Әдебиет | Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері
Мазмұны
Кіріспе ..............................................................................................................
I тарау Аударма теориясының қалыптасуы
1.1 Аударма теориясының негізі...........................................................
1.2 Қазақстанда аударма теориясының қалыптасуы............................
II тарау Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері
2.1 Революцияға дейін пайда болған аударма өнерінің алғашқы үлгілері.............................................................................................
2.2 Қазақстандағы аударма өнерінің XX ғасырдағы даму бағыты...............................................................................................
Қорытынды......................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................
I тарау Аударма теориясының қалыптасу тарихы
1.1 Аударма теориясының негізі
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, екітілділік ежелгі дәуірлерден бастап көрініс тапқан. Екі тілде сөйлеген рулардың арасындағы соғыстардың нәтижесінде, адамдар тұтқынға алынды. Тұтқынға түскен адам сол рудың тілін түсінуге, үйренуге мәжбүр болды, осылайша билингвтер пайда болды. Бұл кездейсоқ және уақытша құбылыс болғанымен, сол кездің өзінде бір тілден екінші тілге аудару қажеттілік болды.
Ежелгі Мысыр, Рим империясы, ежелгі Греция мемлекеттері, Үндістан, Иран және т.б. мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасуымен байланысты, олардың арасында қарым-қатынас қажеттілігі туындады. Және маман аудармашылар қажет болды. Аралас некеге тұрудың нәтижесінде екітілділктің әр-түрлі формалары дүниеге келді.
Екітілділіктің тұрақты формалары феодал дәуірінде қалыптаса бастады. Себебі, бұл ғасырларда пұтқа табынушылық жойылып, қоғамға негізгі тіл мен жазбаны алып келген, жаңа діндер пайда болды. Капитализм дәуірінде екітілділік кең тарады.
1875 жылы Бодуэн де Куртенэнің «Опыт фонетики резьянских говоров» атты кітабы басылып шықты. Онда ол тілдің аралас сипатын талқылайды. Ол: «Екі тілдің араласуы екі бағытта болатын құбылыс, бір жағынан ол өз тіліне аударма тілінің элементтерін қосады, екіншіден ол екі тіл арасындағы айырмашылықтарды жояды» дейді.
Екі тілде сөйлейтін іскери адамдардың арасындағы қатынас аудармашылар арқылы жүзеге асады. Ежелгі Ресейде оларды «толмач» деп атаған. Қазір олардың көмегінсіз халықтар мәселесі бойынша келіссөз жүргізу мүмкін емес. Аудармашылардың практикалық қызметінің және аударма саласына жүргізілген зерттеулердің арқасында, аударма теориясын үнемі толықтырып отыруға мүмкіншілік бар. Аударма теориясы аударманы үйренушіге де, маман аудармашыға да қажет. Оқу құралы ретінде аударма теориясыз өмір сүре алмайды. Маман аудармашы аударма тәжірибесін өз саласында орынды қолданса, өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге жол ашады.
Аударма теориясы саласына байланысты В.Н.Комиссаровтің «Теория перевода», «Современное переводоведение», Л.С.Бархударовтің «Язык и перевод», Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика», А.Д. Швейцердің «Теория перевода», И.И.Ревзин, В.Ю.Розенцвейгтің «К обоснованию лингвистической теории перевода» және т.б. еңбектері аударма теориясында елеулі орын алады. Андрей Венедиктович Федоров XX ғасырдың 30-жылдары аударма теориясының негізін өзінің аударма теориясы бойынша М.Горький атындағы Москваның әдебиет институтында оқыған дәрісінде салды. «О художественном переводе» деген кітабында ол аударма теориясы мен практикасының сәтті үйлестіру, тек кең филологиялық негізде ғана мүмкіндігі жайлы баяндайды. 1953 жылы оның «Введение в теорию перевода» атты еңбегі жарық көреді. (22; 9, 10). Бұл еңбегі бойынша, аударма теориясы филологиялық ғылымның саласы болып табылады, сонымен қатар кейбір жағдайларда әдебиеттану ғылымымен, оның тарихы және теориясымен, қарастырып отырған тілде сөйлейтін халықтардың тарихымен тығыз байланысты.
А.В.Федоров өз еңбегінде аударма теорисының негізгі бөлімдерін қарастырған.
1. Бірінші бөлімінде аударма теориясын қалыптастыру үшін, аударманың тарихын, аудармашылық ой-пікірлер мен көзқарастарды біріктіріп, оны жүйелеу сияқты мәселелерді қарастырған.
2. Екінші бөлімінде аударманың жалпы теориясы қарастырылады. Белгілі бір аудармаларды талдап, аударма жұмысында маңызды тіларалық айырмашылықтарды зерттеу арқылы аударма заңдылықтарын белгіледі. Екі тілдің ғана ерекшеліктері мен айырмашылықтарын қарастыратын жеке аударма теориясы, жалпы аударманы қарастыратын жалпы аударма теорисы осы бөлімге кіреді.
Аударманың жалпы теориясы біріншіден тілдің аудармаға қоятын негізгі міндеттері мен шарттарын зерттейді. Екіншіден материалдың жанрлық ерекшеліктеріне байланысты (газеттік-ақпараттық, іскери-құжаттамалық, арнайы ғылыми мәтіндер, қоғамдық-саяси көзқарасиағы шығарма немесе көркем аударма) негізгі міндеттері мен шарттарын зерттейді және жазушының өзіндік стилін қарастыру негізінде жалпы қағидалар жасалады. (4; 16, 17).
1.2 Қазақстанда аударма теориясының қалыптасуы
Аударма өнерінің қазақ топырағындағы гүлдене бастауы – орыс әдебиеті классиктерінің және орыс әдебиеті арқылы әлем сөз өнері зергерлері шығармаларының қазақшаға тәржымаланған тұсы. Соған орай алғашқы кезде мерзімді басылымдарда пікір, ұсыныс түрінде басталған аударма теориясы мен практикасына байланысты зерттеу жұмыстары кең арнаға, ғылыми салаға айналды. Аударма өнерін зерттеудің тарихы бастауын 1914 жылы "Айқапта" жарық көрген Сәкен Сейфуллиннің пікірінен бергі аралықтағы еңбектердің көтерген мәселесі де, зерттеу бағыты мен әдісі де сан түрлі. Аударма өнеріне қатысты А.Байтұрсынов, М.Сералин, Ж.Аймауытов пікірлері болғанына қарамастан және аударма өнерін зерттеу көкейтестілігі күн тәртібіне қойылғанмен, халқымыздың ұлы ойшылдарының бірі – М.Әуезовтың 1936 жылы жарияланған "Пушкинді қазақша аудару тәжірбиелері туралы"атты мақаласына дейінгі еңбектерде (Б.Кенжебаевтың Абай аудармашылығы жайында 1925 жылғы, Е.Алдоңғаровтың Пушкиннің "Сараң сері", "Тас мейман" қазақша аудармалары туралы 1926 жылғы мақалалары) ғылыми талдаулар мен тұжырымдар болған жоқ.
Қазақ топырағындағы аударма теориясының алғашқы қазығы сияқты осы мақаладан кейін М.Әуезовтың "Ревизордың аудармасы туралы", "Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?", "Евгений Онегиннің қазақшасы туралы", "Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар" атты мақалалары мен 1937 жылғы 5 қаңтарда "Казахстанская правда" газетінде "Евгений Онегин на казахском языке" атты мақаласының жарық көруі қазақ әдебиеттану ғылымында көркем аударма теориясының өмірге келгенін көрсетеді.
М.Қаратаевтың аударма өнеріндегі қиындықтар мен принциптерді, жетістіктер мен кемшіліктерді әңгіме арқауы еткен, аударма шығармалардытуған әдебиеттің саласы ретінде дәлелдеген "Жүз жылдан кейінгі Пушкин", "Пушкин мен Абай", атты екі мақаласының, Т.Жүргеновтың "Казахский перевод "Шах-наме", Р.Жаманқұловтың "Пушкин өлеңдерінің аудармасы жөнінде бір-екі сөздің" аударылуы атты мақалаларының қазақ көркем аударма теориясының іргетасы деп танырлықтай еңбектер екені даусыз.
Қазақ аударма өнерінің қырқыншы жылдардағы зерттелуі туралы Ө.Айтбаев: "... соғыстың әлегі бұл салада да ізін қалдырды. Яғни, көңілдің аудармадан гөрі басқа мәселеге алаң болғаны мәлім. Бұл тұста біз бір ғана еңбекті ескере аламыз. Ол – М.И.Ритман-Фетисов пен Б.Кенжебаевтың бірлесіп жазған "Советтік Қазақстандағы аударма жұмысы" деген мақаласы" – деп тұжырымдайды. Алайда, 1946 жылы қорғалған Қ.Жұмалиевтің "Абайға дейінгі қазақ поэзиясының тілі" тақырыбындағы докторлық диссертацмясында Абай аудармалары туралы бағалы ойлар айтылуы, С.Мұқановтың 1945 жылдары аяқталған "Абай Құнанбаев" атты монографиясында ұлы ақынның аудармашылық қызметі сөз болуы, жоғарыда аталған мақаладан кейін М.С.Сильченконың "Пушкин және қазақ әдебиеті", М.Фетисовтың "Пушкин шығармаларының қазақша аудармаларының қоғамдық – мәдени маңызы" атты мақалаларының жарық көруі қазақ аударма өнерінің қиын – қыстау кезеңде де зерттелгенін көрсетеді.
Қазақ аударма өнерінің теориялық мәселелерін терең зерттеу елуінші жылдардан басталды. Бұл аударма мәселесіне мемлекеттік маңыз беріліп, Бүкілодақтық проблема деңгейіне көтерілуімен тікелей байланысты. КСРО Жазушылар Одағы бұл мәселені 1951 жылы көпшілік талқысына салып, көркем аударма туралы Бүкіл одақтық бірінші кеңес өткізді. Кеңестің өтуі және кеңес қарсаңында кең түрде пікір алысу жүруі көркем аударма мәселесінің зерттелуіне игі әсер етті. Осы кезеңде көркем аудармаға байланысты Қазақстанда тұңғыш ғылыми диссертация қорғалды. Ол-Жамбыл өлеңдерінің орысшаға аударылуын зерттеу объектісі етіп алған К.Ландаудың еңбегі болатын. Бұл еңбек тек аударма проблемаларын шешуге атсалысып қана қойған жоқ, ол көркем аударманың Қазақстандағы ғылыми-теориялық зерттелуінде қозғау салушы ретінде роль атқарып, оны ғылыми сала ретінде тану ұғымын тиянақтай түсті.
М.Әуезов, М.Қаратаев, М.Жанғалин, Қ.Шәріпов, Ә.Ипмағанбетов, З.Ахметов, С.Нұрышев, С.Қирабаев, К.Канафиева, Қ.Сағындықов, А.Садықовтардың 1950-60 жылдар аралығында жарық көрген еңбектері қазақ аударма өнерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуін қалыптастыру ісіне үлкен үлес қосты.
Аударма өнерінің зерттелуінде С.Талжанов, Ә.Сатыбалдиев, Ө.Айтбаев және т.б. ғылымдар еңбектері орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақшаға тәржімалауды әңгіме арқауы етсе, С.Құспанов, Х.Садықав, М.Бисенқұлов және т.б. зерттеушілер еңбектері көркем шығармалардың қазақ тілінен орыс тіліне аударылуындағы проблемаларды шешуге арналған.Кейінгі кездегі аударма теориясы мен тәжірибесіне байланысты осы бағыттағы толымды еңбек ретінде Н.Сағындықованың зерттеулерін атасақ, Б.Репин, Ю.Сушков, А.С.Ермағанбетова, К.И.Дүйсетаева, М.Ш.Құрманов және т.б. зерттеушілер сатылы аударманың қыр-сырын ашуды мақсат етіп, орыс тілі арқылы қазақ көркем шығармаларының шетел тілдерінен орыс тілі арқылы қазақ тіліне аударылуы мәселелерін сөз етеді.
Аударманың түрлі проблемаларын қозғаған кітапшалардың жарыққа шығуы, мақалалар жинағының басылуы және жеке кітап болып басылған монографиялық зерттеулердің өмірге келуі 1950 жылдардан бастап өз арнасына түсе бастаған аударманың ғылыми зерттелуін тереңдете түсті. Олар: С.Нұрышевтің "Абайдың аударма жөніндегі тәжірбиесінен" (мақалалар жинағы,1957), З.Тұрарбековтың "Аударма туралы" (1961), "Қазақ аудармасының теориясы мен практикасы" (1973), "Әдебиеттер достығының дәнекері" (1977), С.Талжановтың "Көркем аударма туралы"(1962), "Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері" (1975), Ә.Сатыбалдиевтің "Рухани қазына" (1965), М.Әлімбаевтың "Өрнекті сөз – ортақ қазына" (1967), Т.Әбдірахмановтың "Жаңа ғасыр көгінде"(1969), Ү.Суханбердина құрастырған "Әдеби мұра" (1970), Ө.Айтбаевтың "Аудармадағы фразеологиялық құбылыс" (1975), Р.Хайрулиннің "Аударма сыпаты" (1976), М.Құрмановтың "Алтын арқау (1979), С.Сейітовтың "Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі" (1985), Ш.Сәтбаевтың "Достық дастандары" (1983), Г.Бельгердің "Гете мен Абай" (1995), Н.Сағындықованың "Основы художественного перевода" (1996)" атты кітаптары мен басқа да қаламгерлер еңбектері. Сонымен қатар, көркем аударма мен жалпы аударма мәселесіне, әдебиеттер байланысына қатысты Қ.Жұбанов, І.Жансүгіров, М.Әуезов, М.Балақаев, З.Ахметов, С.Қирабаев, С.Аманжолов, С.Қоспанов, М.Қаратаев, З.Қабдолов, Р.Нұрғалиев, С.Бәйішов, Ә.Нұрпейісов, М.Жанғалин, Қ.Шәріпов, Ә.Ипмағамбетов, С.Исаев, К.Канафиева, Р.Бердібаев, Ш.Сәтбаева, Т.Ахтанов, Т.Сайранбаев, Г.Бельгер, Х.Әдібаев, А.Жовтис, З.Лизунова, Қ.Сағындықов, Х.Өзденбаев, А.Нысаналин, К.Нұрмаханов, С.Ахметов, С.Нұрханов, С.Қоспанов және т.б. әдебиет пен сын майданының жауынгерлері айтқан пікірлер мен ұсыныстардың қазақ аудармасының теориясы мен практикасы дамуына ықпал етіп, себін тигізгді. Жариялану мерзімі жылда болғанымен, бұл еңбектердегі теориялық тұжырымдар мен пікірлер негізінен орыс филологиясындағы қағидалар мен түсініктерді тірек етеді. Себебі, қазақ ғылымының дамуы орыс ғылымымен тікелей байланысты және ол байланыс нығая да жалғаса бермек.
Сонымен қатар, үшінші бағытты – аударманы жалпы филологиялық объект деп тануды ұсынушылар да бар. Орыс филологиясында аударманы белгілі бір салаға жатқызуды әурешілік деп таныған, яғни аудармада тілтану және әдебиеттану әдістерін біріктірмей шындыққа жету мүмкін еместігін Б.А.Ларин айтса, қазақ филологиясында Ө.Айтбаев фразеологизмдерге байланысты: "На наш взгляд, это разногласия среди филологов говорит за то, что категория фразеологических словосочетаний принадлежать к какой-либо единой отрасли, и требует к себе подхода с филологических позиции, куда примыкает и наука о художесивенной прозе" - деген пікірді айтады. 10

2.1 Революцияға дейін пайда болған аударма өнерінің алғашқы үлгілері.
Қазақ тіліне аударма үлгісі XYII-XYIII ғасырларда келген. Араб-парсы, шағатай тлдерінен ауысқан, ауызша айтылған ертегілер, көптеген ұсақ мысал-нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегіндей. Шын мағынасында бұлар аударма емес, мазмұндау – өзінше қайталап айту еді.
Қазақстанда аударма өнерінің алғашқы туындылары революцияға дейін пайда болды. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, өздерінің жазушылық және ағартушылық қызметтерімен, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында орыс мәдениетіне жол ашты.
«Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәріде орыста тұр. Залалынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады» - деп айтқан Абай атамыз. Ал Ыбырай Алтынсарин болса: «...Шын білім беретін, пайдалы мәләметтер беретін ғылыми күрделі оқу құралдарына жол салып беретін ғылыми күрделі оқу құралдарына жол салып беретін... өзімізге ең жақыны орыс тілі...» деген. Олар бір ғасырда өмір сүргенімен бір-бірін көрмей, танымай өтті. Алайда халықтың сол дәуірлегі мүддесі мен тарихи беталысы оларды үндестіріп отырды. Олардың үні тарихтың үні еді. Олар тарихтың өзі тудырған қайраткерлері болатын. (9; 11)
Олардың ойынша, қазақ үшін өсіп, өркендеудің бірден-бір дұрыс жолы – ұлы орыс халқының демократияшыл мәдениетінен үлгі алу болды, сондықтан орыс мәдениетін қазақ жұртшылығының арасында насихаттауға, қазақтардың бойына орыс мәдениетінің ұрығын салуға бар күштерін жұмсады. Осы идеяны жүзеге асыруда Абайдың да, Ыбырайдың да, кейін келген қазақтың демократияшыл қайраткерлердің де туған халқын мәдениеттендіру жолында қолданған ең күшті құралы – аударма жұмыс болды. Олар аударма арқылы өз халқының санасын оятып, орыстың күллі бай мәдениеті мен әдебиетіне, ғылымына кеңелдіруді арман етті. (9;12)
1879 жылдардағы Ыбырай Алтынсариннің «Киргизская хрестоматиясы» қазақ халқының алғашқы үлгісі болды. Бұл орыс тілінен аудару дәстүрі еді. Алтынсарин аударылатын шығармаларды, ең алдымен, өзінің педагогті - тәрбиешілік көзқарасының тұрғысынан іріктеген. «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім», - дейді ол хрестоиатияға берген алғы сөзінде. Ол аударманы өзінің ағартушылық миссиясын жүзеге асырудың үлкен құралы деп білді және құрал етіп жұмсай алды да. (9:13) Орыс әдебиетінің туындыларынан шығармалар аударып, оларды өз халқының мүлкіне айналдыру Алтынсарин үшін үлкен мәні бар мәселе еді. Оның аударғандары негізінен алғанда Л.Н.Толстойдың, И.А.Крыловтың, К.Ушинскийдің, И.М.Паульсонның шығармалары. Бұлардың өзінен ол өзінің ағартушылық идеясына сай келетін, орыс тілін жаңадан үйрене бастаған, ғылымның алғашқы сатысына енді ғана аяқ басқалы отырған қазақ балаларының оқуына лайықты келетін шығармаларды іріктеп алды.
Ә.Дербісәлиннің анықтауынша, Алтынсарин аудармаларының жалпы саны отыз бес. (9:14) Оның әдеби және ғылыми мұрасында аударма үлкен орын алады. Оның аударма еңбектері арқылы бүкіл қазақ сахарасына орыс мәдениетінің, орыстың демократияшыл ой-пікірінің лебі есті, екі халықтың рухани жағынан жақындаса түсуіне деген тарихи адым жасалды (9:25).
Қазақ әдебиетінің тарихында Абай шығармаларының алатын орны белгілі. Абайдың қазақ халқына қалдырып кеткен мұраларының ішінде аударма да үлкен орын алды. Ол орыстың Крылов, Пушкин, Лермонтов сияқты классиктерін аударды. Аудара отырп олардан рухани нәр алды, өлең жазудың шеберлігін, сөз саптаудың, ойды бейнелепайтудың асқақ та нәзік үлгілерін үйренді. Орыстың ұлы ақындарын аудара отырып, орыс тілінің ішкі сырына, музыкасына, оның түрлену, жаңару жүйелеріне қанықты және оны өз творчествасында да қолдана білді.(9;27)
Абайдың аудармалары жайында, М.Әуезов «Абай еңбектерінің биік нысанасы», «Абайдың өмірбаяны», Қ.Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі», М.Қаратаевтің «Пушкин мен Абай», «Ұлы Абай», Ә.Тәжібаевтың «Абай және қазақ әдебиеті», М.С.Сильченконың «Абай және Крылов» т.б. көптеген еңбектері бар. Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы С.Нұрышевтің 1954 жылы «Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесінен» , З.Ахметовтің «Лермонтов пен Абай» деген кітаптарын басып шығарды. Абайдың шығармашылығы туралы, оның ішінде аудармашылығы туралы еңбектердің көптігіне қарамастан, оның аудармаларының шеберлігі әлі терең зерттелген жоқ. Бұл әдебиет пен тіл зерттеу ғалымдарының алдында тұрған елеулі проблемалардың бірі.
Алтынсарин мен Абай творчестваларының туған, дамыған кездері қазақ өмірінде орыстың тілі мен жазуын үйренуге жаппай бет бұра бастаған дәуір еді. Бұған сол кездегі жаппай саяси-әлеуметтік жағдай себеп болды. Қазақ арасынан сауатты адамдар көбейіп, халқымыздың орыс мәдениетіне бір табан да болса жақындай түсуіне мүмкіндік туды.
Осы кезде қазақ халқының тарихында тұңғыш рет қазақша газеттер шыға бастады. 1870 жылы 28 сәуірде Ташкент қаласында тұңғыш қазақша газеттің – «Түркістан уалаятыны газетінің» бірінші саны шықты. Газет 1883 жылға дейін айына екі рет үзбей шығып тұрды және негізінен аударма газет болды. Сондықтан Оны баспасөз бетіндегі ресми аударманы қазақ даласына алғаш рет әкелген газет деп айтуға болады. Сол кездегі ішкі істер министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша, оған патша үкіметінің, Түркістан генерал-губернаторының және басқа жергілікті өкімет органдарының бұйрық-жарлықтарын, әр алуан ресми құжаттарды, түрлі шаруашылық мәліметтер мен ел арасындағы хабарларды ғана жариялаған.(9;29)......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет курстық жұмыстар, Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері