Экология | Қазақстанның климатына сипаттама
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................3
І – тарау. Қазақстанның климатына сипаттама
1.1 Климаттың негізгі сипаттары және климат құрушы факторлар ............4
1.2 Климаттың динамикалық жағдайлары .....................................................4
1.3 Температуралық режим...........................................................................13
ІІ – тарау.
2.1 Негізгі жыл маусымдарының ауа райы...................................................20
2.2 Қазақстанның климаттық облыстары.....................................................21
Қорытынды......................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................25
Кіріспе
Қазақстанның климаты қоңыржай ылғалды биік таулы аймақтарынан басқа әсерлерінде континентті болады. Климаттың континенттігі оның бірнеше ерекшеліктерінен көрінеді, оларға: температура амплитудасының үлкендігі, ауаның құрғақтығы, республиканың көпшілік бөлігінде атмосфералық ылғалдың аз түсуі қыстың оңтүстікте қысқа, солтүстікте ұзақ, әрі қатаң, жаздың ыстық болуы жатады.
Қазақстанның географиялық орны ендігі жағынан климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңіз елдеріне және қоңыржай ылғалды жылы климатымен ерекшеленетін Орталық Европаға сәйкес келеді. Бірақ Қазақстанның материктің ішінде ішкері жатуы онда бұл елдерден ерекше қоңыржай суық климаттың құрылуына себепші болады.
Қазақстанның климатына қыста Сибирьдің қатты суығы, ал жазда Орта Азияның ыстығы әсер етеді. Қазақстаннан алыста жатқан теңіз бассейндерінің оның климатына тигізетін әсері бірдей емес.
Қазақстанның территориясына Атлант мұхитының солтүстігі мен оның теңіздері жағынан солтүстік-батыс, батыс ылғалды ауа массалары еркін кіре алады. Олар өзінің ұзақ жолында трансформацияланып, Қазақстанға жеткенше біраз құрғайды, дегенмен атмосфералық ылғалдың негізгі бөлігін алып келеді. Жылдың ұзақ уақытында мұз құрсанып жататын және қалған уақытында суық болып тұратын Солтүстік Мұзды мұхит пен оның теңіздерінің Қазақстанның климатын жұмсартуға ететін әсері өте аз.
Қазақстанның жер беті жоғарыда айтылғандай, солтүстікке және батысқа қарай ашық жатқандықтан батыс пен солтүстіктің ауа массалары кедергісіз өтіп кетіп отырады.

1.1 Климаттың негізгі сипаттары және климат құрушы факторлар
Республиканың бұл ендіктерде жатуына қарамастан оның климатының қатаң болуының себебі де осыдан. Әсіресе биік таулы аймақтарда климатка рельефтің әсері зор, мұнда биіктік өскен сайын температура мен ауаның тығыздығы өзгереді. Ауа массалары таулы аймаққа жеткенде өздерінің бағытын, жылдамдығын және басқа да физикалық қасиеттерін өзгертеді. Таулар — ылғалдылықтың күшті конденсаторы. Климат құрушы басты факторлардың бірі ауа массаларының циркуляциясы. Бұл факторда негізгі рольді Қазақстан территориясын шамамен 50° с. е. тұсында кесіп өтетін барометрлік жоғары қысымды ось алады. Бұл Войков осі деп аталатын жоғары қысымды аймақ қыс кезінде шығыстан келетін Сибирь максимумының батыс тармағы, жазда— Европа жақтан келетін азор максимумының шығыс тармағы болып есептеледі.
Қыста ол оңтүстікке қарай, жазда солтүстікке қарай ауысады. Бұл жоғары қысымды барометрлік ось бүкіл жыл бойы болады, ол Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінің аралығындағы климат бөлгіш болып тұрады және ауа массаларының бағыты мен таралуына күшті әсерін тигізеді.
1.2 Климаттың динамикалық жағдайлары
Климат құрушы факторлар өз ара бір-біріне әсер ете отырып, атмосфералық қысымның таралуына, ауа массаларының сипаты мен бағытына және соғатын үстем желдерге ықпал етіп отырады.
Қазақстанның ұлан-байтақ кең территориясында атмосфералық қысым бірдей таралмаған. Әсіресе, жазық-аласа таулы және биік таулы аймақтарында ауа қысымының таралуы бір-бірінең үлкен айырма жасайды. Барометрлік жоғары қысымды алап Қазақстанның жазық-аласа таулы бөлігі арқылы өтеді. Осыдан оңтүстікке қарай да, солтүстікке қарай да атмосфералық қысым біртіндеп кемиді. Мұның өзінде солтүстікке қарағанда оңтүстікке қарай көбірек кемиді. Биік таулы аймақтарда атмосфералық қысым теңіз деңгейінен жоғары көтерілген сайын азая береді. Жыл бойы қысымның маусымдық өзгеруі жақсы байқалады. Мысал үшін Петропавл (солтүстік) мен Қызылордадағы (оңтүстік) ауа қысымының айлық орташа көрсеткіштерін келтірейік.
Қазақстанның жазық-аласа таулы бөлігі үшін жалпы атмосфералық қысымның бөлінуінің материктік типі тән. Мұндай жағдайда қысымның көбі қыста байқалады (декабрь - январь), ал азы — жазда (июль). Ауа қысымының өзгеруінің сипаты радиациялық және циркуляциялық процестердің өзгеруімен байланысты. Қысқа қарай атмосфералық қысымның жоғарылауы күннен келетін жылудың азаюына, ауа температурасының төмендеуіне, арктикалық ауа массасының кіре бастауы мен Сибирь антициклонының батыс тармағының пайда болуына байланысты. Ал жазға қарай ауа қысымының төмендеуі құрлық үстіндегі атмосфера қабаттарының жылынуына, арктикалық ауа массаларының шегінуі мен оңтүстік тропиктік ауа массаларының енуіне байланысты.
Бұл процестермен ауа фронттарының маусымдық ауысуы да байланысты. Қыста Солтүстік Мұзды мұхиттың жағалауынан арктикалық фронт Батыс Сибирь жеріне кіреді. Осы кезде полярлық фронттың ирандық тармағы оңтүстікке, Иран территориясына қарай ауысады. Жазда керісінше, ауа массаларының барлық фронттық бөлінулері солтүстікке қарай кетеді. Ауа фронттарының мұндай алмасуы нәтижесінде қыста солтүстік және солтүстік-шығыс, жазда оңтүстік, оңтүстік-батыс, батыс ауа массаларының өтуіне себепші болады. Батыс ауа массалары ауыспалы мезгілдерге де тән. Ауаның қысымы мен температурасының өзгеруі, сонымен қатар фронттық процестердің динамикасы республика территориясындағы ауа массаларына күшті әсерін тигізеді.
Қазақстан территориясындағы ауа массалары екі топқа бөлінеді: 1)Қазақстан территориясының өзінде пайда болатын жергілікті ауа массалары; 2) Қазақстанға сырттан келетін экстерриториялық ауа массалары, бұл климат құруға қатынасатын негізгі факторлардың бірі болып табылады»
Жергілікті ауа массалары. 1. Полярлық континенттік солтүстік Қазақстан-Батыс Сибирь ауа массасы Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сибирьдің үстінде пайда болып, бүкіл жыл бойына Солтүстік Қазақстанға әсер етеді. Ол ылғалы аз және жыл маусымдарына қарап температурасы шұғыл өзгеретін кәдімгі континенттік ауа массасы болып табылады. Қыста бұл ауа қатты суынады, ол солтүстіктен келген суық ауаның кіруімен және теріс радиациялық баланстың орнауымен байланысты. Жазда Күннен келетін жылудың артуы және жер бетінің қатты қызуымен байланысты ыстық болады.
Полярлық фронттың ирандық тармағы қыста оңтүстікке қарай ауысуына байланысты Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның үстінде полярлық континенттік тұран ауасы пайда болады. Бұл ауа температурасының біраз төмен және ылғалдылығының аз болуымен ерекшеленеді.
Жазда Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның үстінде полярлық ауаның, сонымен қатар оңтүстіктен келетін тропиктік ауаның трансформациялануынан тропиктік (субтропиктік) континенттік тұран ауасы пайда болады. Бұл температурасының жоғары және өте құрғақ болуымен ерекшеленеді.
ІІІығыс Европа мен Батыс Қазақстанның үстінде полярлық континенттік шығыс европалық-батыс қазақстандық ауа пайда болады. Бұл ауа бүкіл жыл бойы Батыс Қазақстанда әрекет етеді және өзінің физикалық қасиеттері жағынан Солтүстік Қазақстанның полярлық континенттік ауасына ұқсас келеді.
Таудағы муссон типті ауа массалары Қазақстанның биік таулы аймақтарында (Алтайда, Жоңғарда, Тянь-Шаньда) пайда болады. Бұл ауа массалары биік таулы аймақтардың ерекше жағдайында: үлкен абсолюттік биіктік пен күшті тілімденген рельеф жағдайында бұл жаққа келген басқа ауа массаларының трансформациялануының нәтижесінде қалыптасады. Әрбір биік таулы аймақтың өзінің жергілікті муссон типтес тау ауасы болады, олардың бағыты мен ылғалдылығы жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады. Бұл өзгеріс қыста Қазақстанның биік таулы аймақтарының өзін қоршаған суынған ойпаңдардың ортасында жылы арал тәріздес болып тұруымен байланысты. Сондықтан қыста айнала қоршаған жазықтардан суық жел тауға қарай еседі. Жазда керісінше, таулар қапырық шөл мен шөлейттің ортасындағы салқын арал сиқты, сондықтан ылғалды салқын жел таудан жазыққа қарай соғады.
Экстерриториялық ауа массалары:
1. Континенттік арктикалық ауа Арктиканың Сибирь секторы мен Сибирьдің солтүстігінен Қазақстан территориясына көбінесе қыста Солтүстік Мұзды мұхит жағалауынан Батыс Сибирь ойпатына қарай арктикалық фронт ауысқан кезде өтеді. Континенттік арктикалық ауаның өтуі кейде жыл мезгілдерінің ауыспалы кездерінде байқалады, соған байланысты күзде және көктемде үсіктер болып тұрады. Сибирь секторының арктикалық ауасы Қазақстанның шығыс жартысын қамтиды, кейде оның оңтүстік шекарасына дейін жетеді. Оның қайталауы солтүстік-шығыста 15%, оңтүстік-батыста 5 %.
2. Гренландия және Баренц теңіздерінің теңіздік арктикалық ауасы. Қысқы кезде өтетін Арктиканың европалық секторының бұл арктикалық ауасы негізінен Қазақстанның батыс бөлігін қамтиды. Оның қайталауы солтүстік-батыста 25%, оңтүстік-шығыста 5%
3. Атлантиканың солтүстігінен келетін теңіздік полярлық ауа. Бұл ауа Қазақстанда әрекет етуші ауа массаларының ішіндегі барынша ылғалы молы болып есептелінеді. Ол көбінесе жыл мезгілдерінің ауыспалы кездерінде және анда-санда қыста енеді. Аз қайталауына қарамастан батыс ауа массалары ылғалдың көпшілігін әкеледі. Онымен атмосфералық жауын-шашынның республика территориясында таралуы (континенттіктің батыстан шығысқа қарай өсуі) және жыл мезгілдеріне қарай бөлінуі (көктемгі және күзгі жаңбырлар) байланысты.
4. Континенттік тропиктік иран ауасы. Бұл ауаның келуі жазда байқалады. Ол Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарын қамтиды, оның қайталауы шамамен 20%. Орта Азияның солтүстік табиғи шекарасында, яғни Арал теңізінің солтүстік жағалауы мен Балқаш көлінің арасын қосатын сызықтың бойында тропиктік ауаның қайталауы 5% тең аспайды.
Циклондар жылы ауа массаларының етуіне байланысты пайда болады. Олар ылғалдың келуі мен таралуында үлкен роль атқарады. Олардың барлық жолдарын үш бағытқа біріктіруге болады: 1 — оңтүстік ендіктердің циклондары, 2 — орта ендіктердің циклондары, 3 —солтүстік ендіктердің циклондары. Оңтүстік ендіктердің циклондары оңтүстік-батыстан, Жерорта теңіз бассейні жағынан келеді және Оңтүстік Қазақстан арқылы солтүстік-шығыс бағытта өтеді. Орта ендіктердің циклондары батыстан, Атлантика жақтан Орталық Қазақстан арқылы шығыс бағытта өтеді. Солтүстік ендіктердің циклондары батыстан шығысқа қарай бағытталады да Солтүстік Қазақстанды қамтиды. Антициклондардың пайда болуы салқын ауа массаларының өтуімен байланысты.
А н т и ц и к л о н д а р д ы ң б ө л і н у і: 1. Орталық Қазақстанның үстінде. Мұнда оның шығыс жақ шетімен солтүстіктен және солтүстік-шығыстан полярлық немесе арктикалық ауа, ал батыс шетімен оңтүстіктің жылы тропиктік және полярлық ауа массалары келіп жатады. 2. Шығыс Қазақстанның жазықтық бөлігінің үстінде. Мұндай жағдайда бүкіл Қазақстанды антициклонның батыс жақ шеті қамтиды. Антициклондық тұрақтау процесі оңтүстік адвекцияның онан әрі дамуымен ауысады. 3. Оңтүстік Қазақстанның жазықтық бөлігінің үстінде. Бұл жерде оның пайда болуы антициклонның солтүстік жақ шетінің нашарлауына байланысты. Антициклонның нашарлауына Сибирьдің солтүстігінен ауысып келген циклондар әсер етеді. Антициклон орталығының Қазақстаннан біраз солтүстікке таман орналасатын кездері болады, бұл жағдайда оның оңтүстік шеті Қазақстанның бүкіл территориясын қамтиды. Циклондар мен антициклондардың үздіксіз алмасып отыруы климаттың динамикалық жағдайының сипатын белгілейтін ауаның циркуляциялық процестерінің структурасының негізі болып табылады.
Қазақстан климатының динамикалық жағдайларының маусымдық режимі басқа барлық континенттік аймақтардағы сияқты анық байқалады. Теріс радиациялық баланстың өсуінің және суық ауа массаларының оңтүстікке қарай жылжуының нәтижесінде қыс түседі. Қысқы режим бәрінен бұрын температурасы тез төмендейтін солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарда басталады. Радиациялық суынудың күшеюіне және арктикалық фронттың оңтүстікке қарай жылжи түсуіне қарай қысқы режим қалған барлық аудандарды қамтиды, сөйтіп декабрьде Қазақстанның бүкіл территориясында тұрақталады. Қыста антициклон Қазақстанның солтүстік-шығысындағы жазықтық аудандарының үстінде тұрақталады. Мұнда оның ұзақтығы 10—20 күнге дейін жетеді.
Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық бөлігінде антициклонның басымырақ болуына байланысты арктикалық фронт әдетте 40° және 45° с. е. аралығымен өтеді. Осы ендіктерде полярлық фронттың орнауы тән. Ол солтүстікке қарағанда оңтүстікте жиірек байқалады. Жалпы алғанда қыста фронттық процестер аз қайталанады. Ол небары шамамен 30% қана болады. Қыстың қалған уақытында Қазақстан территориясында қандай да болмасын бір тектес ауа массалары болады. Солтүстік пен солтүстік-шығыста бұл батыс сибирьлік-солтүстік Қазақстандық полярлық және континенттік арктикалық ауа болады (қайталануы 70%). Солтүстік-батыста шығыс европалық-батыс Қазақстандық полярлық және гренландиялық арктика ауасының қайталауы басым. Оңтүстік Қазақстанда фронттың процестерден басқа тұран полярлық ауасының қайталуы 50—60% айқын байқалады.
Республиканың солтүстігінде антициклондық өрістердің ұлғаюына байланысты циклондық құбылыстар онша болмайды. Орталық және Шығыс Қазақстанның үстінде антициклондар қалыптасқан кезде олардың батыс шеттерінде ауа массасының өтуі күшейеді, ал осы кезде олардың солтүстік-шығыс шеттерінде суық ауа одан әрі жинала береді. Осы ауа массалары түйіскен жерде олардың температурасының айырмашылығы үлкен болуына байланысты арктикалық фронт жиілене түседі. Сондықтан арктикалық фронттың осы участоктарының циклондық әрекеттері елдің солтүстік бөлігінде климатқа үлкен әсерін тигізеді.
Қыста биік таулы аймақтарда ауа ағыны бұдан басқаша жүріп отырады. Биік таулы аймақтар мен жазықтардың шекаралығында фронттық процестер күшті жүреді. Бұл кезде суық ауа массалары биік тауға көтерілмей, тау етегіндегі жазықтарды алып жатады. Тауларда ауа қысымы төмен болады, сондықтан қыста төңіректегі жазықтардан тауларға қарай басым желдер соғып .........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қазақстанның климатына сипаттама курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экология жобалар курстық жұмыстар