Қазақ әдебиеті | ӘҢГІМЕЛЕП БЕРУ МЕН МӘНЕРЛЕП СӨЙЛЕУ.
Мазмұны
І. КІРІСПЕ
І. МӘНЕРЛЕП СӨЙЛЕУДІҢ БАЛАЛАР ҚОЛДАНА АЛАТЫН ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
1.1. Мәнерлеп сөйлеуді дұрыс жүргізу үшін балаларға дауыс ырғағының логикалық , психологиялық және грамматикалық кідірістерді үйрету
1.2. Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындалуы.
1.3. Балалар сөзінің мәнерлілігін тәрбиелеу
ІІ. ӘҢГІМЕЛЕП БЕРУ МЕН МӘНЕРЛЕП СӨЙЛЕУ ҚҰРАЛДАРЫН КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1. Балаларды жас ерекшелігіне байланысты әңгімелеп беруге үйрету.
2.2. Көркем шығармаларды тәрбиешінің әңгімелеп беруі.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Балабақша тәрбиешілері алғаш балабақша табалдырығын аттап, сауат ашуға ұмтылған кезден бастап әрбір үйренген дыбысың таңбасын жазып, оқып дағдыланады. Алғаш екі әріптің басын қосып оқыған кезде оның мағынасын түсінуге тырысады. Біртіндеп екі-үш буынды сөздерді, екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді оқып үйренеді. Осы кезден бастап балалар не оқыса да түсііп, дұрыс оқиды.
Зерттеудің өзектілігі: Оқуға қойылатын түсінік, дұрыс оқу талаптарын саналы меңгере бастаған соң-ақ бала сөйлемдегі сөздерді біршама жылдамдықпен бір-біріне ұластыра оқып кетеді. Оқыған сөйлемнің мағынасна, абзацтағы бірнеше сөйлеммен айтылған ойды ұғы, сол арқылы белгілі тақырыптың мазмұнын түсінеді. Бұл процесс балабақша топтарында жеңілден ауырға қарай деген дидактикалық принциппен бала психологиясының дамуына, тілдік материалдарды жүйелі меңгеруіне тікелей байланысты дамуы осы жұмыстың өзекті мәселсі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Балабақша топ тірбиешілері алдындағы баланың оқуға қаншалықты төселгенін арнаулы есеп жүргізу арқылы бақылап отыратыны белгілі. Балалар саны түрде түсініп, дұрыс оқуға төселгенде тексті қиындықсыз біршама жылдамдықпен оқиды. Текстегі сан алуан оқиғалар, құбылыстар, іс-әрекеттер бірден оқылмайтынын түсінеді. Мәнерлеп, әсерлі оқыға талаптанады. Оқу үлгісінің түрлерін мұғалім көрсетіп береді, үйретеді.
Зерттеудің міндеті: Мәнерлеп сөйлеу дегеніміз – қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, (адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр – түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп – білгендері туралы әңгімелейді, және сол әңгілемерін өте шебер, әсерлі жеткізуі) осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеудің теориялық мәні: балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмен алған әсерін әңгімелетіп отырып, магнитафонға жазып алып, оны қағазға түсіріп, сол әңнімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып шығады. өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесін тексін қағаздан оқығанда сөйлей кезіндегі эмоциялық әсерінен айрылып қалады. әрикне, бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемділігіне бағынады. Соның салдарына балалар үшін де, үлкендер үшін де мәнерлі көркем оқы мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ сияқты көрінеді. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық көрінеді. Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, көркем оқу дегеннің не екендігі туралы ұғымдар беруге болады.
Зерттеудің практикалық мәні: Ал балабақша практикасына келсек, оқу мен сөйлеудің арасында алшақтық мол. Алайда, осы екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу қажет-ақ. Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын оқуға мүмкіндік мол.
І Мәнерлеп сөйлеудің балалар қодана алатын лексикалық құралдары

Мәнерлеп оқу дегеніміз – қарапайым сөйлеу тіліне жақын еркін оқу.Қарапайым сейлеу деп кунделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі. Ал мектеп практикасына келсек, оқу мен сөйлеудің арасында алшақтық мол. Алайда, осы екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу, қажет-ақ. Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын оқуға мүмкіндік мол.
Ол үшін мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында мұғалім әңгімелеу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болады. Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмнен алған әсерлерін әңгімелетіп отырып, магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсіріп, сол әңгімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып шығады. Өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесін тексін қағаздан оқығанда сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып қалады. Әрине, бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемділігіне бағынады. Соның салдарынан балалар үшін де, үлкендер үшін де мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ сияқты көрінеді. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық көрінеді. Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, көркем оқу дегеннің не екендігі туралы ұғымдар беруге болады.
Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игеру.
Олар: а) логикалық кідірістер;
ә) психологиялық кідірістер;
б) грамматикалық кідірістер болып бөлінеді.
Логикалық кідіріс. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына — қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады.
Психологиялық кідіріс. Текстің мазмұн-мағынасына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Текске дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қосына қуанып, қосыла ренжиді. Психологиялық кідіріс текст мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.
Грамматикалық кідіріс. Мәнерлеп оқуда кебірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер — грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.
Қазақ тілі синтаксисінде онға тарта тыныс белгілері бар. Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу осы тыныс белгілерін дұрыс қоюға тікелей байланысты. Ал оқу кезінде де осы тыныс белгілерінің жеке-жеке мағыналарын түсініп, дұрыс оқу қажет. Оқу барысында сөйлемдегі сөздер арасына ешқандай тыныс белгілері қойылмаса да, сөз бен сөздің, сөз тіркестерінің арасына қысқа кідіріс жасала береді.
Мәнерлеп оқу дегеніміз — дауыс интонациясы арқылы автордын, ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дүрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Оқушылар сөйлемдегі сөздердің мәнін (әсіресе, омоним сөздер), шығарманың көркемдігін және оның әсерлілігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.
Мәнерлеп оқу үшін әр сөздегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге рең беріп оқиды.
Мұғалім көбінесе өзі мәнерлеп оқу арқылы оны оқушыларға үйрете алады. Мәнерлеп оқуды радио мен телевизорды, магнитофонды кең пайдалану аркылы да үйретуге болады.
Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мүғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай, жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуге тиіс? Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін, оқушы сөйлемді немесе тексті оқығанда, қалай дем ала білу керек, дауыс қалай шығуға тиіс, дикцияның қандай болуы қажет — осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн. Өйткені мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып, дұрыс дем ала білудің мәні зор. Өкпедегі ауаны сарықпай, оқу процесінде үнемі дер кезінде дем алып, ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп дұрыс оқи алуына жағдайы бар.
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау — дауыс күші мен онын тазалығын, үнін сақтаудық басты шарты.
Дауыстың өзіндік белгілері бар; олар: күші жоғарылығы, қарқыны (шапшаңдық), тембрі (қүбылуы). Мәселен, «Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы» деген сөйлемді оқығанда, «оқу», «білім», сөздері көтеріңкі
Мәнерлеп сөйлеу құралдарын меңгермегеннің ана тілін білу мүмкін емес. Мәнерлеп сейлеудің балалар қолдана алатын лексикалық құралдары дегеніміз ең алдымен оның мағыналық маңызын бір сөзден екінші сөзге көшіру, тасымалдау, одан соң — синонимдердің кейбір кластары.
Сөз мағынасынын, тасымалдануын қабылдау сөздік образдық құрылымын түсінуді көздейді, ол баланың өмір тәжірибесіне — оның түсінік қорына, есте сақтауына және есте сақталған образдарға эмоцлялық баға бере білуіне байланысты.
Өздеріне тура мағынасында таныс, сөздердің тасымалданып
қолданылуы тәсілімен балалар бәрінен бұрын жұмбақтарда кездеседі.
Мәселен, «Қызыл, қызыл, қызыл қыз,
Бұрымы неткен ұзын қыз, Үйде ұйқыға батады, Бұрымы сыртта жатады.»
деген жұмбақты естіп, өз бақшасындағы жүйектен сәбізді, қызылшаны немесе шалқанды көрген сон, бала мұндағы «қызыл қыз» дегеніміз сәбіз (шалқан) екенін, яғни қызыл қыз сөзі екінші мағынада қолданылғанын түсінеді. Сөз мағынасын тасымалдап қолдану бұл жерде жағдайдың сыртқы ұқсастығына негізделген екі объекті: қызыл қыз және сәбіз болып отыр.
Мектеп жасына дейнгі бөбектермен жұмыс істеуде қолданылатын, сөздің тасымал мағынасын түсінуге үйрету тәсілдері, сөз жоқ, тек қана ауызша түрде бола алмайды: мұнда нақты объектілер мен суреттерге сүйену қажет. Мәселен, үш жасар балалар жоғарыда келтірілген жұмбақты шешуі үшін олардың алдына овощтарды (шалқан, сәбіз, қызылша) немесе осы овощтар бейнеленген суреттерді жайып салып, сәбіз бейнесі бар бір ертегіде алынған суретті, иллюстрацияны көрсету керек.
Егер салыстырылатын заттарды бір сөзбен атай отырып, балаға бір рет болса да көрсетсе, ол бұл сөздердің жасырын ұқсастығын түсіне білетін болады. Шалқаңды, басқа да овощтарды көргенде, ең дұрысы қолмен ұстап байқағанда, бала «Аласа ғана бойы бар, қабат – қабат тоны бар» жұмбағындағы тон киген кім екенін (капуста) түсінеді. Сонымен, жұмбақты шешу үшін балалардың біраз өмір тәжірибесі болуы. Сондай – ақ олар жаз бен қыс тамашаларын есте сақтауы тиіс.
Дауыс ырғағын түзейтін бөліктердің әсерлі бөлшегінің бірі – дауыстың әсерлі де нақышты болуы. Сөйлегенде немесе дауыстап оқығанда үннің эмоциялық баяуын түрлендіріп, тыңдаушының делебесін қоздыратындай дауыс нақыш түзеу, оқылатын шығарманы мазмұн – мағынасы, стилі, білімділік жағы мен тәрбиелік маңызы жағынан талдап, жан-жақты дайындықтан өткізіп барып оқығанда ғана әсерлі оқылады. Шығарма мазмұнын терең түсініп, көз алдына елестетіп тұрып, творчестволық елеспен оқылатын көркем шығарма кім-кімді де бей-жай қалдырмайды.
Мәнерлеп оқу мен тіліміздегі дауыс ырғағының әсерлі шығуының тағы бір тәсілі – сөйлеу қарқыны. Дауыс қарқынын дұрыс пайдалана білгенде оқылатын немесе сөйленетін сөз, сөз тіркесіне, сөйлемдерге ойнақылық, шат көңілділік, бірқалыптылық, солғындық пен баяулық сияқты сан түрлі сипатта құбылтуға мүмкіндік береді. Басқада мәнерлегіш тәсілдері мен тығыз байланысты орындалып, бірі-біріне толықтырып шығарма мазмұнын сөйлеушінің тыңдаушыға әсерлі жеткізуіне мүмкіншілік жасайды. Сондықтан сөйлеу қарқыны орындаушының анық ойымен тікелей байланысты.
Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына – қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғаны дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады.
«Күн екендігіне жақындап қалды. Аққасқа ізбен әлі жүріп келеді. Жерден бас алмайды, тоқтамайды. Аңшылар Қарадырдан бес – алты шақырым ұзап шықты....»
Бірінші, екінші, төртінші сөйлемдегі бастауыш тобындағы сөзден соң тыныс белгісі қойылмаса да, оқығанда сәл кідіріс жасалып көтеріңкі оқылады. Ал үшінші сөйлемдегі санамалап оқылатын «бас алмайды, тоқтамайды» деген бірыңғай мүшелерге логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір – бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар.
Текстің мазмұн – мағынасына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс - әрекетіне, оның көңіл – күйінің құбылуына байланысты оқылады. Текске дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, одан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қосыла қуанып, қосыла ренжиді. Психологиялық кідіріс текст мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.
І.Жансүгіровтың «Шәутеннің шәркейі» деген диалогқа құрылған әңгімесін шолып көрейік. Бұл әңгімеде мәнерлеп оқудың барлық тәсілдері мен кідірістерін дәлелдеуге болады. Соның ішінде психологиялық кідірісін қарастырайық. Ол үшін шығармаға аз ғана талдау жасайық. Шығармаға қатысатындар –автор, автордың сөздері оқылғанда дауыстың құбылуы біршама тұрақты. Себебі, автор – болған уақиғаны сырттай бақылап хабарлаушы. Асықпай, бірқалыпты қоңыр дауыспен оқылады. Ал Шәутен әлі еш нәрсенің байыбына жетпеген кішкене бала. Үстіндегі киімі, ішіп – жеген тамағы т.б қалай жасалынады, қайтіп жасалынады, оны ажыратып ой тоқтатар жаста емес. Сондықтан анасы ақ марқаның жүнінен шәркей жасап бермекші болып іске кіріскенде балада тағат қалмайды. Анасы жүнді сабап жатса да, шиге тартып жатса да айтатыны «Болды ма ? Енді болды ма ?» деп қайталай беру. Сондықтан баланың сөздері өте тез, келте, асығыс оқылады.
Шәутеннің анасының сөзі салмақты, сабырлы, бірқалыпты. Басынан аяғына дейін бір ғана дауыс құйылысымен жайбарақат оқылады. Баласы қанша асықса да, анасы асықпайды. Өйткені, ана оның тез бола қоймайтынынн біледі. Ана мен баланың ой - өрісін, жас ерекшелігін, мінез – құлқын түсініп көз алдын елестетіп оқыған оқушы дауысты дұрыс қояды. Психологиялық кідірістер кейіпкердің көңіл күйіне, іс - әрекетіне қарай жасалады.
Мәнерлеп оқуды көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер – грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.
Қазақ тілі синтаксисінде оңға тарта тыныс белгілері бар. Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу оны тыныс белгілерін дұрыс қоюға тікелей байланысты. Ал оқу кезінде де осы тыныс белгілерінің жеке – жеке мағыналарын түсініп, дұрыс оқу қажет. Оқу барысында сөйлемдегі сөздер арасына ешқандай тыныс белгілері қойылмаса да, сөз бен сөздің сөз тіркестерінің арасына қысқа кідіріс жасала береді.
Нүкте (.) сөйлем аяғында қойылатын, яғни хабарлы сөйлемді аяқтап тұратын грамматикалық белгі. Сөйлем оқылып келе жатып аяқталуға жақындағанда немесе нүктеге жақындағанда кідіру кілт тоқталмайды, сөйлем соңындағы сөз, сөз тіркесі баяу созылыңқырап оқылады. Сонда ғана дұрыс, тереңірек тыныстап алуға, екінші сөйлемді толассыз жалғастырып кетуге мүмкіндік жасалады. Егер де нүктеге жасалатын кідіріс кілт, кенеттен, тез жасалынса, сөйлем мен сөйлемнің ара жігі ажыратылмай, жаңа сөйлем алдыңғы сөйлемге қосақталып, сөйлем мағынасының дербестігі сақталмай қалады.

Мәнерлеп оқу дегеніміз — оқып тұрған шығармаға көзқарасыңды интонация арқылы білдіру, оқылған мазмұнды оның эмоционалдық ықпалы жағынан бағалау болып табылады.
Тіл үйрену заңдылықтарының бірі—сөздің эмоционалдық мәнерлілігін баланың түсінуі екенін еске сала кетейік. Интонациялық мәнерді бала ішкі түйсік арқылы ұғынады. Психологтардың бақылауынша, бала кішкентай кезінде-ақ, өзіне арналған сөздің мәнін түсінбей тұрып оның интонациясының жалпы сипатын (оның жағымды, жағымсыз екенін) біліп, соған лайық жауап қайтарады.
Сондықтан тәрбиешінің мәнерлеп оқуы—бұл бір жағынан оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу әдісі болса, екінші жағынан — балалардың сезім, ерікін жетілдіру мен дамыту әдісі.
Белгілі бір жастағы балалар психикасының, эмоциялық дамуының интонация құралдары арқылы жеткен белгілі бір дәрежесі тәрбиешіге балалардың алдағы жаста лексикамен грамматиканың (морфология мен синтаксистің ) мәнерлеу құралдарын ұғындыруға көмектесуге мүмкіндік береді.
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындалуы тексті дикторша оқып шығудан тұрады: тәрбиеші өзін бір уақыт оқылған тексті тыңдаушы орнына қойып, тыңдаушыны не қиналатынын (белгілі бір жастағылар) түсінуге тырысады да, олардың тексті дұрыс қабылдауын жеңілдететін әдістерді іздестіреді.
Оқып берушінің орфоэпиясы. Оқып беруші орфоэпияның дұрыс болуы – оның сөйлеу мәдениетінің басты элементі.
Орфоэпиялық қатемен айтқаннан да, ол сөздерді мүлдем айтпаған орынды. Сондықтан көркем шығарманы оқып және әңгімелеп бермес бұрын таныс емес сөздерді сөздіктен қарап алған жөн.
Оқып беруші дауысының күші. Балаларға қалай оқып беру және айтып беру керек: қатты оқу керек пе әлде жай оқу керек пе? Бұл жөннінде үзілді-кесілді бір мағыналы жауап болуы мүмкін емес, дауысты жайлап немесе қатты шығару оқылатын шығарманың мазмұннына байланысты. Балаға кейде бәсеңдетіп орташа дауыспен ғана оқыған дұрыс. Мүлдем шуылдақ балалар да әңгімешінің дауысы бәсеңдеген сәтте тыныштала қалады.
Кішкене тыңдаушыға шығарма мазмұнын жеткізе білу үшін, оның мазмұнына сәйкес не қаттырақ, не бәсеңдетіп оқыған тиімді болмақ.
Сөйлеу қарқыны: Оқып және әңгімелеп беру үстінде сөздің қажетті қарқынын сақтау өте маңызды. Ол да шығарма мазмұнына сәйкес анықталды.
Пауза жасау. Паузаның көмегімен шығарма кейіпкерлерінің көңіл күйлерін толық көрсетуге болады.
Логикалық екпін қою. Оқып беруші даусының эмоциялық бояуы. Дауыстың (онын тембрінің) эмоциялық бояуының да мәні өте зор: бір ұғымдағы әр сөздің мәнерлеп айтуына байланысты мағынасы мүлде өзгеріп кетуі мүмкін. Тәрбиеші балаларға - көркем шығарманы оқып немесе әңгімелеп беру алдында оның тембрін өзі жақсы түсініп алуы керек. Дұрыс эмоциялы бояумен әңгімелеп беру және оқып беру балалардың жеңілін көтеріп, әңгімеге ынтасын арттырады.
Оқып беруші даусының тембрлік өңділігі, сондай-ақ оның мимикасы, кейпі, бет құбылысы оқып тұрған шығарманың мазмұнына үйлесімді болуы керек. Көңілсіз, мұңайған - қалыпта оқылған Н. Носовтың өте әсерлі, күлкілі әнгімелері де балаларды баурайды да көңілді күлкіге кенелте алмайды.
Әңгімелеп не оқып беруде дене қимылының маңызы өте зор: ол сөзді толықтырады, оның мәнін арттырады. Бірақ оны орынды – орынсыз қолданбай, ұқыптылықпен өз орнына пайдаланған - жөн.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс ӘҢГІМЕЛЕП БЕРУ МЕН МӘНЕРЛЕП СӨЙЛЕУ. курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар казак адебиет жобалар курстық жұмыстар