Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері
Мазмұны
Кіріспе ............................................................................................................. 3
I. Қаржылық жоспарлау – шаруашылықты жургізу механизмінің басты құрамдас бөлігі
1.1. Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен мақсаттары........................ 5
1.2. Қаржылық жоспарлау жүйесіндегі индикативті жоспарлау және бизнес жоспар.......................................................................................................... 9
II. Кәсіпорынның қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері мен бюджетті жоспарлау негіздері
2.1. Кәсіпорынның қаржы жоспарының негізгі көрсеткіштері және өндірістік бағдарлама............................................................................................... 18
2.2. Бюждетті жоспарлау негіздері ............................................................... 20
III. Қаржылық жоспарлауды жетілдіру бағыттары
Қаржылық жоспарлауды жетілдіруде атқарылып жатқан
іс-шаралар......................................................................................................... 26
Қорытынды..................................................................................................... 28
Қолданылған әдебиеттер............................................................................... 30

1.1. Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен мақсаттары
Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:
- ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
- алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара байлансты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы тұста жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.
Алғашқы кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы алар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.
Екінші кезеңде бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалынып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді. Міндеттерге жағдайдың сай келуі, олардың жүзеге асырылу мүмкіндігінің болуы, нақтылығы және тартымдылығының орын алуы талаптары қойылады.
Үшінші кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады.
Төртінші кезеңде өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті баламаны таңдап алу арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.
Соңғы кезеңде жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда түзетулер және өзгерістер енгізу әрекеттері орындалады.
Жоспарлау мен болжау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың баст құрамдас бөлігі болып саналады. Оның негізгі мақсаты - экономикалық даму барысында кездесетін қайшылықтар мен жағымсыз құбылыстарға жол бермеу.
Жоспарлау мен болжау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара байланысына, бір – біріне объективті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді. Зерттелетін процестерге әсерінің нақтылығына және өзгешеліктеріне қарай болжаудың үш түрі айқындалады: ғылыми болжам (гипотеза), болжау, жоспар (1-сурет).
1-сурет.
Әрбір субъектінің (адам, ұжым, кәсіпорын, мемлекет) мақсатқа
жету жолындағы
Кез келген алдын ала болжаудың алғашқы формасы – ғылыми болжам (гипотеза, грек сөзі – негіздеме, жорамал). Бұл – бірден байқауға келмейтін фактілер туралы ғылыми дәлелденген болжамдар немесе анықталған құбылыстар жиынтығын белгілі тәртіп бойынша түсіндіру.
Болжау (прогноз - грекше алдан ала білу деген сөз) – алынған мәліметтер негізінде оқиға, құбылыс, процестердің өзгеруін (дамуын немесе жойылуын) алдын ала көре білу болып табылады.
Жоспар – зерттеліп отырған нысанның жағдайын алдын ала нақты көре білу, сол арқылы көздеген мақсатқа жету жолы болып табылады. Онда мақсатқа сәйкес дамудың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі, сондай-ақ оны шешудің басқару жолдары анықталады.
Жоспарлау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара тепе – теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше көріністерін зерттейді. Бұл ғылымның мақсаты – экономикалық заңдарға сүйене отырып, халық шаруашылығын дамытудың жоспарына болжау жасау және оны жүзеге асыру жолдарын көрсету. Осы міндет орындалғанда, бір жағынан, экономикалық заңдылықтардың дұрыс ескерілуі, екінші жағынан, олардың іс-тәжірибеде қолданылуы қадағаланады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық – заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс - әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына әдістемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады);
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлқ айқындамалар қайта есептелуі тиіс, бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
1.2. Қаржылық жоспарлау жүйесіндегі индикативті жоспарлау және бизнес жоспар
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орынды.
Жоспарлау жүйесі қоғамда экономикалық заң талаптарын жүзеге асыру негізінде қолданылатын ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Оның құрамына бір – бірімен өзара байланысты әлеуметтік экономикалық дамудың барлық деңгейдегі болашақ және ағымдағы жоспарлары кіреді. Бұл жоспарлардың мақсаты, оларды жасау әдістері және көрсеткіштері өзара сәйкестікте алынады (2-сурет).
Теория жүзінде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және басқа да ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түрі кездеседі:
1. Мазмұнына қарай, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік қарекетіне байланысты жоспарлар мынандай түрлерге бөлінеді:
- стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субъектілердің мақсаты мен міндеттері көрсетіледі. Олардың даму жолдары, модификациялау мен қайта құру әрекеттері ұзақ мерзімге есептеледі. Ол жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер іздестіруге итермелейді;
- тактикалық жоспарлау, бұл нарықтың өзгеру жағдайын ескере отырып, орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;
- қауырт (оперативті) жоспарлау, мұнда қолда бар мүмкіндіктер өте қысқа мерзімді (жыл, маусым, ай, он күн) жүзеге асырылады.
2. Жоспарлар қамту көлеміне қарай төмендегідей болып бөлінеді:
- қойылған мәселеге қатыстылардың бәрін қамтитын жоспарлау (кешен немесе халық шаруашылығы бойынша);
- тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке территорияны қамтитын бөлшектік жоспарлау;
- кәсіпорын дәрежесіндегі жоспарлау.
3. Жоспарлау орындалу мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді (оперативті) жоспарлау (жыл, жарты жыл, тоқсан, маусым, ай, апта);
- орта мерзімді (тактикалық) жоспарлау (2 жылдан 5 жылға дейін);
2-сурет
- ұзақ мерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5 жылдан аса);
4. Жоспарлау сипатына қарай:
- жан-жақты;
- нұсқалы;
- шектелген;
- егжей – тегжейлі.
5. Қызмет салаларына қарай:
- өндірісті жоспарлау;
- кадрларды (персоналды) жоспарлау;
- қаржыны жоспарлау;
- ғылыми жаңалықтарды жоспарлау;
- дайындау мен өткізуді жоспарлау, т.б.
6. Мәліметтер мен жағдайлардың өзгеруін есепке алуға байланысты:
- қатаң (жоспарды орындау барысында көрсеткіштерді өзгертпеу);
- икемді (жағдайлардың өзгеруін есепке ала отырып, кезеңдік өзгерістер енгізу);
7. Уақыт кезеңіне қарай:
- тәртіптелген, ағымдағы жоспарлау (мерзім өткеннен кейін ұзартылады);
- жылжымалы жоспарлау;
- кезектен тыс жоспарлау;
8. Тәсіліне қарай:
- «төменнен жоғары» жоспарлау (прогресті әдіс);
- «жоғарыдан төмен» жоспарлау (ретроградты әдіс);
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық – үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Индикативтік жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
- ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық конъюнктурасы, инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субъектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі, бюджеттік ассигинованиенің мемлекет ұсынған бағыттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру;
- мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштерді нарық субъектілеріне ұсыну. Бұл көрсеткіштер субъектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін;
- тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәселелеріне бейімдеу (бағдар беру).
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. 2001-2005 арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты – экономикада бәсекелестікті арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативті қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты – болжанған дамуды қаматамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді – реттелетін бағаны, субсидияларды кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның .......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Кәсіпорынның қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Кәсіпорынның қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері