген тарихи шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі өзгерткендігіне баса назар аудартқым келеді.
1943 жылдың соңғы айында Москвада жұрттың, көңіл күйі көтеріңкі еді. Ол үшін себептер де аз емес-тін. Жауды біржолата жеңуге деген сенім күшейе түсті. Сонау Мұзды мұхиттан Қара теңізге дейінгі ұшы-қиырсыз кеңістікке созылған совет-герман майданының, әр алуан учаскелерінде бұрынғысынша ауыр ұрыстар жүріп жатты. Кеңестер Одағының жерін басқыншылардан босатып, Европаның нацистер құлдыққа салған халықтарын азат ету басталғанға дейін орасан көп күш-жігер жұмсау керек болатынын жұрттың бәрі де жақсы түсінді. Алайда, соғыста инициатива батысқа қарай батыл қарыштап бара жатқан Совет Одағының қызыл армиясының қолына біржолата көшті деген сезімнің өзі-ақ совет жауынгерлері мен тыл еңбеккерлерінің күш-жігерін молайта түсті.
Біздің одақтастарымыз шайқасып жатқан соғыс қимылдары майдандарынан да жанды жадыратар жақсы хабарлар келіп жатты. Олардың Италиядағы, Эль-Аламейн түбіндегі, Тунис маңындағы және басқа майдандардағы жеңістері ол жақта да соғыс сәтінің, гитлерлік Германия мен оның қолжаулықтарынан теріс айналғанының айқын айғағы болды.
Үш ұлы державаның басшылары — И. В. Сталиннің,Ф. Рузвельттің, У. Черчилльдің жаңа ғана аяқталған Тегеран конференциясында қабылдаған шешімдері одақтастардың бірлігін, олардың соғыс ұйымдастырылатын қимылдардың көлемі мен мерзімдері жөнінде толық келісімге келдік,— делінген үш державаның Декларациясында — "..Біздің герман әскерлерін құрылықта, олардың сүңгүір қайықтарын теңізде жоюымызға, олардың әскери заводтарын әуеден қиратуымызға дүние жүзінде ешқандай күш кедергі жасай алмайды.
Біздің шабуылымыз аяусыз болады әрі үдеген үстіне үдей түседі...".
Біз өз елдеріміздің соғыс кезінде де, одан кейінгі бейбіт уақытта да бірлесе отырып жұмыс істейтіндігіне берік бел байлағандығын білдіреміз... Біз мұнда үмітпен, батыл бел байлап келіп отырмыз. Бұл жерден біз рухани жағынан да, мақсат жағынан да шын достар болып аттанамызң. "Үлкен үштік" өздері қабылдаған шешімдердің мәнін осылай баяндады.
Осы конференцияларда бекітілген тарихи шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі өзгерткендігіне баса назар аудартқым келеді. Курстық жұмыстағы басты мақсатым: екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Тегеран конференциясының негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесі. Яғни Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі екінші майдан ашу мәселесін талдап, сараптамалық шолу жасап, толыққанды зерттеп беру болмақ. Бұл үшін мынадай міндеттер алдыға қойдым: - Тегеран конференциясындағы гитлершіл Германияға қарсы коалициялық одақтың бас қосуы, яғни екінші майдан ашу мәселесі. – Одақтастардың гитлерлік германияға қарсы ортақ мүдделестігін айқындау.
- Қабылданған ресми құжаттардың мазмұнын, мән – маңызын анықтау;
- Ялтадағы конференцияда бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік мәселесінің қойылуын саралап беру;
- Одақтас бірліктің Германияны болашақта бөлшектеу жобалары;
- Неміс мәселесінің түпкілікті шешілмеуі.
Деректік негізі: осындай мақсат – міндеттерді алдыға қоя отырып, курс жұмысын жазу барысында арнайы құжаттық айғақтар және дерек көздері кеңінен қарастырылды. Тақырыпқа тікелей қатысты құжаттық жинақтар атап айтқанда , "Тегеран – Ялта –Потсдам (Сб. док-в)
"Ялтинская конференция 1945; Уроки истории" және "Хрестоматия по истории международных отношений" "Советский союз и Берлинский вопрос (Док-ты)" деген құжаттық материалдарда конференция барысынан түр - нұсқа мәтіндері және стенограммалары толық дерлік баяндалған. Бұл материалдардың құндылығын арттыра түседі. Сонымен қатар, әр конференция материалдары жеке – жеке жинақ ретінде жарық көрген "Тегеранская конференция руководителей трех союзных держав СССР, США и Великобритании;" "Крымская конференция руководителей трех союзных держав СССР, США и Великобритании"1 Потсдамская конференция трех союзных держав СССР, США и Великобритании;2 Хрестоматия по истории Новейшей истории;3"Переписка Председателя Совета Министров СССР с президентом США и Премьер – Министром Великобритании во время Великой Отечественной войны (1941-1945гг);"4 сияқты көптеген құжаттық деректерді курстық жұмысқа арқау етсек, кеңестік деректер жинақтар "Советско-англ отношения во время ВОВ 1941-1945гг.";5 Советско- германские отношения во время ВОВ;6 Советский союз на международных конференциях периода ВОВ (1941-1945 гг);7 т.б. кеңінен жұмысында қолданылды. Осы мәселені қарастыратын арнайы зерттеу еңбектер, монографиялар және оқулықтарға көбірек тоқталдым. Әсіресе, У. Черчиллдің,8 Майскийдің,9 Висков С.Н. және Кулбанин В.Д;10 Лютов Н.С. және Носков А.М;11
Тақырыптың маңыздылығы: бүгінгі таңда жаһандасу және халықаралық терроризм секілді әлемдік халықаралық күрделі мәселелердің алдын алу, оны тиімді жолдармен шешу үшін өткеннің тарихи тағлымына жүгінгеннің зор маңызы бар. Мәселен, зерттеу аясында қарастырып отырған 2 Дүниежүзілік соғыс кезіндегі коалициялық күштердің Тегеран- Ялта- Потсдам конференциялары іс жүзінде зор нәтиже берді, дүлей соғысты тез аяқтаудағы орасан маңызы күні бүгінге дейін баспасөз беттерінде бағалап келеміз. Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, жас мемлекеттің дипломатиясын нығайтуға үлес қосатын сыртқы саясаттың қыр - сырын білетін білгір мамандарға ділгір болып отырғанымызда осы жұмысымыздың маңыздылығын арттыры түседі.
Құрылымы: Курстық жұмыс құрылымы әдеттегідей үш бөлімнен: Кіріспе, Негізгі бөлім және Қорытындыдан тұрады: Кіріспеде тақырыптың өзектілігі деректік негізі, мақсат- міндеттері және маңызы жан – жақты қаралса, негізгі бөлім тиісінше екі тарауға бөлінген: 1 - тарау. "Тегеран конференциясының ашылуы және онда қаралған мәселелер: Антигитлерлік коалициялық бірлік". 2 - тарау: "Екінші майдан ашылу мәселесі" толығымен қаралды.
Қорытынды бөлімде жоғарыдағы пікірлер тиянақталып ой-түйін жасалған.

Тегеран кездесуінің қорытындыларын бостандық сүйгіш бүкіл адамзат, ең алдымен Совет Одағының, Құрама Штаттардың, Великобританияның халықтары жоғары бағалады. Совет үкіметінің басшысы Москваға қайтып келгеннен кейін АҚШ президентінен телеграмма алды, онда былай делінген: «Мен конференция мейлінше табысты өтті деп санаймын және ол біздің бірлесіп соғыс жүргізуге ғана емес, сондай-ақ келешек бейбітшілік ісі үшін де толық ынтымақтасып жұмыс істеуге қабілетті екенімізді қуаттайтын тарихи оқиға болғанына кәміл сенемінң. И. В. Сталин бұл телеграммаға 6 декабрьде жауап қайтарды. "Сіздің Тегеран конференциясы үлкен табыспен өтті және біздің тікелей кездесулеріміздің көп жағынан аса зор маңызы болды дегеніңізге қосыламын,— деп жазды ол.— Біздің халықтарымыздың ортақ жауы — гитлершіл Германия мұны көп ұзамай сезінеді деп үміттенемін. Ендігі жерде біздің халықтарымыздың қазіргі уақытта да, соғыс аяқталғаннан кейін де ынтымақпен бірлесіп қимылдайтынына сенім бар".
Тегеран конференциясының нәтижелерін, соғыс қимылдары жағдайында болса да, қоғамдық системалары әр түрлі мемлекеттердің ынтымақтастығы принципін практикада қолданудың нақты тәжірибесі деп бағалауға болады. Москва мұндай тәжірибені соғыстан кейінгі кезеңде де таратудың маңызды екенін үнемі атап көрсетумен болды. Сөйтіп, әңгіме келешек бейбітшілік жылдарында мүлдем жаңа сипаттағы, 1917 жылы Совет республикасы әйгілі Бітім туралы декретінде жариялаған әділетті, демократиялық бітімнің, негізделген халықаралық қатынастардың калыптасуы үшін жағдай жасау туралы болды.
Ол кездегі жағдай бұл идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген еді. Енді Тегеран кездесуінен кейін, батыс державаларының бұған дайын екенін ескере отырып, Совет Одағы мен антигитлерлік коалицияға қатысушы шет ел державалардың қатынастарына бейбіт қатар өмір сүру принципін негіз етуге айтарлықтай нақты мүмкіндік туды.
Осыған байланысты Құрама Штаттар президентінің 1943 жылғы 3 декабрьдің өзінде, яғни АҚШ президенті Иран астанасынан кеткеннен екі-ақ күннен кейін Каирден Сталинге жолдаған телеграммасындағы Тегеран кездесуіне берген бағасы назар аударарлық. "Мен біздің кездесуіміздің осынау айтулы күндерін аса зор қанағат сезімімен, адамзат прогресіндегі маңызды кезең ретінде бағалаймын".
Бұл тек жай ғана дипломатиялык сыпайылық емес-ті. Президенттің жақын досы, "үлкен үштіктіңң кездесуінде американ делегациясынық құрамында болған Гарри Гопкинс өз жазбаларында Рузвельттің Тегераннан аттанып бара жатып, «соғыстан кейінгі бейбітшілікті сақтау ісінде Россиямен ынтымақтасу" мүмкіндігіне кәміл сенгенін растайды.
Ал Черчилльге келетін болсақ, ол тұтас алғанда Тегеран кездесуіне оң баға бергенімен, ол туралы пікірін іркіліңкіреп білдірді.
Сталинге жолдаған, Москваға 1944 жылғы 24 қаңтарында келген хатында британ премьері былай деп көрсетті: "Тегераннан өзіммен бірге алып келген, біздің жақсы қатынастарымыздың сезімі мені әжептәуір сергітіп тастады".
Черчилльдің тартыншақтауының өз себептері бар еді: Тегеранда талқыланған көптеген мәселелер жөнінде ол азшылықта қалды және қадам басқан сайын шегіне отырып, Совет Одағы мен Құрама Штаттар арасында қол жеткен бірсыпыра маңызды уағдаластықтарға амалсыз-дан қосылуға мәжбүр болды.
Тегеран конференциясы антигитлерлік коалицияның шырқау шегі деп әділ саналады. Ол Батыс Европада екінші майдан ашу сияқты маңызды мәселе бойынша келісілген шешім қабылдап, үш державаның бірлігін нығайтты. Ағылшын-американ әскерлерінің Нормандияға кіретін нақты мерзімін белгілеуге де қол жетті. Сондай-ақ соғыстан кейінгі құрылыс пен бейбіт жағдайдағы ынтымақтастықтың көптеген мәселелері бойынша да шешімдер қабылданды.
Тегеран конференциясынан Потсдам конференциясына дейінгі кезеңнің - әскери, саяси дипломатиялық жағдайының сан қырлы жақтары мен қиыншылықтарын түгел қамтуға тырысқан жоқ.
Алға неғұрлым шектеулі міндет: антифашистік каолицияға қатысушылар арасындағы өзара қатынас үшін ерекше маңызы болған, соның ішінде автордың өзі куә болған жекелеген кезеңдер мен оқиғаларды атап өту, түптеп келгенде соғыс кезіндегі одақтың бұзылуына соқтырған елеулі қайшылықтардың бірте-бірте қалай жиналғанын көрсету міндеті қойылды.
1.2 Тегенран конференциясының ашылу себептері.
1943 жылы 28 Қарашадан – 1 Желтоқсанға дейін үш мемлекет : АҚШ, КСРО, Ұлыбритания үкімет басшылары Ф.Д. Рузвельт, В.И. Сталин, У. Черчилль Тегеранда бас қосты. Одақтас елдер басшыларының бірінші кездесуіне дипломатия кеңесшілері мен әскери штабтың өкілдері де қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы және соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Одақтас елдердің гитлершіл Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран конференциясының басты мәселесі болды. Көртеген тарихшылар Тегеранды антигитлерлік коалицияның ең шыңы деп санады. Бірақ бұл жолға келу оңай болған жоқ. Англия мен АҚШ билеуші топтары Гитлердің КСРО- ға шабуыл жасаған сәтінен бастап енжарлық көрсетті және сол кездегі КСРО мен Әскери ынтымақ жасауға құлшына қоймады. Кеңес үкіметі ең қысқа мерзім ішінде батыс державаларымен одақтастық қарым - қатынастар жасауға ұмтылып, мұны фашистік "ось" державаларына қарсы ойдағыдай күрестің кепілін көріп отырған кезде , Лондон мен Вашингтон ортақ жауға қарсы тек біріккен қимылға жағдайдың қысымымен ғана....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар