Тарих | Қазақ диаспорасының мәселелері

 Тарих | Қазақ диаспорасының мәселелері

I ТАРАУ Тарихтың жаңа беттері

1.1 Қазақ диаспорасы ұғымының пайда болу тарихы

Қазақ - қазақ болғалы "Әлемдік кеңістікке дәл осындай қанатты серпінмен көтеріле алмаған шығар. Қазақстан үшін мемлекеттік орнықтылық. Тәуелсіздік мәселесі - айрықша маңызға ие мәселе. Тәуелсіздігімізді жариялаған күннен бергі уақыт егемен мемлекет ретінде орнығу әлемдегі өз орнымызды иелену, бүкіл халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатында жүзеге асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, атымыз барда желіп, жүріп жер танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен " өтті. Мұның өзі сыртқы саясатымыздың айқындығын аңғартса керек. Біздің сыртқы саясатымыз нарықтық реформалардың негізінде елдің ырғақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған[9].
Ғаламдану жүйесінде интеграциясыз даму жоқ. Өркениетке жетем деген ел интеграцияның тізгінінен мықтап ұстанғаны жөн. Ал бұрынғыдай "Мен үлкен аға, сен кіші інісің" дегенге ендігі жерде біздің қазақ халқы көнбейді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары қазақ халқының тарихындағы ең үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Ата-бабаларымыздың сан ғасыр аңсаған арманы орындалды. ҚР өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Бүгінгі таңға бүкіл дүниежүзі қазақ деген Ұлт бар екенін, қазақтың жері, Отаны - Қазақстан екенін біледі, десе де, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық қатынас мәдениетін азаматтық келісіммен ұштастыру негізінде алға басып, келесі даму биігінен көріне беруіміз керек.
90 жылдар мен 2000-2005 жылдары қазақ халқының орташа жылдық табиғи өсімі Қазақстан бойынша 120-125 мың, бұрынға Кеңес Одағы көлемінде (ТМД) 140-150мың, ал әлемдегі барлық жиынтық санымен 165-180 мың адамға өсті. Статистикалық агенттіктің жүргізген санағы бойыншы 2002 жылдың ортасында қазақ халқының барша саны яғни, әлемдегі исі қазақтың толық саны 13 миллион 500 мыңға жетті. Яғни әрбір жеті жылда қазақтар бір миллионға өсіп отырады.


Қазір 15 миллионнан асты. Шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирреденттерінің жартысы өз елі Қазақстанға оралатын болса, онда қазақтар саны республикада аттай 20 миллионға дейін өсіп, ал барлық тұрғындар арасында олар 75-80% құрамақшы.
Қазақ халқының даму динамикасы әсіресе, өткен ХХ ғасырда өте күрделі болды.
Қазақ өз алдына шаңырақ көтерген соңғы бес ғасырда алты мәрте (1723 жылғы - ақтабан шұбырынды, 1750 жылғы - Керей көшкен, 1916 жылғы дүрбелең кезіндегі көш, 1929-1932 жылдардағы аштық пен жұттан, 1932-1937 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннен бас сауғалаған көш) жат жерге үдере көшуді бастан кешірген екен. Әрине, бұл қазақтың көшқұмарлығынан емес, әлем кеңістігінде ел болып қалыптасу кезіндегі қазақ халқына тағдырдың салған ауыртпашылығынан туған көш еді. Қазақтардың кейбір бөлігі қараптан-қарап өз елі шекарасының сыртында қалып қоюы да кездесіп отырған. Бұндай жәйттер қазақ мемлекетінің мемлекет есебінде әлсіз тұстарына сәйкес келеді. Мысалы, 1864жылы Қытай мен Ресей мемлекеттерінің қазақты ту сыртынан екіге бөліп тастауынан өр Алтай қазақтары Қытайға, ал 1950-1960 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше аудандарында тұратын қандастарымыз кеңестік саясаттың құрбаны болып өз еркінен тыс Ресей мен Қытайдың жасаған келісім шартыныуң құрбандары болған ата-бабаларымыздың ұрпақтары[10].
Алыс шетелдердегі қазақ бауырларымыздың сол елге тұрақтап қалғанша бастан кешкен қиындықтары да әрқилы. Мысалы, Түркияның қол астына кірген қазақтардың қиын-қыстау сапарлары былай болған көрінеді: ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Кеңес Үкіметіндегі саяси науқанға шыдамаған жүз мыңнан аса отбасы алдымен Өзбекстаннан Тәжікстанға және одан әрі Тәркіменстаннан өтіп, Ауғанстанның Андхой қаласына жинала бастайды. Оларға Ауған Үкіметі шарасыздық танытып,қазақ көшпенділерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайды. Сол кездегі Үкімет басшысы Хашим хан олардың көпшілігін әскердің күшімен Чахнасор аймағына жер аударып жібереді. Осы аймақта қазақ көшпенділері 90 пайызынан айрылды. Тірі қалғандары ол аймақтан тезірек кетуді ойлап, Кабулға қарай жол тартады. Онда ел ақсақалдары Ауған каролі Закир шахқа жолығып, көрген қорлықтарын айтып шағынады. Ол қазақтарға егістік жер, ақшалай жәрдем және тұруға рұқсат алып береді. Қазақтар егіс егуден бас тартып, Ауғанстанның солтүстік жағына көшіп кетеді. Басқа бір тобы Балх қаласына жиналды. Сол жерде тағы да оба,шешек ауруларына ұшырап, жүздеген кісісінен тағы айрылады. Аман қалғандары Мазари-Шериф, Маймана, Херат, Акча, Шұбырған, Құндыз, Фейзабат, Сарекул қалаларына топ-топ болып тарайды.
1970 жылдан кейін жағдайы болғандары Түркияға (Стамбулға) кете бастайды. 1979жылы Ауғанстанға Кеңес әскерлері кірген соң, қазақтардың көбі Пәкістан, Иран және Түркия мемлекеттеріне барып бас сауғалайды. Сол кездегі Түркия мемлекет басшысы Кенан Еврен 60 қазақ отбасын ұшақпен Пәкістаннан алып келіп, жергілікті халыққа теңестіріп, Қайсери облысына орналастырған. Кейіннен Иранға жүздеген Ауған қазақтары Түркия шекерасынан өтіп 1981-1993 жылдары арасында Стамбулдағы жақын туыстарының жанына көшіп келеді. Қазақстан Үкіметі 1993 жылы күзде Түркия, Ауғанстан, Ирандағы қазақтарды арнайы ұшақпен туған еліне әкеліп қосты.
Соғыстан соңғы 60 жылда (1945-2005) санымыз Республика көлемінде 4 еседен артық өскен (2,1-8,7 млн). Ал енді осы кезде проценттік үлес салмағымыз тың игерілген жылдардағы мен салыстырғанда (1955 жылы -27%) бүгінде екі есеге қайта көтерілді.
Қазақ халқының демографиялық дамуы туралы сөз болғанда, әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты оның аман қалған санының жан-жақтағы шоғыры мен шашырағаны жайлы, яғни, Қазақстаннан тыс жерлердегі қазақ диаспорасы туралы айтпай кете алмаймыз. Қазіргі диаспораларымыздың қиын мәселелерін көтеру тек мемлекеттік егемендігіміз, ұлттық мүддеміз, халықтық бірлігіміз тұрғысынан ғана қажет болып отырған жоқ. Ол - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, өткеннің қатесін түзету, адам құқын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мәселелерді қамтиды. Соған орай қазақтың шашыраңқы диаспорасы қанша, олар қалай қалыптасқан деген сауалдарға жауап берейік. Бұл - біздің жас мемелекет ретінде дербес демографиялық саясатымыздың басты мәселелерінің бірі.
Диаспора деген грек сөзі, шашыранды өсу деген мағынаны білдіреді. Басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендерді немесе шоғыр болып отырғандарды диаспора, ал өз атамекеніне оралғандарды репатрианттар дейді. Диаспораны қазақша "шашыранды" немесе "шоғыр", ал репатрианттарды "ізгі тілекпен еліне қайтқан майталман оралмандар" деп атаймыз. Ал екі халықтың ортасында отырып, не онда жоқ, не мұнда жоқ, сөйтіп ұлтаралық өтпелі жағдайда қалған дүбараларды – "маргиналдар" деп жүрміз. Екі ұлттың арасындағы аралас некеден туған шаталарды – "метистер" дейміз. Олардың саны 1989 жылы 450 мыңға жетіп жығылды. Ал енді іргелес мемлекеттерде тұратын, бірақ өз атақонысында отырғандарды - ирредент деп атаймыз. Өзбекстан, Ресей, Қытайда тұрып жатқандар - міне, осы ирреденттеріміз [11].
Кеңес Одағы ыдырап, біз өз жас мемлекетімізді құрғанда, саны қалың көрші елдердегі қандастарымыз мемлекеттік шекараның арғы бетінде қалып қойды да біздер үшін ирреденттерге айналды.
Қазақстанмен іргелес болса да тыс жерлерде саны қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай жерлерге тарыдай шашырап кеткен барша қазақ диаспорасының жалпы саны 6 млн 500 мың деп есептелінді. Олар барша саны 15 миллионнан асқан туған халқымыздың 40%-ын яғни, бестен екісіне жуыған құрайды. Қазақ халқының сырт елдердегі осыншама мол шашырандысын салыстыратын болсақ, туысқан қырғыз халқынан біршама көп, ал түркімендермен бірдей, башқұрттардан үш еседей көп [12].
Бәрінің басын қоссақ, бір қауым халық екені белгілі.
Қазақтардың 2005 жылдың басындағы барлық саны: Қазақстанның өзінде 8 миллион 990 мыңға жетті, ал бұрынға Кеңестер Одағының құрамында болған Республикаларда 3 миллион 840 мыңдай қазақ бар.
Ресейде ұлт болып қалу үшін қазақ тілінде оқыту және ұлттық тәрбие беру мәселесі маңызды орынға ие болып отыр. Онда қазақ - орыс немесе қазақ- татар "метис" дүбаралар жеткідлікті. Қазақстанға миграциялық ағым осы Республика мен басқа елдер жағынан біртіндеп күшейе түсуде. Есептеулер бойынша соғыстан бергі соңғы жылдары Қарақалпақстандағы қазақтардың үштен бірі, Түркіменстандағылардың жартысына жуыға, ал Тәжікстандағылардың үштен екісі өздері шыққан атамекені бойынша, алдағы он жылдықта Қазақстанға миллиондай қазақ қайтуы ықтимал. Енді көші-қонның жаңа тобы Орта Азия жағынан, әсіресе, Өзбекстаннан күшеюде.

1.2 ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының өзекті мәселелері

Ежелден қазақ халқы төрт түлік мал бағып, шаруашылықпен айналысып, көшпелі ел болғалы, одан бері келе ХХ ғасырдың басындағы революция кезінде бай құлақтарды қудалау заманында, аштық пен жоқшылық жылдарында ата-бабаларымыз ат басын бұрған жаққа қарай көшіп, жер жүзіне тарап кеткені бәрімізге аян. Бүгіндегі статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 5 миллион қазақ бауырларымыз - Қытай, Өзбекғстан, Ресей, Манғолия, Түркіменстан, Қырғызстан және де өзге мемлекеттерге шоғырланған.
Сан ғасырдан бері қазақ жерімен қатар жатқан Өзбекстан өлкесінде тұратын қазақ халқының саны осы күні миллионнан астам, дәлірек айтсақ, ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша 2005жылдың алғашқы 6 айында 1 миллион 800 мың
Ал ұлтын сатып құжаттарын жаңалап алған бауырларымыз жайлы айта алмаймын. Ең тығыз тұрақтанып отырықшы мекен болған аймақтар: Ташкент, Бухара, Хорезм, Жызақ, Сырдария облыстары және Қарақалпақ Автономиялық Республикасында. Кезінде ұлы жүздің ордасы болып, бабамыз Төле би билеген Ташкент қаласының төңірегі қазаққа толы десем жаңылыспаспын. Ондағы 1955 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының бір ауданы болған Бостандық ауданы, төменгі Шыршық, Паркент, Қыбырай, Шыназ аудандары Алмалық, Ангрен және Шыршық қалаларындағы бауырларымыз өз шаңырақтарын көтеріп түтінін түтеп отыр. Ата салт-дәстүрді ардақ тұтып, өз тілін жоғалтпай, қаймағын бұзбай келе жатқан ағайындарымыздың басым көпшілігі Науай облысында орнын тапқан. Атап айтар болсақ Тамды, Кенимех, Үшқұдық аудандарында мекендейді. Мұндағы біздің қандастарымыздың басым көпшілігі диқаншылық пен мал шаруашылығымен шұғылданады. Сондай-ақ, Жызақ облысының Арнасай, Мырзашөл, Достық, Фарыш аудандарындағы қазақтар да ана тілін жоғалтпай, жас ұрпағын қазақша оқытып, ата салт-дәстүрін қастерлеп келе жатыр.
Өзбекстанда қазақ халқының өткен тарихына байланысты мұралар мен жәдігерлер аз емес, оларға қамқорлық көрсету - игілікті іс. Ташкент қаласының ортасында Төле би бабамыздың кесенесіне зиярат етушілер жыл сайын көбеюде. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Абдиганиевич Каримов 1994 жылы кесене басында болған кезінде Төле би кесенесі қазақтарға ecдар Әйтеке би бабамыздың Нұрата ауданында қабірін анықтады.
Енді Нұрата қаласындағы Сейтқұл ата, Әйтеке би бабаларымыздың қабірлеріне кесене орнату, оны халқымыздың тәу ететін орталығына айналдыру үшін қаржылай көмек көрсету мәселесі күн тәртібінда тұр.
Сондай-ақ, Ташкенттің Батыс шекарасында Шымыр ата кесенесі бой көтерді. Ташкент қаласында 20ға жуық көшеге қазақтың көрнекті тұлғаларының есімі берілген. Қаланың ортасындағы көрнекті Науаи көшесімен қиылысып жатқан, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылған үлкен көше - Абай атамыздың атында. Көшенің тоғысқан жерінде Науаидың және басқа көрнекті ақындардың ескерткіштері бой көтеріп тұр. Енді осы жерге Абайдың да мүсінін орналастыру қолға алынды. Ташкент қаласының оңтүстік бөлігінде ежелден отыз ұл ойсыл немесе Сіргелі ұрпақтары жасап келеді. Бұл жер қазір Сіргелі ауданы деп аталады. Бұл ауданның шығыс жағындағы жерде Абай ауылы Мұхтар Әуезов атындағы көше бар. Өзбекстанда Қазақстанға қатысты мәдени жәдігерлер өте көп және өзбек жерінде ата-бабаларымыздың өшпес іздері сайрап жатыр. Қазақтың тарихын толық білу үшін ең алдымен Өзбекстандағы тарихымызды көтеруіміз керек. Біздің Өзбекстанның Ташкентіндегі мәдени орталық осы мәселелерді қолға алуда. Өйткені, қазақ халқының тарихының жартысынан көбі осы жақта. Ең бастысы - Әйтеке бидің бабасы Жалантөс-Баһадүр-Дағбыт мазарында жатыр. Ол кісі Бұхара, Самарқанның өмірі болған, екі үлкен медресе салған және жоңғарларға қарсы соғысқан қатысқан. Сондай-ақ, ұлы тұлғаларымыздың бірі - Сырым батыр да сол жақта жатыр. Ол кісінің мазары Хорезм облысындағы Гурлен ауданында.
Ал Ташкент қаласындағы түрлі архивтерде Түркістан генерал губернаторының дәуіріндегі (1865-1917) құжаттар, 1917-1925 жылдардағы Түркістан АССРН-ның құжаттары, 60-қа жуық мемлекет, қоғам қайраткерлері, қазақ зиялыларының еңбектері, Ресейдің отарлау саясатына байланысты, оған қарсы азаттық күрестерінің материалдары өте көп.
Бес саусақ тең емес демекші, әрине, әр елдің өз заңы мен құқығы бар. Кейбір мемлекеттер ерте дамып экономикалық хал жағдайы жақсарған болса, 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап өз егемендіктеріне ие болған ТМД мемлекеттері, әсіресе Орта азиядағы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінің экономикасы дами қойған жоқ. Осыған орай бүгіндегі шетелдерде жасап жатқан бауырлармыздың хал жағдайларын білеміз бе? деген сауалмен Өзбекстан Республикасында тұрып жатқан қандастарымыз жайлы сыр шерткім келеді.
Әрине, ұлт болғасын "Ат тұяғын тай басар" демекші, өзінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын - тілі, діні, мәдениеті мен әдет-ғұрпы болады. Мұндай ұлттық қасиеттерді сақтап, келешекке өз ізбасарларын жеткізу , қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін ұмытып, өзбектеніп бара жатқанын көріп қалайша ішің ашымасқа. Түсінемін, ол ауылда, қалаларда қазақ мектебі жоқ, немесе мектепті бітіргесін жоғары оқу орнына түсе алмай қалады деп көп ата-аналар балаларын өзбек мектептеріне береді. Үкімет тілі мен ұлтаралық қатынас тілі де өзбек тілі болғасын оны білмесең тағы да болмайды.
Оның үстіне Өзбекстан балабақша, мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін іс қағаз жұмыстарын толық латын алфавитіне аударды. Келешекте өзге ұлт мектептеріне де осы мәселені талап етпеуіне кім кепілдік бере алады. Егер бұл жағдай туындайтын болса, қазақ мектептері жабылатынына күмән жоқ. Себебі латын тілінде сабақ беруге қазақ ұстаздары дайын емес. Қазірдің өзінде қазақ тілі мен әдебиет пәні бұрынғыдан қысқартылып, қазақ тарихын тіпті оқу бағдарламасынан алып тастаған. Тек өзбек тарихын қазақ тіліне аударып, оқушылардың қолына ұстатқан. Осындай ахуалдан кейін өз тарихын білмеген келешек ұрпақ - өз ұлтының кім екенін қайдан біледі?
Қазақстан баспаханаларынан шығатын мектеп оқулықтары ол жақтағы мектеп бағдарламасына сай келмегесін қолдануға тыйым салынған. Бірақ Өзбекстандағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Асқар Нұрғалиев мектептерге оқулықтар таратып ата-аналар мен оқушы балалардың көңілін бір көтерді.
Кеңес Одағы кезінде жастар Қазақстанға келіп білім алып, жоғары маман иелері болып оқушыларға үлгі-өнеге ретінде тәлім-тәрбие беретін. Жаңалықтар айтып, көрген-білгенін үйретіп, құлаққағыс етіп отыратын. Ал қазір өзге мемлекеттерде білім алған жастардың дипломы жарамсыз болып қалды, немесе қайта аттестациядан өтіп дипломын жаңалауға тура келеді. Көп ата-аналардың қаржылай мәселесі тосқауыл болып, перзенттерінің білімін орта білімнен ары қарай жалғастыруға шамалары да келмей қалды. Бұл деген сөз жастардың барған сайын сауатсызданып, білімге, өмірге деген құштарлығы сиреп бара жатқанының белгісі секілді.
Көп азаматтар Қазақстанның баспасөздерімен таныс емес. Себебі тек шетел қазақтарына арналған ел аралық "Қазақ Елі" газетімен С.Балғабаев бас редакторлығындағы "Алтын бесік" журналының өзі де әр қазақтың қолына тие бермейді. Ал өзге газет, журнал мен оқулықтардан халайық мүлде хабарсыз. Телеэкраннан Қазақстанның каналдарын көп аймақтар көре алмайды. Әйтеуір жалғыз Республикалық "Нұрлы жол" баспасы мен әр жексенбі күні 20 минут аралығында берілетін "Дидар" атты телехабарларынан хабардар болғандарына да халайық шүкіршілігін білдіріп жүр!
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дүниежүзі қазақтарының өткен Құрылтайында дүниенің түпкір-түпкірінде тарыдай шашылып жүрген қазақтарды тарихи Отанға қайтарып алу жөніндегі ыстық ықыласы[13] қазақ диаспорасын үлкен үміт пен сенімге бөледі.
Өзбекстан қазақтары да 2005 жылғы Елбасының өз халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауын толық қуаттап отыр. Елбасы өз Жолдауында: "Мен Орталық Азия елдері одағын құруын ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу үшін берік негіз бола алады. Мен өңіріміздегі басқа елдерді де естен шығарып отырғаным жоқ," -деп айтқан болатын.
Президенттің көрегенділікпен бағдарлап отырған ұстанымы Қазақстанмен шекаралас Республикаларда тұратын қазақтар үшін аса зор маңызы бар мәселе. Өйткені мемлкетіміздің болашағына көз жіберіп отырған Елбасы аталған елдердің экономикалық мүдделері де, мәдени-тарихи тамырлары да, тілі мен діні де ортақ екендігін қадап айтып отыр. Әрине жоғарыда айтылған Одақ құрылса, түбі бір түркі халықтары жан-жақты емін-еркін араласып, нарықтық экономика тұсында түрткі болған көптеген мәселелерді шешуге қол жеткізеді. Бірлігі мықты ел озады демекші, өзара ынтымақты одан әрі нығайтып, экономикалық интеграцияға көшу халықаралық аренада онтайлы нәтиже береді. Бүгінгі таңда Өзбекстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыстар тұрады. Олардың ішінде қазақтардың алатын орны ерекше. Өзбекстандағы қазақтардың мәдени-рухани салада қол жеткен табыстары баршылық, ол туралы жоғарыда айтылып өтті.
Орталық Азия елдеріндегі интеграциялық үрдістерді жүргізуге Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе отырып көшбасшы болуы мүмкін. Мысалы, Батыс Еуропадағы Еуропалық Одақтың құрылуында Франция мен Германияның дәл осындай роль атқарғандығын әлем танып отыр.
Орта Азиядағы қазақ-өзбек қатынастарын "паназияцентризм" үрдісінде қарастыруға болады. Қазақ-өзбек қатынастарының тарихы тереңде жатыр. Олардың ортақ тарихи тағдыры бар, себебі, Қазақ хандығы Өзбек хандығынан бөлініп шығып, жеке отау тіккен; екі мемлекеттің тілі, діні, мәдениеті бар, ортақ су кеңістігін пайдаланады. Географиялық орны жағынан бір аймақта жатыр, ортақ қауіпсіздік мәселелерді шешуде екі мемлекеттің де үлесі зор, интеграциялық үрдесті дамытса, басқа Орта Азия мемлекеттерін өзінің соңынан ертіп алып дамытуға мүмкіндігі бар.
Осы үрдістер орын алған жағдайда, Орта Азия елдері біртұтас бір аймақта орналасқан одаққа (конфедерацияға) айналуы мүмкін. Осы орайда жоғарыда көрсетілгендей, халықтың емін-еркін жүру үрдісі оңайға түсер еді, әсіресе бұл қазақ диаспорасының шешілмей отырған мәселелелерін реттеуге ауыздық болар еді.
Бүгінгі таңда қазақтар ең көп тұратын елдердің бірі - Ресей. Жалпы саны 1 миллионнан асатын Ресей қазақтары бұл елдің шығысындағы Алтай өлкесінен бастап батысындағы Еділ бойындағы Астрахань облысы, одан әрі Қалмақстанға дейінгі ұланғайыр жерді мекендейді.
Өткен ғасырдың 90 жылдары тарихтың жаңа парағын ашып берді. Кеңес Одағы күйреп, бұрынға одақтас Республикалар өздерінің тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп туған топырағынан шеткері жүрген ұлт өкілдері туған .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру