Экономика | ҚАЗАҚСТАН XXI ғ ҚАРСАҢЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰТҚАСЫ
Мазмұны
І ҚАЗАҚСТАН XXI ғ. ҚАРСАҢЫНДА. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰТҚАСЫ......................................................................5
1.1 Қазақстандағы экономика, әлеуметтік, саясат және интеграция.......5
1.2 Қазақстандағы шағын бизнес, кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірбиесі..............................................................................................................10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................27
ҚАЗАҚСТАН XXI ҒАСЫР ҚАРСАҢЫНДА. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТҰТҚАСЫ
Қазақстандағы экономикасы, әлеуметтік,
саясат және интеграция
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) – былай дейді: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне, ал 2015 жылы шамамен 9000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда біз 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткіздік, ал былайғы дүниеде ол небәрі 1,3 есе шамасында ғана өсті.
Экономикаға 30 миллиард АҚІІІ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екені барша инвесторларға әлдеқашан аян, ақиқат. Қазақстанның қаржы жүйесі де топжарғандар қатарында танылды, ал мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өздері мойындап отыр.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тқрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды.
Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Осыдан 10 жыл бұрын бұл жайында армандаудың өзі қиын еді.
Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы 7 миллиард доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті.
Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты.
Осылайша біз өзіміздің әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына еркін енгенімізге анық көз жеткіздік.
3. Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогресі
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.
3.1 Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту.
Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтың туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек деп санаймын. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады.
Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізген экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі — Ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық. Индустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.
2004 жылы 204 инвестициялық жоба іске асырылса, соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен жүзеге асты.
Біздің стратегиялық міндетіміз — бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатнастарын жолға қоюы керек.
Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір құнды қағаздар нарығын дамыту мен 2005-2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламалары қабылданды. Енді тек жұмыс істеу керек.
Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.
Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді.
Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.
Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс.
Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!
Мен өңірлерді экономикада өршіл болуға шақырамын.
Ендігі жерде жаңа идеологияға сәйкес заңнаманы сапалық жағынан жақсарту міндет.
Қысқасы, сөзден іске көшетін, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тың тыныс ашамыз.
Бұл ретте бірқатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Әлбетте бұл шараларға қарсыласу да, сөзбұйдаға салу да болмай қоймайды. Бірақ Үкіметтің батылдық танытып, бұл іске мықтап кірісетін кезі келді.
Келесі бір мәселе туралы. Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" өзіндік бір "үлкен қаржылық маркетке" айналуға тиіс. Біз қорға биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын бизнес субъектілерін кредиттеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі. Биылдан бастап, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды қолға алу керек. Мұның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ».
Экономиканың барлық субъектілерінің түгелдей дерлік тұрақсыз болып, беріктігі қалыптаспаған жағдайда біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын белгілі бір дәрежеде анықтап, болжам жасау өте күрделі іс. Тіпті негізделіп жасалған болжамның өзін күтпеген жағдайда жоққа шығаратын факторлардың көптігі соншалық, келешекті анық елестетуге мүмкіндік бермейді.
Дегенмен ХХІ-ғасырдың қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыт-бағдарлары бой көрсете бастады.
Мысалы: Қазақстанның жақын жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы.
Саяси жағдай. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан кейін сындарлы түрде жаңа ахуал қалыптасты. Жаңа мемлекет өзінің ішкі және сыртқы даму жолын анықтауды, байыппен парасаттауды қажетсінеді. Салыстырмалы түсініктегі саяси тұрақтылық, саяси рәміздерді, оның ішінде ең маңызды саяси партиялар жүйесін өркенниетті саяси жүйеге (тұрақты) көшіруді талап етеді.
Бұл ретте әр түрлі әлеуметтік және кәсіпқой топ өнімдері өздерінің мүдделерін тек бүгінгі күнмен өлшемей, тереңірек ойлап, болашаққа сәйкес шешудің маңызы зор екенін ұққаны дұрыс Республикамыздың келешекте дамуы қазіргі жағдайда қандай саяси әрекеттердің, заңдар мен шешімдерді қажет етеді. Қазақстанда жаңадан саяси жүйелердің жаңа негізі пайда болуда. Экономикамызда нарықтың қатынастың негізі қалануда. Мұндай жағдайда саяси партиялардың тез арада пісіп жетілмеуі де сөз жоқ табиғи нәрсе. Республикада саяси процестердің дамуы өкімет пен халық мүддесін қорғайтын қатаң ынталылық принципіне негізделген. Саяси өркенниетті өмірдің пайда болып, оның әрі өркендеп дамуын талап етеді.
Мұндай процестердің негізі көпшілік әлеуметтік тұрғындар тобының мүддесін толық қорғайтын шынайы, парламенттік партиялардың қалыптасуы, дамуы болуы мүмкін.
Біздегідей ауқымды, кең, терең өзгерістерді жүзеге асыру әрине маман басшыларсыз мүмкін емес. Негізінде демократия дегеніміз: әлсіз әсері жоқ, я өкіметсіз өмір емес. Түпкілікті өзгерістерді тек тегеурінді атқарушы өкімет қана жүзеге асыра алады. Әсте жоғарыдан төмен қарай жалғасқан демократиялық байланыстың қатаң заң бақылауында болуының маңызы зор. Экономикалық жаңғыру болашақта кәсіпкерлер тобы «орта тап» құруы мүмкін.
Айта кету керек, экономикасы дамыған қай елді алсақ та тұрғындардың басым көпшілігі, тек кәсіпкерлер қатарынан тұрмайды. Олар үшін ірі парламенттік партиялар да ашылмайды. Ал біздің жағдайда, меншіктің барлығы дерлік мемлекеттің қарамағында, тұрғындардың басым көпшілігі жалданбалы еңбекпен шұғылданады. Саяси жағдайдың бір ерекше көрінісі осы басым көпшіліктің саяси партиялар жүйесінде өте аз орын алатындығында. Сол себепті белсенділігі күтпеген, арнайы ұйымдастырылмаған жерде пайда болып, партиялар, бірлестіктер ықпалынан тыс қалып отыр.
Міне осындай ахуалдың болуы және оның кей кездерде экономикалық қайта құру салдарынан туындап отырған әлеуметтік толғаныстардың кернеуінен өрлеуі саяси тұрақсыздықтың қауіпті ошақтарының бірі болып табылады.
Реформаларды жүргізу бағытын ұстана отырып, жоғарыдағы қайшылықтар мәмлеге, келісімге келу арқылы бей-берекеттік сипатта шешілмей, көпшілік еңбекшіл тұрғындардың, әр текті әлеуметтік топтардың әсіресе жалдамалы жұртшылықтың мүддесін көздейтін беделді саяси партиялар мен ағымдардың араласуы, ықпалы арқылы шешілуі тиіс.
Экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибесі көрсеткендей, тек осы бағытпен яғни еңбек пен капиталдың «шиеленіскен одақтастық» позицияларында тұрған, кәсіподақтармен байланыстағы партияның белгілі бір әлеуметтік буындардың мүддесін қорғауы саяси тұрақтылықты сақтай отыра, жеңіске жетеді /29/.
Республикамыздағы қоғамдың саяси ахуалдың әзірше (относительно) тұрақтануы тоқмейілдікке жол бермеуі керек. Жағдайды кешенді түрде талдау, саралау қажет. Қоғамдағы келеңсіз ахуалды туындататын ахуалдарды болжап, алдын ала сақтандыру, залалсыздандыру керек. Осының бәрімен шұғылданатын тұрақты «мониторингке» ие ірі орталықтың болғаны жөн.
Интеграциялық процестер. 1993 жылдың ортасында Н. Ә. Назарбаев Еуразия одағын (ЕАО) құру туралы ұсыныс жасағанды. Бұл ұсыныстың мәні ТМД мемлекеттерінің әрқайсысының әлеуметтік экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялық процестерді біртіндеп жүзеге асыруға болады.
ЕАО қалыптасуының басты принщштерінің бірі — оған болашақ мүше елдердің түрлі жылдамдықпен кіруінде. Өйткені кеңестік кезеңнен кейінгі кеңестік елдерінің ортақ мүдделерінен басқа әрқайсысының алдында тұрған ұлттық-мемлекеттік міндеттері бар еді. Оларды дұрыс шеше алған жағдайда ғана тең құқықты интеграциялық процестердің қарым-қатынасын ориата алады.
Қазақстан Республикасының президентінің идеясы мақсат-мүдделік принципінің негізіне құрылған еді. Бұрынғы біртұтас кешенді шаруашылық қатынастарын қажетінше сақтай отырып және нарықтық қатынасты ескерген жаңа бастамамен даму қажеттілігінен туған.
Сонымен қатар осы идея әлемдік тәжірибеден алынды. Мысалы өркенниетті елдерде экономикалық гүлдену меп демократия мақсатында өркендеген елдер бір-бірімен қарым-қатынастарын күшейтіп, соның арқасында әлемдік бірлестік қоғамының тең құқықты және беделді мүшесі болып отыр. Әсіресе Германия, Люксембург (елдерінің қатысуымен) Белгия, Франция, Голландия, Люксембург елдерінің қатысуымен «Көмір мен болат» бірлестігін құрудан басталған Еуропалық ұйымның тәжірибесінің маңызы зор.
Интеграциялық процестердің даму нәтижесі Еуропалық бірлестікті дүниеге келтірді. Ал қазіргі кезде ол Еуропалық одаққа айналды. Еуропалық одақтың әрекеті құқықтық принципке негізделген.
Ереже мен әрекеттер одақты тұғызатын шарт-келісім және оларды толықтыратын акт негізінде жасалған. Оның заңдары мен бағдарламалары әр алуан сипатта, әр деңгейде жүргізілген кеңесулердің нақты нәтижесі.
Қазақстандағы шағын бизнес, кәсіпкерлікті
дамытудың шетелдік тәжірбиесі
Экономиканы құрылымдық жағынан қайта құрудың жолы — негізінен мемлекеттік емес меншік нысандарын пайдаланатын шағын және орташа кәсіпорындардың үлес салмағын арттыру. Бұл жағдайда ондай кәсіпорындар саны тек қазіргі кездегі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру есебінен емес, ал жаңа кәсіпкерлік құрылымдар есебінен көбейтілуге тиіс. Сондай кәсіпорындар құру және олардың қуатын арттыру аймақтың саясаттың маңызды құрамдас бөлігіне айналуы керек.
Аймақтың деңгейде шағын кәсіпкерлік жөніндегі саясат аймақтың әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру кезеңдерінің жалпы жүйесімен ұштасуға тиіс. Бұл жерде:
— аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының концепциясы мен бағдарламасын әзірлеу (оларда шағын кәсіпкерліктің орны мен рөлі белгіленеді және шағын кәсіпкерлікке өзіндік аймақтық тапсырыс қалыптастырылады);
— шағын кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық бағдарламасын әзірлеу;
— аймақта шағын кәсіпкерлікті басқару мен реттеудің ұйымдық құрылымының жүйесін жасау;
— шағын кәсіпкерліктің өзін-өзі ұйымдастыру жүйесін жасау;
— жергілікті әкімшіліктің шағын кәсіпкерлікке басқарушы ықпалының нысандары мен әдістерінің жүйесін қолдану;
— шағын кәсіпорындарды дамытудың бизнес-жоспарлары мен бағдарламаларын қалыптастыру көзделген.
Аймақта кәсіпкерлікті басқарудың негізгі принциптері мыналарды көздейді:
— кәсіпкерліктің түрлеріне қарамастан оны дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;
— шаруашылық жүргізуші субъектілердің ауқаттылығын қамтамасыз ету;
— олардың қызметін ең алдымен экономикалық және қаржы стимулдарын пайдалана үйлестіру;
— жергілікті органдардың шаруашылық жүргізуші субъектілермен өзара тиімді шартты және экономикалық қатынастарын орнату;
— қала тіршілігінің ерекше маңызды міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ету үшін шектеулі мөлшерде әкімшілік шараларын қолдану;
— Қалаға қызмет көрсететін бірқатар кәсіпорындардың негізгі функциялық мақсатын белгілеу;
— кәсіпкерлік саласында азаматтар құқықтарының бұзылуына, табиғи ресурстардың жыртқыштықпен пайдаланылуына жол бермеу;
— кәсіпкерлік қызмет түрлерінің дамуын құрылымдық реттеу;
— аумақтық ресурстардың және ең алдымен жер ресурстарының пайдаланылуын реттеу;
— шағын бизнес кәсіпорындарын тіркеу тәртібін оңайлату.
Ірі аймақтағы шағын кәсіпкерлік жөнінде аумақтық саясатты нақтылай жүзеге асыру үшін арнаулы ұйымдық құрылым жасау қажет. Мұның өзі жаңа бюрократтық аппарат құрылуын білдірмейді, ең алдымен қала басқармасында бар құрылымдардың функцияларын және шағын кәсіпорындармен қарым-қатынастарын ретке келтіруді көздейді. Кейбір жағдайларда шағын кәсіпкерлікке неғұрлым пәрменді ықпал жасау үшін жұмыс істеп тұрған органдар негізінде жаңа арнайы органдар құрылуы мүмкін /26/.
Бұл құрылымда бірнеше лауазым деңгейін бөліп көрсетуте болады.
Бірінші деңгей — өкілді билік органдары, бұл деңгейде шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бюджеттен бөлінетін қаражат белгіленеді.
Екінші деңгей — үкімет пен облыстық, қалалық және федералдық бағыныстағы салалық комитеттер, сондай-ақ аудандық әкімшіліктер түріндегі басқару органдары. Олар тікелей басқаруды, аумақтағы кәсіпкерлермен байланысты жүзеге асырады. Мұнда түрлі мәселелер — кәсіпорындар тобына жеңілдіктер беруден, жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудан, жарғылық құжаттарды тіркеуден, үй-жайларды жалдаудан бастап, құрылысқа жер учаскелерін беруге дейінгі мәселелер шешіледі.
Үшінші деңгей — әкімшілікке кірмеген құрылымдар, олар инфрақұрылымдық қызмет көрсету (технологиялық орталықтар, қаржы, сақтандыру, лизинг құрылымдары, көрмелер мен жәрмеңкелер, ақпараттық-мәдени орталықтар, бизнес инкубаторлар), консультациялық бағдарламалар әзірлеу мен жүзеге асыру, кадрлар оқыту, бағдарламалар мен жобаларды мәліметтермен қамтамасыз ету ісінде шағын кәсіпкерлікке белгілі бір жәрдем көрсетеді. Жобаларды қаржыландыру, кепілдеме операцияларын ресімдеу жөнінде қызмет көрсететін несие-қаржы саласының кәсіпорындары да осы деңгейде. Тәжірибенің көрсетіп отырғанындай, кәсіпкерлік қызметті үйлестіру мен оған жәрдем көрсету жөніндегі жалпы қалалық кеңестің (орталықтың) бұл құрылымдар арасында ерекше маңызы бар. Оның міндеттері — қала шаруашылығының артықшылықтарын, экономикалық «қуыстарды» (капитал жұмсау салаларын) негізге ала отырып, ұсыныстар әзірлеу, кәсіпорындар ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар беру, әлеуметтік маңызы бар міндеттер шешуді қолға алатын кәсіпорындарға жеңілдіктер белгілеу. Бұл орган шағын кәсіпорындарға арналған рынокты қорғау, бірлескен кәсіпорындар ұйымдастыру, батыстағы әріптестерге кепілдіктер беру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдай алады.
Төртінші деңгейді тікелей шағын бизнес саласының кәсіпорындары құрайды.
Бағдарламалы-мақсатты әдістерді пайдалану кезінде уақытша құрылымдар қолданылып жүрген басқару жүйесіне кірістірілгендей болады, мұның өзі осы жүйенің ұшқырлығын арттырады және ресурстармен кең көлемді іс-қимылдар жасау үшін мүмкіндіктер ашады. Қазіргі басқару құрылымдарында бөлімшелер жалпы мақсатты емес, ал өзінің нақты функциясын бағдар ете дамуға бейім, оның өзі олардың жалпы жүйе мүдделерін елеместен өзін-өзі қорғауға деген ұмтылысын туғызады және .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык ҚАЗАҚСТАН XXI ғ ҚАРСАҢЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰТҚАСЫ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, ҚАЗАҚСТАН XXI ғ ҚАРСАҢЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУЫ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰТҚАСЫ