Педагогика | Қазіргі мектептегі оқыту принциптері
Мазмұны
І. Кіріспе.......................................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Саналылық және белсенділік принципі.........................................................................6
2.2 Көрнекілікпен оқыту принципі........................................................................................8
2.3 Жүйелілік және бірізділік принципі.............................................................................10
2.4 Беріктік принципі.............................................................................................................14
2.5 Түсініктілік принципі......................................................................................................15
2.6 Ғылымилық принципі....................................................................................................17
2.7 Көңіл-күй принципі.........................................................................................................18
2.8 Теория мен тәжірибені байланыстыру принципі......................................................20
ІІІ Қорытынды...........................................................................................................................22
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................................23
Саналылық және белсенділік принципі
Аталған принциптің негізінде ғылым тарапынан анықталған зандылық тұжырымдары жатыр - білім мәні өз ақыл ой белсенділігі арқасында игерілген терең де әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу сеп-түрткілері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипа-ты, танымдық іс-әрекетті басқару және оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастыру, мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары және т.б. Оқушының өзіндіктаным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын тереңәрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық және белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:
- Алдагы жумыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну - саналы оқудың қажетті шарты: олар-ды оқушыларға көрсетіңіз, маңызы мен мәнін түсіндіріңіз, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе біліңіз.
- Оқыту барысында оқушы не, неліктен және қалай істеу керектігін түсінетін болсын, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мән, мағынасын ұғынсын.
- Оқу барысында танымдық іс-әрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдаланыңыз, талдауды бірікті-ру тәсілімен, индукцияны дедукциямен, салыстыруды қарама-қарсы қоюмен біріктіріңіз, сәйкестікті жиі пайдаланыңыз, балалардың жасы неғұрлым кіші болса, индукция тәсілін жиі қолданыңыз.
- Оқушылар әр сөздің, сөйлемнің, уғымның мән-мағынасын түсінетін болсын: оларды қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тәжірибесіне сүйеніңіз, бейнелі салыстыруларды пайдаланыңыз. Мән-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болыңыз.
- Балалардың бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын
дамытуға қажет жағдайларды қамтамасыз етіңіз. Мұғалімнің түсіндермесінен гөрі, қасында бірге отырған жолдасының әңгімелеп бергені тиімді де әрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан келетін оқу істерін өз міндетіңізге алып, түсіндіріп жатуыңыздың қажеті жоқ. Бала белсенділігін тәрбиелеуде уақытты да, күш-қуатты да аянбаңыз. Есіңізде болсын, бүгінгі белсенді оқушы қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі.
- Оқушыларға белгісіз мәліметтерді бұрыннан белгілілерімен қисынды ұштарыңыз: игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында қисынды байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды.
- Есіңізде болсын, оқудағы басты нәрсе - сіз оқытып жатқан пән емес, ол сіздің тәрбиеңізбен қалыптасып жатқан тулга. Оқушы сіздің оқу пәніңізге қосалқы элемент болмай-тындай етіп оқытыңыз әрі тәрбиелеңіз, керісінше, сол пәнді сізбен бірге белсенді игеретін субъект болсын. Жадыңыздан шығармаңыз, тұлғаны қалыптастыратын пән емес, пәнді оқытумен байланысқан мугалімнің өз әрекет-қимылы.
- Оқушының бақылайтын деректері мен игерген білімдері арасындагы айырмашылықтарды тауып және оларды түсіндіруді талап ететін жағдайларға келтіріңіз.
- Егер әр ереже тиімді сандагы мысалдармен қамтамасыз етілсе және сол ережелердің қолдану ауқымы қаншалықты кең екендігін оқушы түсінсе, оқу табысы соғұрлым жоғары болады.
- Игеріліп жатқан материалдардағы басты және екінші дәрежелі ақпараттарды табуга және ажыратуга үйретіңіз. Оқушыңыз ең алдымен өзекті мәселелерді түсініп, игеретін болсын. Сабақта келтіретін дерекжәне мысалдарыңыз негізгі мәселе мәнін көлеңкелеп тастамасын.
- Әкімдік беделмен ешнәрсеге үйретіп болмайды, оқу - сезім мен санага негізделген дәлелдер арқылы гана нәтижесін береді. Оқушыларға оқу-тәрбие істерінің аса өнімді әдістерімен қарулануына жәрдем беріңіз, оларды оқып үйренуге үйретіңіз. Оқушы зейінін сабақ материалынан алаңдататын жағдаяттарға назар аударып, бақылап барыңыз.
Ол жағдаяттар ішкі де (ой шашыраңқылығы, сабақтағы қажетсіз заттармен шұғылдану және т.с.с. ), сырттай да (сабаққа кешігу, тәртіп бұзу және т.с.с.) болуы мүмкін, кері әсер ететін себептерді жойып барыңыз. Мүмкін болғанша, "неге", "неліктен" сұрақтарын жиі қолданыңыз. Осы арқылы балаларды себеп-салдарлы ой толғауға үйретіп, дамытушы оқу үдерісін іске қосыңыз.
- Дәлелді деректер мен айгақтары бар оқу - нәтижелі оқу, мұндай оқуда күмән болмайды, ештеңе ұмытылмайды. Есіңізде болсын, нағыз білгір - түгін қалдырмай, қайталап айтып беретін емес, ал оны тәжірибеде қолдана білетін.
- Өз оқушыларыңыздың жеке-дара қызыгуларын зерт-теңіз әрі оларды ұдайы пайдаланыңыз, бала қызығулары оның жеке мүдделерімен, сонымен бірге қоғамдық қажеттермен үйлесімді болуына мән беріп, оларды дамыта түсіңіз.
- Оқу барысында турмыстық жагдайларды кеңірек пайдаланыңыз. Оқушылардан өмірде байқағандары мен олардың ғылыми түсіндірмелері арасындағы айырмашылықтарды түсіне ұғып, өзінше бағалауын талап етіңіз.
- Игерілген білімдер сенім, наным деңгейіне өтіп, оқушы әрекетіне басшылық болатындай дәрежеде оқытыңыз.
- Өзіңіз тәрбиелеп жатқан балаларды дербес, өз бетінше ойлауға және әрекет жасауға үйретіп барыңыз. Біреудің атқанын қайталауға, екінші біреуге сыбырлап жәрдем беруге және ойсыз еліктеуге жол бермеңіз.
- Оқушылардың шыгармашылық ой-өрісін мәселелерді жан-жақты талдау жәрдемімен дамытуга тырысыңыз, мәселелерді бірнеше қисынды айырмасы бар тәсілдермен шешуге үйретіңіз, шығармашыл тапсырмаларды жиі қолданыңыз.
- Сұрақ қою және оның жауабын тыңдай білу - белсенділікке ынталандыру мен оны қолдаудың маңызды шарты. Сұрақ қандай болса - жауап сондай, мұғалім оқушыны қалай тыңдаса - оқушы мұғалімді солай тыңдайды.
2.2 Көрнекілікпен оқыту принципі
Бұл ежелгі замандардан қолданылып келе жатқан аса танымал және сезімдік түсінікті принциптердің бірі. Оның негізінде келесідей ғылыми зандылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру мүшелерінің аса жоғары сезімталдығына ие; қабылдағыш жүйке (рецепторлардың) орталық жүйке-жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:
- Сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу үдерісінде пайдаланыңыз.
- Есіңізде болсын, сәби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құрылмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.
- Оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдаланыңыз, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына - көретінді, құлақ қабылдауына - естілетінді, иіс, дәм қабылдауға - тиісті мүшелерді.
- Бір көрнекілікпен шектеліп қалмаңыз: көрнекілік - мақсат емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы.
- Оқыту және тәрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар және бейнелер негізінде жеткізілсе, тез әрі жеңіл қабылданады; олардың мәнін ашуға әрқилы кернекілік түрлерін пайдалану.
- Кернекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны мәселелік жағдайларда өзбетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жен. Бұл оқушылардыңтиімді ізденісжәнезерттеужұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
- Көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие барысын-да есіңізден шығармаңыз.
- Оқушы бақылаулары жүйелестіріліп, себептер және салдарлармен сәйкестендірілсін.
- Көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын және екінші дәрежелілерін өз алдына, содан соң қайталай тұтастыққа келтіруге үйретіңіз.
- Әртүрлі көрнекілікті пайдаланыңыз, бірақ көрнекі құралдарыңыздың саны шектен асып кетпесін, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мән-мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.
Көрнекілікті пайдалануда оқушылардың сезімдік тәжірибесіне қозғау салыңыз: бұрын қалыптасқан ұғымдарға арқа сүйеуден енді игеріліп жатқан түсініктер көрнекі нақтылыққа келеді.
- Балалармен бірге көрнекі құралдар жасауға қатысып тұрыңыз: ең жақсы және әдемі көрнекі құрал - балалардың өз қолдарымен жасағандары.
Өзіңіз жеткілікті білмейтін нәрсені ешуақытта көрсетуші болмаңыз. Көрнекі құралды пайдалануға мұқият дайындалыңыз.
- Осы заман көрнекі құралдарын - теледидар, бейнетаспа, экранды құралдарды және т.б. - ғылыми негізде пайдалануға тырысыңыз; оқудың техникалық құралдарын игеріңіз;
- Көрнекі құралдарын пайдалану барысында балаларды зейінділікке, бақылаушылдыққа, ойлау мәдениетіне, құрастыру шығармашылығына, оқуға мүдделі болуға тәрбиелеңіз.
- Көрнекілікті өмірмен байланыстырудың бір жолы ретінде пайдаланыңыз.
- Оқушылардың жас деңгейі жоғарылаған сайын көрнекілік орнына дерексізденген рәміздік таңбаларды пайдалануға көбірек ден қойыңыз; осыған байланысты мұғалім түсіндіріп жатқан құбылыстарының мәнін олардың болмыстағы нақты бейнесімен сәйкес болуына көңіл бөлгені жөн.
- Есіңізде болсын, көрнекілік - бала психикасына күшті ықпал жасайтын құрал. Егер ол орынсыз немесе жеткілікті түсініспестікпен қолданылса, балалардың ойын басты мәселелерден шеттетіп жіберуі, сонымен бірге көзделген мақсат көрнекі құралдан көмескіленіп қалуы мүмкін.
- Көрнекіл ікті шектен тыс қолдану біл імді тереңнен меңгеруге кедергі жасап, дерексіз (абстракт) ой дамуына, жалпы және жалпыланған заңдылықтардың мәнін түсінуде зиян келтіруі мүмкін.
2.3 Жүйелілік және бірізділік принципі
Бұл принцип келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тәсілі - белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі қисынымен және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу үдерісінің тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол үдерісте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына және бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар қисынды ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік және бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму үдерісі бәсеңдейді.
Мұғалім қызметінде жүйелілік және бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасына аса маңыздылары келесідей:
- Оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін сұлбаларды, жоспарларды орынды пайдаланыңыз. Оқу материалын қисынды бітімге келген бөліктерге ажыратыңыз, оларды бірізді іске асырып барыңыз, балаларды өзара кезекті оқу әрекеттерін жасауға үйретіңіз.
- Егер жауабы табылмайтынына не шешімі шықпайтынына көзіңіз жетсе, ондай сұрақтарды немесе мәселелерді сабаққа қойып әуре болмаңыз.
- Материалдың мазмұндық, сондай-ақ оқу тәсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймаңыз, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін олқылықтарды түзетуге тырысыңыз.
- Әрдайым пән аралық байланыстарды пайдаланыңыз. Мазмұндықтұрғыдан.сондай-ақоқуәдістемелеріндебастауыш мектептің барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етіңіз.
- Оқу әдістемелерінің жетістіктерін пайдаланыңыз: өз оқушыларыңызбен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды-мәндік сұлбасын түзіңіз, білімдерді игеру барысын жеңілдететін шараларды қолданыңыз. Оқу барысында жүйелі-лік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отырыңыз және жетілдіріп барыңыз.
- Қысқа және қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі мәселеге орай, сонымен бірге жеке мәселелерді баяндаудан соң да пайдалануды ұмытпаңыз. Жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болыңыз. Сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тәрбиелік) дәріс нәтижесі мен оқу құндылығын кемітеді. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идея-ларды оқу мазмұнына және балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тәрбие үдерісінің жылдық жоспарына ендіруді алдын-ала көздеңіз.
- Өтілгендерді қайталау сабақтың басында білім және ептіліктердің игерілу деңгейін анықтау үшін немесе сабақтың ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің әрбірінен соң сабақ барысында іске асып отыруы шарт.
- Оқушылардың ой өрнектеу тәсілдері мен формаларын бақылап баруды естен шығармаңыз. Тұрақты әрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйретіңіз. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделенетін болсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасаңыз. Істі мүмкін болғанша оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беріңіз.
- Оқудан болар жарқын болашаққа оқушылардың сенімін жеткізіңіз.
- Сезімдік тәжірибе мен тірек білімдерді орынсыз әрі жиі жаңғыртуға әуесқой болмаңыз, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріңіз, әркімге белгілі әшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмаңыз.
- Жүйені түсіну - логиканы, ал оны қалыптастыру - сезім мен эмоцияны қажет ететінін үмытпаңыз. Оқу көтеріңкі көңіл және шабытпен жүргізілетін болсын, өмір, әдебиеттің жарқын деректерін пайдаланыңыз: ұғымдар түсіндіреді, бейнелер еліктіреді, ынта әрекетке келтіреді.
- Бөлім, курс ақырында міндетті түрде жалпылау және жүйелестіру сабақтарын өткізіңіз.
- Оқушылардың ауызша жауаптары мен жазба жұмыстарында жіберілген қателерді тұрақты түрде, үлкен шыдам және тілектестікпен жөндеп отырыңыз, балаларды өз қателерін жүйелі талдастыруға үйретіңіз.
- Шаршаған балаларды жасанды жолмен еліктірмеңіз. Олардың жаңа әрекетке, соны тапсырмаларға құмарлығын орынды пайдаланыңыз. Оқушылардың ақыл белсенділігін дамыту және қолдау заңдылықтарын ұстаныңыз, ой жұмысында көтеріңкі мезеттермен бірге шаршап-шалдығу да болатынын ұмытпаңыз.
- Шектен тыс "айла" қолданып, оқушылардың бірнеше дәрістерде игеретін материалын бір сабақта өтіп, үйретемін деуден аулақ болыңыз.
- Есіңізде болсын, білім қалыптастырудағы жүйелілік- оны естен шығармаудың бірден-бір кепілі. ¥мытылған білімдер жүйе негізінде тез қалпына келеді, ол болмаған жерде - қайта жаңғырту үдерісі қиындасады.
- Я.А.Коменскийдің "Барша нәрсе бірізді ажыралмас байланыста жүргізілуі тиіс: бүгінгі кешегімен бекіп, ертеңгіге жол салуы қажет". - деген кеңесін бір де бір есіңізден шығармаңыз.
2.4 Беріктік принципі
Бұл принципте келесідей заңдылықтар анықталған: білім мазмұнын игеру және оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы - оқу үдерісінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі ақылға сай жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрлымына ғана тәуелді болып қоймай, оқушылардың сол пәнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, әрқилы оқу түрлері мен әдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады тандамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады және ұзақ сақталады.
Игерілген білімдердің бекуіне жәрдемші оқу іс-әрекетін түсінуден дәстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Қазіргі мектептегі оқыту принциптері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Қазіргі мектептегі оқыту принциптері