Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың оқушылардың қалыптастыруына ықпалы

 Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың оқушылардың қалыптастыруына ықпалы

Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқудың мақсаты, маңызы принциптері.
2.2. Әдебиеттік оқудың түрлері, қолданылатын әдіс-тәсілдер.
2.3. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық қабілеттеріне ықпал ету жолдары.
2.4. Әдебиет сабағында шығармашылық жұмысты ұйымдастыру жолдары, түрлері.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, бүкіл білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін педагогикалық жаңаша ойлау, тың ізденістерге жол ашу сияқты көкейтесті мәселелер егеменді елімізде болып жатқан өзгерістер, ізгілендірілген қоғам құруға беталыс болды. Білім беру мектеп өміріндегі жаңалықтар мазмұны қай тұрғыда жүру керек деген сұрақтардың жауабы да ең алдымен демократияландыруды көздейді. Мектепті демократияландыру деген оның қоғамдық қажетін, соған қоса жеке адамдардың да сұраныс, талабын өтейтін дәрежеде еңбек ететін қоғамдық-мемлекеттік жүйе болуын білдіреді.
Білім беру жүйесіндегі әкімшілдік, әміршілдік бағыттан бас тарту, шығармашылық еркіндікті қолдау, мектепке де, оның ұстаздары мен шәкірттеріне де жеке бас еркіндігін беруді жүзеге асыру; жаңашылдық идеясы тың ізденіс, эксперименттерге білім мен тәрбие берудің жаңа формалары мен әдістемелік ізденістерге жағдай туғызу барысынан көрінеді. Еліміздегі ірі өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалық тар әкелді. Ең бастысы – ұстаздар шығармашылығына кең жол ашылды. Соған орай, ұстаздар қауымы шығармашылық еңбектерін одар әрі тереңдетті. Олардың оқушылардың қабілетіне қарай іріктеп, пәндерді тереңдетіп оқытатын арнайы мектептер, гимназия, лицей, т.б. оқу, білім мекемелері ашылды. Тіліміз, дініміз қайта оралды. Осындай игі өзгерістер болып жатқанда, әдебиет пәнін оқыту ісі де жаңаша бағыт алды.
Мектеп тәжірибесінде қазақ тілі мен әдебиет пәні өздерін бірін-бірі толықтырып отыратын логикалық тұтастығымен, сол тұтастықты жүзеге асырып отыратын әдіс-тәсілдердің бірлігімен ғана ерекшеленіп қоймай, сол тұтастықты, бірлікті жүзеге асыратын мұғалімнің өзіндік даралығымен де ерекшеленеді.
Мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәндері дараланбай, тұтастай бірлікте қаралады, оларды бір мұғалім жүргізеді. Бұл – біріншіден, пәннің өзіндік ерекшелігі болып табылатын ішкі логикалық заңдылығын сақтауды көздесе, екіншіден, бағдарламалық тұтастықты сақтап, білім беру жағынан бірін-бірі толықтыруды, бірізді білім беру жүйесін сақтауды көздейді. Мұндай мақсат оқыту процесіндегі дидактикалық принциптің де бір жүйелілігін қамтамасыз етуді қарастырады.
Қазір оқушы мен ұстаз арасындағы ынтымақ, достық, бірлестік туралы көптеген ізденістер жасалуда. Ұстаз алдындағы баланы тек шәкірт, тыңдаушы деп емес, оны ең алдымен болашақ азамат деп қарап, тең дәрежеде қарым-қатынас жасап, шәкірт жүрегінен мәңгі орын алып, шебер де білікті ұстаз бола білу міндеті тұр. Мектептегі барлық пәндер ішінде баланың жан жүрегіне, ой дүниесіне бойлай еніп, оның рухани өрісін болжай алатын бірден-бір пән –әдебиет пәні. Әдебиет пәні – оқушымен нағыз қарым-қатынас пәні, оқушымен нағыз достықтың, ынтымақтастықтың пәні. Сондықтан әдебиет пәнінің түрін, үлгілерін, құрылысын таңдап алуда мұғалім аса ізденімпаздықпен, шығармашылықпен ұстаздық қызметіне деген үлкен жауапкершілікпен, жаңашылдықпен қараса, қоғамда өз орнын таба алатын, өзіндік эстетикалық талғамы бар азаматтың қалыптасары сөзсіз.
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқудың мақсаты, маңызы принциптері
Бүгінгі оқушы - ертеңгі азамат иесі. Оларға ең алғаш жол көретуші, бағыт беруші - бастауыш білім беру мұғалімдері. Еліміздің болашақ азаматтарына білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру негізі бастауышта қаланады. Егеменді еліміздің даму кезеңінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда. Балалар мектепке келген күннен бастап, еліміздің өмірімен, халықтың тұрмыс тіршілігімен танысады.Отанымыз күшейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін ,біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп аттағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, олардың білімнің бай қазынасын, терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы тұрғыдан қарағанда, бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу сабағының түбегейлі мақсаты - оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыра тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету.
Осы мақсатты орындау үшін оқу пәнінің алдына мынадай міндеттер жүктеледі
-оқушылардың дұрыс түсініп шапшаң және мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
-оқушылардың көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын ояту;
-оқушылардың шығарманың түпкі мазмұн мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл - күйіне ортақтасу , күйіну сүйіну т.б) қамтамасыз ету;
-оқушыларға мәтіндердің сөздер мен сөз тіркестерін ,сөйлем мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, олардың ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңілін аудару;
-оқушыларды шығармаларды көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
-оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін ойын еркін жеткізу, ,сауатты да мәнді,түсінікті жаза білу дамыту,
-оқушыларды өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
-балалардың бойында оларды жас өспірім мен үлкендердің үлгілі, ерлік еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам иілігіне адал ниетпен еңбек ету, адамгершілік, бір-бірін сыйлаушылық, адалдық пен шыншылдық, кішіпейілділік, ізгілік пен имандылық қасиеттерін дарыту.
-сүйікті Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғаты мен құбылыстарды байқап біліп , теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып,сүюге тәрбиелеу.
-бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру;
-оқушылардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын,біліктерін жетілдіру, тілін онан сайын дамыта түсу; сыни тұрғыдан пікір айтуға үйрету;
-халқымыздың бостандық,бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып әдеби шығармалар,кинофильмдер т.б, балалардың сана сезімін Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;
-саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;
-еңбекке қызығу еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу;
Бастауыш мектептегі өмірмен байланыстыру, білімді жүйелі саналы да берік меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру т.с.с. дидактикалық принциптерге сүйенеді.
2.2. Әдебиеттік оқудың түрлері, қолданылатын әдіс-тәсілдер
Әдебиеттік оқудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу. Дауыстап оқу көбінесе 1-2 сынып оқушыларына тән болады. Бірақ 1- сыныпта іштен оқытуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс. Іштен оқу 1- сыныпта-ақ басталады.Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі.Балалардың дауыстап оқуы арқылы алған дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді 1,2- сыныптан бастап дауыстап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі, 3- сыныпта жаңа материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнда мәтін мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: мәтінге сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т.б 3,4-сыныптарда іштен оқылған мәтіндерге балалардың түсінген түсінбегендерін түрлі сұрау қойып , жауап алу арқылы немесе мәтін мазмұнын айтқызу арқылы, мәтіннен кейбір сөздерді тапқызу арқылы т.б.с.с. тексеріледі.Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптар орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса, түсінбейді.
Оқу сапасы дұрыс, саналы, мәнерлеп және шапшаң оқу болып бөлінеді. Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай ,буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқығанда қателессе, дереу түзетіп , оған қиын тиген сөздерге талдау, жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап көрсетсек , төмендегідей:
1.Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу
2.Кейбір буындарды,сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар
3.Тілі келмегіндіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (онда-оңға,күзет –күжет т.с.с)оқиды.
Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады.Тәжірбиелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырады.
1.Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай жаттықтыру жумысының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады; енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланады.
2. Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады.
3. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп , дұрыс оқуды талап етеді,ол сөзге талдау жасайды, түрлі схемалар, сызықтар бойынша мәтін ішіндегі сөздерді тауып, топтап, жіктеп жазу т.с.с
4.Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.
5.Қате оқыған жерін сынып тыңдап отырған оқушыларға түзеттіреді.
6.Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.
7.Көрсеткіш таяқшаны қолданады.Бұл зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.
8.Оқығанда орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады.
Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінде де орфографиялық және орфоэпиялық заңдар бар. Ол заңдар оқушыларды дұрыс сөйлету мен дұрыс оқыту басшылыққа алынады.Ал оқушыларға жаңа сөздердің мағынасына түсінуден әр бөлімді логикалық, психологиялық байланыстырудан келіп шығады. Оқығанын толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.
Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылады.Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады.Түсініп оқуды жүзеге асыруда, алғашқы кезде баларға жеңіл, өздері түсіне алатын, сюжетті мәтіндер оқытылады.
Оқушыларды түсініп оқуға дағдыландырудың бір жолы алдын ала дайындық әңгіме өткізу болып табылады .Сондай-ақ мәтін оқылмас бұрын бақылау, экскурсия жасау, тәжірбие жасау жұмыстары да түсініп оқуға жәрдем етеді. Түсініп оқуда қорытынды әңгіменің тигізетін пайдасы мол .
бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес.Бұл Шапшаң оқу дегеніміз мәтіндегі сөздерді қалай болса солай оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу.Мәтінді тым баяу оқыған оқушы мәтіннің мазмұнына түсінбек түгіл, бір өлшемнің өзінде де не айтылғанын аңғара алмай қалады.Сондықтан мәтінді шапшаң оқу талабы да маңызды болып табылады.Шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі, осыған орай, олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды-көпті болып келеді.
Шапшаң оқу баланың нерв жүйесінің типологиясына байланысты. Нерв күшті балалар мейлінше тез оқиды, сондықтан олардың бір минутта оқыған сөз саны әлсіз нерв жүйелі балаға қарағанда әлдеқайда көп болады. Минутына сөзді санына қарай ең көп оқитын холерик темпераментті (күшті тип) оқушы, онан гөрі қалыстау оқитын сангвиник темпераментті (күшті тип) оқушы, ең баяу оқитын флегматик темпераментті (күшті тип) оқушы, ал ең баяу меланхолик темпераментті (әлсіз тип) оқушылар.
Бастауыш сынып оқушыларының оқуына қойылатын талаптарды жалпы қысқаша былайша көрсетуге болады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру