Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі.
Егемен елімізде болып жатқан түбірі жаңартулар, ізгілендірілген қоғам құруға бейтаныс, қазіргі қазақ тілінің мемелекеттік мәртебеге ие болуы бастауыш мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тиігізіп, білім мазмұнын, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін жаңа педагогикалық ізденістерге жол ашу сияқты көкейтесті мәселелерді алға тартты.
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен білім беру, бастауыш мектеп өміріндегі жаңартулар мазмұны қай тұрғыда жүру керек деген сұрақтардың жауабы бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, бастауыш сынып мұғалімінің қазақ тілін оқыту процесінде дидактиканың принциптері мен заңдылықтарын басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап алып көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушылары білімін жоғары нәтижеге жеткізу.
Бастауыш сынып мұғалімі қазақ тілін оқыту, кезінде оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырып қазіргі заманғы педагогикалық озық технологияларды меңгерту арқылы білім берудің ұлттық моделін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты тұр.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды тиімді пайдалану мектеп оқушыларын бұрынғыдай мұғалімінң өз талабына ғана тәуелді ете оқытудан бас тарқызып, бастауыш сынып оқушыларының қабілеті, сұранысына, қызығушылығына қарай ынтымақтастықпен жұмыс істеуі жолындағы ілгерілеу екендігін пайымдаған әдіскер ғалымдар оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды пайдалануға ерте кезден баса назар аударуда.
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский болды.
Я.А.Коменский оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды тиімді пайдалануды оқыту материалдарын меңгерту құралы ретінде қарастырып, дидактикалық алтын ережесі деп аталған.(3.302-303)
Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы білімді дамыта келіп, көрнекілік – балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішін, дыбысы, бояуы, арқылы ойлайды деп көрсетті. (4. 207-208)
Оқыту процесінде сөз бен іс, телрия мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекі құралдарды қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың нәтижесінде қазақ тілі сабағы әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтетінін айтқан ғалымдар А.Бәкірова “Көрнекі құралдарды бастауыш сыныпта пайдалану жолдары”, Н.Оралбаева “Қазақ тілін оқыту әдістемесі”, Б.Құлмағанбетова “Қазақ тілі сабағында техникалық құралдарды пайдалану”, С.Рахметова “Қазақ тілін оқыту әдістемесі”, Ә.Қасымбекова “Қазақ тілін оқытуды жетілдірудің кейбір жолдары” т.б. еңбектерде бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі материалын тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көмектесетінін айта келіп, көрнекі құралдарды пайдалану соңғы ғылыми жетістіктер деп дәлелдеді. Ж.Әбиев “Педагогика” деген еңбегінде көрнекі құралдардың сан емес сапасына көңіл аудару керек екеніне тоқтала кетіп, оқушылардың көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді, көз арқылы алғаш мәліметтерді оқушы тез, жеңіл, берік есте сақтайтынына тоқталды.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекілік – көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланылатынын көрсеткен әдіскерлер Б.Баймұратова, Л.Әуешова “Қазақ тілінен дидактикалық материалдар”, М.Бүрлібаева “Қазақ тілінен дидактикалық материалдар” т.б. еңбектерінде талқыланды.
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік әдісі – бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту, өткен материалды бекіту үшін ұтымды әдістердің бірі.
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі материалын саналы түрда түсініп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекі құралдардың мәні зор.
Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаңа ұғым адам санасына тез қонады және берік те сақталады.
Көрнекі құралдар оқушылардың материалды тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы мәні ерекше. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолданып, бастауыш сынып оқушыларының білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін пайдаланудың әдістемесін жетік біліп, жетілдіріп отыруы қажет.
Тақырып бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында жоғарыдағыдай ережелер мен талаптарды ескере отырып, оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді тілдік материалдарды терең оқыту, берік есте сақтау ролін зерттеп, бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсыныс беруді, әдістемесін көрсетуді негізге алады.
Зерттеу мақсаты – бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеті:
1. тақырыпқа байланысты арнайы әдебиеттер мен бастауыш материалдарына шолу.
2. Бастауыш мектептегі үздік мұғалімдердің қазақ тілін сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану жолдарына талдау жасау.
3. Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау және мектеп мұғалімдеріне ұсыныс беру.
Тақырыптың зерттеу пәні – қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану жолдары.
Зерттеу нысанасы – бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарындағы пайдаланылатын көрнекі құралдар.
Тақырыптың зерттеу әдістері. Тақырыпты ғылыми зерттеу барысында педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістерінің маңызы зор Әдістемелік әдебиеттерді талдау, анкета әдісі, зерттеу, эксперимент, сабақ процесін көру арқылы тақырып жан – жақты зерттеледі.
Зерттеу болжамы. Егер бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында түрлі тақырыптың мақсатына сәйкес көрнекі және техникалық заттық көрнекіліктерді, символикалық көрнекіліктерді, схемалар мен дидактикалық материалдарды тиімді пайдаланып отырса, онда бастауыш сынып оқушыларының теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және қызыға жеңіл түсіну арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп сенім білдіретінін үлкен жетістікке жетеді деп сенім білдіремін. Себебі, білімнің негізі бастауыш сыныптарда қолданылатындығы мәлім.
І – ТАРАУ. КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫ.Қ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Көрнекі құралдарды пайдаланудың психологиялық негіздері.
Қазіргі кездегі психология ғылымы бойынша психологиялық процесстер әрекет арқылы дамиды деп саналады. Бұл көзқарасты алғаш психолог Л.С.Выготский ұсынған. Кейін бұл ғылыми қағиданы оның оқушылары А.Н.Леонтьев, А. Р. Лурия т.б. дамытты. тіл адамдардың қарым – қатынасының құралы болғандықтан, осы қызметін атқаруда ол - әрекеттің ерекше түрі болып саналады.
Қазақ тілінің бастауыш сыныпта әрекет ретінде қаралуы оның оқушылардың тіл арқылы қарым – қатынас жасауымен байланысты. Анығырақ айтсақ, тіл әрекет ретінде қарым – қатынас қызметін атқару үстінде қаралады. Байланыстырып сөйлеуге үйрету тілдің материалды түрлі көрнекі құралдар арқылы оқыту, оқушының сөздік қорын молайту, тілдің құрылысын оқыту арқылы жүзеге асырады.
Түрлі көрнекілер арқылы тілдік материалдардың ұғынықтылығы, көрнекі құралдардың неғұрлым тартымды болуы басқа да нәрселерге байланысты: оқушының психологиялық жағдайы, қабілеті, бастауыш сынып мұғалімінің тәжірибесі, мұғалімнің шеберлігі, оқыту процесінің жақсаруына септігін тигізеді.
Әрбір сабақтың мазмұнына қарай көрнекіліктердің пайдаланудың әдіс – тәсілдерін таңдауда бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән берілу қажет. Демек, оқушы оқу материалын терең түсініп, саналы меңгеру ұшін, оның ішкі заңдылығы мен өзара байланысып дұрыс анықтай білуі қажет.
Оқушы бірінші сыныптан бастап, қазақ тілін оқу барысында тілдегі қолданылатын түрлі атауларды, мысалы, әріп – дыбыс, сөз, сөз тіркесі, фраза, сөз жасаушы қосымшалар, тыныс белгілерінің атауларын, грамматикалық ереже, анықтамаларды игеріп, көркем жазуды үйренеді.
Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану барысында психологиялық процесстердің табиғатын ескеру маңызды. Ғалым пікірінше, көрнекіліктерді қолдануда оқушының ойлау қабілетіне, оның ана тілінен алған біліміне сүйеніп, білім дағдыларын саналы, орнықты, нық қалыптасады.
Психолог С. Л. Рубенштейн: “Дағды саналы түрде автоматтандырылған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ол сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады” – дейді.
Дағдының физиологиялық механизмдері – жоғары жүйке жүйесіне бағынатын шартты рефлекстер. Басқаша айтқанда, дағды әрекеттің бала бойында орнығуы. Көрнекіліктер қолдану арқылы мұғалім сөйлеудің түрлерін үйретеді, үлгілерін көрсетеді, оған оқушыны жаттықтырады, оны ақыл-ойдан өткізіп, саналы қолдануға жеткізеді.
Бастауыш сынпта қазақ тілі сабақтарында көрнекіліктер арқылы тіл материалдарын меңгертуде ес процессінің атқаратын қызметі ерекше. Психологтар естің екі түрін ажыратады: ұзақ сақталатын ес және аз сақталатын ес. Тіліді меңгертуде және байланыстырып сөйлеу үшін екеінің де маңызы зор.сөйлеуге қажетт тілдік тұлғалар алдымен аз сақталатын ес арқылы қабылданады, содан кейін барып, жаттығулар, қайталаулар арқылы ұзақ сақталатын белсенді ой әрекетімен байланысты тілдік материалдар есте жақсы сақталады. Сондықтан мұғалім қолданатын дидактикалық материалдардың барлығы бастауыш сынып оқушысының ой белсенділігін, қызығушылығын, қазақ тіліне деген ынтасын арттыратын болуы керек.
Қазақ тілін оқуда бастауыш сынып оқушыларының қабылдау процессінің қызметі ерекше. Психологтар қабылдаудың төмендегі түрлерін белгілейді: көру, сезу, есту. Дидактикалық құралдардың негізгісі есту және сөйлеуді қабылдауға негізделгендіктен бұл процестердің маңызы ерекше.
Қазіргі уақытта сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, кестелер, диаграммалар мен диапозитивтер пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының есту, көрц сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін арттыру дағдыға айналып отыр.
Күнделікті сабақта қолданылатын түрлі көрнеіліктер оқушылардың әртүрлі ойлау әрекеттеріне бейімделеді. Түсіндірілген материалды саналы меңгеруге ықпал жасайды.
Оқушының түрлі сезім мүшелеріне әсер етуде көрнекілік пен техникалық құралдардың әсері өте күшті екені дәлелдеуді керек етпейді. Алайда оқушылардың сезім мүшелерінің бәрін іске қосу арқылы тіл үйретудің мәні зор. Көру, есту мүшелері, ойлау, жазу арқылы моторлы қимыл жасаушы қолды іске қосып, тілдік материалды түсіндіруде оқушының зейінін бір мәселеге аударудың бәрі оқушы сезіміне жан-жақты әсер етуді жүзеге асыруға тиісті. Ол үшін оқушының барлық мүшелерін іске қосатындай амал-тәсілдер құралдар қолдану арқылы сабақты жоспарлаудың маңызы ерекше.
Бастауыш мектепте көрнекі құралдарды пайдалану сабақтарында ең қасиетті нәрсенің бірі - әр мұғалімнің психологиялық жағынан дайындығы негізінен, қазақ тілін оқытуда мұғалім оқушының мынадай психологиялық ерекшелігін ескеруі қажет:
1. Сөйлеу процесіндегі ерекшелігі
2. Көру мүшелеріндегі қалыпты жағдайын
3. Сту мүшелерінің дұрыс жұмыс істеуін
4. Оқшының ана тілін меңгерудегі қабілетін ескеру
Қазақ тілі мұғалімі сабақты психологиялық жағынан тартымды етіп құру үшін, төмендегі жағдайларды ескеруі шарт:
1. Сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Атап айтқанда, бұл мынадай мәселелер: мұғалім мен оқушының сабақ кезіндегі қарым-қатынасы, өнегесі, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатал талап қоюымен бірге, сыйлай да білуі.
2. Көрнекі құралдардың нақтылығы, түсініктілігі оны мұғалімнің түсідіру шеберлігі.
3. Мұғалімнің білім деңгейінің терңділігіне оқушылардың сенімділігі.
4. Оқушылардың мұғалімге деген жақсы көзқарасы, мұғалімнің оқушылар алдындағы абыройы.
5. Мұғалімнің сабақ кезінде оқушылардың зейінін билеп өзіне, сабаққа аудара білуі, оқушы зейінінің жан-жаққа ауытқуына мүмкіндік бермеуі.
6. Мұғалімнің сабақта оқушыларды іске ұйымдастыру қабілеті, оқушылардың бәрінің іспен шұғылдануын қамтамасыз етуі.
1.2. Көрнекі құралдарды бастауыш сыныптарда пайдаланудың дидактикалық негіздері
Көрнекі құралдарды пайдалану жалпы дидактиканың теориясына негізделеді. Көрнекіліітерді пайдалану әдістемесі дидактиканың принциптеріне сүйене отырып, тілді оқыту әдістері мен тәсілдерін, амалдарын белгілейді, қазақ тілі сабағының теориялық негізін салады.
Мұғалім бастауыш мектепте көрнекіліктерді пайдалану сабақтарын жалпы дидактика белгілеген мазмұн мен әдістері арқылы ұйымдастырады. Қазақ тілі сабағы қазақ тілі туралы білім берумен бірге, қазақ тілінде сөйлеуге ұйрету, сөйлегенді ұғу, дұрыс жазу, жазу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Балаларды тәрбиелеу әрі дамыту принципі оқушыларға таблица, схема, дидактикалық карточкалар, және әрбір техникалық құралдар қолдану сонымен бірге оларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту міндеттерін атқарады. Бұл принципті жүзеге асыруда, көрнекі құралдардың мүмкіндігі мол. Қазақ тілі сабақтарында түрлі көрнекіліктерді қолдану барысында оқушылар тәрбиелеу мақсатына айрықша көңіл бөлінеді. Демек оқыта отырып білім берсек, білім бере тұрып балаларды жан-жақты тәрбиелеу міндетіне де орындап отырамыз. Сабақ барысында оқушылар бірлікке тәрбиеленеді, яғни жарыс сабағы кезінде топтың орындауы үшін берілген қандай да болса бір жұмысты әр бала бәріміздің атқаратын ортақ ісіміз деп санап, жауапкершілікпен қарап оны тындыруға үлесін қосады. Ал, грамматикалық жаттығу жұмыстары үшін берілетін көркем плакатқа жазылған мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, көркемдік және ғылыми мазмұн мәндері арқылы оқушылар адамгершілік, қайырымдылық қасиеттерін үнемі бойына сіңіреді.
Дидактикалық принциптің бірі – оқу материалын саналы меңгерту принципі. Білімді саналы менгерген бала оқу материалын игерудің әдіс-тәсілін, тапсырманы орындаудың амалын өздігінен түсіндіріп бере алады. Егер сабақ мақсатынан тыс көп мөлшерде көрнекі құралдар қолданылса да, егер оқушы алған білімінің ғылыми мәнін байыбына жетіп түсінбесе, әр алуан ереже, заңдылықтарды практикалық тұрғыда орнын тауып, дұрыс қолдана білмесе, онда ол білім саналы меңгерген білім емес, тек ереже заңдалақтарды және материал мазмұнын кітаби үлгіде жаттау жолымен қабылданған білім болып табылады.
Дидактикалық білімді саналы меңгерту принципі оқушыларға ғылыми дұрыс білім беру принципімен ұласады. Оқу еңбегі дағдысына жақсы әдеттенген шәкір сабақ материалын жете меңгеруге бар ынта-ықыласын қойып, ақыл-ойын іске қосып, қажырлы еңбектенеді. Саналылық принципі дегенді осылайша түсінуге болады. Ал, көрнекіліктерді жасап, оны сабақ процесінде қолданып, көп еңбек сіңіріп меңгерген білімнің саналы болмай шығуы да ықтимал. Осындай жағдай мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру практикасының жеткіліксіздігімен немесе әдістемелік кемшілігімен басталады. Оған мұғалімнің жеке басының кемшіліктері де ықпал етеді. Мәселен, ұстаз өз шәкірттерін мәселеге сын көзімен қарауға тәрбиелемей, өзінің айтқанының бәрін ешқандай шүбә тудырмайтын бірден- бір дұрыс түсінік деп қабылдауға әдеттендірсе, онда оқушыларды формальды түрде білім алуға мәжбүр еткені. Мұғалімнің әдістемелік ұстамсыздығы балалардытеориялық білімді практикалық жұмыспен тексеріп байқауға үйретпейді. Сөйтіп мұғалім теория мен практика арасындағы диалектикалық байланысты естен шығарып алады.
Білім, білік, дағды беріктігі – дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерілуі арасында принципті үйлесімділік бар. Бастауыш сынып оқушыларының көрнекі құралдардың көмегімен білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін үйретілетін білімнің мазмұны, тілдік құрылысы ғылыми тұрғыдан дұрыс қалыптасуы тиіс. Сонда ғана білім әрі саналы, әрі берік меңгеріледі. Бұл жұмыс ерте басталады. “Білім негізі - бастауышта” деп орында айтылып жүр. Оған бір ғана мысал келтіре кетейік. Дыбыс туралы ұғым беру әліппен кезеңінің өзінде басталады. Бұл кезеңде дыбыс белгісі заттың атауын да, белгілі бір ұғымды тануда сөздің басында, аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі көрнекіліктер арқылы түсіндіріледі. Осы мағлұмат бірінші сыныпта қазақ тілін оқытқанда “дыбысты айтамыз, естиміз” деген ықшам ережеге айналады. Бұл ереже төртінші сыныпта фонетика саласынан дыбыс туралы білім бергенде де негізге алынады. Осы материал түрлі көрнекі құралдар арқылы оқушы қызығушылығын арттыра берілсе білім, білік, дағды берік сақталады.
Түсініктілік принципі білім мазмұнына мәні дәл анықталған көрнекі құралдарыды ендіруді оқушылар меңгере алатындай ғылыми ұғымдар мен терминдерді пайдалануды көздейді. Түсініктілік принципінде оқу материалының оқушы даярлығына үйлесімді келуі талап етіледі. Сабақты ұйымдастыру кезінде көрнекі құралдарды пайдалану кезінде бұл жағдайлар ескеріліп, оқушылардың әрі дұрыс, әрі жеңіл түсінік алуы үшін тиімді әдістер қолданылады. Бірақ бағдарламалық материалды жеңілдеу елтеушін деп, оны не ықшамдауға, не үстіртін көрнекі құралдардан көрсете салуға болмайды. Батауыш сынып оқушылары қазақ тілінің теориялық материалын бақыла, жаттығу жұмыстары арқылы практикалық тұрғыда меңгереді. Сондықтан теориялық білімді түсіндіруге көрнекі құралдарды пайдалану мен практикалық дағды қалыптастыру кезінде пайдаланылатын көрнекі құралдардың арақатынасы ескеріледі. Теориялық білмнің көп берілуі бастауыш сынып оқушыларының білімді меңгеруіне шамадан тыс ауырлық келтіреді. Дегенмен қазақ тілі сабақтарында оқушы өздігінен көрнекі құралдардың көмегімен жұмыс істеуге үйретіп отырса, дидактикалық ережелерді дұрыс қолдану арқылы оларға бағдарлама талабына лайық теориялық білімді еркін меңгертуге әбден болады....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ тілі жобалар курстық жұмыстар