Азаматтық іс жүргізу | Ерекше талап қою азаматтық іс жүргізу

 Азаматтық іс жүргізу | Ерекше талап қою азаматтық іс жүргізу

Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................
1. Тарау. Ерекше талап қою азаматтық іс жүргізу өндірісінің түсінігі
1.1. Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу - азаматтық іс жүргізудің
бір түрі ретінде ...............................................................................................
1.2. Ерекше талап өндірісінің түсінігі мен мәні...........................................
2. Тарау. Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу
2.1. Арызды қабылдау. Істі қарау...................................................................
2.2. Соттың шешімі және оның орындалуы..................................................
2.3. Ерекше талап өндірісіндегі қайта қарау..................................................
Қорытынды .................................................................................................
Пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер.........

Кіріспе
30 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес, азаматтарға соттық қорғану құқығы мен бостандығына кепілдік берілген. Конститутциялық ережеге сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін соттар істерді өз уақытында қарап, әділ шешім шығаруы тиіс.
Азаматтар мен оның билік және билік құрылысымен өзара қатынастарының мәслелері ежелден келе жатқан дүние. Гуго Гроций, Жан Жак Руссо, Кант және басқа да көптеген ойшылдар мемлекеттегі билікті шектеудің әдістерін іздеген. Осылайша құқықтық мемелекет идеясы пайда болды. Құқықтық мемелекет терминін алғаш Роберт фон Моль енгізді.
Құқықтық мемлекет мәні жиырмасыншы ғасырда былай деп анықталды: құқытық мемелекет деп өзіне, үкіметке, өзімен заң шығарушы органмен шығарылатын заң нормаларын міндетті деп таниды. Он тоғызыншы ғасырдың аяғында құқытық мемелекет белгілері деп мыналар танылды: құқықтық мемлекетте заң жоғары болды, құқытық мемлекет құрылысы мен қызметінде билікті бөлу концепциясын жүзеге асырады. Заң шығарушы, атқарушы және сот; құқықтық мемлекетте әкімшілік юстиция жүйесі ұйымдастырылады.
Әкімшілік юстиция дегеніміз не, орта ғасырларда Англияда патшаға және оның шенеуніктеріне талап қоюға мүмкін болған. Бұл формула: Ағылшындар заңмен тек қана заңмен басқарылады деген барлық континентальды Европа және Ресейге қызығушылық тудырды. Қазіргі кезде әкімшілік құқық әр мемлекетте әр түрлі қалыптасқан:
- Арнайы жүйе құратын барлық әкімшілік дауларды қарайтын әкімшілік соттар болады, төменгі, ортанғы және жоғарғы инстанциялық соттардан тұрады. Бұл жүйе жалпы юрисдикциялық соттар жүйесімен қатар бола береді. Мұндай жүйені немістік деп атауға болады, бұл жүйе өткен ғасырдан Германиядан басқа Австрияда, Финляндияда және т.б. мемлекеттерде қолданылады.
- Әкімшілік дауларды қарастыру үшін арнайы істерді бірінші инстанция бойынша қарау үшін әкімшілік трибуналы құрылады.
Апелляцияны мемлекеттік Кеңеске беруге болады. Бұл Француз жүйесі, бірақ бұл жүйені дауды шешуде сот тәуелсіздігі қамтамасыз етілмейді. Осылай бола тұра француз жүйесі Италияның, Грецияның және Африканың біраз мемлекеттерінің әкімшілік құқығының ұйымдасуына ықпал етті.
- Әрбір мүдделі тұлға жалпы сотқа қандай да әкімшілік даулар туралы талап қоя алады. Сонымен қатар бөлек әкімшілік дауларды қарау үшін арнайы әкімшілік соттар құрылады, бірақ олар бір жүйені құрмайды.
Англияда мысалы зейнетақы туралы, салыққа байланысты, ауылшаруашылық жер мәселелеріне байланысты болған. Бұл жүйе АҚШ-тың, Канаданың, Австрияның және т.б. елдердің жүйелеріне әсер етті. Яғни, әрбір мемлекеттің әкімшілік құқығы әр түрлі, бірақ барлығы бір институтты құрады.
Біріншіден, барлық әкімшілік басқарушылық саласында азаматтар мен заңды тұлғалар арасында, бір жағынан әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалар жағынан туындайтын дауларды шешу жүйесі бір. Бұл даулардың мазмұны әр түрлі, бірақ барлығы әкімшілік-құқытық түрде болады. Кейбір жүйеде барлық әкімшілік даулар әкімшілік-құқық органдарында қарастырылады деген қағида қалыптасқан, кейбіреуінде тек бөлек даулар қатегориясы бұл органдарға қарауға жіберіледі. Біреуінде тек субъективтік құқықтарын қорғау болса, екіншісінде басқарушы органдармен берілетін нормативтік актілердің заңдылығына дау айту мәселелері жіберіледі.
Екіншіден, барлық әкімшілік құқық жүйелерінде құқыққа байланысты дауларды шешетін органдар бұл істерді қарауға өкілетті. Кейбір жағдайларда бұл рөльді әкімшілік соттан тәуелсіз жалпы соттар қарайды, және әкімшілік істерден басқа да дауларды шешуге құқылы. Біраз уақыт бұрын англиялық доктрина бойынша әкімшілік қызметті тек жалпы соттар ғана дұрыс қадағалайды деп санаған.
Үшіншіден, әрбір әкімшілік дауларды шешу мен қарау заңмен белгіленген процессуалды нысанда болады. Сәйкесінше азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу және квазисоттық нысанда қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша әкімшілік істерді қарауды Ерекше талап қоюмен іс жүргізу деп атайды. Яғни оның аталуының әр түрлі болғанымен маңызы мен түсінігі бір. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-152 баптарына сәйкес, қойылған талап арыздың негізінде талап өндірісі қаралады, ал ерекше талап өндірісі шағым немесе өтініштің негізінде ( ҚР АІЖК 272, 275, 278, 283, 287 баптарына сәйкес) қаралады, ерекше өндіріс өтініш негізінде ( ҚР АІЖК 293, 296, 302, 308, 310, 313, 314, 318, 324 баптарына сәйкес қаралады).
Осыдан келе, ерекше талап өндірісі - бұл жария-құқықтық қатынастардан туындайтын заңмен белгіленген істерді соттың бірінші инстанциясымен қарау мен шешу тәртібі. Ерекше өндіріс азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес, белгілі бір азаматтық істер бойынша қаралуға жататын, өзіндік жеке азаматтық іс жүргізу өндірісі болып табылады. Ерекше өндірісте қаралуға жататын азаматтық істердің тізімі Қазақстан республикасы азаматтық іс жүргізу кодексінің 289 бабында атап көрсетілген.
Бұл азаматтық іс жүргізу өндірісі әлбетте, теоретикалық ғалымдардың ғана емес, тәжірибелік қызметкерлердің де аса көңіл бөлуін қажет етеді.
Аталған бітіру жұмысы соттармен ерекше талап қою азаматтық іс жүргізу өндірісінде іс жүргізудің ерекшеліктерін атап көрсетеді, қызықты мәліметтер береді. Аталған өндірісте соттардың істерді қарауы көп қиындықтарды тудырады, тіпті бұл қиындықтар өтініш берген сәттен-ақ кездесуі мүмкін. Кейбір сұрақтарға заң құжаттарынан да жауап табу қиын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларыда барлық уақытта ондай қиындықтарға түсінік бере алмайды. Сондықтан бітіру жұмысының алдына қойған басты мақсаты - ерекеше талап қою азаматтық іс жүргізу өндірісіне қатысты, осындай теоретикалық талдауды қажет ететін даулы сұрақтарға жауап табу, теоретикалық қортынды жасау.
І Тарау. Ерекше талап қою азаматтық іс жүргізу өндірісінің түсінігі
1.1. Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу - азаматтық іс жүргізудің бір
түрі ретінде
Азаматтық іс жүргізуді үшке бөлу әлі даулы мәсле болып отыр, себебі азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істерге арнайы іс жүргізудің түрін бөлудің қажеті жоқ деп айтады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, бұндай азаматтық іс жүргізу өндірісі жоқ, оны талап өндірісінде қарау керек десе, енді бірі, азаматтық іс жүргізудің ерекше өндірісінде қарау керек дейді. Жалпы ерекше талап өндірісінің анықтамасына сәйкес, толықтай, нақты анықтама беру әлі күнге дейін дау тудырып отыр. Дегеніменде қай жағынан алып қараған күндеде ерекше талап өндірісінің өзінің қарайтын істері, пәні бар.
Әр мемлекетте қалай қалыптасса да бұл әлі даулы мәсле болып отыр, бірақ Қазақстан Республикасының заңдары бойынша бұл іс жүргізу түрі -ерекше талап өндірісі деп аталады.
Азаматтық іс жүргізудегі ерекше талап өндірісінде қаралатын істер өздерінің мазмұны бойынша, мақсаты бойынша ажыратылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының теоретикалық ғалымдары ерекше талап өндірісіне былай деп анықтама береді: "заңды тұлғалар мен азаматтардық құқықтары мен заңды мүдделеріне қарсы мемлекеттік қызметтік лауазым иелері мен заңды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттеріне қатысты соттың бірінші сатысында қаралатын іс жүргізу өндірісі"1.
Бірқатар авторлардың ойы бойынша, бұл істер бір талап өндірісінде қаралады. Бұл талап өндірісі азаматтар мен заңды тұлғаларды мемлекеттік органдар мен оның лауазымды тұлғаларының құқыққа қайшы іс әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.2
Ал, екінші авторлар қатары бұл іс жүргізу түрін қажет деп санайды. Сонымен жария-құқытық қатынастардан пайда болатын істер бойынша ғылыми зерттеулерде әкімшілік құқық деп аталады. Әрбір мемлекеттің соттарының қалыптасуында әкімшілік соттар болған және бар.
Әрине мамандырылған соттардың болуы дұрыс және қажет. Бұл тек құқықтық мәселе емес сонымен қатар тікелей экономикалық мәселе. Біздің мемлекеттің болашақ жоспарында мамандандырылған соттар құру бар.
Сондықтан қазіргі заңнама бұл өндіріс түрін соттың бірінші инстанциясында азаматтық іс жүргізу шеңберіндегі ерекше талап өндірісі деп реттейді. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 5 бабына сәйкес, соттың атқаратын міндеттері:
1. азаматтардың бұзылған құқықтары мен даулы құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін және мемлекет мүдделерінің қорғалуын жүзеге асырады;
2. тараптардың құқықтары мен міндеттерін және заң маңызды айғақтардың бар-жоғын анықтау жолымен істі мәні бойынша қарайды;
3. тараптардың құқықтары мен міндеттеріне жақтылықты анықтау жолымен тараптар арасындағы құқық туралы дауды жояды;
4. бұзылған құқықты немесе бұзылу каупі бар құқықты не даулы құқықты жою арқылы заңдылықты бектеді;
5. азаматтық, еңбектік, тұрғын үй, қаржылық және материалдық құқықтың басқа да салаларынң нормаларының бұзылуын алдын алады.
Осы аталған міндеттерді қарай отырып, сот ерекше талап істерінде азаматтардың бұзылған құқықтары мен даулы құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін және мемлекет мүдделерінің қорғалуын жүзеге асырады; тараптардың құқықтары мен міндеттеріне жақтылықты анықтау жолымек тараптар арасындағы құқық туралы дауды жояды, бұзылған құқықты немесе бұзылу қаупі бар құқықты не даулы құқықты жою арқылы заңдылықты бекітетіндігін көруге болады.
Азаматтық іс жүргізудің ерекше талап өндірісі мынандай істерді қарайды: референдум, сайлауға қатысқан қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың сайлау құқықтарын қорғауға қатысты түскен шағымдар, мемлекеттік орган мен мемлкеттік қызметкердің заңсыз шығарған нормативтік құқықтық актілеріне берілген шағым бойынша, нормативтік актінің заңдылығын тексеру, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша шығарылған қаулыларға берілген шағымдарды қарау, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлердің, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктердің басшыларының заңсыз әрекеттеріне шағым жасау.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің екінші бөлімінің, үшінші бөлімшесінде Ерекше талап қоюмен іс жүргізу деп аталған 25-29 тарауларды бөлген.
Ерекше талап өндірісінде соттың бірінші сатысында істі қарау жөніндегі процессуалдық іс әрекеттер істі мәні бойынша қарауға және шешуге бағытталган оның нэтижесі болып шешім шығару не қортынды ұйғарым шығару болып табылады. Азаматтық істерді сотта қарау - бұл соттың және процесстің басқа да қатысушыларының істі қарауға және оны мәні бойынша шешуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы.
Ерекше талап өндірісі міндетті түрде сот талқылау сатыдан өтеді. Сот талқылауы- қаралып отырған істі тараптардың және куә, сарапшы, аудармашы ретінде тартылып отырған тұлғалардың және іске мүдделі басқа да тұлғалардың қатысуымен нақты - мән жағдайларды анықтау мақсатындағы бірінші инстанция сотының қызметі. Олардың сот талқылауы кезінде қатысуы тараптардың құқықтары не мүдделерін дұрыс анықтауға және соттың заңды және негізді шешім шығаруына септігін тигізеді. Сот талқылауы кезінде сот істің шынайы мәнжайын жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін заңмен көзделген барлық шараларды жүзеге асырады.
Дұрыс жүргізілген сот отырысы- заңды және негізді шығарылған сот шешімінің кепілі2.
Азаматтық істерді мәні бойынша қарау және шешу азаматтық іс жүргізудің ең маңызды сатысы болып табылады. Субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау жөніндегі сонымен қатар тәрбиелік әсер ету бойынша міндеттер ең алдымен көп жағдайда сот отырысында істі талқылау кезінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Конституция, заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарының негізінен туындайтын істер мен даулардың бәріне сот билік етеді. Сондықтан заң қарау мен шешудің басқа тәртібін ескертпеген жағдайда, барлық жария-құқықтық қатынастардан пайда болатын даулар сот тәртібімен қаралады. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 24 бабаның үшінші бөлімінде «Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау жасалуы мүмкін. Бірақ осы баптың келесі бөлімінде ерекше талап өндірісі тәртібімен қаралатын жария құқықтық қатынастардың нақты түрлерін көрсеткен. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 24-6 4 бөлімінде: Соттар осы кодекстің 25-29 тарауларында келтірілен ерекше талап қойылған іс жүргізу істерін қарайды. Бұдан қорытынды жасайтын болсак, жариялық құқытық қатынастардан даулардан пайда болатын істер талап өндірісі немесе ерекше талап өндірісі тәртібімен қаралады. Яғни, заңмен ерекше талап өндірісіне жататын даулардың тізбесі берілген.
Жеке құқықтарды және заңмен қорғалатын заңи мүддені қорғауды құқық қорғау және юридикалық функцияларды атқарушы мемлекеттік және қоғамдық органдар жүзеге асырады. Құқық қорғау органдары сәйкесінше, құқық саласын басқаратын заң актілерінде көрсетіледі. Азаматтық құқық сотпен, кәсіпорындармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен қорғалады.
Құқық пен заңи муддені қорғайтын органдардың ішінде ерекше қорғалатындығы сот органы. Юридикалық тұрғыдан әділсоттылық мүліктік және жеке құқықтарды тану, бұзылған жағдайда қалыпқа келтіру жолымен қорғау туралы азаматтық және қылмыстық істерді қарау жөніндегі және заң негізінде құқық бұзушыға мәжбүр ету шараларын қолдану жөніндегі заңмен реттелген соттың қызметі болып табылады.
Ерекше талап істері ашық, жабық отырыста қаралады. Сот отырысының жариялылық ашық сипаты тараптардың қорғануға құқығын соттың қызметін қоғамдық қамтамасыз етуді және сот отырысына қатысқысы келгендерге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ашық сот талқылауының үлкен тәрбиелік мәні бар. Сот отырысын жабық түрде өткізу сот өндірісінің барлық ережелерін сақтаумен жүзеге асырылады. Ашық сот отырысының тәрбиелік мәні жоғры және құқық бұзушылықты туғызатын жағдайлармен себептерді ашуға, сонымен қатар олардың болашақта болдырмау не алдын алуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша әкімшілік істерді қарауды Ерекше талап қоюмен іс жүргізу деп атайды. Яғни оның аталуының әр түрлі болғанымен маңызы мен түсінігі бір. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-152 баптарына сәйкес, қойылған талап арыздың негізінде талап өндірісі қаралады, ал ерекше талап өндірісі шағым немесе өтініштің негізінде ( ҚР АІЖК 272, 275, 278, 283, 287 баптарына сәйкес) қаралады, ерекше өндіріс өтініш негізінде ( ҚР АІЖК 293, 296, 302, 308, 310, 313, 314, 318, 324 баптарына сәйкес қаралады).
Әкімшілік орган және лауазымды тұлғалардың басқарушылық қызметіне шағымдануды соттың бұл қадағалауы бір нысаны ғана емес.
Азаматтық құқыққа байланысты актілер талап тәртібімен дауланады. Азаматтық іс жүргізудің кейбір теоретикалық ғалымдарының да осы іс жүргізу өндірісін талап өндірісіне қосу керек деген қөзқарасы осы мәследен туындаса керек.
Азаматтық және әкімшілік даулардан туындайтын талап өндірістеріне ортақ бір ұқсастық құқық туралы даудың болуы. Әкімшілік қатынастардан туындайтын дауларға қатысушылар мемлекеттік билік органдар немесе басқарушылық немесе лауазымды тұлға.
Ерекше талап өндірісі шағым немесе өтініш негізінде қозғалады. Арыз беру тәртібі, азамат пен заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметінің шешіміне, әрекетіне тікелей сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органдар мен ұйымдарға, лауазымды адамға алдын ала жүгіну сотқа арыз беруге және шешуіне міндетті шарт болып табылмайды.
Азаматтық іс жүргізудің ерекше талап өндірісінің мақсаты - азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызметткерлер мен лауазым иелерінің өз қызметтерін асыра пайдалануына жол бермеу, Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқығы болып табылатын, сайлау құқығының бұзылуына жол бермеу, Қазақстан Республикасы Конститутциясында берілген кепілдіктерді орындау, бұзылған болса, сот арқылы қорғап, қалыпқа келтіру, іс бойынша әділ шешім шығару.
Ерекеше талап өндіріс азаматтық іс жүргізудің ерекше өндірісімен де, талап өндірісімен де өте тығыз байланысты. Азаматтық іс жүрізудің ерекше талап өндірісі деп аталғанымен, бұнда матариалдық дау жоқ. Ерекше өндірістен айырмашылығы, ерекше өндіріс азаматтардың құқықтары мен міндеттерін пайда болдыратын, өзгертеттін, тоқтататын заңды айғақтарды анықтайды, оның ерекше талап өндірісіне ұқсастығы, мұндада материалдық даулы мәсле жоқ. Іс жүргізу мағынасына қарай дау шешу дегенді түсінеміз, бірақ ерекше талап өндірісінде құқықтық мағынада дау жоқ екенін түсінеміз.
Дау жоқ болған кезде мемлекеттік орган немесе өкілетті тұлға іс-әрекетін құқықтық іс жүргізумен емес, ал материалдық құқықтық функционалдық түрде жүргізеді. Ерекше талап өндірісі басқа өндірістерге қарағанда ерекшелігі сонда, мемлекет органдар мен азаматтардың арасындағы даулы мәслелерін шешу болып келеді, мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қою және мұнда іс жүргізу неғұрлым тез және ешқандай кедергісіз шешуіне көздеп отырғаны.
Мұнда уақытың емес ал шешімнің сапалығы ескерілуі тиіс .
Жоғарыда тап өткендей, азаматтық іс жүргізудің ерекше талап өндірісінде қаралатын істердің бірі- әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша шағарылған уәкілетті мемлекеттік органның қаулыларына келтірілген шағымдарды қарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізуге байланысты тұлғалармен шағым беріледі1.
Құқықтық жауапкершіліктердің ішінде әкімшілік жауаптылық ең көп кездесетін, ауқымы жағынан өте көп, бірнеше уәкілегті органдар тарапынан заңды және жеке тұлғаларға қолданылатын жауапкершіліктің түрі.
Сондықтан тәжірибе жүзінде бұл құқық бұзушылыққа қатысты туып жатқан даулы мәселелерде көп. Олардын заңды, заңсыз қолданылаған тұстарыда бар. Әкімшілік құқық бұзушылықтан жәбір көрген адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары сотқа шағымдануына, сондай-ақ прокурор сотқа наразылық келтіруі мүмкін. Сот істі туып отырған дауға қатысты жан-жақты қарап, шағым берушіге жалпы іс бойынша талап қоюға құқығы түсіндіріле отырып, уақыттылы, әділ шешім шығаруға міндетті.
Азаматтық іс жүргізудің ерекше талап өндірісінде іс қараушы соттың білімі барлық тұрғыдан алғанда жан-жақты болуы тиіс. Себебі қаралып отырған іс, ең алдымен материалдық даудан туындауы мүмкін. Басты мәсле азаматтық, отбасылық, жер, тұрғынүй, әкімшілік, қаржы, кеден, салық қатынастарынан туындауы мүмкін, ең бастысы азаматтың саяси құқықтарына да қатысы болып тұр. Ол құқық құқық жүйеміздегі басты қайнар көз Қазақстан Республикасы Конститутциясынан бастау алады және оның қорғалатындығына мемлекет кепілдік береді. Ал сот үшін бұл салалардағы заңнамаларды білуі істің ақ-қарасын ажыратуға көмектесетіні сөзсіз.
Азаматтық іс жүргізудің ерекше талап өндірісінде қаралатын істерін топтастырғанда, соттар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделеген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды қарайды және іс бойынша шешім шығарады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру