Педагогика | КСРО кезіндегі 1917 1945 жылдар арасындағы педагогика
Мазмұны
Кіріспе
1.1 Елімізде оқу – ағарту саласындағы негізгі өзгерістердің басталуы
(1917-1920). Мектептегі қайта құру жөніндегі декреттер
1.2 Совет мектебінің алғашқы қадамдары.
Совет мектебі және педагогика.
1.3 Мектептің өсуі
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қазақстандағы мектеп жүйесі
2.2 Мектептің оқу жоспары мен оқу программалары
2.3 Мектеп жұмысы жөніндегі қаулылар
2.4 Жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асыру
ІІІ Қорытынды
Елімізде оқу – ағарту саласындағы негізгі өзгерістердің басталуы (1917-1920). Мектептегі қайта құру жөніндегі декреттер
Ұлы Октябрь социалистік революциясы қанауға негізделген ескі қоғамды жойып, еліміздің қоғамдың өмірінде жаңа өзгерістер жасауға кірісті. Соның бірі оқу-ағарту ісіндегі ірі өзгерістер еді. Октябрь революциясынан бұрын мектеп буржуазия үшін таптық қанаудың құралы болып келсе, енді мектепті коммунистік қоғамды құрудың құралына айналдыруды міндет ету көзделді. Барлық оқу-ағарту жүйесін революциялық түрде қайта құру міндеті Ұлы Октябрь революциясы жеңген алғашқы күндерден басталды. 1917 жылдың 9 ноябріндегі декрет бойынша, оқу-ағарту жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды, ол еліміздегі халық ағарту ісін қайта құрудың негізін жасауға кірісті. Коммунистік партия мен Совет үкіметінің талабына сай Халық ағарту комиссары A.B. Луначарский халыққа, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу жолдады. Бұл үндеуде Совет үкіметінің халық ағарту саласындағы міндеттері және оны ұйымдастырудың принциптері жарияланды. Ол үндеуде негізінен мынадай мәселелер сөз болды: жаппай міндетті бастауыш оқу, мектептің барльщ басқышының жалпыға бірдей болуы, мектептің дінсіз сипатта болуы, мектеп құруда жергілікті ерекшеліктермен қатар, ұлттың ерекшеліктерді ескеру, жаңа мектепті құрудың барлық мәселелерін талқылауға мұғалімдерді араластыру. Мұғалімдер де, оқушылар да жұмысшылармен, революцияшыл халықпен тығыз байланыста болуға тиіс.
Бірінші советтік Халық ағарту комиссарының қолымен жазылған алғашқы оқу-ағарту жөніндегі документтер сол кездегі революцияшыл идеялардың пафосын көрсетті. Олар: «Россия азаматтарына үндеу», «Барлық оқытушыларға», «Барлық оқушыларға» Наркомпростың шағын программасы болды.
20-жылдардағы Халық ағарту комиссарының жұмыс бағыты әр салалы даярлық пен әзірлікті талап етті. Оның алдында сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, жаңа еңбек мектебін құру, мамандық алу, жоғары білім, саяси ағарту, революцияшыл марксизм идеяларын насихаттау, кітап бастыру, искусство мен әдебиеттің күллі салаларын дамыту жөніндегі мәселелер тұрды. A.B.Луначарскийдің совет педагогикасы тарихындағы өшпес еңбегі — совет мектебінің негізгі бағыттарын белгілеген негізгі документ — «Біртекті еңбек мектебінің ережелерін» құруында еді.
Сөйтіп, A.B.Луначарский совет мектебін революция ісіне бағындырған педагогика мен мәдениеттің қайраткері болды.
1918 жылдың январында ескі оқу-ағарту ісін басқару жүйесі таратылды, халық училищелерінің директоры және инспекторының қызметтері жойылды, бастауыш және орта мектептердің жұмысын басқару жергілікті жұмысшы және шаруа депутаттарының Советтеріне берілді. 1918 жылы 26 июньде «Халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы» декрет қа-былданды. Бұл декрет бойынша еліміздегі оқу-ағарту ісін арнаулы Мемлекеттік комиссия басқаруға тиісті болды, ал жергілікті жерлерде жұмысшы және шаруа депутаттары Советтерінің атқару комитеттері жанынан губерниялық, уездік, болыстың халық ағарту бөлімдері құрылды. Бұл бөлімдердің жанынан халық ағарту советтері ашылды. Халық ағарту советтері мұғалімдер мен оқушылардың өкілдерінен тұратын кеңесші орган болды.
Мұғалімдер Октябрь революциясына әр түрлі көзқараста болды.Орта мектептің (гимназия, реалдық училище және т. б.) мұғалімдерінің біраз бөлігі Октябрь революциясына қарсы жақта болды. Мұғалімдердің бір бөлігі Совет өкіметіне қарсы шықты. Олар Бүкіл Россиялық мұғалімдер одағының революцияға қарсы әрекетін жақтады. Бұл одақ Москвада мұғалімдердің ереуілін ұйымдастырды. Ол ереуіл 1917 жылдың декабрінен 1918 жылдың мартына дейін созылды. Москва буржуазиясы ереуіл жасаған мұғалімдерге ақша төлеп тұрды. Соған қарамастан мұғалімдердің басым көпшілігі Октябрь революциясын қызу қарсы алды. Олар мектепті революциялық жолмен қайта құруда Коммунистік партия мен Совет үкіметіне белсенді көмек көрсетті.
Совет мектебінің алғашқы қадамдары
1918 жылы оқу-ағарту жөніндегі мемлекеттік комиссияда А.B.Луначарскийдің және Н.К.Крупскаяның басқаруымен «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже» және «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері» атты документтерді даярлау ісі жүргізілді.
1918 жылдың 16 октябрінде осы аталған документтер жарияланды. Ол документтің екіншісі «Бірыңғай еңбек мектебі туралы декларация» деген атпен халыққа тарады. Онда негізінен «Ережеге» түсінік берілді, өйткені ережеде кейбір мәселе қысқа түрде ғана болатын. Сонымен бірге мұнда мектепті негізінен революциялық жолмен қайта құру ісі белгіленді. «Декларация» мектептің саясатпен байланысты болуын совет педагогикасының ең негізгі принципі етіп көрсетті. «Декларацияда» мектепті жалпы халықтың ету мәселесіне көп кеңіл бөлінді (мектептің жалпыға бірдей болуы, барлық басқышының тегін болуы, жақын арада жаппай міндетті бастауыш білім беру). Мектеп екі басқыштан тоғыз жылдық болып құрылды; біріншісі 5 жыл, екіншісі 4 жыл. Мектепте дін сабағын оқытуға, діни ғұрыптарды жүргізуге тыйым салынды. Мектепті политехникаландыру міндеті қойылды.
Оқытудың мазмұны мен әдістері жөнінде «Декларацияда» формализм және схоластиканың болмауын, балалардың қызығуын ескеру, олардың белсенділігін, өзінше жұмыс істеуін дамыту, мектептердің өмірмен тығыз байланысты болуын, әсіресе еңбекке баулуды орынды санады. Мектеп жанындағы учаскеде жұмыс істеу, оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастыру талап етілді. Әсіресе, оқушыларды жан-жақты дамыту, соның ішінде дене тәрбиесі және эстетикалың тәрбиеге (гимнастика, ойын, спорт, сурет, ән, музыка т. б.) көп көңіл бөлінді. «Декларация» мен «Ережеде» оқушылар мен оқытушылар жөңінде жаңа пікірлер айтылды. Ескі мектептегі бюрократизм, оқушыларды қатаң бақылаудың, ұрып-соғып жазалаудың орнына, балаларды қадірлеу, мұғалімдердің еркін жұмыс істеуіне ерік беру, оқушылар ұйымдарына ірі право беру мәселесі қойылды. Бұл документтерде кейбір кемшіліктер де орын алды. Мысалы, емтихан, үйге тапсырма беру мәселесін мүлде жоюды талап етті. Ал политехнизация, өнеркәсіп өндірісінің негізімен таныстырудың орнына, қолөнерінің түрлерімен таныстыру көзделді.
Мектептегі оқытуға жаңа мазмұн, әдістер енгізілгенімен де, бұл документтер жалпы дәрежелі білім беру мәселесіне жете көңіл бөлмеді, еңбек тәрбиесін және әр түрлі көрнекілікке негізделген әдістердің мәнін асыра бағалады (сурет, модель жасау, диаграмма және схема сызу). Мұғалімнің ролі жете бағаланбады. Осы кемшіліктеріне қарамастан, «Ереже» мен «Декларация» сол дәуірде ең құнды документтер еді. Өйткені олар революциялың рухта, демократизм, гуманизм негізінде жазылды. Онда әсіресе мектептегі оқуды практикалық өмірмен тығыз байланыстыру көзделді. 1919 жылы партияның VIII съезінде Коммунистік партияның программасы қабылданды. Оның жобасын В.И.Ленин жазған еді. Программада Совет үкіметі құрған мектеп пен оқу-ағарту ісінің негізін әрі қарай дамытудың міндеттері белгіленді, онда:
1. 17 жасқа дейінгі ер балалар мен қыз балаларға тегін және міндетті, жалпы әрі политехникалық (өндірістің барлық негізгі салаларымен теориялық әрі практикалық жағынан таныстыратын) білім беру;
2. Ана тілінде оқытатын бірыңғай еңбек мектебі принципін толық жүзеге асыру, оның қандай да болсын діннің әсерінен азат болуын, оқытудың қоғамдың өнімді еңбекпен тығыз байланысты болуын, коммунистік қоғамның жан-жақты дамыған мүшелерін даярлауды қамтамасыз ету;
3. Барлық оқушыларды тамақпен, аяң киіммен және оқу құралдарымен мемлекет есебінен жабдықтау;
4. Коммунизм идеясымен шыңдалған жаңа ағарту қызметкерлерін даярлау...
1920 жылдың 2—10 октябрь күндері Россия Коммунистік Жастар Одағының III съезі өткізілді. Съездің алғашқы күні В.И. Ленин жастардың міндеті туралы сөз сөйледі. Бұл В.И. Лениннің тарихи мәні бар көрнекті шығармаларының бірі — коммунистік тәрбиенің программасы болып танылды.
Совет мектебі және педагогика
Елімізде азамат соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін, совет халқы халық шаруашылығын дамыту мәселесін қолға алды. Бұл жұмысты өте қиын жағдайда жүргізуге тура келді, алдымен елде мәдениет және оқу-ағарту мәселесін көтеру керек болды. Социалистік өнеркәсіпті дамыту үшін дайындығы бар мамандар мен маман жұмысшылар қажет еді.
В.И.Ленин бұл дәуірдегі өз еңбектерінде, сөйлеген сөздерінде елдің мәдениетін көтерудің қажеттігін ерекше атап көрсетті. Мәдениет революциясын жүзеге асырмайынша, экономика жағынан артта қалған Россияны алдыңғы қатарлы күшті социалистік ел ету мүмкін емес деп есептеді ол.
«Кооперация туралы» деген еңбегінде В.И.Ленин шаруалардың жеке шаруашылығын біріктіру жөнінде партия алға қойып отырған міндетке шаруалардың мәдениетін кетеру де кіреді деп жазды. «Толық кооперация мәдениет революциясы болмайынша, мүмкін емес»,— деп санады ол.
Мәдениет революциясын дамытуда, сауатсыздықты жоюда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына қажет мамандарды даярлауда, социалистік құрылыстың белсенді күрескерлерін тәрбиелеуде совет мектебі үлкен роль атқаруға тиісті болды. Бейбіт құрылыс жағдайында мектепті дамыту мәселесін талқылау үшін 1920 жылдың 31 декабрінен 1921 жылдың 4 январына дейін оқу-ағарту жөнінде 1-партиялық мәжіліс шақырылды. Мәжілісте Н.К.Крупская, A.B.Луначарский және т.б. жолдастар халық ағарту жүйесінің негізгі бөлігі — мектеп деп шешіп, ол партия программасының талабына сай, еліміздің барлың жас ұрпағына революциялық тәрбие беруге тиісті деп санады. Совет республикасында балалардың кәсіптік даярлықпен қатар, кең, жалпы білім алуға тиіс екендігі де атап айтылды.
Мәжіліс жалпы дәрежелі білім беретін мектептің негізгі типі деп жеті жылдьгқ мектепті санады. Осы мектептің негі-інде 3—4 жылдық техникум және т.б. кәсіптік-техникалық оқу орындары ашылды. Мәжілісте жұмысшылардың балаларына фабрика-завод оқушылары училищесін (ФЗУ) құруды қажет деп тапты. Жаңа оқу-ағарту жүйесін қалыптастыруда, мектепті халық шаруашылығының талабына жақындастыруда 1-партия мәжілісінің зор мәні болды. Сол дәуірдің талабына сай жеті жылдың мектепті негізгі звено деп санаудың үлкен мәні бар еді. Жеті жылдық мектеп ұзақ дәуір бойы совет мектебінің негізгі типі болып келді.
Мектептің өсуі
1928—1929 жылдардағы Коммунистік партияның Орталық Комитетінің Пленумдарында елімізді социалистік жолмен индустрияландыру міндетіне сәйкес халық шаруашылығына қажет кадрлар даярлау жүйесін қайта құру туралы шешімдер қабылданды. Бұрын Оқу-ағарту халық комиссариатына қарасты болыл келген белгілі мамандыққа даярлайтын арнаулы оқу орындары 1929 жылы тиісті мамандықтарына сай шаруашылық орындарының басқаруына берілді. Бұл жағдай мамандар даярлаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар жалпы дәрежелі білім беретін мектептің жұмысын жақсартуға да тиісті көңіл бөлінді. 1928 жылғы партия пленумының шешімдерінде екінші басқыш мектептің оқу жұмысын жақсарту мәселесі қаралды. Екінші басқыш мектеп жастарды жоғары оқу орнына түсіп оқи алатындай дәрежеде даярлауы қажет деп саналды. Пленум жоғары оқу орындары мен техникумдарда оқитындардың ішінде жұмысшылардың санын 65 процентке жеткізуді талап етті, жұмысшы аудандарында жеті жылдың және тоғыз жылдың мектептердің көбейтілуі, онда оқитын жұмысшы балаларының материалдық жағдайын жаңсарту шаралары Оқу-ағарту халық комиссариатына жүктелді. 1929 жылғы 5 февральда РСФСР Халық Комиссарлар Советі жалпы білім беретін мектептерде он жылдық оқу мерзімі болуын белгіледі.
1922—23-оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептің саны тез қарқынмен өсе бастады. 1925—1926 оқу жылы РСФСР қалаларында барлың балалар бастауыш мектепке тартылды. Оқушылардың әлеуметтік құрамы да мүлде өзгерді. Совет мектебінің негізгі контингенті еңбекшілердің балалары болды, олардың неғізгі көпшілігі жұмысшы мен шаруаның балалары еді.
Қазақстандағы мектеп жүйесі
Еліміздегі халық ағарту жүйелерінің Қазақстанда өте үлкен ерекшеліктері болды. Бұл ерекшеліктер Қазақстанның Октябрь революциясына дейін мәдениеті жағынан өте артта болуына, халықтың көшпелі өміріне, мектеп жұмысынан белгілі тәжірибенің болмауына, мұғалімдердің жеткіліксіздігіне байланысты еді.
Бұл дәуірде көшпелі қазақ жерінде алдымен бастауыш мектептер құру ісіне ерекше көңіл бөлінді. Көшпелі қазақ елінің жағдайы еліміздегі отырықшы аудандардан мүлде өзгеше болды. Алғашқы қазақ совет мектептері киіз үйлерде ашылды. Алғашқы мұғалімдер арнаулы педагогикалық білімі жоқ қысқа мерзімді курстарда оқыған, сауаты ғана бар адамдар болды. Бұл мұғалімдер көбінесе оқушылардың сауатын ашу міндетін атқарды. Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты Қазақстанда коллективтендіру ісі қолға алынып, көшпелі қазақ елін отырықшыландырғанға дейін қазақ мектептерінің көпшілігінде бірінші және екінші белімдер (кластар) ғана болды.
Толың төрт бөлімі болатын қазақ бастауыш мектептерін құру мақсатымен, Қазақстанда интернаты бар коммуна мектептері ашылды. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ елі үшін бұл мектептер өте қолайлы еді. Ол мектептердің кейіннен жеті жылдық, тіпті тоғыз жылдық мектеп дәрежесіне дейін дамығандары болды. Мұндай мектептерде қазақ еңбекшілерінің балалары, әсіресе жетім балалар толық мемлекет ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык КСРО кезіндегі 1917 1945 жылдар арасындағы педагогика жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, КСРО кезіндегі 1917 1945 жылдар арасындағы педагогика