Педагогика | Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................................................3
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Дидактика заңдылықтарының ерекшеліктері...............................................................4
2.2. Оқыту процесіндегі қағидаларды басшылыққа алу......................................................7
2.3. Қазіргі заман дидактикасының өзіндік ерекшеліктері және
сараланған заңдылықтарын оқыту процесінде қолдану............................................17
ІІІ Қорытынды................................................................................................................................19
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................................20
2.1. Дидактика заңдылықтарының ерекшеліктері.
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нәтижелері арасындағьі жалпы, объектив,тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи сәйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық принциптер төмендегідей: 1) саналылық және белсенділік; 2) көрнекілік; 3) жүйелілік және бірізділік; 4) беріктік; 5) түсіністік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен практиканың байланысы.
Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады. Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай әрекетке келуі жөнінде тек кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық әрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Принциптерді білу және оларды оқу-тәрбие процесінде толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды және ол педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.
Оқу барысында диалектиканың жалпы заңдары мен педагогикалық арнайы заңдары орындалуы шарт.
Диалектиканың жалпы заңдары санына кіретіндер: қарама-қарсылықтар бірлігі мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы, жоқты жоқка шығару заңы.
Оқу процесінде қарама-қарсылықтар бірлігімен тай-таласы заңы іске қосылады. Қарама-қарсылықтардың туу себебі - жаңа әлеуметтік жағдайлар, тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қалыптасқан соны талаптар оқу процесіне болған дәстүрлі, бекіген ұғымдар және көзқарастармен сәйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын өзгертіп заманға сай ауысты-руды талап етеді.
Сандық жинақтық сапалық өзгеріске түсу заңы да оқу процесінде көрініс береді. Тұлғаның бүкілдей сапалық сипаты (нанымдары, сеп-түрткілері, ұстанымдары, қажеттері, құндылықты бағыттары даралықты іс-әрекет стилі, ептіліктері мен дағдылары) сандық жинақтың белгілі деңгейдегі нәтижесі.
Санның сапаға ауысуы жоқты жоққа шығару заңы тетіктеріне сәйкес келеді. Тұлғалық және психикалық жаңа құрылымдар адамның өткен кездердегі жинақтаған тәжірибесі негізінде қаланады Соңғы өмір кезеңдерінде пайда болған сапалар бұрынғы қалыптасқандарын «жоққа» шығарады. Жоққа шығару тетігі оқу дағдыларының қалыптасу процесінде көрінеді, яғни кейбір әрекеттер көп қайталаулар нәтижесінде күрделі дағдыларға (жазу, есеп, оқу) айналады.
Диалектиканың жалпы заңдылықтарымен бір қатар оқу барысында арнайы педагогикалық заңдар да әрекетке келеді. Ғалымдар мұндай заңдардың бір қаншасын ашып, педагогикалық тәжірибеге ұсынған. Өз заманында ғұлама педагог И.Г.Песталоцци келесі заңды нақтылаған: елес байқауынан анық ұғымдарға, олардан анық түсініктерге өту.
Неміс педагогі Э. Мейман бірнеше ерекше заңдарды негіздеп, ұсынды:
- жеке адамның дамуы әуел бастан көбіне оның табиғи нышандарына тәуелді жүріп жатады;
- ең алдымен бала тіршілігі мен оның қарапайым қажеттерің қанағаттандыруға арналған сапа-қасиеттер дамиды;
- балалардың жан және тән дамуы әрқилы деңгейде өтеді.
Теоретиктер мен практиктер ашып, бүгінгі педагогикаға енгізген заңдылықтар саны ұланғайыр.
Оқудың әрқилы заңдылықтарын реттестіріп, жинақтауға орай, оларды жалпы және жеке (нақты) заңдылықтар деп бөлу қабылданған.
Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тән болып, оқудың бүкіл жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:
- оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейі мен қарқынына, оның қажеттері мен мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымы мен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты;
- оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық қажеттер мен оқу мақсаттарына, ғылыми-техникалық және әлеуметтік процестің қарқынына, оқушылардың жас мүмкіндіктеріне, оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды - техникалық және экономикалық жағдайларына тәуелді келеді;
- оқу сапасы. Оқу сапасы өткен кезеңдегі оқу процестерінің нәтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру - педагогикалық шеберлігіне, оқушының оқып-үйренуге болған қабілетіне оқу уақытына байланысты;
- оқу әдістері. Дидактикалық әдістер тиімділігі әдістерді білу мен қолдану ептілігіне, оқу-мақсаттарына, мазмұнына, оқушылардың жеке деңгейі мен оқуды меңгеру қабілетіне, материалдық – техникалық қамсыздығына, оқу процесінің ұйымдасуына тәуелді;
- оқуды басқару. Оқудың нәтижелі болуы оқу жүйесіндегі кері байланыстың жеделдік сипатына, реттеу-түзету ықпалдарының орынды келуіне орайласады;
- оқуға ынталандыру. Оқу нәтижесі шәкірттің білім игеруге деген іштей ынта - ықыласы мен оқу әрекеттерінін өзіне тән тартымына (внутренние стимулы); оқу әрекетіне мүмкіндік жасаушы сыртқы жағдайлар (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық).
Жеке (нақты) заңдылықтар оқу жүйесінін кейбір тараптарына орай іске қосылады. Оқу процесінің жеке (нақты) заңдылықтары:
- дидактиканың тек өзіне тән (оқу нәтижесі қолданылған оқу әдістері мен құрал-жабдықтарына, оқытушының кәсіби шеберлігіне және т.б. байланысты);
- таным теориясына (гносеологиялық) сай (оқу нәтижесі оқушылардың танымдық белсенділігіне, ептілігіне және оқуды қажетсінуіне, т.б. тәуелді);
- психологиялық (оқу нәтижесі шәкірттердің оқу-үйрену мүмкіндіктеріне, зейін деңгейі мен тұрақтануына, ой-ақыл ерекшеліктеріне және т.б. байланысты);
- әлеуметтік (жеке адамның дамуы төңірегіндегі басқа адамдармен тікелей не жанама қарым-қатынасына, қоршаған ортаның ақыл-парасат дәрежесіне, мұғалімнің оқушымен қатынас жасау стиліне және т.б. тәуелді);
- ұйымдастырушылық (оқу процесінің тиімділігі оның ұйымдастырылу дәрежесіне, сол процестің оқушыда оқуға болған ынтаны, қажеттікті тәрбиелеуге бағытталуына, таным қызығушылығын қалыптастыруына қанағаттану ләззатына бөлеп, танымдық белсенділікті қанаттандыруына және т.б. тікелей байланысты);
Оқу заңдылықтарының нақты көріністері принциптерде және оларға орай қабылданған ережелерде байқалады.
Ережелер мұғалімге қандай да бір жағдайларда нақты әрекеттерді жасауға сілтеме беріп, белгілі бір талаптарды орындауға бағыттайды. Ал бұл нұсқаулардың қалай орындалуы мұғалімге тәуелді. Мысалы, оқушы сабақ басына кешігіп, сыныпқа қоңыраудан соң кіріп келді. Мұндай жағдайда мұғалім ережеге сай оқушыға қандай да ықпалды әрекет жасауы қажет, себебі тәртіп бұзу ескерусіз қалмауы тиіс. Ал бұл ескерту қалай орындалады оның жолы бүтіндей және толығымен нақты ситуацияға, оқушы тұлғасына, мектепте қабылданған тәртіптерге, қалыптасқан қатынастарға және көптеген басқа да себептерге байланысты.
2.2. Оқыту процесіндегі қағидаларды басшылыққа алу.
Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: саналылық және белсенділік, көрнекілілікпен оқыту жүйелілік және бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық және белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мәні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу мотивтері. оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-әрекетті басқара және оқу тәрбие процесін ұйымдастыру мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары және т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең әрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық және белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:
- алдағы жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну - саналы оқудың қажетті шарты: оларды оқушыларға көрсету маңызы мен мәнін түсіндіру, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе білу;
- оқыту барысында оқушы не, неліктен және қалай істеу керектігін түсінуі, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мән, мағынасын ұғынуы;
- оқу барысында танымдық іс-әрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдалану, талдауды біріктіру тәсілімен, индукцияны дедукциямен салыстыруды қарама-қарсы қоя, біріктіру, сәйкестікті жиі пайдалану балалардың жасы кіші болса, индукция тәсілін жиі қолдану;
- оқушылар әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мән-мағынасын түсінуі; оларды қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тәжірибесіне сүйену, бейнелі салыстыруларды пайдалану, мән-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болу;
- балалардың бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін пайдалану, дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын дамытуға қажет жағдайларды қамтамасыз ету, мұғалімнің түсіндірмесінен гөрі, қасында бірге отырған жолдасынын әңгімелеп бергені тиімді де, әрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан келетін оқу істерін өз міндетіне алуы, бала белсенділігін тәрбиелеуде уақытты да, күш-қуатты да аянбау. Есте болсын, бүгінгі белсенді оқушы қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі;
- оқушыларға белгісіз мәліметтерді бұрынғы белгілілерімен логикалы ұштастыру; игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында логикалы байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды.
- Есте болсын, оқудағы басты нәрсе - оқытылып жатқан пән емес, ол мұғалім тәрбиесімен қалыптасып жатқан тұлға. Оқушыны пәнге қосалқы элемент болмайтындай етіп оқыту әрі тәрбиелеу, керісінше, оқушыны сол пәнді мұғаліммен бірге белсенді игеретін субъект дәрежесінде тану. Тұлғаны қалыптастыратын пән емес, пәнді оқытумен байланысқан мұғалімнің өз әрекет-қимылы.
- оқушының бақылайтын деректері мен игерген білімдері арасындағы айырмашылықтарды тауып және оларды түсіндіруді талап ететін жағдайлар жасау;
- егер әр ереже тиімді сандағы мысалдармен қамтамасыз етілсе және сол ережелердің қолдану ауқымы қаншалықты кең екендігін оқушы түсінсе, оқу табысы соғұрлым жоғары болады.
- игеріліп жатқан материалдардағы басты және екінші дәрежелі ақпараттарды табуға және ажыратуға үйрету. Оқушыны ең алдымен өзекті проблемаларды түсініп, игеретін дәрежеге жеткізу. Сабақта келтіретін дерек және мысалдардың негізгі мәселе мәнін көлеңкелеп тастамауы.
Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецептордардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:
- сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу процесінде пайдалану.
- есте болсын, сәби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құралмай. Оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.
- оқушылар үшін ен маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдалану, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына - керетінді, құлақ қабылдауына- естілетінді, иіс, дәм қабылдауға тиісті мүшелерді;
- бір көрнекілікпен шектеліп қалмау: көрнекілік - мақсат емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы;
- оқыту және тәрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар және бейнелер негізінде жеткізілсе, тез әрі жеңіл қабылданады; олардың мәнін ашуға әрқилы көрнекілік түрлерін пайдалану;
- көрнекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны проблемалық ситуацияларда өз бетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жөн. Бұл оқушылардың тиімді ізденіс және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
- көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие барысында естен шығармау;
- оқушы бақылауларын жүйелестіріп, себеп - салдарлармен сәйкестендіру;
- көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын және екінші дәрежелілерін өз алдына, содан соң - қайталай тұтастыққа келтіруге үйрету.
- әртүрлі көрнекілікті пайдалану, бірақ көрнекі құралдар санын шектен асырмау, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мән - мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.
Жүйелілік және бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тәсілі - белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына және бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік және бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму процесі бәсеңдейді.
Мұғалім практикасында жүйелілік және бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасында аса маңыздылары келесідей:
- оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін схемаларды, жоспарларды орынды пайдалану. Оқу материалын логикалық бітімге келген бөліктерге ажырату, оларды бірізді іске асырып бару, балаларды бірізді оқу әрекеттерін жасауға үйрету;
- егер жауабы табылмайтынына не шешімі алынбайтынына көзі жетсе, ондай сұрақтарды немесе мәселелерді сабаққа қоймау;
- материалдың мазмұндық жүйесін, сондай-ақ оқу тәсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймау, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін олқылықтарды түзету;
- әрдайым пән аралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан сондай-ақ оқу әдістемелерінде барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
- оқу әдістемелерінің жетістіктерін пайдалану: оқушылармен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды- логикалық схемасын түзу, білімдерді игеру процесін жеңілдететін шараларды қолдану. Оқу барысында жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отыру және жетілдіріп бару;
- қысқа және қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі проблемаға орай, сонымен бірге жеке мәселелерді баяндаудан соң да пайдалану, жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болу, сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тәрбиелік) дәріс нәтижесі мен оқу құндылығын кемітеді. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идеяларды оқу мазмұнына және балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тәрбие процесінің жылдық жоспарына ендіруді алдын ала көздеу.
- өтілгендерді қайталау сабақтың басында білім мен ептіліктердің игерілу деңгейін анықтау үшін немесе сабақтың ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің әрбірінен соң, сабақ барысында іске асып баруы шарт;
- оқушылардың ой өрнектеу тәсілдері мен формаларын бақылап бару, тұрақты әрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйрету. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделеніп барсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасау. Істі, мүмкін болғанша, оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беру.
- оқудан болар жарқын болашаққа оқушылардың сенімін жеткізу;
- сезімдік тәжірибе мен тірек білімдерді орынсыз әрі жиі жаңғыртуға әуесқой болмау, жаңа білімдерді игеруте ғана қажеттерін еске түсіріп, әркімге белгілі әшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмау.
Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын игеру және оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы - оқу процесінің бір-біріне байланысқан екітарапынан игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл .......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу