Экономика | Қазақстан Республикасындағы нарықтың қызмат істеу механизімі
Мазмұны
Кіріспе --------------------------------------------------------------------------- 5-7
1 Нарықтың мәні, құрылымы және дамуы --------------------------------- 8-14
2 Нарықтың түрлері мен қызметтері ---------------------------------------- 15-20
3 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қызмат істеу
механизімі ----------------------------------------------------------------------- 21-26
Қорытынды --------------------------------------------------------------------27-28
Қолданылған әдебиеттер тізімі -------------------------------------------29
Қосымшалар---------------------------------------------------------------------30-31
КІРІСПЕ
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындар-дың, салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық кешендердің), ха-лық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршең-дігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланыс-ты, дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттр мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтармен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.
Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйе-сінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық туралы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айналыс процесі. Нарық – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, бәсеке, ұсыныс, және т.б.) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтық айырбасқа кең жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі «батыстық модельдерді» қайталау емес. Бұрынғы сациолистік елдердегі нарықтық қатынастардың ұлғюы щаруашылық механизмін қайта құру барысындағы эаңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байла-нысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.
Нарық – бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстар- ды (арақатынастарын) обьективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынастар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ға- на қоғамдық өндіріс экономикалық жүйеге (немесе экономикаға) айналады. Осылайша нарық өз шешімін тауып, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз етуге қажетті мөлшердегі өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күші халық шаруашылығы салалары арасында өзара пропорционалды түрде бөлінеді.
Нарық, айырбас, айналыс – бұл категориялар өзара тығыз байланысты және тұрмыстық деңгейде жиі теңестіріледі. Сонымен қатар олар қатаң себеп-салдарлы жүйеленген және тауарлы қатынастардың дамуындағы әр түрлі тарихи сатыны білдіреді.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы қызмет пен еңбек өнімдерінің айырбас қажеттілігінің пайда болуына әкеп соғады. Бұл айырбас барлық экономика- лық дәуірге тән экономикалық категория екендігін білдіреді.
Нарық қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи-тарихи процесі нәтижесі.
Алғашқыда нарық деп адамдар тауар мен қызметтерді айырбастайтын орынды атаған. Олар қалалық алаңдар болған: Лондон "чревосы", Париж "чревосы" және т.б.
Тауар өндірісінің дамуы мен қатар нарық та дамиды және күрделене түсе- ді және оны экономистердің талдауы да тереңдетті және күрделене түсті.
Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
Сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетінің сферасы ретінде қарастырыла-
ды.
Экономиканы ұйымдастыру көзқарасы бойынша нарықты экономика- ның іс-әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды
Нарықтық қатысушы тұлғалар позициясы бойынша нарықты шаруашы- лық тұлғаларының арасындағы қоғамдық байланыс формасы деп көрсетеді.
Нарық жағдайында тиісті алғышарттар бірден жүйеге келтіріліп, аз уа- қытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе қою оңайға соқпайды. Нарықтық экономиканың негізін экономикасы оңды дамыған елдердің тәжірибесіне на- зар аударатын болсақ, онда нарықтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқандығын көреміз. Мәселен, АҚШ-та 1902 жылдан бастап, Калифорния университетін- де нарық туралы дәріс оқытыла бастады. Себебі, сол тұста АҚШ-тың нарық жолына түсуіне 1873-ші жылдарда басталған экономикалық дағдарыс себеп- кер болған еді. Америка экономистері: Дэвид Уэлд, Эдвард Аткинсон, Генри Эмери, Вальтер Дилл Скотт, Джорджа Фредерика және тағы да басқалары нарық жүйесін капиталистік жүйеге орайластыру ісімен айналысты. Қазіргі уақытта АҚШ-та осы мәселемен айналысатын 400-ден астам ғылыми-зерттеу институттар мен коммерциялық фирмалар бар.
Ағылшын А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғалым деп саналады. Оның ең- бегі "Халық байлығы" 1776 жылы жарық көрген А.Смиттің досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып-түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.
А.Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің теріс түсінігінше – алтын немесе күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз – еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. А.Смиттің пікірінше, нарықтық эконо- мика – белгілі бір ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттердің нәтижесі.
Экономика ғылым ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.
А.Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель сыйлығы- ның лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәр- тіптің бір формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалы-лықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жал- ғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қойған мақ- саттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.
А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі және барлық бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономика- лық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.
Капиталистік қоғамның даму диалектикасының өз нарықтық экономика- ны ұйымдастыруға әкелетіні аян. В.И.Ленин нарық мәселесіне ерекше мән берген. XIX ғасырдың 90-шы жылдарында көптеген еңбектер шығарды. Оның ішінде "Нарық жайлы әңгімелесу" рефераты және "Капитализмнің Россияда дамуы" ғылыми еңбегін айтуға болады. "Айырбастау" – дейді В.И.Ленин, - "адамдарды нарық арқылы біріктіреді". В.И. Лениннің айтуын- ша, "Нарық" ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне, сондықтан да социализм орнатуда және социалистік шаруашылықты ұйым- дастыруда нарықтық қарым-қатынастарды толық пайдаланудың қажет екен- дігі туралы В.И. Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға байланысты өзге- ріп отырған. Олардың ең бастылары: біріншіден, В.И.Лениннің көз алдында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін бәсекелестік капитализмінің – моно -полистік капитализм сатысына көшу барысында атқарған рөлі; екіншіден, халқымыз орнатқысы келіп отырған қоғам мен оның қозғаушы күштері тура- лы жалпы теорияның айқындала түсуі; үшіншіден, дәуір кезеңіндегі эконо -миканы мемлекет тарапынан басқару механизмінің дамуы.
1. НАРЫҚТЫҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Нарық – экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылық- ты ұйымдастыру формасы.
Нарық қатынастарының зерттеуін экономикалық теория классикалық мек-тебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған – Адам Смит пен Давид Рикардо жатады. Адам Смит нарықтық зкономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет “laissez faire”-“өзінше жүре берсін” саясатын жүргізгені абзал. Нарықтың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Нарықтық тепе-теңдік жай адам эгоизмінің негізінде жүзеге асады – пайдаға (табысқа) мүдделі және еркін бәсекенің болуы. А.Смиттің ойынша, адам нарықта өз 0пайдасын көздей отырып, "қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жйірек қызмет жасайды". Еркін нарыққа бар ниетінің артуының арқасында
А.Смит либерализм мектебінің айтулы идеологы болды (liberalis-еркін деген латын сөзі).
Карл Маркс экономикалық теорияда нарық тепе-теңдігі мәселесін үш дең- гейде қараған: микродеңгей – көп салалы шаруашылық деңгейін және қоғам -дық шаруашылықтың ең жоғарғы, көп факторлы, ұдайы өндіріс дәрежесінің деңгейі.
Мысалы, Карл Маркс «Капиталдың» екінші томында нарықтық тепе-тең -діктің жалпы схемасын экономиканың әртүрлі аясындағы өндіріс пен қорла -нудың өзара байланыстылығына қатысты қарастырған. Карл Маркс схема -сында ұдайы өндірістің екі бөлімшесі талданады (I-өндіріс құрал-жабдығы- ның ұдайы өндірісі, II-тұтыну заттарының ұдайы өндірісі) және өзара айыр -бастың болуы қарастырылады.
Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс заңдары айқындалады және жиынтық қоғамдық өнімнің өткерілу шарты көрсетілген. Жиынтық қоғамдық өнімнің өткерілуі I-ші мен II-ші бөлімшелердің арасындағы және әр бөлімшенің өз ішіндегі пропорциясының сақталғанда ғана жүзеге асу мүмкіндігін К.Маркс ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасында көрсеткен. Осы пропорциясының бұзы-
луы әртүрлі өндіріс аясының өзара байланысының бұзылуына әкеліп, артық өндіру дағдарысын тудырады. К. Маркстың ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасындағы жалпы нарқтық тепе-теңдік швейцар экономисы Леон Валърас (1834-1910жж.) осы тектес теориясына дөп келеді. Италъия экономистері Валъфредо Парето (1848-1923 жж.) мен Энрико Бароне (1859-1924 жж.) сияқты замандастары дер кезінде ол теорияны бағаламады. Шынын айтсақ, жалпы тепе-теңдікті талдау шаруашылықты жоспарлы жүргізу теориасының салдарын жасады.
Дерективті-үлестіру жүйесін басқару кезінде нарық мәсәлесін ғылыми зерттеудің қажеттілігі болмады. Әміршілдік-бюрократтық жүйенің идиоло -гиялық нұсқауының құрсауында болған экономикалық ғылым, көптеген жыл- дары нарықтың мәні, ролі, орынына догматикалық көзқарас бұрынғы Одақ экономикалық жүйесінде басым болды.
Нарықтық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым-экономистерінің нарық жайлы пікірі біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтіріп көрейік.
«Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым».
«Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасын-дағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы».
«Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді».
Осы көзқарастың әрқайсысында жеткілікті аргумент келтірілген және нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді, бірақ мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастар- дың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе, сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субъекті болып табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар – ақша, нарық байла- ныстары сату – сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді. Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан баста- лады және өнім сол жерде өндіріліп, экономикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы –ақша қатынасы болатындығы айқындалады.
Нарық іс-әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу, оның бәсекелестік- пен шығын минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік байланыстар- ды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен нарықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді көрсете- тін жоғарыдағы іс-әрекеттер екені аян.
Мемлекеттік-әміршілдік экономикадан басқасына өту экономиканы орта -лықтан жоспарлы басқарудан бас тартуға әкеледі. Себебі, қоғамның экономи- калық өмірін басқаруды жақсы әрі тиімді тек нарық атқара алады. Нарықтың мәні тұрғысынан қарасақ, онда оның мән-мағынасын жоғарыдағыанықта ма лардың ешқайсысы аша алмаған. Біздің ойымызша, нарықтың мәнін дәлірек Ю.Я.Ольсевич айтқан: «Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей салу»... «дұрыс емес, себебі өндіріс, бөлу, тұтынудың тұла бойы «нарықтық» таңбамен сызылған».
«Нарық – өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде болады».
Біздің ойымызша, бұл анықтамаға мына сөздерді қосуға болады: «тек қатаң бәсекелестік ортада». Осы анықтама біздің нарық жайлы шектелген ойымызды кәдімгідей кеңейтеді. Осыдан байқалатыны, өзін-өзі қаотына келтіретін біртұтас экономикалық жүйені «нарық» – дейміз және ол орталықтанған мемлекеттік жоспарлы теттеуші экономиакны ауыстыруға қабілетті.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: «нарық» ұғымын тар шеңберде сату түрін ұйымдастырған және орнын анықтаған деп түсінсек, кең шеңберде қоғамдағы экономиканы ұйымдастырудың түрі деп қарастырамыз.
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.
Кесте №1.
Әртүрлі белгісіне қарай нарықты классификациялау:
№ Ұйымдық тұрғыдағы белгісі Құрылымдық тұрғыдан бөлу
1 Территориялық Базар, биржа, аукцион, жәрмеңке, ай- мақтық нарық, ішкі (ұлттық) нарық, әлемдік нарық.
2 Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан Монополиялық, олигополиялық, моно- полиялық бәсеке, еркін, реттеуші.
3 Пропорционалдық деңгейі тұрғысынан Баланстанған, баланстанбаған.
4 Салалық сипаты тұрғысынан Сала аралық, салалық, ішкі салалық.
5 Тауарды бағыттау тұрғысынан Азық-түлік, азық-түліктік емес,тағамдық немесе тағамдық емес.
6 Заңдылыққа сай келу тұрғысынан Арнайы ресми, ресми емес (көлеңкелі).
7 Жетілу деңгейі тұрғысынан Дамыған нарық, қалыптасушы нарық.
8 Нарық субъектісі тұрғысынан Сатушы нарығы, тұтынушы нарығы.
Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық (Кесте №1). Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыс- тар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Европа мен Европаның экономикалық қауым-дастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Қазіргі ішкі нарық – түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы: өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату-сатып алу немесе өндіріс факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдай-ын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыс -тырылып, тереңдеген еңбек бөлісіне қарай топтасқан елден құралған нарығы – еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз: дамыған нарық, қалып-тасқан нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
а) мемлекеттік нарық – бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқа да субъектілер болуы мүмкін. Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны өзгертуге шамасы келмейді;
ә) олигополиялық нарықта азғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
б) монополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәсекелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте вариа- циялуаға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.
«Сатушы нарығы» және «сатып-алушы нарығы» болып та жіктеледі. «Сатушы нарығы» деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде бо-луы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат алумен түсіндіріледі. «Сатып алушылар нарығы» деп сатып алушылар көп билікке ие болып, нарықтың субъекті «белсенділігін» сатушылар жүзеге асырған нарықты ай -тамыз.
Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай жіктей-міз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай – азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім,теле-аппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады: нан-бәлішке өндіру нарығы, ұн және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз: тігін (өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шөлке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық сегмент –терінің дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен байланысты және бір-біріне .........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қазақстан Республикасындағы нарықтың қызмат істеу механизімі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар