Банк ісі | Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының мақсаты мен мiндеттерi

 Банк ісі | Қазақстан  Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының мақсаты мен мiндеттерi

Мазмұны
Кiрiспе........................................................................................................3
І.
1.1. Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының мақсаты мен мiндеттерi.......................................
1.2. Несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының жай-күйдi талдау..............................
2.1. ҚР несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының мақсатына қол жеткiзу және мiндеттерiн орындау жөнiндегi шаралар..
Қорытынды..................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................31

Кiрiспе
Елдiң дүниежүзiлiк экономикаға белсендi кiрiгуi, елдiң егемен кредиттiк рейтингiнiң жақсаруы, шетел инвестицияларының үлкен көлемiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (бұдан әрi - Yкiмет) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) валюта режимiн ырықтандыру жөнiндегi жоспарлары Қазақстан Республикасының орнықты дамуында сөзсiз шешушi рөл атқарады.
Соған қарамастан, экономиканың ашықтық дәрежесiн арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды iшкi қаржы нарығын қалыптастыру қажеттiлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органының республиканың экономикалық қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету жөнiнде, сондай-ақ борыш құралдарының iшкi нарығын дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдауына алып келедi.
Бiрiншiден, бұл - қаржы секторы тұрақтылығының қажеттi деңгейiн қамтамасыз етудi және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының сыртқы және iшкi нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл - мемлекеттiк сектордың борышын басқару тетiктерiн жетiлдiру және қажеттi нәтижелерге қол жеткiзу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесi.
Халықаралық тәжiрибе байыпты қарыз алу саясатын жүргiзу және мемлекеттiк сектордың борышын басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу саласында мемлекеттiң әлеуетiн нығайту үшiн қажеттi шараларды уақтылы қабылдау елдiң макроэкономикалық тұрақтылығының жоғары деңгейiн қамтамасыз ету үшiн ең маңызды фактор болып табылатындығын куәландырады.
Әлемдiк практикада, әдетте, көптеген елдердiң сыртқы және iшкi нарықтарда өз қарыз алу стратегиялары және борышты басқару саласындағы әлеуетiн нығайту жөнiндегi жоспарлары бар. Бұл қажеттiлiктер капиталдың iшкi нарығын дамыту дәрежесiмен, валюта режимiнiң ерекшелiктерiмен, макроэкономикалық саясаттың және нормативтiк реттеу шараларының сапасымен, реформаларды әзiрлеу және жүзеге асыру саласында ұйымдастыру-құқықтық әлеуетпен, елдiң кредитке қабiлеттiлiгiмен және оның борышты басқару саласындағы мақсаттарымен айқындалады.
Экономикалық ахуалын және институционалдық мүмкiндiктерiн ескере отырып, жеке бiр ел алып қарайтын берешектiң экономикалық жағынан қолайлы деңгейлерi көрсеткiштерiнiң (өлшемдерiнiң) белгiлi бiр бiрiздендiрiлген нормалары бар.
Бұрын Қазақстан Yкiметтiң, жергiлiктi атқарушы органдарының және Ұлттық Банкiнiң борыштарын қамтитын мемлекеттiк сыртқы борышты басқаруға басым көңiл бөлдi. Бұрын қабылданған шаралардың нәтижесiнде мемлекеттiк борыш 2001 жылдан бастап азайып отыр. Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша қазiргi уақытта Қазақстанның мемлекеттiк сыртқы борышының мөлшерi бiрқалыпты болып табылады.
Бұл ретте, елдiң жалпы сыртқы борышы 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жалпы iшкi өнiмнiң (бұдан әрi - ЖIӨ) 80,9%-iн құрай отырып, 2001 жылдан бастап өсiп келедi. Халықаралық ұйымдардың жiктемесi бойынша көрсетiлген көрсеткiштер Қазақстанды сыртқы борышының бiрқалыпты деңгейi бар елдер тобына жатқызуға мүмкiндiк бередi. Алайда, жалпы сыртқы борышты одан әрi арттыру елдiң iшкi экономикалық жағдайларына ғана емес, экономикалық қауiпсiздiгiне де терiс әсерiн тигiзе алады.
Бұдан басқа, қаржы қауiпсiздiгiнiң тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету мақсатында ЖIӨ-ге шаққанда белгiленген қатынас шегiнде орта мерзiмдi кезеңде елдiң жалпы сыртқы борышының деңгейiн ұстап тұру қажет.
Елдiң борышын басқарудың тиiмдi жүйесiн жасау үшiн мемлекеттiк борышты, мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышын, мемлекеттiң шартты мiндеттемелерiн басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу сапасын арттыруға бағытталған бiрқатар шаралар қабылдау қажет.
1. Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының мақсаты мен мiндеттерi
Осы Тұжырымдаманың мақсаты елдiң жалпы сыртқы борышының қазiргi деңгейiн орта мерзiмдi кезеңде ЖIӨ-ге шаққанда 65-70% деңгейiне дейiн азайтуға және ұзақ мерзiмдi перспективада елдiң жалпы сыртқы борышын ел үшiн қауiпсiз деңгейде ұстап тұруға, мемлекеттiк борышты, мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышын, мемлекеттiң шартты мiндеттемелерiн сапалы басқаруға және несие капиталының сыртқы нарықтарында жеке сектордың қарыз алу мәселелерiн тиiмдi реттеуге ықпал етуге мүмкiндiк беретiн елдiң борышын басқарудың бiртұтас және тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн қалыптастыру болып табылады.
Тұжырымдаманың мiндеттерi мыналар болып табылады:
мемлекеттiк сектордың борышын, оның iшiнде борыштық мiндеттемелер бойынша тиiстi есеп жүргiзу бөлiгiнде басқару жүйесiн оңтайландыру борыш жай-күйінің жүйелiк мониторингiн және оны бақылауды жүзеге асыру, тәуекелдердi басқару, мемлекеттiк органдар мен мемлекет басым қатысатын ұйымдардың тиiмдi өзара iс-қимылы;
жалпы сыртқы борышты ұсынудың құрамы мен құрылымын халықаралық әдiснамалық стандарттарға барынша жақындату;
Қазақстан үшiн "дабылды" бастапқы мәндер ретiнде әрекет ететiн жалпы сыртқы борыштың орта мерзiмдi перспективаға арналған салыстырмалы көрсеткiштерiн айқындау, оларға сәйкес мемлекеттiк органдар жалпы сыртқы борыштың осы шектерден асып кетуiне жол бермеу үшiн белгiлi бiр шектеу шараларын қабылдайтын болады;
несие капиталының сыртқы нарықтарында жеке сектордың қарыз алу мәселелерiн реттеу тетiктерiн айқындау;
борыш құралдарының iшкi нарығын дамыту үшiн алғышарттар жасау.
2. Несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалауының жай-күйдi талдау
Соңғы уақытта республиканың жалпы сыртқы борышының көлемi едәуiр қарқынмен өсiп отыр. 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша бағалау бойынша елдiң жалпы сыртқы борышының көлемi 2001 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда абсолюттiк мәнде 13,8 млрд. АҚШ долларынан 53,9 млрд. АҚШ долларына дейiн, елдiң ЖIӨ-не шаққанда 68,2%-тен 80,9%-ке дейiн артты.
Бағалау бойынша елдiң жалпы сыртқы борышының өсiмi 2004, 2005 жылдары және 2006 жылдың бiрiншi жартыжылдығында ғана тиiсiнше 10, 10,6 және 10,4 млрд. АҚШ долларын құрады. 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап 2006 жылғы 1 шiлде кезеңiндегi 1 жылда жалпы сыртқы борыштың өсiмi 18 млрд. АҚШ долларын құрады.
Сыртқы борышты есепке алудың әдiснамалық проблемалары бар, ол жалпы сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлерiне әсер етедi.
Негiзiнен, бұл (I) шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылардың олардың филиалдары мен еншiлес кәсiпорындары жүзеге асыратын барлауға жұмсайтын шығыстардың есебiне және (2) еврооблигацияларды есепке алу бөлiгiнде мемлекеттiк сектордың сыртқы борышының статистикасын қалыптастыру әдiснамасына қатысты. Құрастырушылар мен пайдаланушылар үшiн сыртқы борыштың статистикасы жөнiндегi басшылық (ХВҚ, 2003 ж.) (бұдан әрi - сыртқы борыш жөнiндегi басшылық) шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылардың барлауды қаржыландыруға арналған шығындарын, егер бұл жер қойнауын пайдаланушылар оларды барлаудың терiс нәтижелерi жағдайында есептен шығарылуға тиiс күрделi шығындар ретiнде қарайтын болса, капиталға қатысу құралы ретiнде жiктеу мүмкiндiгiн көздейдi. Қазiргi уақытта мұндай шығындарды жүзеге асырудың көлемi мен шарттары туралы қажеттi егжей-тегжейлi ақпарат жоқ.
Сыртқы борыштағы сыртқы борыш жөнiндегi басшылығына сәйкес резидент еместерде нақты бар резиденттердiң борыштық бағалы қағаздарын ғана есепке алу қажет. Алайда, Қаржы министрлiгi қалыптастыратын және жалпы сыртқы борыштың статистикасын қалыптастырған кезде Ұлттық Банк ұстанатын мемлекеттiк борыштың статистикасы бастапқы эмиссия бойынша Үкiметтiң еврооблигацияларын ескередi және қайталама нарықта резидент еместен оларға арналған меншiктiң резидентке көшу фактiсiн назарға алмайды.
Мемлекеттiк борыш бөлiгiнде елдiң сыртқы борышының қолданылатын талдамалық құрылымы халықаралық әдiснама ұсынатын жiктемеге сәйкес келмейдi. Бұл мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышына жатады, ол қазiргi уақытта мемлекеттiк сектордың борышы ретiнде жiктелмейдi.
Тұтастай алғанда, ел үшiн борышты басқару жөнiндегi жүйелiк шараларды қабылдау үшiн негiз болып қызмет ететiн борыштың қауiпсiз деңгейiн айқындау саясаты жоқ.
Бұдан басқа, мемлекеттiк деңгейде борышты басқарудың нақты стратегиясы қалыптастырылмаған, тәуекелдердi басқару жүйесiнде икемдiлiк пен уақтылылық жоқ, корпоративтiк сектордың қарыз алуын реттеу тетiгi жоқ, мемлекет басым қатысатын ұйымдар борышының тиiстi мониторингi жүргiзiлмейдi, тұтастай алғанда, уәкiлеттi мемлекеттiк органдар арасында өзара ic-қимыл жасаудың және ақпарат алмасудың толыққанды жүйесi жоқ.
Қолданыстағы заңнамада елдiң борышын басқару мәселелерi жеткiлiктi регламенттелмеген, бұл жоғарыда көрсетiлген проблемаларға әкеп соқтырады.
Тұтастай алғанда, мемлекеттiк органдардың елдiң жалпы сыртқы борышын үйлестiру жөнiндегi функциялары заңнамада жеткiлiктi нақты айқындалмаған, атап айтқанда мемлекеттiк органдардың мемлекет қатысатын ұйымдардың қарыз алуы мен борышын басқару, сондай-ақ жеке сектордың сыртқы қарыз алуы мен борышын реттеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруы көрсетiлмеген. Осылайша, жалпы iшкi борышты басқару үшiн жеткiлiктi құқықтық база құрылмаған.
Сонымен катар, халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк саясат әзiрленбеген, олардың жұмыс ерекшелігіне және қарыз қаражатын беру шарттарына қарай олармен ынтымақтасу бағыттары айқындалмаған.
1. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыш
2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген борыш тиiсiнше 7,9 және 0,626 млрд. АҚШ долларын құрады. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыш 1,8 және 0,595 млрд. АҚШ долларын құрады.
Соңғы бес жылда Yкiметтiң орта мерзiмдi фискалдық саясатында көзделген мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты басқару мақсаттары, атап айтқанда ЖIӨ-ге проценттiк қатынаста үкiметтiк борыштың мөлшерiн үдемелi түрде қысқарту және үкiметтiк борыш құрылымында сыртқы борыш үлесiн бiртiндеп азайту орындалып отыр.
Айталық, 2000 жылғы және 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша ЖІӨ-ге проценттiк қатынаста үкiметтiк борыш үкiметтiк сыртқы қарыздар бойынша мерзімінен бұрын өтеу есебiнен де, ЖIӨ-нiң атаулы мәнiнiң өсуi есебiнен тиiсiнше 22,0%-тен 5,4%-қе дейiн бiртiндеп төмендедi (оның iшiнде көрсетiлген кезеңге сыртқы үкiметтiк борыш - ЖIӨ-нiң 2,2%). Үкiметтік борыш құрылымында сыртқы борыштың үлесi 2000 жылғы және 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша тиiсiнше 80,9%-тен 40,9%-ке дейiн төмендедi.
2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Ұлттық Банктiң борышы тек қысқа мерзiмдi ноттардан ғана тұрды. 2000 жылғы мамырда Халықаралық валюта қорының қарыздарын мерзiмiнен бұрын өтегеннен кейiн Ұлттық Банк сыртқы қарыз алуды жүзеге асырған жоқ. Қазiргi уақытта Ұлттық Банктiң сыртқы борышы жоқ.
Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес ұлттық валютада да, сондай-ақ шетел валютасында да қысқа мерзiмдi ноттар шығаруға құқылы.
2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша айналымда ұлттық валютада номинацияланған қысқа мерзiмдi ноттар ғана болды. Қысқа мерзiмдi валюталық ноттар шығарылып, 1999 жылы толығымен өтелдi.
2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша қысқа мерзiмдi ноттар бойынша берешектiң көлемi (айналым көлемi) 491,7 млрд. теңгенi құрады. Қазiргi уақытта қысқа мерзiмдi ноттардың айналым мерзiмi 28 күндi құрайды.
Сонымен бiрге, бүгiнгi күнi үкiметтiк борышты басқару тиiмдiлiгiн арттыру үшiн шешудi талап ететiн бiрқатар мәселелер бар.
1.1. Борыштық құралдардың iшкi нарығын дамыту
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес Үкiметтiң қарыз алуы республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттiң профицитi болған кезде Үкiмет үкiметтiк борышты бiрлесiп қаржыландыру үшiн қарыз алуды жүзеге асыра алады.
Сонымен бiр уақытта, көптеген елдерде үкiметтiк борышты тиiмдi басқару мақсатында қабылданатын шаралар сонымен қатар бағалы қағаздардың iшкi нарығының тиiмдi жұмысын дамытуға және қолдауға бағытталған.
Мысалы, Жапонияда мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығын дамыту мемлекеттiк борышты басқарудың маңызды мақсаты болып саналады, өйткенi бұл нарық кредит тәуекелiнiң төмен деңгейiнiң арқасында iшкi қаржы нарығына бағдар болып қызмет етедi және неғұрлым белсендi сауда жүргiзiлетiн iшкi бағалы қағаздар нарығының сегментi болып табылады.
Қазақстанда даму институттары, сондай-ақ мемлекет құратын жыл сайын республикалық бюджеттен оларды капиталдандыруға қаржы бөлiнетiн ұлттық компаниялар бос ақша қаражатын мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыруды жүзеге асыру практикасы бар. Нәтижесiнде мемлекет қосарланған шығыстарды жүзеге асырады - даму институттарын капиталдандыру кезiнде және мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша проценттер төлеу кезiнде. Айталық, 2006 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша iшкi нарықта орналастырылған Үкiметтiң бағалы қағаздарын ұстаушылар құрылымындағы даму институттарының үлесi 17,1%-тi құрады.
1.2. Валюталық тәуекелдер
Бiрнеше жылдар бойы Қазақстанның валюта нарығында ғана емес, барлық халықаралық нарықтарда жалғасып келе жатқан АҚШ долларының әлсiзденуi қарыз алушы ретiнде Қазақстан үшiн тиiмдi. Алайда, валюта бағамдарының тұрақсыздығы тәуекелдерi бар. Сондықтан валюталық тәуекелдi төмендету мақсатында үкiметтiк борыштың валюталық құрылымына енетiн валюталардың бағамдарына әсер етуi мүмкiн экономикалық және саяси факторларды талдау қажет.
Yкiметтiк борыштың валюталық құрылымының төмен әртараптандырылуы дағдарыс және валюталар бағамының тұрақсыздығы нәтижесiнде қаржы шығындарының пайда болуы тәуекелiне бейiм және бұл тұрғыдан осал болып табылады, бұл мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiк жағдайына терiс әсер ететiн болады.
1.3. Жергiлiктi атқарушы органдардың реттелмеген борыштары
Жергiлiктi атқарушы органдардың реттелмеген және танылмаған борыштарын есепке алу жөнiндегi проблемалар шешiлмеген мәселелер болып табылады, оларды екi топқа бөлуге болады:
1) кредиттер бойынша мiндеттемелердi уақтылы орындамау. Жергiлiктi атқарушы органдардың борыштарын жүйелi қайта құрылымдау республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң атқарылуына терiс әсер етедi;
2) Yкiметтiң және жергiлiктi атқарушы органдар әкiмдерiнiң кепілдiгiмен тартылған өткен жылдардың кредиттерi бойынша республикалық бюджет алдында борыштарды растау және өтеу проблемасы.
1.4. Мемлекеттiң шартты мiндеттемелерi
Тәжiрибе көрсетiп отырғандай, үшiншi тұлғалар алдында борыштық мiндеттемелерi мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген заңды тұлғалардың қарыздарды тартуы және оларға кейiннен борышкерлердiң тiкелей қызмет көрсетуi тиiмсiз жүзеге асырылады. Yшiншi тұлғалар алдында борыштық мiндеттемелерi мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген заңды тұлғалардың қаржы жағдайын бақылаудың тиiстi жүйесi жоқ. Заңнамада көзделген берiлген (берiлетiн) кепiлдiктер бойынша мемлекет мiндеттемелерi басталуының ықтимал тәуекелдерiн азайту жөнiндегi шаралар үшiншi тұлғалар алдында борыштық мiндеттемелерi мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген заңды тұлғалардың борышын басқарудағы кемшiлiктерге уақтылы ден қою және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдауға мүмкiндiк бермейдi.
Қазақстанда мемлекеттiк-жеке әрiптестiктiң қолданыстағы тетiктерiн жетiлдiру және жаңаларын енгiзу және концессиялық келiсiмдер бойынша жобаларды iске асыру нәтижесiнде мемлекет "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекетке берiлетiн объектiнiң құнына сай келетiн сомада мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi концессиялық келiсiмнiң шеңберiнде кепiлдеме бередi.
Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру барысында берiлген кепiлдемелер бойынша мемлекеттiк жауапкершiлiктiң орындалу тәртiбiне және мөлшерiне байланысты проблемалар анықталды.
Кепiлдеме институты жеке сектор қаражатын, атап айтқанда инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру үшiн, сондай-ақ инфрақұрылымдық облигациялар нарығын дамыту үшiн зейнетақы жинақтауларын тарту мақсатында енгiзiлгендiгiн ескере отырып, қазiргi уақытта мемлекет тарапынан бағалы қағаздар нарығының осы сегментiн дамытуды институционалдық........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру