Әдебиет | Көркем шығарманың тілі
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................................3
І Тарау Көркем шығарма тілі – мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту құралы.
1.1. Көркем шығарманың тіл дамытудағы рөлі..................................................7
1.2. Көркем шығарманың дамытушылық функциялары.................................12
1.3. Көркем шығарманың ерекшелігін таныту.................................................15
ІІ Тарау Көрем шығарманы оқыту мен талдау әдістемесі.
2.1. Көркем шығарманы оқыту ерекшеліктері...............................................18
2.2. Көркем шығармалардағы кейіпкерлердің бейнелерін сомдау баланың
тілін дамытуға қосатын үлесі...........................................................................24
2.3. Көркем шығарманы қабылдауына иллюсртациялық материалдың
әсері.....................................................................................................................29
Қорытынды................................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................36
І Тарау Көркем шығарма тілі – мектеп жасына дейінгі баланың
тілін дамыту құралы
1.1. Көркем шығарманың тіл дамытудағы рөлі
Көркем әдебиет шығармалары балалар алдына адамға тән сезімдер дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық тудырады.
Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуана-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім – қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті ояна бастайды. Бұл – принципшілдік, адалдық, нағыз азаматтық қасиеттердің қалыптасу негізі. «Сезім – білімге жол ашушы, шындықты сезбеген адам оны түсінбейді және оны тани білмейді де», - деген болатын В.Г. Белинский.
Баланың сезімі тәрбиеші таныстырған шығарманың тілін түсініп, оны ұғу процесінде дамиды. Көркем шығарма сөзі балаға ана тілінің әдемілігін түсінуге көмектеседі, қоршаған ортаны эстетика тұрғысынан қабылдауға, сонымен бірге адамгершілік түсінігінің қалыптасуына көмектеседі.
Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрлері – тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір, мысқыл, тілінің көркемдігі – шағын көлемдегі фольклорлық шығармалардың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.
Балаларды сөйлеу тіліне үйретуде ең үздік оқытушы – халық. Халықтың шығарма тіліндегі басқа шығармалардың ешқайсысында кездеспейтін, естілуі жөнінен бір-біріне ұқсас, ажыратып айтуға қиын сөздердің тамаша орналастырылуының өзі балалар ұғымына өте жеңіл тиеді. Сондай-ақ жеңіл қалжыңды тақпақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтар – педагогикалық әсер берудің ең тиімді құралы, жалқаулық, қорқақтық, эгоистік сияқты жағымсыз қылықтарға қарсы жақсы «дәру».
Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. әдебиеттің ең озық үлгілерінен адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерде де өздерін әділетті көрсетіп әлсіздер мен жәбірленгендерді қорғап, жауыздарды жазалауға тырысады.
Адамгершілік жайындағы түсінікті балалар тәрбиешілердің оқылған шығармалар бойынша айтқан ақыл-ой пікірлерінен емес, нақ осы көркем шығарманың өзінен алуға тиіс. «Педагог оқылған шығармалардан орынды-орынсыз моральдандыра беру үлкен, көбіне түзетуге келмейтін зиян келтіретінін есіне сақтауы тиіс. Көптеген сұрақтар қоюмен «бөлшектеніп » кеткен шығарма балалардың көз алдында барлық әсемдігін жояды, оған ынта кемиді. Көркем текстің тәрбиелік мәніне толық сеніммен қарау керек.
Сөздің пәрменділігі туралы К.Д.Ушинский былай деп жазған болатын: «Бала ана тілін үйрене отырып, шартты дыбыстарды ғана үйреніп қоймайды, сонымен қатар ана тілінің қайнар бұлағынан рухани тіршілік пен күш алады. Ана тілі оған табиғатты түсіндіреді, ал мұндай дәрежеде бірде- бір жаратылыс зерттеуші түсіндіре алмас еді, ана тілі баланы төңірегіндегі адамдардың мінез-құлқымен, өзі өмір сүріп отырған қоғаммен, оның тарихымен және алға ұмтылыстарымен таныстырады, ал мұндай дәрежеде бірде-бір тарихшы таныстыра алмаған болар еді, ана тілі оны халықтың сенімдері мен халық поэзиясына жетелейді, ал мұндай дәрежеде бірде-бір эстетик істей алмас еді: ақырында, ол бірде-бір философ балаға айтып жеткізе алмайтын логикалық түсініктер мен философиялық көзқарастарды бере алады.» Ұлы педагогтың бұл айтқан сөзінде ана тілін үйренуден шығатын нәтиже ғана емес, оны оқып үйренудің әдістері де көрсетілген: бұл «көп нәрсеге үйретіп қана қоймай, сонымен бірге , соны аса жеңіл әлдеқандай әдіс арқылы оп-оңай үйрететін» «тіл-ұстазға» деген сенім.
Сонымен, берілген көркем шығарманың тілін меңгеруге көмектесе отырып, тәрбиеші балаларға тәрбие беру міндетін де орындайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді.
1. Балалардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу және оларды жинақтап, өз беттерімен қорытынды жасай білу.
2. Балалар қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жетуі тиіс.
3. Қазақ тіл ғылымының зерттеу жұмыстарының негізінде балалардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберліктерін жақсартуға септігі тиетін жұмыстарды, әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының оңай да тиімді жолдарын іріктеп ұсынып, оларды орындату.
4. Тіл дамыту жұмыстары арқылы балаларды өз Отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, коммунизм құру жолында саналы да, белсенді еңбек етуге тәрбиелеу.
5.Балаларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге , оны сезініп құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да балаларға білім беру,іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарын көздейді.
Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі бір методикалық талаптарға сүйенеді.
Балалардың тілін дамыту жұмысы мектептерде негізінен балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету арқылы орындалатын болғандықтан, бұл жұмыстарға қойылатын методикалық талаптарды көрсетелік. Ол талаптардың негізгі бастылары мынадай:
1. Берілген тақырыптың мазмұнын ашып көрсете білу, бла өзінің жинаған материалын, берілген тақырыптағы негізгі ойды анықтайтындай етіп іріктеуі қажет.
2.Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы.Жұмыстың мазмұнды болуы да материалды жинау , негізгілерін түсініп,іріктеп ала білуіне байланысты.
3. Бала түсінгенін ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс. Алдын ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Бала әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алуға тиіс. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн.
4. Балалар сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп іріктеп, таңдап қолданғаны дұрыс. «Мәншүк» тексі бойынша мазмұндама жазғанда, жаудың жаңбырша жаудырған оғы деген тіркесті сол қалпында беруге тырысып, жаудың тамаша жаудырған оғы деп жазған. Мұндай қателерге жол бермеу үшін сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т.б. тексті анализдеу, синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн.
5. Артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.
6. Бала сөйлегенде болсын сөйлемдерді белгілі формада (тұлғада) құрастыратын болсын. Яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші бір сөйлем келер шақта тұрмасын.
7. Балалардың жазба жұмыстарында ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздердің болғаны дұрыс.
8. Жазба жұмыстарын жетілдіруді міндетті түрде меңгерген болуға тиіс. Жұмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін бала мұқият қарап, тексеріп шығатын болсын, мұнда тіпті кейбір қате құрастырылған сөйлемдерді де жөндеуге жол беріледі.
Сөйтіп, балабақша балаларының тіл дамыту жұмыстарына қойылатын негізгі методикалық талаптардың негізгілерін айттық. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында басшылыққа алынады. Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз? Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.
«Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттейді.
Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: «...тіл
дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлы-
ғын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша
жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әд-
епті сейлеуге дағдыландыру»,—десе, тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар, әр түрлі дағдылар қалыптастыру болып табылады. Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының нәтижесінде адам санасы қызметті түпкілікті, шешуші кезеңдерінде жұмылдырылады. Бұл жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді.
Тіл дамыту деп — балаға тіл заңдылықтарын үйрету, тіл материалдарымен ойлау операцияларын жасауды және оқу дағдыларын қалыптастыруды айтамыз.
Дамыған тіл деп сипаты жағынан мазмұнды, көркем әдеби тіл нормасына сай, өзара дұрыс байланысқа түскен (грамматикалық, логикалық), аз сөзге көп мағына сыйғызатын, айтқанда орфоэпиялық, жазғанда орфографиялық ережелерді сақтайтын тілді айтамыз.
1.2 Көркем шығарманың дамытушылық функциялары
«Мектеп жасына дейінгі балалар оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында » балаларды көркем шығармалармен таныстыруды арнайы сабақтар жүргізумен де, сабақтан тыс уақыттарда да (ойнап жүргенде, саханалық ойын көрсету уақытында, кітаптар бұрышында т.с.с.) жүргізуді ұсынады. Арнайы сабақтарды тәрбиеші балаларға оқып немесе әңгімелеп бере алады. Оған кітаптан оқып беруге де, жатқа айтуға да болады.
Мұндай сабақтар өткізудегі міндеттердің бірі – балаларды дауыстап оқушыны немесе әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету. Басқаның сөзін тыңдап үйренгенде ғана балаларға оның мазмұны мен формасын есте сақтау қабілеті жетіледі, әдеби тілдің нормаларын үйренеді.
Өте кішкентайлар мен кішірек жастағы балаларға тәрбиеші негізінен жатқа (тақпақтарды, қысқа өлеңдерді, әңгімелерді, ертегілерді) айтады, ал орта және ересек топтағы балаларға көлемі едеуір өлең түріндегі және прозалық ертегі, әңгіме, повестерді кітаптан оқып береді.
Тек прозалық шығармаларды – ертегі, әңгіме, повестер ғана әңгімеленеді.
Балаларға арналған көркем шығармаларды жаттап аду, оны мәнерлеп оқи білу – тәрбиешінің сол мамандықты жетік меңгергендігінің басты белгісі.
Балаларды көркем шығармамен таныстыру сабақтарын олардың жас айырмашылықтарына байланысты жүргізуді тәрбиешілер әртүрлі ұйымдастырады:
өте кішкене балалардың әрқайсысымен жеке-жеке немесе екі-алты адамнан тұратын топтарға бөліп өткізеді;
кішірек жастағылар тобын оқығанды немесе әңгімелегенді тыңдай білу үшін екіге бөліп өткізеді;
орта және ересек топтағы балалармен сабақ бір мезгілде әдеттегі орында өткізіледі.
Оқу үстінде керек болатын көрнекі құралдарды: ойыншықтарды, суреттерді, портреттерді балаларға үлестіріп беретін суретті кітапшаларды және тағы басқаларды тәрбиеші сабақ басталмас бұрын әзірлеп қояды.
Оқып беру немесе әңгімелеп беру – үйрету сипатында болу үшін, кішкене жастағы балаларды сөйлеуге машықтандырған кезде қолданылатын ережелерді толық сақтап отыру қажет, яғни балалар тәрбиешінің даусын естумен бірге оның жүзін, бет қимылын, артикуляциясын көріп отыруға тиіс.
Бір сабақта бір жаңа шығармамен бірге балалар бұрын естіген бір-екі шығарма қоса оқылады. Балалар бақшасында шығарманы бірнеше рет қайталап оқу міндетті. Балалар өздері білетін әңгімелерді, ертегілерді, өлеңдерді қайталап тыңдауды ұнатады. Эмоциялық толқыныстарды қайталау балалардың қайсы меңгеруіне себепші болады, яғни кейіпкерлердің қылығын, оқиғаларды тереңірек ұғынуына көмектеседі. Балалардың өте кішкене күннен бастап-ақ өзіне ұнамды кейіпкерлері, жақсы көретін шығармалары бола бастайды, сондықтан да шығарма қайталап оқылған сайын, сол кейіпкерлермен қайта кездесу оларды өте қуантады.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – оқып тұрған шығармаға көзқарасыңды интонация арқылы білдіру, оқылған мазмұнды оның эмоционалдық ықпалы жағынан бағалау болып табылады.
Тіл үйрену заңдылықтарының бірі – сөздің эмоционалдық мәнерлілігін баланың түсінуі екенін еске сала кетейік. Интонациялық мәнерді бала ішкі түйсік арқылы ұғынады.
Сондықтан тәрбиешінің мәнерлеп оқуы – бұл бір жағынан, оқылған көркем шығарманың бар әсерін балаларға түгел жеткізу әдісі болса, екінші жағынан – балалардың сезімдерін жетілдіру мен дамыту әдісі.
Белгілі жастағы балалар психикасының эмоциялық дамуының интонация құралдары арқылы жеткен белгілі бір дәрежесі тәрбиешіге балалардың алдағы жаста лексика мен грамматиканың мәнерлеу құралдарын ұғындыруға көмектесуге мүмкіндік береді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Көркем шығарманың тілі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет курстық жұмыстар, Көркем шығарманың тілі